
Соққыны тоқтату
Алақанды немесе иықты тосып соққыны тоқтату қарсылықтың соққысы басталар сәтте соққы нысанаға жақындығын кезде жасалады. Қарсылықтың жұдырығы нысанаға жақындығын сәтте оның соққысына алақан немесе иық қойылады. Қайсысын қою бәсекелестің соққының қай түрін қалағанына байланысты. Боксшы соққының астына қойылған қолымен дененің осал жерлерін қорғайды. Мұндай қорғаныс орта және жақын арақашықтықтарда қарсыластың кез келген соққысынан болсын қорғана білуге өте тиімді (21-сурет)7
Қарсыластың орта арақашықтықтан басқа бағыттағы төте соққысына үнемі оң қолды қарсы қойып қорғану керек. Соққы қай қолымен берілсе де, қорғанысты жақсы ұйымдастыруға болады. Қарсыластың төте соққысын иектің астында оң қолдың алақаны тоқтатады. Мұндай қорғаныс боксшының бос тұрған сол қолымен шабуылдаушының басына соққы беруге жағдай туғызады. Қарсы соққаны өте тез жасау керек. Себебі бұл соққы қарсыласатын келесі соққысынан бұрын көздеген нысанаға тиюі керек.
Егер қарсылас оң қолмен басқа төте соққы жасаса, онда соққының астына алақанды тосумен қарсы соққыны тиімді пайдаланған жөн. Оң қолымен жасалған соққыға алақанды тосқанда қорғанысқа иық та қатысуы керек. Сонымен қатар кеудені шалқайтып дененің салмағын арттағы оң аяққа ауыстырған абзал.
Бұл қарсыластың соққысының күшін азайтуға, сондай-ақ оны тепе-теңдіктен шығаруға мүмкіндік береді.
Оң қолмен қапталдан жасалған соққылар оң қолдың алақанымен және сол иықпен тоқтатылады. Ал сол қолмен қапталдан жасалған соққыға оң иықтың сырт жағын тосқан дұрыс. Басқа қапталдан жасалған соққыдан қорғанған кезед боесшы шынтағын жоғары көтереді. Сонда шынтақ басты түгел жапқаны жөн.
Басқа төменнен басытталған соққылар оң қолдың алақаынмен тоқтатылады. Қорғаныстағы бұл қол қарсыластың соққысы нысанаға жақындаған сәтте ғана қарсы қойылуы керек.
Мұндай қозғалыстың басымдылығы боксшының бос қолымен қарсы соққылар беру үшін қажетті арақашықтықты сақтай алатындығымен есептелінеді. Боксшы дер кезінде қорғанып, сонымен қатар қарсы соққы беруге ыңғайлы жағдайға көшуі керек. Кешеуілдетпей қарсыластың ашық қалған осал жерлерін қарсы соққыға алған жөн. Басқа бағытталған соққылардан қорғанудан төменнен жасалған соққылардың қорғануға оңай көшуге болады. Мұндай бос қол қарсыласқа қарсы соққы беруге өте ыңғайлы бар. Бұл қарсыластың қай жерінің қорғаусыз қалуына байланысты.
Боксшы қандай соққыдан болса да дұрыс қорғана білуге міндетті. Жақын арақашықтықтағы жекпе-жекте иекті алақанымен жауып қараған жөн. Оған қоса иық та сәл көтеріліп, бастың басқа жерін қорғайды. Мұндай қорғаныста да бір қол қарсы соққы беру үшін бос болуы керек.
Қарсыластың сол қолмен жасаған соққысын тоқтатуға сол қолдың алақанымен, ал оң қолдың соққысына оң қолмен алақанмен тосқауыл қойылады. Қарсыластың екінші қолымен де соққы беруі мүмкіндігін естен шығармаған жөн. Бос қол соған қарсы жұмасалады. Мұндай қорғаныс орта және жақын арақашықтықта пайдаланылады. Оның үстіне боксшы алақанымен немесе иығымен қармыластың әр қимылын қадағалау қажет.
Қорғаныстың бұл түрі өзінің басымдылығын жақын арақашықттықта пайдалана білетін боксшының қимылын шектейді.