Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тістің құрылысы және гигиенасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
514 Кб
Скачать
☆

3. Тістің гигиенасы.

      Тісті сау қалпында  сақтау үшін әрбір  тамақтанғаннан  кейін ауызды шайып,тісті  тазалау қажет. Әрбір адамның  жеке басының  тіс щеткасы болуы тиіс.                  

        Тіс ауырса, іш  ауырса,

        Саған дәрі береді.  

         Балаға да, анаға да

          Мейірімін төгеді.   Ол  кім?  ( дәрігер).

                                 Тістің жадыға әсері.

         Есте сақтау қабілеті тістердің санына байланысты екенін жапондық ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Олардың зерттеу нәтижесі ғалымдардың өздерін таң  қалдырды.Тіс дәрігерінің орындығына отырып,өзіміздің есте сақтау бөліктерінен айырылып жатқандығымызды кім ойлаған?

         Швед мамандары 35 жаспен 90 жас аралығындағы 1960 адамға тәжірибе  жасаған.Түбірлі тістерді жұлған адамдарда жадының нашарлайтындығын байқаған.Тіпті бұл құбылысты жануарларда да байқауға болады.Осылай  швед ғалымдары тіс пен жады қызметінің арасында байланыс бар екенін анықтаған.

          Профессор Ян Бегдахлдың айтуынша: «Тістер тек қана тағамдар шайнау үшін ғана емес,ми қызметтерін сақтап және қолдап отырады» Тіс өзімен босап түссе,онда ол жартылай тауқымет болар еді.Ал жадының әсеріне тісті зорлап жұлу қатты ісер етеді.

Содықтан сіздер тісті күте біліңіздер.Тіс жегісі ауруына ұшырап қалған жағдайда бірден жұлдыртпай емделіңіздер.Әрбір тіс сіздің есте сақтау қабілетіңіз,оны біліп қойыңыз!

 

 

  Дәптермен жұмыс №211.  Төмендегі ұғымдардың  анықтамасын жазыңдар.

    Кестемен жұмыс    №212.

   Кестедегі тіс топтарының құрылыс ерекшеліктеріне  қарап,екінші    бағаннан          сәйкес  жауапты  табыңдар:

     Құрылыс  ерекшеліктері                                                    Тіс топтары.

  1. Үстіңгі беттері кедір-бұдырлы                               А. Сойдақ тіс.     

  2. Үстіңгі беттері  біртегіс  жалпақ                             Б.  Азу тістер.

  3.  Үстіңгі ұшы үшкірлеу                                            В.  Күрек тістер.

        Жауаптары: 1. Б.   2. В.   3. А.

            Білімді бекіту: 

     1-топ тапсырма. Тіс туралы мақал-мәтелдер.

      Темекі тарту тістің ерте түсіп қалуына себепші.

       Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы  жағдайларының барлығына  темекі себепші.

     Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғайу, тіпті  қарайу құбылысы пайда  болады.

       Темекі  шегу   тістің түсуі мен пародонтозға   шалдықтырады.                                                                                                                         

     2-топ.  Бес жолды   өлең.

  1. Зат есім.                 Темекі

  2. Сын есім.                Зиянды, ұлы.

  3. Етістік.                            Сарғайады, қарайады, бүлінеді.

  4. Сойлем.                Темекі денсаулыққа зиян.

  5. Синоним.                Шылым.

     

 

                                      Пайдалы кеңес

  • Дәрігерлердің жорамалдауынша адам бала кезден ішкен тағамы ми жасушаларының қалыптасуына тікелей ықпал ететіні байқалған.Ол,әрине,бірден білінбейді. Жасы ұлғайғанда ми қызметінің бұзылуы бала кезде ішкен астың жұғымсыз болғанынан көрінеді.

  • Дәл уақытында ішкен тағам бронхит,эмфизема ауруларының дамуынан сақтандырса,кейбір тағамдар адам бойындағы түрлі бактерияларды,вирустарды дәріден кем жоймайды екен.Жұғымды тағам аллергиялық  тұмауды әлсіретеді,кетіреді.

  •  

                     Тіс  ауруларынан сақтану  жолы.

  1.      Тісті күніне екі рет тазалау.

  2.      Тамақтан соң әр  уақытта тісті  шайып  тұру керек.

  3.      Жылына екі рет тіс  дәрігеріне  көрініп тұру керек.

  4.     Тіс  щеткасы  біртегіс жұмсақ қылшықты  болу керек.

  5.     Тамаққа қатты өнімдерді  пайдаланбау керек.

  6.     Тіс  щеткасы қатан түрде әр  адамда  жеке  болу керек.

  7.     Тісті барлық  жағынан тазалау керек, тазалау уақыты 3 минут          болу     керек.     

     Қорытынды:

                      1.  Денсаулықты қорғайықшы,қорғайық

                         Әдептен біз озбайықшы,озбайық!

                        Табиғатты қорғап жүріп бәріміз,