Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Pediatria_9.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.4 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (1): 3 айлық бала анасының сөзінен баланың ұйқысы бұзылған, мазасыз, ұйықтап жатқанда шошыйды, емген кезде терлейтіні мәлім болды. Обьективті: Тері түсі әдеттегдей, таза, тұрақты қызыл дермографизм, терлегіштіктің артуы, шүде аймағының тақырлағаны, үлкен еңбегі 3,0х3,0 см, сүйек деңгейінде, жіктері жұмсарған.Кеуде сүйегі дұрыс пішінді, симметриялы. ТЖ-минутына 30. Тынысы пуэрилді. Жүрек тондары ашық, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры +1 см. Нерв психикалық дамуы:басынды жақсы ұстайды,дауысқа және жарыққа сезімталдығы бар, күледі.

  1. Диагнозы

  1. Диагнозды негіздеу

  1. Емдік тактика

  1. Осы науқасты бақылау бойынша нұсқаулар

  1. «Д» бақылаудан алып тастау критерийлері

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (2): 1 жасар баланың анасы жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздік, тәбеті төмендеу, дәм сезудің бұрмалануы (бор жейді) шағымдарымен келді.

Тексеріп қарағанда: тері мен кілегей қабыттарының түсі бозғылт, бұлшықет гипотониясы. Өкпе үндері пуэрильді. ТЖ-минутына 28. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. ЖЖЖ минутына- 142. Бауырыр + 1,0 см, қыры доғалданған, тығыздығы жұмсақ эластикалы. Көк бауыры пальпацияланбайды. Үлкен дәреті – жиі іш қату. Жалпы қан анализі тексерілді: эритроциттер- 2,8х1012/л, НВ- 76 г/л, Ht – 28,0, түсті көрсеткіш- 0,6, ретикулоциттер – 2,8%, сегменядролық – 29%, таяқшаядролық – 2%, лимфоциттер – 57%, моноциттер – 8%, эозинофилдер –1%, ЭТЖ – 5 мм/сағ, Қан сары суындағы темір деңгейі – 6,0 мкмоль/ л.

  1. Диагнозы

  1. Диагнозды негіздеу

  1. Емдік тактика

  1. Емнің тиімділік критерийін тағайындау

  1. Диспансерлік бақылау кезіндегі бақылау

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (3): Бала 6 жаста, нефрология бөлімшесінде емделіп шыққан. Шығару эпикризінен алынған мәліметтер: балада келесі шағымдар болған – бетінің ісінуі, диурездің азайюы. Терісі бозғылт, көз аймағында сұрғылт іздері бар, беті мен ішінде ісінулер бар. Кілегей қабаттары бозғылт, араны қалыпты, өкпесінде везикулярлы дыбыс, жүрек үндері тұйықталған. АҚ 115/70 мм. сынап бағанасы. Іштің алдыңғы қабатында ісіну бар, кіндік сақинасы кеңейген, бауыры + 2,0см, көк бауыр пальпацияланбайды., диурез – 500 мл. ЖЗА: мөлшері 20 мл, түсі – ашық-сабан түсті, салыстырмалы тығыздығы 1007 см, белок -3,0. Қандағы қант – теріс, ацетон теріс, лейкоциттер 1-2 көру аймағында, эритроцит - 0-1 көру аймағында.

Зимницкий бойынша анализі: салыстырмалы тығыздығ 1007-1015, күндізгі диурез 150,0. Түнгі диурез – 350,0. Қан биохимиясы – жалпы белок – 59,1, мочевина – 1,5, креатинин – 38 ммоль/л. Қойылған диагноз: Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, бүйректің қызметі бұзылмаған.

  1. Диспансерлік бақылаудағы баланың қарау тактикасы

  1. Әдістер және лабораторлық зерттеулер жиілігі.

  1. Емхана жағдайында емдеу жоспарын құрастыр.

  1. Диспансерлік бақылау мерзімі.

  1. Бұл балада вакцинацияға қарсы көрсетілімдер бар ма?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]