Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_o_1179_u_1179_1201_raly_doc_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647.17 Кб
Скачать

8. Глюкозаның организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.

Ішектен қанға сіңірілген глюкоза, бауырға келіп жиналады да, одан глюкоген синтезделеді. Бауырдағы гликоген көмірсу қоры болып табылады. Организмге глюкоген мөлшері қажет болса, бауырдағы гликоген ыдырап, глюкоза қанға өтеді. Нәтижесінде қандан глюкоза деңгейі салыстырмалы түрде бір деңгейде болады.

Гликогеннің организмдегі 1-2% бұлшықеттерде жинақталады. Бұлшық еттегі гликоген мөлшері тамақ қабылдаған кезде ұлғайып, ашыққанда азаяды. Бұлшық етке физикалық күш түс-кенде фосфорилаза ферментінің көмегімен гликогеннің жылдам ыдырап, бұлшық ет жиырылуына энергия көзі болып табылады.

Тканьдердің глюкозаны сіңіруі әртүрлі: ми қандағы глюко-заның 12% , ішек 9%, бұлшықет 7%, бүйректер 5% сіңіріп алады. Организмде көмірсулардың ыдырауы оттегісіз (анаэробты гликолиз) жүріп, сүт қышқылына дейін ыдырайды, көмірсу-лардың оттегі талап ететін ыдырауы нәтижесінде СО2 және Н2О пайда болады.

9. Көмірсу алмасуының реттелуі.

Негізінен барлық зат алмасу процестерін, сонымен қатар көмірсу алмасуын гипоталамус басқарып отырады. Гипоталамус вегета-тивтік және гуморалдық реттегіш механизмдерді басқаратын орталық болып табылады. Гуморалдық реттегіш механизм инсулин гормонының үлесінде. Ол ұйқы безінің Лангерганс аралшығының клеткаларынан өндіріледі. Организмге инсулин егілгенде қандағы глюкоза мөлшері төмендейді. Бұл процесс бауырдағы және бұлшық еттердегі гликогеннің синтезінің ұлғаюы мен тканьдердің глюкозаны жылдам сіңіруімен сипатталады.

Сонымен қатар ұйқы безінің клеткасынан өндірілетін глю-кагон гормоны; адреналин – бүйрек үсті безінің милы қабатының гормоны; глюкокортикоидтар – бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары; гипофиздің соматотропты гормоны; қалқанша безінің – тироксин, трийодтиронин гормондарының әсерінен қандағы глюкоза деңгейі артады.

10. Белок алмасуының реттелуі.

Соматотропты гормон - өсу гормоны болып табылады. Организм-нің бүкіл органдары мен тканьдерінің массасын ұлғайтады. Ересек адамдардың клетка мембранасының аминқышқылдарға өт-кізгіштігін арттырып, белок синтезін қамтамасыз етеді, сонымен қатар клетка ядросындағы РНҚ синтезі артып, катепсиндер синтезі тежеледі. Катепсиндер клеткаішілік протеолиттік фермент болып табылады.

Қалқанша бездің тироксин және трийодтиронин гормондары белоктардың синтезін арттыра алады, нәтижесінде бойдың өсуі, тканьдер мен мүшелердің дамуы мен дифференциациясы пайда болады. Бүйрек үсті безінің гормондары – глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортикостерон) тканьдердегі, әсіресе бұлшықет пен лимфоидті тканьдердегі белоктардың ыдырауын жеделдетеді. Бауырда, керісінше, белоктарды синтезін қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]