- •1. Әдістеме туралы түсінік
- •2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән екені.
- •3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.
- •1.1 Әдістеме ғылымының шығу тарихы
- •1.2 Әдістеме ұғымының пайда болу тарихы
- •Лекция №1 (1)
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Лекция №13. (2)
- •Пайдаланған әдебиеттер
- •Әдебиетті оқыту әдістері
- •Ұсынылатын әдебиеттер.
- •Әдебиетті оқыту әдістері
- •Әдебиет пәні мұғалімі. Оған қойылатын талаптар.
- •Лекция №2 (2)
- •Лекция №17 (1) Көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктер мен оқушылардың дайындық деңгейінің сапасы.
- •7 Дәріс. Студенттерді мәтін талдауға әзірлеу.
- •Көркем шығарманы талдаудың түрлері
- •Эпикалық шығармаларды оқыту
- •6)Болжау стратегиясы.
- •7)Еркін жазу стратегиясы.
- •8)Топтастыру стратегиясы.
- •Лириканы оқыту
- •Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды қолдану
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Пайдаланатын әдебиеттер
- •Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
- •Ұсынылатын әдебиеттер.
- •Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •Сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар
- •Педагогикалық практика
- •Әдеби конференциялар
- •Бәйге-жарыстар (конкурстар)
- •Әдеби викториналар
- •Әдеби ойындар
- •Оқырмандар конференциясы
Әдеби ойындар
Әдеби ойындар, әсіресе, 5-8 сыныптарда қызықты болмақ. «Жаңылтпаштың жаңылмас шебері», «Жұмбақ, жұмбақ, жұтылдым», «Алдар қудың басынан кешкендері», «Қожанасыр қоржыны», «Жиреншенің тапқырлығы», «Тазшаның тапқырлығы», «Төрт түлік малдың айтысы», т.б. тақырыптарға қызықты ойындар өткізуге болады. Бұл ойындардың көпшілігі сахналық көрініспен жүргізіледі, юмор, тапқырлық, әр түрлі күлдіргі жағдайлар оны әрлендіре түседі.
Оқырмандар конференциясы
5-8 сыныптарда «Мен сүйетін ертегі», «Мысалдар әлемінде», «Туған жер әуені» тақырыптарды алуға болады.
4-6 сыныптарда «Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы азаматтық проблемалар. «Екінші дүниежүзілік соғыс Қасым жырларында», «Шәкәрім шығармаларындағы Шығыс сазы», «Шәкәрім және Абай», «Қазақ әдебиетіндегі суырыпсалмалық өнер», т.б.
Бақылау сұрақтары:
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс оқулар.
Студенттер еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру
Өздігінен ізденіп оқуды тиімді өткізу
Көркем шығармада деген қызығушылықты ардттыру эстетикалық сезім, талғамды қалыптастыру
Аудиториядан тыс жұмыс түрлері
Әдеби шығармашылық үйірмелер
Әдеби конференциялар
Поэзия кештері
Кездесулер
Әдеби газеттер шығару
Әдеби басылымдарға мақала, өлең, әңгіме жариялау
30- лекция. Тақырыбы: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика. Студенттердің педагогикалық практикасы
Жоспары:
Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеті.
Студенттердің педагогикалық практикасы.
Педагогикалық практикада тапсырылатын негізгі құжаттар.
Лекция мақсаты: Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндетіне тоқталу. Студенттердің педагогикалық практикасы жөнінде мәлімет беру. Педагогикалық практикада тапсырылатын негізгі құжаттар. Мұғалім даярлауда педагогикалық практиканың орны маңызды екендігіне көз жеткізу.
Лекция мәтіні: Студенттердің кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық практиканың алатын орны ерекше. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлімі болып саналады, сондықтан болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығын олардың оқу-тәрбие мекемелеріндегі практикалық қызметпен ұштастыру міндетке алынады.
Педагогикалық практика оқыту мен тәрбиенің принциптерін, заңдылықтарын толық түсінуге, кәсіби шеберлік пен дағдыны меңгеруге педагогикалық колллективтің тәжірибесін үйренуге, мұғалім жұмысының ғылыми-теориялық негізін сапалы түрде меңгеруге ықпалын тигізеді.
Педагогикалық практиканың маңызды міндеттері – оқу-тәрбие әдістерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрету, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну болып табылады.
Педагогикалық практика процесіндегі болашақ мұғалімнің педагогикалық іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қалыптастыру міндеті шешіледі, ал оған мыналар жатады:
Қоғамдық-саяси, педагогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, тереңдету әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдау.
Мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, өзінің кәсіптік-педагогикалық тәжірибесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке творчестволық тұрғыда қарауды ұдайы тәрбиелеу.
Мектептегі орта кәсіптік-техникалық гимназиялардағы оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жағдайымен, педагогикалық озат тәжірибесімен танысу, балалар мен жеткіншектерге тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне қолдан көмек көрсету.
Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеттерімен және мазмұнымен танысу:
оқушылар коллективін, олардың жас және дара ерекшелігін зерттеп білу;
педагогика, психология, жас ерекшелігі физиологиясы және мектеп гигиенасы пәндері бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау;
сабақтас тыс жекелеген тәрбие жұмыстарын дербес дайындап өту;
Қорыта айтқанда, педагогикалық практика студенттердің педагогика және психология курсы бойынша теориялық білімдерін баянды етеді, кәсіби шеберлігін шыңдайды, нағыз маман дәрежесін ұғынуға, өз таңдаған мамандыққа қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша студент-практиканттың тапсыратын іс-қағаздарының тізімі
Практиканттың бағдарламасының барлық бөлімдері көрсетілген жеке жоспары.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы жөніндегі жоспары.
Сынақ тәрбиелік шараның разработкасы.
Тәрбиелік іс-шараға педагогикалық талдау жасау.
Шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмысы бойынша есеп.
Практиканттың педагогикалық практика барысындағы орындаған жұмысы бойынша нақтылы тұжырымдары мен ұсыныстары көрсетілген есебі.
Бақылау сұрақтары:
Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеті.
Студенттердің педагогикалық практикасы.
Педагогикалық практикада тапсырылатын негізгі құжаттар.
Студенттің университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру.
Әрбір парктикант студженттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары
Мектеп тәжірибесінде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін оқытудың жаңа технологиясымен тиімді ұштастыру
Алынған нәтижелерді сабақ процесінде, сыныптан тыс жұмыстар кезінде пайдалана білу.
