Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ №9 каз. диспонс.-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.8 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (3): Бала 6 жаста, нефрология бөлімшесінде емделіп шыққан. Шығару эпикризінен алынған мәліметтер: балада келесі шағымдар болған – бетінің ісінуі, диурездің азайюы. Терісі бозғылт, көз аймағында сұрғылт іздері бар, беті мен ішінде ісінулер бар. Кілегей қабаттары бозғылт, араны қалыпты, өкпесінде везикулярлы дыбыс, жүрек үндері тұйықталған. АҚ 115/70 мм. сынап бағанасы. Іштің алдыңғы қабатында ісіну бар, кіндік сақинасы кеңейген, бауыры + 2,0см, көк бауыр пальпацияланбайды., диурез – 500 мл. ЖЗА: мөлшері 20 мл, түсі – ашық-сабан түсті, салыстырмалы тығыздығы 1007 см, белок -3,0. Қандағы қант – теріс, ацетон теріс, лейкоциттер 1-2 көру аймағында, эритроцит - 0-1 көру аймағында.

Зимницкий бойынша анализі: салыстырмалы тығыздығы 1007-1015, күндізгі диурез 150,0. Түнгі диурез – 350,0. Қан биохимиясы – жалпы белок – 59,1, мочевина – 1,5, креатинин – 38 ммоль/л. Қойылған диагноз: Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, бүйректің қызметі бұзылмаған.

Кезеңдері:

Іс әрекеттердің реттілігі

1.

Диспансерлік бақылаудағы баланың қарау тактикасы

Педиатр бақылауында 1 жыл аралығында болады, дүниеге келгеннен 3 ай аралығында 2 реттен көрінеді. Содан соң айына 1 реттен 9 айға дейін. Екі жасынан бастап тоқсанына 1 рет каралады. Содан соң жылына 1 рет.Нефролог – тоқсанына 1 рет.ЛОР, стоматолог - жылына 2 рет, окулист - жылына 1 рет.

2.

Әдістер және лабораторлық зерттеулер жиілігі.

  1. ЖҚА-бірінші жылында тоқсанына 1 рет, содан кейін жылына 1 рет

  2. ЖЗА, мочапо Нечипоренко педиатрдаң әр қарауының алдында

  3. Қанның б/х анализі (ақуыз және оның фракциялары, СРБ, креатинин, мочевина, глюкоза, липиды) динамикалық бақылау.

3

Емхана жағдайында емдеу жоспарын құрастыр.

1.физикалық жүктемелерді шектейтін режим, дене шынықтыру сабағынан бір жылға босатылады, күндізгі ұйқы.

2.диета тәулігіне 3-4гр артық емес тұзды шектеу., дәрумендер құрамын арттыру.

  1. Глюкокортикостероидтардың дозасын біртіндеп түсіріп қолдаушы терапия жүргіземіз.

  2. С, В, А, Е тобының дәрумендері.

  3. Антиагреганттар (курантил) .

  4. Жұқпалы аурулар қосылғанда антибиотиктер тағайындаймыз.

4.

Диспансерлік бақылау мерзімі.

5 жыл бойы диспансерлік бақылауда болады.

5.

Бұл балада вакцинацияға қарсы көрсетілімдер бар ма?

Сауыққаннан кейін 6 ай өткенде вакцинация жасалынады.

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (4): 13 жасар қыз бала. Аурғанына 2 жыл болған. Тамаққа қабылдағаннан кейін эпигастрия аймағының сыздап ауыруына, кекіру, жүрек айну, ауызда жағымсыз дәм, метеоризм және диареяға шағымданады.

Объективті: Тері түсі бозғылт, көздің ақ қабығы сарғыш тартқаг, терісі құрғақ, араны қызармаған. Тілі «жылтыраған», Өкпе үні везикулярлы. Жүрек тондары ашық, ырғақты. ЖЖЖ – минутына 80. Іші симметриялы, эпигастрия аймағында ауысынады, бауыры, көк бауыры пальпацияланбайды. Нәжісі ботқа тәрізді.

ФГДС: өңеш өткізгіштігі еркін, өңештің кілегей қабыты бозғылт - қызыл, тегіс, асқазан қатпарлары ауамен жазылады, асқазанның кіреберісінің кейбір аймағы қызарған, ісінген, кілегейі дән тәрізді гипертрофияланған. 12 елі ішекітің кілегей қабаты бозғылт- қызыл, тегіс.

ЖҚА: Нв-135г/л, эр-4,6х1012, л-8,5-10х9/л, т/я/3, с/я-47, м/5, л/45, ЭТЖ-10 мм/сағ

Биохимия: жалпы белок-65,5г/л, АЛТ-15,31, АСТ-25,0, жалпы билирубин-8,8, тимол сынамасы-3,2 бірлік. НР «+» антиденелерді ИФА арқылы анықтау

Кезеңдері:

Іс әрекеттердің реттілігі

1.

Диагнозы

Созылмалы гастрит өршу кезеңі, хеликобактермен ассоцияланған.

2.

Диагнозды негіздеу

Ауру синдромы (тамақ қабылдаған соң эпигастрия аймағының ауырсынуы; диспепсиялық синдромдар, ФГДС мәліметтерін негізге ала отырып.

3

Емдік тактика

Емдік тактика

І А ауырсыну синдромының толық жоюлуына

  • Певзнеру бойынша №1 емдәм

  • Антихеликобактерлік терапия: макролидттер, жартылайсинтетикалық аминопенициилиндер, коллоидты висмут препараттары,

  • антисекреторные дәрі- дәрмектер, протон помпасының ингибиторлары Н2- блокаторлар.

  • Витаминдік терапия А В, Е

  • Седативті терапия

  • Фитотерапия

  • Физиотерапия

4.

«Д» бақылаудың ұзақтығы

Соңғы өршу кезеңінен кейінгі диспансерлік бақылау ұзақтығы 5 жыл.

5.

«Д» бақылау кезіндегі тексерудің негізгі түрі

Негізгі бақылау түрі: ФГДС және хеликобатерді анықтау.