1.2.3. Электролиттік синтез
Алғаш
рет электролиттік жолмен нанотүтікшелерді
алған жұмыста анод ретінде өлшемі
5×5×5см, диаметрі 2.5 және тереңдігі 3 мм
саңылауы бар,1г LiCl тұзбен толтырылған
графитті куб қолданылған. Электролит
рөлін 600Со
температураға дейін қыздырылған
ерітілген тұз атқарды. Ерітіндіге
(расплав)
батырылған графитті катодтың диаметрі
3мм. 1 мин аралығында электролиттен 30А
токты өткізу нәтижесінде нанотүтікшелердің
және басқа да көміртекті нанобөлшектердің
пайда болғаны электронды микроскоптан
байқалған.
Нанотүтікшелердің
электролитті синтезіне арналған
жетілдірілген қондырғы 1.2.3 суретте
көрсетілген. Диаметрі 4, ұзындығы 10см
цилиндр центрінде анод рөлін ойнайтын,
диаметрі 3 және тереңдігі 7см цилиндрлік
саңылау бар. Катод ретінде құрғақ LiCl 1
– 3см батырылатын, диаметрі 3мм графитті
стерженьдер қолданылды. Жүйе 500 Торр
қысымға дейін Ar толтырылды. Тигель
LiCl балқу температурасына (604оС)
дейін қыздырылды. Электролиз 1,3,5,10,20
және 50 А токта, 20 В кернеуде және 2мин
аралығында катодты 4см электролитке
батыру жағдайында жүргізілді.
Сурет
1.2.3. Нанотүтікшелердің электролиттік
синтезіне арналған эксперименталды
қондырғының схемасы: 1 – сұйық электролит;2
– саңылауы бар графитті анод; 3 – графитті
катод; 4 – пеш; 5 – кварцтелген түтік; 6
– газды прокачивать
түтік; 7 – мыс фланцы;
8 – тығыздаушы сақиналар.
Осының
нәтижесінде 30-80 мг көміртекті материал
алынып, сол өнім 4 сағат бойы толуол мен
судың қосындысында өңделді.