Қорғаныстың күрделі әдістері
Тәжірибелі боксшылардың қорғанысы ерекшелігімен көзге түседі. Жаттығуды жаңадан бастаған боксшының қорғанысын жеке әдістерден тұрса, техникасы жетілген және қорғаныстың барлық әдістерін жетік білетін боксшы сол қорғаныс қимылдарының бәрінің басын қосады. Бұл-күрделі қорғаныс. Осындай боксшылардың қорғаныс тәсілдеріне тереңірек үңілсек, оның әрбір қозғалысында қорғаныстың бірнеше әдісі бар екенін көреміз. Мұндай қорғаныс сенімді болады (24-сурет).
Боксты үйренудің жаңадан бастағандарға қорғанысты үйреткен кезде жаттықтырушы шәкіртінің өзі-ақ бара-бара қорғаныс түрлерінің басын қосып кетеді деген ойдан аулақ болуа қажет. Шәкірттерінің осындай күрделі қорғанысқа әуел бастан машақтандыру қажет. Шәкірттерінің қорғаныстың бір түрін үйреткенде, осыны басқа қандай қорғаныс әдісімен біріктіру болатынын көрсеткеі дұрыс. Сонда ғана жас боксшылар қорғаныстың қандай түрлерімен сабақтасыратынын біледі.
Күрделі қорғаныс та жай қорғаныс сияқты ыңғайлы болуы қажет. Демек осындай күрделі қорғаныста жүріп-ақ қарсы және жауап соққы беруге, қарсы шабуылға шығуға болады.
Күрделі қорғаныс көбіне қарсыластың шабуылы кезінде оның бір қырына шығуынан басталады. Бұл арада қарсыластың жасайтыны шешуші рөл атқарады. Боксшы жалтара қорғанады. Сол арада ол қарсыластың соққысын қолың қойып тоқтатады немесе қайырып тастайды. Мысалы, оңға қарай жалтарып қорғану, екі жаққа қарай кетіп қалумен, сол иықты және оң қолдың алақанын қарсы қоюмен сабақтасу керек. Шегініп қорғанумен бірге оң қолдың алақанын қоюды қоса үйреткен жөн. Мұндай мысалдарда көптеп келтіруге болар еді.
Боксшыны жаттықтаоғанда ең алдымен оны шебер қорғануға машықтандыру керек.
Қарсы соққылар
Қазіргі соққылар қарсыласының шабуылы кезінде жасалады. Бокс техникасында кездесетін негізгі соққылардың бәрін де пайдалануға болады. Қарсы соққы әрдайым қорғаныстың бір түрімен байланысты. Бұл қорғаныс қарсыластың шабуылдағы соққылардың әсіресе ең шешуші бірінші соққысын қайтару үшін қолданылады. Қорғаныспен тығыз байланыысты болғандықтан қарсы шабуыл кезінде соққылар сырт көрініске біршама өзгеруі мүмкін.
Жақын арақашықтықтағы жекпе-жекте қысқа қарсы соққылар ғана жасалады. Мұндай соққылар төте төменнен және қапталдан жасалады. Жақын арақашықтықта боксшы алыс арақашықтықағыдан гөрі шапшаң қимылдайды. Қысқа соққылардың шапшаңдығы және жағдайлардың тез өзгеруі боксшының жекпе-жекті дұрыс бағдарлауына көп қиындық туғызады. Жақын арақашықтықтағы жекпе-жекті ол қарсыласының әр қимылын дәл білуі оны дер кезінде тоқтатып, өзі қысқа қарсы соққылар беріп, қайтадан қорғанып үлгеруі керек. Сондықтан боксшы жақын арақашықтықтағы жекпе-жекке дайындықта қорғанысты жете меңгеруі тиіс.
Барлық қарсы соққылар қарсы және жауап соққы болып екіге бөлінеді. Қарсы соққы дегеніміз қарсыластың соққысынан сәл бұрын жасалатын соққылар (25-сурет). Қарсыластың қолы өз денесіне жеткенше боксшының жұдырығы нысанаға тиюі керек. Бұл соққылар кенеттін жасалады. Сондықтан жекпе-жек кезінде мұндай соққылар ерекше бағаланады. Өзін қарсыласының соққысынан сақтау үшін боксшы қарсы соққымен бірге қорғанысыт да пайдалану керек. Осындай қасиеті бар боксшы жекпе-жекте басымдылық көрсетеді.
Шабуылға шыққан қарсыласқа жұмсалатын қарсы соққылар негізігі әдістердің бірі. Онымен қарсыластың шабуылын тоқтатуға болады.
Қарсы соққылардың ішінде ең көп пайымдалатына-сол қолмен басұа төте жасалатын соққылар. Ол қандай жекпе-жекте болмасын жақсы нәтижеге жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар боксшының өзін қарсыластың соққысынан сақтайды.
Қорғаныстан кейін барып жасалатын соққыларды жауап соққылар дейді (26- сурет). Қорғаныста жүріп пайдасы молырақ деп, тек қана қарсы соққылар жасай беруге болмайды. Қорғаныстан кейін «екінші кезеңде» жасалатын жауап соққылардың да тигізер көмегі зор. Бірақ ол дәл уақытында жасалуы керек. Бокспен әуестенушілерді қарсы соққыға үйретуді жауап соққыдан бастаған дұрыс. Себебі бұл соққыны жасайтын кезде шиеленіс аз болады.
Жауап соққы қорғанысты кейін жасалады делік. Демек, қорғаныстың аяқ кезі жауап соққының басталар шағы болуы керек. Кешіктіруге болмайды. Тек осы уақытта ғана қарсылас сәл ашық қалады.
Қарсы соққыларды үйренген кезде қарсыластың түрлі шабуылына тойтарыс беретін комбиницияны ойластырған жөн. Бұл үшін ең тиімді қорғаныс әдісі және осы әдістердің туатын барлық қарсы соққылар іздестіріледі. Қорғаныстың түрлерін жете меңгергенде ғана қарсы соққыларды да оңай жасауға болады. Боксшы қорғаныстың белгілі түрлеріне лайықты қарсы соққыны іздестіреді. Ұзақ жаттығу ғана боксшыны машақтандырып, оның осы саладағы шеберлігін ұштайды.
Қарсыластың шабуылындағы соққыдан қорғанудан әдісін іздегенде осы соққыдан кейін тағы қандай соққынғ жасалатынын бағдарлау керек. Қарсыыластың келесі соққылармен шабуылды үдетуіне тыйым салған жөн. Оны қарсы немесе жауап соққымен ғана тоқтатуға болады. Бұл арада боксшының қолғабы нысанаға қарсыластың екінші соққымынан бұрын тиюі керек. Мысалы, қарсылас сол қолмен кеудеге төте жасады. Осы соққыға қарсы қорғаныс әдісін қолданған сәтте екінші соққының басқа бағытталғанын білу керек. Мұндай жағдайда қарсыластың басына қарсы немесе жауап соққы беріп, екінші соққыны жасатпау керек. Сонда ғана қарсылас шабуылын дамыта алмайды.
Төменде ең көп қолданылатын қарсы соққылар жайлы айтылады. Оларды қолдану боксшының өзіне және шеберлігіне ғана байланысты. Ал қай соққыны қолдану керектігін жекпе-жек үстінде туатын жағдайда байланысты ғана белгілі болады. Әсіресе қарсыластың соққысының түрі, шабуылдың бағыты, боксшының қорғану әдісі қарсы соққысының қай түрінің тиімді екенін көрсетеді.
