Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ.Ә.О.Ә. жинақ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
400.52 Кб
Скачать

Эпикалық шығармаларды оқыту

Көркем шығарма – нағыз суреткерлiк әрекеттiң нақты нәтижесi, әдеби еңбектiң көзбен көрiп, қолмен ұстауға болатын затты дерегi. Сәттi туынды бiр жазушының ғана емес бүкiл халықтың, бүкiл әдебиеттiң табысы.

Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің болуы.

Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдауда мұғалім шығарманың көркем табиғатын, барлық бітім-болмысын сөз етеді. Ал роман, эпопеяларды бағдарламада көрсетілген аз сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан мұғалім қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, талдаудың қай түрі тиімді, қандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ деген мәселелерге ерекше назар аудару керек. Эпикалық шығармалар әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады. 5-7 сыныптарда сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.

Эпикалық шығармаларды оқытудың өзіндік сипаттары. Шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді – эпикалық шығармаларды түсіндіру жолдары. 5-11 сыныптар бағдарламаларындағы эпикалық шығармаларды талдауға, құрылысын, баяндау жолдарын танытуға қойылатын талаптар. Олардың көркемдік, тәрбиелік сипаттарын ашу амалдарын қарастыру қажет.

Прозалық шығарманы тұтас, жүйелі қабылдау талдау әдісіне байланысты. Талдау: эстетикалық талдау, жүйелілік құрылымдық талдау.

Эстетикалық талдау образды (кейіпкерді), көркем шығармалардың тілін, (троп, фигура) қамтиды. Жүйелілік−құрылымдық талдау: тақырып, идея, композиция, сюжет, әдебиеттік классицизм, романтизм, реализм. Шығарманы талдауға қойылатын мақсат: оның тақырыптық мазмұнын, образын, көркемдік тілін танып, ұлттық қасиетке тәрбиелеу. Зерттеп оқи алған шәкірт әдеби шығармаларға ой жүгірте алады, өзінің талғамын, түйсік сезімін еркін білдіреді.

Эпикалық шығармаларды талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғым берудің маңызы зор. Ұғым екі кезеңнен тұруы керек. Бірінші кезең- көркем туындыны бастау алдында беріледі, екінші кезең – көркем туындыны талданып біткен соң беріледі. Бірінші кезеңде кіріспе ұғымы беріледі.

Мектепте оқылатын эпикалық жанрлардың жас өспірімдерге идеялық, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде, халқымыздың өткендегі өмірін, оның армандары мен мүдделерін білдіруде маңызы зор.

Мектепте әдеби білім беру оқытудың, білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік ұстанымын басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.

Ол мынадай кезеңдерден тұрады:

1-кезең: 1-4 - сыныптар.

2-кезең: 5-8 - сыныптар.

3-кезең: 9-11 - сыныптар.

Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты, міндеті оқуға жаза білуге, мазмұндауға үйретумен қатар көркем туындыға оқушы ынтасын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болумен айқындалады.

Екінші кезеңде көркем сөздің ,көркем туынды, көркем шығармалардың рөлі, маңызын танып білу жұмыстары жүргізіледі. Оқу бағдарламасында оқуға, талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылуы керек.

Үшінші кезеңде әдебиетті оқыту ауыз әдебиетінен басталып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. оқушыларды өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауға баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, көркем шындық, өмір шындығы, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер т.б.қамтылуы тиіс.

Көркем туындыны терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше. Әңгімелеу әдісі, әсіресе 5-7 сыныптарда жиі қолданылады. Оның тәжірбиеде қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:

1. Мәтінге жуық әңгімелеу. Көркем туынды ізімен әңгіме-ленеді.

2. Ішінара теріп, сұрыптап әңгімелеу. Мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушының өзіне ұнаған эпизодын немесе бір оқиғасы туралы әңгімелетеді, әсерін айтқызады.

3. Еркін әңгімелесу немесе шығармашылық жолмен әңгіме-лесу. Әңгімелесуші атынан жүргізіледі.

Әңгімелеудің қай түрі болсын, оған мынадай талаптар қойылады:

1. Мәнерлеп, көркемдеп айту;

2. Анық, айқын, түсінікті етіп айту;

3. Тілі жатық болу, әрі әдеби тілде айта білу;

4. Қыстырма сөздер, сөз қайталаушылықтың болмауы;

5. Асықпау, даңғырламау немесе өте ақырын, баяу айтпау,керісінше, ширақтылық, жинақтылықты талап ету;

6. Мазмұн жүйесін сақтау.

Шын мәнiсiндегi өнер туындысы адам бойындағы асыл сұлу қасиеттерден түзiлсе сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгiлi бiр халықтың өзiндiк өзгеше бiтiмiн, мiнезiн танытып, оларға өмiрдiң тың құпиясын ашып бере алады.Мектеп практикасына келсек, оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол. Алайда, осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу қажет-ақ. Әңгіме жанрын мәнерлеп оқу барысында оқушылар мәтінді шебер ,мәнерлеп оқи білуге төселеді. Мәтінді мәнерлеп оқыту төменгі сыныптарда жүргізіледі. Бұл әдіс оқушылардың ой-жүйесін, тілін, мінез-құлқын, адамгершілігін қалыптастыратын оқыту мен тәрбиелеудің құрамдас бөлігі. Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол. Ол үшін мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалім әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелесіп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады. Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесінің мазмұнын қағаздан оқығанда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады. Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы және айырмашылығы анық көрінеді.Эпикалық шығармаларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, әңгіме жанры деген не, оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?

Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Мазмұнын меңгермей тұрып, шығарманы талдау мүмкін емес.

Әдеби-теориялық білім түсіндіру, мағлұмат беру жұмысынан басталып, сынып жоғарылаған сайын, балалардың жас ерекшелігіне байланысты күрделене, тереңірек болуы керек.

Эпикалық жанрды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады.

1. Көркем шығарманың тақырыбы, құрылысы,сюжеті,проблематикасы.

2. Көркем бейнелер,образдар галереясы.

3. Шығарманың көркемдік ерекшеліктері.

Сюжеттi шығармалардағы композицияның кезеңдерi

Сюжеттiң басталуы, экспозиция (латын. Exposito – дәйектеме) – әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тiршiлiк; шығарманың сюжеттiк желiсiндегi өмiрлiк тартысқа тiкелей ықпал етпейтiн, тек мезгiл, мекенге мегзеу жасайтын сюжеттiң өрбу кезеңi.

Сюжеттiк байланыс (завязка) – адамдар арасындағы әрекеттiң басы; тартыстың басталуы, шығарма арқауындағы негiзгi оқиғаның әуелгi туындау себебi. Бұл – шығарманың сюжеттiк желiсiндегi өмiрлiк тартысқа тiкелей ықпал жасайтын оқиғаны өрбу жолына салатын кезең.

Шиеленiс (сюжеттiк даму) – сюжеттегi тартыстың кезеңi, оқиғаның күрделенiп, қиындай бастаған тұсы. Сюжеттiң бұл сатысында оқиға барысындағы негiзгi түйiндер түйiлiп, кейiпкерлердiң ара қатынасындағы қайшылықтардың айқындала түседi.

Шарықтау шегi, кульминация (латын. Culmen – шың) – сюжеттiк дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл әрекеттiң мейлiнше күшеюi; шығармадағы драмалық тартыстың өрiстеп шыққан биiгi. Бұл – образдар айрықша танылып, адам мiнездерi жан-жақты ашылатын композицияның аса жауапты тұсы.

Шешiм (развязка) – суреткердiң өзi суреттеп отырған өмiр шындығына шығарған “үкiмi“; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделi күрестердiң бiтуi; шығармадағы оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал күйi, күллi құбылыс, көрiнiстердiң соңғы сахнасы; түрлiше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже.

Финал (латын., итал. Fin – аяғы, соңы) – әдеби шығарманың аяқтамасы, ең соңғы эпизоды, суреттемесi; өрiстеп дамып, деңгейiне жете шиеленiсiп, ақырына жеткен сюжет, фабуланың соңғы түйiнi; шығарманың идеялық мазмұнын айқындау жағынан ерекше маңызды, салмақты аяқтамасы; шығарма мазмұнының тетiгi, логикалық тиянақтылық табатын соңғы шешiм.

Композицияның сюжеттен тыс элементтерi болады:

Пролог (грек.prologos – алғы сөз) – көркем шығармаға кiрiспелердiң бiр түрi; шығармадағы негiзгi сюжетке дейiнгi оқиғалар баяндалатын кiрiспе; бас кейiпкердiң өткен өмiрiнен көрiнiс беретiн сюжеттен тыс нәрсе; көркем шындықты қабылдауға дайындық, оқырманды баурап әкететiн суреткерлiк тәсiл; композицияға орнымен орайласатын, жiксiз жымдасатын беташар.

Эпилог (грек.epilogos – соңғы сөз) – көркем шығарманы қорытудың бiр түрi; өзектi оқиғалар бiткеннен соңғы басты қаһармандардың одан арғы хал-күйiнен мәлiмет беру; тартыс аяқталып, оқиғалар бiткеннен кейiнгi негiзгi кейiпкерлердiң хал-күйiнен хабардар ететiн сюжеттен тыс нәрсе.

Сюжеттiк элементтер немесе сюжеттiк даму кезеңдерi.

Композицияның сюжеттен тыс элементтерi: пролог, эпилог.

3.Композиция мен сюжеттiң бiрлiгi және айырмашылығы.

Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін нәрсе емес. Көркем туындыны жай оқып, шығу емес, одан алған әсері,туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу мұғалім үшін маңызды мәселе. 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбіне сыныпта жүргізіледі.Мысалы мысал өлеңдер сыныпта оқылып,талданады. Мысалдарды талдаудың ең тиімді әдісі – рөлге бөліп оқу, инсценировка-көрініс жасау болып табылады. Оқушылардағы сурет бойынша немесе басқа да ойластырып, қарапайым ғана қатты қағаздан макеттер жасап, мысалды оқу барысында оқиға көз алдында өтіп жатқандай көрініс берілсе, оқушылардың қызығушылығы артар еді.

Мектепте әңгімені оқыту барысында дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып отырған жөн. Төменгі сынып оқушылары көбіне дауыстап оқығанды, жоғарғы сынып оқушылары іштей оқығанды қалайды. Көркем туындыны оқу жоғарғы сыныптарда үйде жүзеге асады. Көркем шығарманы оқып біткен мерзімде мұғалім мынадай жұмыстар жүргізуге болады:

1. Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді:

а) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату.

ә) негізгі кейіпкерлерді жинақтату ( бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтіру ).

б) жазбаша викторина жүргізу.( мұғалім ең негізгі жерлерінен үзінді жазып, ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі, қайда айтылған).

в) сынақ үлгісінде ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру.

г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма - көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру.

д) әдеби "көкпар ойыны" арқылы тексеру. Жауап тез айтылу керек.

Көркем мәтінді оқу барысында оқушыларды, сөз жоқ, ең алдымен, оқиға желісі, кейіпкерлер тағдыры қызықтырады. Соған байланысты қуана, қайғыра біледі.

Мұғалім оқушыларға әңгіменің мазмұнын айтқызу барысында ең тиімді әдістер – мәтінге жуық мазмұндату, портреттеу, көріністер диалогтегі ұтымды сөздер, көркемдегіш айшықты сөздерді сақтай отырып мазмұндатуды пайдалануға болады.Әдеби шығарманы жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Бұл талдау мәтіндік деп те аталады. Бұл талдаудың ерекшелігі сол көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Мұғалім көркем туындыны жалпылама шолу бағытында қарастырса талдаудың бұл түрі - шолу бағытындағы талдаулар. Мұнда проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды, көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қарастырылады. Сұрыптап талдаулар – көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Бағдарламада берілген әңгімелерді оқып болған соң, қорытынды сабақ өтудің тиімділігі зор. Мысалы: «Көркем шығарма кейіпкерлері» тақырыбында сайыс сабақтарын өтуге болады.

Әңгімені оқыту барысында түсініксіз сөздерге түсіндірме жасау да аса қажетті мәселелердің бірі. Әңгіме жанрын оқыту барысында ақын-жазушылардың өмірін оқытудың маңызы зор. Бағдарламада ақын, жазушылар өмірбаянын оқыту 9-11 сыныптарда тарихи әдебиеттік ізбен беріледі. Ал 5-8- сыныптарда әдебиеттік оқуларды өмірі емес жекелеген шығармаларын талдау ұсынылады. Сол себепті оқушылардың өздері оқып жатқан шығарманың авторы жайлы мәлімет берілуі керек. Мысалы 5-сыныпта М.Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасын оқу алдында оқушыларға М.Шахановтың қысқаша өмірін таныстырып, күрескерлік, ұлтжандылық қасиеттерін айтып берудің маңызы зор.

9-11 сыныпта суреткер өмірбаянын арнайы сағаттар бөліп, шығармашылық талдау алдында оқыту және оны шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын алған. Суреткер өмірбаянын өтуде оның өмір кезеңдерінің басты оқиғалары, оларға байланысты туған шығармалары туралы маңызды мәліметтерді жинақтап, хронологиялық кесте жасап, пайдалануға болады.Сол кестелермен суреткердің жүріп өткен жолдары, шығармаларының жазылып басылған, әрі тараған жерлері, шет тілдерге аударылып жарық көруі, өмірінің басты кезеңдері өткен мекендер. маңызды мәселелерді қамтыған карта жасап, пайдалануға болады. Ш. Уалиханов: "Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді", – деп тауып айтқан. Шәкірт алатын білім мен мұғалімнің әдеби білімді жеткізу арасындағы байланыс әдіс арқылы түрленіп, білім нұрын оқушы бойына құйып, білім шырағын жағады.

Түсіндірмелі оқу, әсіресе күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Мысалы, роман-эпопеяларды түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетіспейді, сондықтан мұғалім қалауы бойынша ең негізгі маңызды бөлімдер сыныпта оқытылып, қалған бөлімдері үй тапсырмасы ретінде беріледі. Әдіскер В.Голубков бағдарлаушы әңгіменің бірнеше түрін көрсетеді. Олар:

1) қысқаша әңгімемен түсіндіре отырып, шығарманың бас кезін сыныпта оқу;

2) сұрауға жауап, боларлықтай маңызы бар эпизодтарға айрықша көңіл бөлу;

3) шығарма кейіпкерлерін топтау;

4) шығарманың негізгі бөліміне немесе сюжеттік желісіне баса көңіл аудару;

5) шығарманың басты-басты проблемаларын алдын–ала таныту.

Байқап отырғанымыздай, бағдарлаушы әңгіме тұсында бүтін, бірақ нақты, яғни мәтінге енген, байымдаулар жасалады. Мәтінді оқыту мен сұрақ қою. Оның жемісі, жүйелі болуы – басты шарт. Оқушының аналитикалық ойын, дағдыны тудырмай жатып, бірден немесе бірыңғай синтетикалық-дедуктивтік әдіспен оқыту сыңар жақтық. Көркем шығарма алдымен индуктивтік-аналитикалық ізге талданып, содан соң жалпы теориялық бекітуге келеміз.

Мұғалім мақсаты - талдау кезінде шығарма негізінде жатқан проблема, оның басты ойы, кейіпкерлері, тілі сияқты көркем туындыны құрап тұрған көркем компоненттер туралы сөз қозғау болып табылады. Көркем туындыны оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Мұғалім көркем шығарманы талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқарады:

1. Көркем туындының көтерген проблемалары, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны оқушыларға орындату.

2. Оқушыны оқыған шығармаларын мазмұндап айтқызу, теориялық талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби шығармаларға сын айта білу дағдыларына үйрету қызметін атқарады.

Эпикалық шығармаларды оқыту, талдау арқылы мұғалім баланың көркем сөзді түсіне білуіне, оған деген ынтасына да әсер етеді. Бірте-бірте оқушы өмірді түсіне бастайды, өзіндік көзқарасы қалыптасады, тұжырымдап айтқанда, көркем шығарма оқушының жеке басының қалыптасуына да ерекше әсер етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Жұмалиев Қ.Әдебиет теориясы.А.1964

2. Қирабаев С.Мектеп және қазақ әдебиеті.А.1979

3. Мырзағалиев ,.Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. -А., 1994.

4. Жұматаева Е.Әдебиетгі оқытудың кейбір мәселері. -А., 1999.

5. Кларин М. В. Педогагическая технология в учебном процессе. М. 1989.

6. Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. - А., 1999.

7. Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы −А., 2002.

15- лекция. Тақырыбы: Эпикалық шығармаларды оқыту

Жоспары:

  1. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері.

  2. «Абай жолы» эпопеясын оқыту.

  3. Әңгіме жанрын оқыту.

  4. Мысал жанрын оқыту.

  5. Ертегілерді оқыту.

  6. Батырлар жырын оқыту.

Лекция мақсаты: Студенттерге эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру. Сабақта «Абай жолы» эпопеясын оқытудың жолдары. Әңгіме жанрын оқыту және оны оқытуда қолданылатын тәсілдер. Мысал жанрын оқыту, Ертегілерді оқыту, Батырлар жырын оқыту. Осы эпикалық шығармаларды оқытуда қолданылатын тәсіл, оқыту принцптері және өзіндік ерекшеліктері жайында барынша мәлімет беру.

Лекция мәтіні:

1. Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, әңгіме жанры деген не, оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не? дегендей. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

  1. Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.

  2. Көркем образдары, образдар галереясы.

  3. Автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.

2. Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жете меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн. Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы, жасына қарай). Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.

3. Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:

  1. Қай буында болмасын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөледі. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, оқиғаның басталуы, дамуы, шарттары, шешімдері бар. Олардың барлығы оқиға құрылысына жатады. Талдауда ең алдымен оқиға, композиция назарға алынады.

Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжет-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады.

М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқыту. Мектепте 4-томдық эпопеяны оқытудың ерекше маңызды, әрі қиын мәселе екендігі түсінікті. Ең алдымен, эпопеяның өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.

Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып, пайдалану. Оның тиімділігі: төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету, естеріне түсіру, әріресе, кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.

4. Әңгіме жанрын оқыту

Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбекте ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлерді психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. Сондықтан мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.

Мысал жанрын оқыту

5. Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек.

Ертегілерді оқыту

Оқулықтарда ертегідердің қара сөзбен жазылған түрлерімен қатар, өлеңмен жазылған түрлері де берілген. Ертегілер 5-9 сыныптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болмасын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек.

Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту. Яғни әдеби-теориялық ұғымдар беру;

Сюжет пен композициясындағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру;

Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғаларының қызықтығы, жатықтығы. Ертегінің бай тілі – халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы, тарихи тілі екендігі.

Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі.

Ең алдымен, оқушыларға ертегіні оқыту, мазмұнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем-дағдысын арттыруға, байланысты жұмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған ертегіге сәйкес ертегілер құрастыруға баулу, пікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмұндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмұндату мәселелерін ойластыру.

Батырлар жырын оқыту.

6. Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы – ұзақтығы, өзінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-8 сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек (5-8 сыныптарда):

Кіріспе жұмыстар

«Батырлар жыры» туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру.

Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны.

Жырға әдеби талдау жасау

а) Жырдың идеясын тақырыбын ашу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері.

  2. «Абай жолы» эпопеясын оқыту.

  3. Әңгіме жанрын оқыту.

  4. Мысал жанрын оқыту.

  5. Ертегілерді оқыту.

  6. Батырлар жырын оқыту.

  7. Проблемалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі

  8. Проблемалық сұрақтардың қызметі.

  9. Проблемалық ситуацияны шешудегі ой белсенділігі

  10. Әр түрлі болжамдарды ғылыми негізде саралау

  11. Көркем мәтінмен жүргізілетін кіріспе жұмыстар

10. Драмалық шығармаларды оқыту

12-дәріс.Драмалық шығармаларды оқыту.

Сабақтың жоспары:

1. Драмалық шығарманы оқыту.

2.Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы.

Сабақтың мақсаты:Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгерту.

Драмалық шығарманы түсіндіргенде олардың денгейліктерін арыттыру ойын - сауық қойатын жерлердің сахнасында орындап көрсетуге шығарма екенін, текст диолог пен монологқа құрылатын кеиіпкерлер шығарманың басына тізіліп, олардың аты – жөні, жынысы кәсіби қызметі мамандығы жыл мөлшері, жақын серігі досы көрсетіледі.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Табиғатынан педагог боп жаратылған, айналасына білім мен біліктіліктің, өрлік пен табандылықтың шуағын таратып, бүкіл саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі.

Есімі еліміздің мектептері мен педагогтары арасында кеңінен танылған осы бір дарынды жанның ұлт әдебиетін насихаттаудағы орасан еңбегін әріптестері жақсы біледі. Парасатты педагогтың қазақ әдебиетін терең, жан-жақты тануға, оны оқыту мәселелерін өрістетуге арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары әркез зиялы қауымды сүйсін­діріп келеді. Елінің бай тарихы мен бүгінгі жеткен рухани же­тістіктерін терең сабақтастықта қарастыра отырып, ол ұлт тәрбиесін көркемсөзді тану­дан, көркемсөзге деген қас­терлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Сон­дықтан біз педагог Бітібаева­ның әдебиетті оқытудың бүгінгі таңдағы көп салалы бағдарламасының әдістеме ілімінде алар орны айырықша екенін бөліп айтқымыз келеді. Түптеп келгенде, Қ.Бітібаева­ның авторлық бағдарламалары аталмыш ілімнің республика аумағында теориялық тұрғыдан жан-жақты дамуына игі ықпал еткені анық.

Ұстаздық қызметімен қоса, қазақ әде­биетін оқыту әдістемесін жетілдіруде өз үле­сін қосып келе жатқан Қанипа Омар­ға­лиқызы — 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Ұстаздың әсіресе әдебиетімізді тереңдетіп оқыту бағытындағы ізденістері мен зерттеу жұмыстары жыл өткен сайын көпшілік сұранысына ие болып келеді.

Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдіс­темесі мен технологиясы» атты оқулығы негізінен жоғары оқу орнына арналған. Белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев пен Қ.Көшімбаевтың «Әдебиетті оқыту әдіс­темесі» атты оқулықтарынан кейін араға 30 жылдан астам уақыт салып барып жа­рық көрген бұл оқулықты бүгінде рес­пуб­ликаның барлық оқу орындары, ұстаздары пайдаланып келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен екінші рет қайта басылуындағы басты себебі де оның ұстаздардың сұраныстарына жауап бе­руін­де, маңыздылығында деп ойлаймыз. Бұл еңбекті қазіргі кезеңдегі әдебиетті мек­тепте оқытудың негізгі оқулықтарының бірі деп батыл түрде айтуға болады. Енді осы оқулықтың өзектілігі мен маңызы неде деген сұрақтарға жауап іздер болсақ, тө­мендегідей тұжырымдарға келуге болады.

Біріншіден, бұрынғы оқулықтарда әдебиет жанрларын оқыту жалпылама қарастырылса, ұстаз Қ.Бітібаева лириканы оқыту, эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық шығармаларды оқыту деп жеке-дара бөле отырып, оқытудың инновация­лық технологиясын ұсынады.

Лириканың түр-түрін оқытуда тео­рия­мен қоса, практикалық, танымдық мә­селелерге ерекше назар аударылып, оқу­шы, студент ой-өрісін кеңейтетін тәжірибелік жұмыстар қатар беріліп отырады. Оны оқулықтың 5-ші тарауынан көруге болады. Абай, Мұқағали лирика­ларын меңгерудің жолдары, тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, конструкторлық жобалау технологиясы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстардың жүйесі, т.б. амал-тәсілдер — осы айтқаны­мыздың дәлелі. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрлерінің берілуі оқулық сапасын арттырумен қатар, оқушының шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бұл еңбектің ұстаздар, студенттер қауымына тигізер айырықша көмегін байқатып, сабақ түрлері мен типтерінің молдығын дәйектей түседі.

Екіншіден, эпикалық жанрды оқытуда да автор жалпылама теориямен шектел­мей, оның түр-түрін қалай оқытуға бола­ты­нын талдап, жіктеп, таратып айтады. Мысалы, эпикалық жанрды меңгертуге қа­тыс­ты әңгіме, хикаят, роман жанрларын оқы­тудың ғылыми-теориялық негізі, оның тәжірибедегі көрінісі, сабақ үлгілері де қоса ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ерекше қиындық туғызатын «Абай жолы» эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын оқыту, публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрдағы дүниелерді, соның ішінде әралуан хаттарды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік үлгілермен беріледі.

Үшіншіден, әдебиет пен қазақ тілін оқы­тудың күретамыры – тіл дамыту жұмыстары екенін ұстаз ерекше атап өтеді. Оқулықта тіл дамыту жан-жақты қарастырылып, оның инновациялық жолдары нақты ұсынылады.

Төртіншіден, қазіргі кезеңдегі сабаққа қойылатын талаптар (технологиялық үлгідегі сабақ жоспарлары), оқытуды технология­лан­дыру мәселелері аталмыш оқулықтың маңы­зын арттыра түседі. Оқулық бүгінгі білім беру мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, жаңаша идеямен, соны леппен жазылған. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйе­не отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру үрдістерін де осы оқулықтан молынан табуға болады.

Қанипа Омарғалиқызының бұл оқулы­ғы­ның ұстаздар қауымынан, студенттер мен оқы­тушылар тарапынан кең қолдау табуы­ның басты себебі де оқулықтың практикалық мәні мен сұранысында дер едік. Мектеп оқулығының құндылығы оқушыға нанымды мысалдармен өріліп, әрі қонымды, әрі түсі­нікті жазылуында болса керек. Кітапта көр­кем мәтінді талдау әдісі эпикалық, лири­ка­лық, драмалық туындылардың мәтінін талдау жолымен, өз жаңашылдығымен дараланады.

Бүгінгі оқыту жүйесіндегі баға параметрі де өзгерді. «Баға қайдан туындауы керек?» деген сұрақтар да әлі өз жауабын таба алмай келеді. Оқулықта осы мәселенің де тиімді жолдары айқын көрсетілген.

Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негіз­делген екі кітабы, М.Әуезов шығарма­ларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтып, байытып тұрғаны даусыз.

Әдіскердің Абай шығармаларын тақы­рып-тақырыпқа жіктей бермей, ақын шығар­машылығын тұтастай ең негізгі арналы, ағысты проблемаларына сүйене отырып, біртұтас оқыту туралы идеясы айырықша назар аударуды қажет етеді. Абай өзі жазып кеткендей: «Алланы сүю, Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю, Хақ жолы деп әділетті сүю» оны оқытудың алтын діңгегі болуы керек», – деп жазады ұстаз, «Ақынның қай туын­дысында болмасын, оның алтын арқауы болып Адам тұрады, Адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз Адам — Толық Адам қандай болуы керек? деген сұраққа жауап іздейді». Бұл пікір шын мәнінде ақын шы­ғар­машылығын ғана емес, жалпы адамзат жанын түсінуге, адами қасиеттерді меңгеруге жетелейді.

Еңбек тоғыз бөлімнен тұрады. Кіріспеде ұстаз Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелерін алдыға тарта отырып, ары қарай оны бесінші, сегізінші сыныптарда қалай оқытуға болады деген сұрақтарға жауап іздейді, меңгерудің тиімді технологиясын ұсынады, сабақ түрлерін береді. Одан әрі 9-10 сыныптардағы Абай шығармашылығын оқытудың жүйелі бағдарламасын беріп, оның әдістемесін: сабақ түрлерін, оқу-тәрбиенің комплекстік жоспарын, оқушылардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптарды, Абайтану ғылымын сабақта қалай терең­де­ту­ге болатындығын жан-жақты талдап көрсетеді.

Тәжірибемізден түспей, жауыр еткен жаттандылық, таптаурын болған сұрақ-жауап, репродуктивтік әдістер ұстаз тәжіри­бесінде, еңбегінде кездеспейді. Ол оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын ұсынады. Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, білімді оқу­шы­ның өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны игертудің тиімді жолдарын іздеу — ұстаздың басты ұстанымы. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан алма-кезек өріліп отырады.

Бұл технологияда әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдіс-тәсілдерге бару – басты шарт. Ұстаздың жаңа сабақ түсіндіру технологиясы сұрақ-жауап, пікірлесу, сұхбат әдістерімен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. Еңбекте Абай­дың 100-ге тарта өлеңдеріне талдау жа­са­лады. Бұл талдаулар болашақ бағдар­ла­ма­ларға пайдалы материал екендігінде сөз жоқ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ тілі мен әдебиет журналы, №9 2010ж.

2.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

3.Бітібаева. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

16- лекция. Тақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту

Жоспары:

  1. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі.

  2. Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері.

  3. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары.

Лекция мақсаты: Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігіне тоқталу. Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері жайында жан-жақты қарастыру. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары және әдіс-тәсілдері жайлы деректерді студеттерге жеткізу.

Лекция мәтіні:

1. а) Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі:

Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса-драма, комедия-әдебиеттің ең қиын формасы»,-дейді М. Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс жазушысы Гоголь: «Пьеса тек сахнада ғана өмір сүреді» деуі осыған дәлел. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар – драманың өзегі, негізгі арнасы. Драмада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет, қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір арнада өрбіп, дамиды.

2. ә) Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері:

1. Талдауды бастамас бұрын, балаларға өтілгелі отырған драмалық шығармаларды алдын ала оқыту керек. Балаларға оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Әсіресе, ең негізгі, басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оны мұғалім үлестірме-нұсқау арқылы да жүргізеді. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» трагедиясын оқу барысында мынадай нұсқау ұсынуға болады:

- Трагедиядағы басты тартыстар, оқиғалар, соған назар аудар:

2. Трагедияда өзіңе, әсіресе, не ұнады, не ұнамады? Ойыңды, пікіріңді дәлелді айтуға тырыс, т.б.

Талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғым берудің маңызы зор.

3. Талдауды драмалық шығармаларды күйтабақтан талдау, немесе, содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор.

4. Талдауда мәтінге сүйену, үнемі соған арқа сүйеу, әсіресе, драмалық шығармаларды оқытудың алтын арқауы болып табылады. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек.

5. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады.

6. Талдау барысында жиі-жиі оқушыларды қозғау салып, олардың қиялы, ойына ерік беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі.

3. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол - әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Дегенмен, оның өзіне тән оқыту әдістері, сабақ түрлері болады. Концерт-сабақтар, композициялық сабақтар түрі – драманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі.

  2. Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері.

  3. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары.

  4. Драммалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері және заңдылықтары танысу

  5. Драммалық туындылдардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар

  6. Драммалық шығармаларға тікелей қатысты әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.

  7. Драммалық образ

  8. Драммалық қойылымдардағы деккорация

  9. Драммалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер

  10. Драмма кейіпкерінің табиғатына сай көрсете білу.

11. Лириканы оқыту

13-дәріс. Лирикалық шығармаларды оқыту.

Сабақтың жоспары:

1.Оқылған лирикалық туындыларға олардың көркемдік поетикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, талдау жұмыстарын жүргізу.

2.Лирикалық шығармаларды оқытуда талда у жұмыстарын жүргізу.

3.СТО оқыту технологиясымен оқыту.

Сабақтың мақсаты:Лирикалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгерту.

Лирика – дара ойдың нәтижесі, ондағы ой шексіз кең. Лирика ақын жүрегінің тереңінен шыққан сезім ой-көрініс екенін аңғарту лириканың табиғаты, сипаты, түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің мән-мағынасын ашу. «Поэзия – өнердің асыл тегі, өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорытқан жамбысы», - (В. Белинский)

«Лирика – поэзияның жаны лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ жасайды», (Ә.Тәжібаев) «Лирика – өмір құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініші, сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да , кейде қоңыр күйі де көрінеді»(Қ.Жұмалиев) «Лирика – нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі . Лириканың күші әсерлілігінде» - (З. Қабдолов) «Поэзияда қорытындылау, жинақтау мен даралау, ортақ сипаттар ұштасып, ұласып жатады. Осы екі жағы тұтасып, бірігіп келгенде ғана көркем бейне туып, өмірдің көркем суреті жасалады» (З.Ахметов)

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені, сезесің бе неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

(М.Мақатаев)

Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басым болады. Лирика – дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Оқырманның жан дүниесіне әсер ете алмаған өлең нағыз өнер бола алмайтынын оқушылардың түсінуі үшін оқытушы тарапынан жуйелі түрде жүргізілетін әр түрлі іс-әрекеттер қажет. Лирикадағы ерекше компоненттердің бірі саналатын сөз сырын оқушыларға жеткізуде оған эстетикалық талдау барысындағы әр түрлі дайындық жаттығулары керек. Оқушы назарын ақын өлеңіндегі эмоциялық және логикалық бірлікті тануға, шығарманың бөлімі мен бөліктерін байланыстыра қарап, ақынның айтар ойын, мазмұн мен форма бірлігін анықтауға аударып отыру керек.

Сондай-ақ шығарманың әсем сазы, ақынның сөз қолданысы оқушыны ой құшағына бөлейтіндей, мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т.б. арқылы бар ынта-ықыласын туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды орындатқан дұрыс.

Адам сезіміне жүрек дірілі – лупілінің суретін салу тек лириканың ғана қолынан келеді. Лирикалық туындыны ұлы сыншы В.Белминсукии музыкаға балайды әннің әсем сазы тек музыкалық аспапта ойналғанда ғана немесе керемет әнші шеберлікпен төгілте орындағанда ғана адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етеді.

Мұнда лириканың барлық ырғақ сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса келіп, естілуі қажет. Сонда ғана берер әсері мол болмақ. Лириканы түсініп оқытудың негізі біріншіден, ақыннң сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, өзіндік тұжырым жасап, ой құшағына бөлену, туындыға оқушының қызығушылығын ынта ықыласын туғызуда болып табылады.

Лириканы талдап, танып білуде оқытушы көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланады. Ең бастысы оқушының өзіндік әс- әрекетіне , ой пікір еркіндігіне жол берген дұрыс. Лириканың басты бір ерекшелігі- ондағы көркемдік және суреттеу құралдарының көп кездесетіні, оқушы олардың қалай қолданылып тұрғанына ерекше көңіл бөлуі керек.

Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ – жауап түрінде келуі мүмкін.

Лирика даралығы дегеніміз жалпылық, жинақтаушылық мәнге йе ақын сезімінің жалыны, ой тереңдігі, қоғамдық талапқа, сұранысқа жауап беруі, - деген Ә.Тәжібаев сөздерінде үлкен мән жатыр.

Демек шынайы көркем лирика- дамгершілік биік мұраттарға тәрбиелеуші, адамзаттың эстетикалық арманың асқар шыңы. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады, осы бағытта ол психологиямен, дидактикамен сабақтасып оқыту, тәрбиелеу мәселелеріне һз үлесін қосады.

Лирикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Озық технология үлгілерін қолдану СТО технологиясы оқушылардың қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру, шағын шығарма, эссе жазғызу.

Бес жолды өлең.

Жаңа тақырыпты қорытындылауға қолданылады.

А) Зат есім (кім?)

Б) Сын есім ( қандай?)

Б) Етістік (не істеді?)

В) Сезіну

С) Синоним

5) Веннн диаграммасы.

Тақырыпты екі кейіпкердің 3 түрлі қасиетін бөліп көрсету және ортақ жақтарын табу.