
Төте соққылар
Бокста әсіресе, төте соққылар көп қолданылады. Ол үйренуге жеіл және жылдам, дәл орындалады. Төте соққылар көбіне алыс және орта арақашықтықтарда пайдаланады. Кейбір боксшылар жақын арақашықтықтарда да төте соққылар жасайды. Сонымен бірге мұндай соққылар жасайды. Сонымен бірге мұндай соққылар шабуыл кезінде немесе қарсыласының шабылуын тоқтатуға, сондай-ақ алыс және орта арақашықтықтарды сақтауға жұмсалған.
Жекпе-жекті тек алыс қашықтықта өткізуге тырысқан боксшы көбіне төте соққылармен қаруланады. Мұндай жағдайларда олар үнемі әр жаққа жылжумен болады. Бұл оған бәсеке тізгінін уыстан шығармауға, жарыста көп қпай алып, жеңіске жетуге мүмкіндік береді.
Боксты үйренгісі келгендер алдымен осы төте соққыларды үйренеді. Себебі мұндай соқылар жекпе-жек кезінде жинақылыққа үйретеді. Сонымен қатар спортшыға алыс арақашықтықта бәсеке өткізудің техникасын және меңгеруге мүмкіндік береді.
Сол қолмен басқа төте соққы беру (8-сурет). Бұл соққы рингте өте жиі қолданылады. Себебі сол қол мен қарсыластың арасы жақынырақ болады. Сондықтан боксшы бұл соққыны дәл және тез орындай алады.
Сол қолмен төте соққылар алыс қашықтықтағы түрлі-түрлі тактикалық шешімге байланысты қолданылады. Оның негізгі міндеттері-шабуыл алдында бокстанушының назарын басқа жаққа өзіне қолайлы алыс арақашықтықты сақтай отырып, жақындатпау, шабуылын тоқтату, келесі шешім қабылданғанша инициативаны қолдан шығармау үшін қарсыласының өзін осындай есептермен қақпанға түсіру. Сол қолмен жасалған көп әрі соққылар оның есін жиюына мүмкіндік бермейді.
Сол қолымен қарсыласының басына соққы берген кезде боксшы өзін сенімді сезінеді. Себебі ол мұндай кезде қарсы соққы ала алмайды. Алыс арақашықтық қарсыластың қысқа соққыларынан сақтайды.
Мұндай соққылар негізінен боксшының бастапқы қалпынан басталады. Соққы болар алдында дененің салмағы екі аяққа тең түседі. Сонан кейін аздап оң аяққа ауыса бастайды. Оң аяқ серпілген кезде дене қарсыласқы қарай жылжиды да, сол аяқ ілгері қарай сүйретпе қадам жасайды.
Сол қолын қарсыласына тез сілтеген сәтте дене де солдан оңға қарай шапшаң бұрылады. Бұл соққының күшін бұрынғыдан да арттыра түседі. Жұдырық нысанағы тиген кезде бүгілген саусақтар төмен қарап тұруы қажет. Кейбір боксшылардың соққысы кезінде бүгілген саусақтар оңға қарап та тұрады. Бұл да ыңғайлы.
Дененің бір салмағы сол аяққа түскен кезде ғана қол нысанаға тию керек. Бұл соққының күшті болуына көмектесіп қана сақтауға да мүмкіндік береді. Жекелеген шабуыл кезінде шешуші шабуылдарда да мұны естен шығармаған жөн.
Осындай соққы кезінде алақаны қарсыласына бағытталған оң қол иекті, сол шынтақ денені қорғап тұрады. Сонымен қатар иекті сол иықпен жабу керек. Шабуыл кезіндегі мұндай қорғаныстар боксшының дағдысына айналғаны дұрыс.
Сол қолмен денеге төте соққы беру (9-сурет). Бұл соққыны қолданған кезде де боксшының денесі ілгері әрі оңай қарай қозғалады. Ол қарсыласының қарсы соққыларынан басын қорғайды. Себебі бастың негізгі бөлігі сол иықтың тасасында қалады. Сол қолмен соғу кейде қарсыласының басын қорғаныссыз қалдырған алдамшы соққы ретінде пайдалынылады.
Мұндай шабуыл кезінде сол аяқпен бір қадым ілгері жылжиды. Иек астына қарай жұмсалған сол жұдырық нысанаға бағытталған сәтте оң қол басты қарсы соққыдан қорғайды. Оның үстіне оң қол да соққы беруге дайын тұрады.
Соққы кезінде салқынқандылық өте қажет. Сол аяқтың басы оңға қарай бұрылуы керек. Бұл егер жұдырық нысанаға тимеген сәтте, дененің алға кетіп, тепе-теңдікті жоғалтуынан сақтайды. Оң аяқтың да қажетті қашықтықта болғаны дұрыс. Егер боксшы мұндай ұсақ жайларды ескермесе, нысанаға тие алмаған кезде теңдікті жоғалтып қорғаныссыз қалады. Сөйтіп өзі қарсыласына ашық нысана болады. Оның үстіне нысанаға тимеген жұдырықты, сондай-ақ қолдың бұлшық еттерін тез босатып үйренген де дұрыс. Мұның да дененің теңдігін сақтауға тигізер көмегі аз емес.
Оң қолмен басқа төте соққы беру (10-сурет). Бұл ең күшті соққылардың бірінен саналады. Себебі оң қолды қарсыласына жұмсағанда дене солға қарай кілт бұрылады. Дененің осындай бұрылысы және оң аяқтың серпілуі соққының күшін едіуәр арттырады. Сол аяқты алға жіберген бастапұы қалыпта оң қол шешуші соққы жасауға үнемі дайын тұрады. Дененің бұрылысына, оң аяқтың қозғалуына және қарсыласынан алыстауға оң қолдың жқмсалуына біраз уақыт кетеді. Қарсылас мұндай шабуылдың оңай қорғана алады. Сондықтан онлай шабуылды бастауға оң қолдынысанаға дәл жұмсауға алдын ала дайындалу керек.
Оң қолдың жұдырығы нысанаға дәл тию үшін алдымен шабуылдың сол қолмен бастайды. Толассыз соққылар қарсыластың назарын басқа жаққа аударуы керек. Сонан кейін ғана қорғаусыз қалған нысанаға оң қол жұмасалады. Осындай шабуыл кезінде тепе-теңдікті сақтауды да ұмытпау керек.
Оң қолмен соққы берген кезде өте сақ болған жөн. Ол кезде басты сол қолдың жұдырығы, ал денені шынтақ қорғайды. Соққы бергеннен кейін боксшы бастапқы қалыпқа тез келуге тырысады. Себебі мұндай шабуыл кезінде кеуденің біраз жері қорғаусыз қалады. Әсіресе, оң қолдың жұдырығы нысанаға тимей кетсе, қорғанысты тез ұйымдастыру қиынға соғады. Егер дәл осы кезде шабуылға сол қол араоасса, онда боксшының жағдайы бұрынғыдан жақсарады. Бұл арада сол аяқ та созылып, соққыға күш қосады.
Оң қолмен денеге төте соққы беру (11-сурет). Бұл соққының орындалу техникасы өте көп. Көбіне сол қолдың дайындық, жалған шабуылдарынан кейін орындалады. Сондай-ақ сол қолмен қарсыласының басына соққы жасағаннан кейін қосалқы күшті соққы ретінде пайдаланады. Неемес қорғанысқа тығыз байланысты қарсы соққы ретінде қолданылады. Сонымен қатар шабуылды өрбітетін соққылар тізбегіне де енеді. Бұл да қарсыластың басына бағытталған төте соққының сыңары болып есептелінеді. Оң қолмен денеге төте соққының одан айырмашылығы сол, бұл соққыны жасағанда дене көбірек иіледі, екі тізе жиі-жиі бүгіледі.
Оң қолмен денеге төте соққы жасаған кезде алды тұрған сол аяқ еденге ұшымен ғана тиіп тұрады. Бұл жұдырық нысанаға дарымай кеткен жағдайда дененің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл да соққыны жасаған кезде тізе көбірек бүгіледі. Оның үстіне осы соққына жасаған кезде тізе көбірек шабуылды одан әрі үдетуге де қолайлы болады.
Оң қолмен денеге төте соққы жасаған кезде қорғаныстың әлсірейтінін естен шығармау керек. Дене солға қарай бұрылғанда әсіресе, оң жақ ашық қалады. Боксшы сол қолдың жұдырығымен басты, сол білекпен және шынтақпен денені түгел қорғауға тырысу керек.