Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бокс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.67 Кб
Скачать

Алғы сөз

Бокс. Осы бір төрт қана әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге қоятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе-жектерді көрмей, дегбірі басылмайтын жандар аз емес. Адам әрқашан мықтылықты құрметтеген ғой: мықты, атпал азаматтарды пір тұтқан, солардың өршіл өнеріне табынған.

Бокстың тарихы бізделді алыс заманалардың түкпіріне жетелейді. Ежелгі Мысыр, Крит-Микен, Вавилион дәуірлерінің тасқа қашалған мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бейнелері бар. Алғашқы қауымда өмір сүрген арғы тегіміз екі аяғының қуатына, жұдырығының мықтылығына сүйеніп күнелтті. Олар өзара күш сынасып есеп айырысуды дәстүрлі әдетке айналдырды. Осындай бәсекеден барып түрлі спорттық ойындар өмірге келді. Ал ең алғашқы шыққан спорт түрі қайсы десек, жұдырықтасу мен жүгіру қатар тұрар еді.

Артына өшпес «Илиада» жырын қалдырған грек философы Гомер өз замнындағы жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы кезде жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген терімен булап, білектерін орап байлайды екен. Жекпе-жек екі жұдырықшының біреуі қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген, жалтарған жұдырықшыны арнайы істік темірмен қаруланған төреші-эфефтер ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688-жылы өткен ерте дүниедегі жиырма үшінші Олимпиадалық ойындардан бастап бокс яки жұдырықтасу жарыстың бағдарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, философ Платон, қолбасшы Алкивиад жұдырықтасумен айналысқан.

Қазіргідегідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе-жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықшылардың даңқы ауыздан-ауызға ілігіп, айдай әлемге жария болып отырған.

Халық оларды ерекше құрмет тұтып, әнге, жырға қосқан, эпостардың қаһарманы еткен, Олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері тірісінде ескерткіш орнатқан.

Ежелгі дүниедегі Олимпиадалық ойындар тоқтаған соң да бокс саябырсыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Бертін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе-жек өткізудің ережесі ойлап шығарылды. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын Джемс Браутонның есімімен тікелей байланысты. Сөйтіп Браутонның отаны Англия қазіргі бокстың кіндігін кескен ел болып шыға келді.

1867 жылы кәсіптік бокс дүниеге келді. Бірақ алғаш рет әлем чемпионыты ұйымдастырылғанша ол өзінің даму жолынан өтті. Бұл заңдылықтан ешқандай спорт түрі қашып құтыла алмайды ғой. Миллиондаған адамдардың жүрегін баурап, сан елді, сан халықты өзінің құшағына орау үшін уақыт керек. Сол уақыт Ресейге өткен ғасырдың аяғында, ал осы ғасырдың отызыншы жылдарының басында Қазақстанға да келіп жетті.

Шоқыр Бөлтекұлы. Бұл республика спортына қымбат есім. Қазақстан боксның атасы Шәкең сонау кәрі Атыраудың бойында туып-өсті, сондықтан болар, сол кәрі теңіздің тулаған асау балығы-Шәкең есімі де осы бір мойылдай қара шаштары тым қайратты, жанары жалын атқан жас жігітке нәресте кезінде біріліпті. Шәкең 1933 жылы «Медик» спорт клубында бокс секциясын ашты, халық аштан қырылып, Голешекиннің «кіші октябрі» қылышынан қан тамызып тұрған кез. Бірақ өмірді өшірмес үшін, жалғастыру үшін, қайғы-қасіретке табын тіреп, қарсы тұру үшін халыққа қашан да мықтылық керек. Жастар ертеңгі күні өршіл өнерлерімен әлемді таңдандырсын деп ойлады ма, жас Шоқыр өзі сүйген іске бел шешіп кірісті. Кейін көркемсурет академиясын бітіргенде де, Ұлы Отан соғысына қатысып, толарсақтан қан кешкен сұрапыл жылдарда да өзі сүйген өнерді ұмытқан жоқ. Елге оралған соң, сол ізгі арманын жылғылай жалғастырды.

Бокстан Қазақстанда алғаш рет бұрынғы кеңес Одағының спорт шебері атанған Шоқыр Бөлтекұлы ақ шаршы алаңның қас шеберлері С.Щербеков, А.Булгаков, Г.Гарбузов, Б.Тишинның қатарында тұрады. Ол «Динамо» ерікті спорт қоғамы біріншілігінің жеңімпазы, бірнеше рет жүлдегері болды.

Егер Ұлы Отан соғысынан бұрын Қазақстанда бокс тек Алматы мен Қарағынды қалаларында дамыған болса, елуінші жылдардың ішінде Қызылорда мен Ақтөбеде, Жамбыл мен Шымкентте, Ақмола мен Қызылжарда, Семей мен Балқашта, тағы да басқа қалаларда тіпті алыстағы аудандарда қарыштап дами бастады. Бұрынғы Кеңес Одағының спорт шебері Густаф Кирштейн 1946 жылдың өзінде Қарағандыда бессекция құрды. Балқаш қаласында он жеті жасар Меңдігерей Хайрутдинов бір топ жастың басын қосып, жаттығулардың кірісіп кетті.

1946 жылы Алматыда ашылған жастардың спорт мектебінде негізгі секциялардың бірі-бокс секциясы еді. «Динамо» ерікті спорт қоғамында жаттықтырушы Дәулеткерей Муллатевтың шікңрттері бой көрсете бастады. Осы секциядан Қазақстанның алғашқы спорт шеберлері, бүкілодақтық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанат қақты. Оның шәкірттері Г.Рожковтың, И.Ивановтың, А.Кадетовтың, тағы басқалардың есімдірі тек республикада ғана емес, бүкіл тәуелсіз достастық елдерге әйгілі болды. Сол жылдары былғары қолғптың жас шеберлерінің көптеп шығуына тек аудан, облыс, республика біріншіліктері ғана емес, Орта Азия республикалары мен Қазақстан спортшыларының спартакидалары да елеулі үлес қосты.

Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің үлкен аренада көрінуі-1946 жыл. Осы жолы өздерін күштілер қатарында санап жүрген Белоруссия, Армения, Эстония құрама командаларын артқа тастау біздің республикамыздың боксшыларымен санасу керектігін көрсетті. Осындай жарысқа тұңғыш қатысып отырған жас командаға бұл жоғары табыс еді. Жекелей біріншілікте Мақсұт Омаров қола жүлдегер атанып, Асқар Үсенов төртінші орынға шықты.

1950 жылы Орта Азия республикалары мен Қазақстанның спартикадасы өтті. Осы республикаларда қанат жайып келе жатқан спорт түрлерінің бірі ретінде бағдарлама бокс та енгізілген болатын. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері өздерінің шеберлігімен көрініп, командалық бірінші орынға ие болды. Жекелей біріншілікті де көптеген салмақ дәрежелерінде жерлестеріміз топ басынан көрінді.

Республика бокстың өсуіне қалааралық кездесулер, құрама командаларының жолдастық кездесулері елеулі әсер етті. 1950 жылы Алматы қаласының құрамасы армияшылардың Орталық спорт клубы құрама командасының мүшелерімен жолдастық кездесу өткізді. Армияшылардың сапында А.Грейнер, Л.Сеголович, В.Степанов сияқты белгілі шеберлер болатын. Алматының жас боксшылары Ескендір Хасанов, Мақсұт Омаров, Генадий Рожков өздерінің өршіл өнерлерімен танылып, жекпе-жекте атақты қарсыластарынан басым түсті. 1953 жылы Г.Рожков КСРО құрама командасына қабылданды да, Бухарест қаласында өткен Бүкіл Дүниежүзілік студенттік универсиадасына қатысатын болды. Осы елеулі сыннан ол Алматыға жүлдемен оралды.

1956 жылы бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының бірінші спартакидасы өткізілді. Ол айта қаларлықтай спорт мерекесі болды. Республикамыздың құрама командасы осы сында командалық бесінші орынға шықты. Осы жарыста Мақсұт Омаровтың, Геннадий Рожкоатың, Меңдігерей Хайрутдиновтың, Анатолий Кадетовтың және жас таланттардың шеберлігі ауыздан-ауызға ілінді.

Арада тағы үш жыл уақыт өтті. Бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының екінші спартакидасына кезек келді. Бұл жолы республика былғары қолғап шеберлерінің арасынды тұңғыш рет Анатолий Кадетов спартакиаданың және КСРО-ның чемпионы атанды. Мақсұт Омаров-күміс, Владимир Каримов қола медальдың иегері атанды.

Бұл Қазақстанның боксының алғашқы табыстары еді. Кейін республика рингтің талай-талай тамаша саңлақтары тәрбиеленді. Вадислав Баранов, Хамит Ахметов, Вячеслав Печков, Тен Реве, Борис Кошевич, Марат Жақсыбаев, Виктор Минаков, Жандос Көкімов, Әбдірашит Әбдірахманов, Олег Гурев, Кеңес Омаров сияқты майталман шеберлер өздерінің өнерлерімен жұртшылықты талай рет таң қалдырды.

Әрине, мұның бәрі боксшыларымыздың әлемдік рингке шығуына тұғыр болды. Қазақстан боксының өкілі де әлем чемпионы атанатын күн алыс емес сияқты. Көп көшікпей мұндай атаққа бірінші болып Валерий Рачков иеленді. Бірнеше жылдан кейін Серік Қонақбаев пен Виктор Демьяненко Еуропаның чемпиондары атанды.

Бокс тарихында есімдері аталған мұндай шебердің орындары ерекше. Демьяненко мен Коңақбаев әлем кубогының иесі, Мәскеуде өткен Олипмиадалық ойындардың күміс жүлдегерлері атанды. Бұл Қазақстанның боксының шарықтау шегі болатын. Республикамаздың былғары қолғап шеберлері ең күшті командалардың бірі атанды. Соның арқасында Алматыда көптеген ірі халықаралық турнирлер, бұрынғы Кеңес Одағы мен АҚШ құрама командаларының кездесулері бірнеше рет өтті.

Республикамызда білікті мамандар да тәрбиеленеді. А.Болдырев, Ю.Цхай, А.Аникин бұрынғы Кеңкс Одағының еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы атанды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтушылары қазір ондап саналады.

Республикамызда балалар мен жасөспірімдер арасында боксты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Олар үлкен спорттың, ақ шаршы алаңның ізбасарлары екені сөзсіз. Болашақ солардікі.

Бокс техникасы және оның маңызы

Бокстың техникасы жан-жақты дайындығы бар, жаттыққан және рингте үнемі жекпе-жекке түскен спортшы ғана меңгере алады.

Бокс техникасы дегеніміз – үзбей жаттығу арқасында қорғаныс пен шабуылдың бір-бірімен сабақтасып, боксшының жекпе-жектегі дағдысына айналуы, рингте тез әрі шапшаң қимылдау, жекпе-жек кезінде туатын көптеген қиын жағдайларда қорғанып қана қоймай, шабуыл жасай алатын қолайлы сәттер туғызу, қорғаныстан шабуылға көшу әдістерін жете меңгеру және оны дағдыға айналдыру, шабуыл кезінде әр түрлі соққыларды үйрену, қарсыласының шабуылы кезінде берік қорғанысқа көшіп, өзіне соққы дарыптау, түрлі жағдайларда өзіне пайдалы әдіс-айлаларды толық пайдалану, барлық қимылды бір мақсатқа жұмылдыру.

Тактикалық есептерді басшылыққа алып отыратын жекпе-жек кезіндегі негізгі қару-боксшының техникасы болып есептелінеді.Сондықтан боксшы техниканы және меңгеріп, оны рингте сенімді және еркін пайдалана білуі қажет. Рингте,жекпе-жек кезінде боксшылардың жағдайы жиі өзгеріп тұрады. Бірақ қандай жағдайда болсын, спортшы өзіне ең пайдалы әдісті таба білуді үйренуі қажет. Техниканы жете меңгерген боксшылар ғана кез келген жағдайда дұрыс шешім таба алады. Боксшының жекпе-жек кезіндегі әр қимылы екіншісінен туындап, соны жалғастырып жатуы керек. Шабуыл мен қорғаныс бірімен-бірі сабақтасып жатпаған жерде боксшы өзіне аса қажет екі тізгінді де қарсыласына беріп қояды.

Әр боксшының техникасы тек өзіне ғана тән болуы мүмкін. Бірақ бұлардың негізі бір жүйе бойынша үйретіліді. Сол жүйені әр жаттықтырушы жақсы білуі және оны ұстаздық қызметіне жете пайдалануы керек.

Боксшының бастапқы қалпы

Боксшының рингтегі бастапқы қалпы деп, оның шабуылға шығуға немесе бәсекелесінің әрекетіне қарай қорғанысқа көше білінуіне, яғни қарсыласының әр қимылына қарсы тұрарлық әдіс қолдана алыуына қажетті ең қолайлы жағдай айтылады. Боксшының алғашқы тұрысы шабуыл үшін де, қорғаныс үшін де өтеыңғайлы болып, өзін еркін ұстауы керек. Рингтегі жекпе-жекте боксшыға үнемі өте сақтық қажет. Ол қарсыласының әр қимылын назардан тыс қалдырмауы тиіс. Ринттегі әріптесіннің шабуылды ұйымдастыруға дайындығын ертерек аңғарып, соның алдын алуы немесе оны қорғанысқа көшуге мәжбүр етуі жөн.

Боксшының рингтегі бастапқы қалпы қарсыласының әр қимылына байланысты жиі өзгеріп отырады. Қол, аяқ, дене қимылдары шабуылға немесе қорғанысқа дайындық кезінде қарсыласының іс-әрекетіне байланысты өзгереді. Сондықтан ртнгье көптеген жекпе-жек өткізген боксшының бастапқы қалпында да өзіндік ерекшелік болады. Бұл оның үш раунд бойы шыдамдылығын толық көрсетуіне мүмкіндік береді.

Боксшының бастапқы қалпы ең алдымен оның дайынжығына, мінезіне де байланысты. Бірақ боксты үйрене бастаған сәтте өзіндік ерекшелікті көрсету қиын. Сондықтан бұл шеберлікпен бірге келетін қасиет деуге болады.

Егер боксшының оң қолы күштірек болса, онла ол аяғын алға жіберіп, қарсыласына сол жақ қырымен тұрады. Мұндай тұрыс оң жұдырығымен басын, ал сол иығымен бүкіл кеудесін қарсыласының соққыларынан қорғауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, ол сәті келген жағдайда оң қолымен қарсыласына ауыр соққылар да бере алады.

Мұндай жағдадйда боксшы сол аяқ табанын нық басып, ал оң аяғын бір қадам кейін алып, сәл оңға таман тұрады, еденге аяғының ұшын ғана тірейді. Сәл бүгілген екі аяққа дененің салмағы бірдей түседі. Бұл боксшының қай жаққа болмасын қадам жасауына, рингте тез қимылдауына жағдай туғызады.

Боксшының қорғаныстағы ең басты міндеттерінің бірі – қарсыласының соққыларынан иегін қорғау. Ол үшін сол қолдың жұдырығы иектен сәл төмен, ал шынтақ кеудені жауып тұрады (I-сурет). Сол қол соққыларды қайтаруға қарсыласын алдау үшін түрлі қимылдар, жеңіл соққылар жасауға өте ыңғайлы. Дәл осы жағдайда боксшы оң қолын тиімді пайдаланып, қарсыласының қорғаусыз қалған жерлерін ауыр соққыға ала алады. Оң қолдың жұдырығымен нысанасын көздегенде дене солға қарай сәл бұрылады. Бұл оң қолдың соққысына тағы да күш қосады. Ал басқа кездерде оң қол басты, денені қорғауға бейімделеді.

1-сурет

Бастапқы қалыпта боксшы бұлшық еттерін бос ұстағаны дұрыс. Оны күні бұрын қатайып, денені дел-сал шаршатудың қажеті жоқ. Бұлшық етті бірқалыпты бос ұстау жеңіл және еркін қимылдауға толық мүмкіндік береді.

Жекпе-жек кезінде боксшы қарсыласына тым жақындап қалса, онда оның тұрысы да өзгереді. Сол аяқ алды, қарсыласына жанасып кетпегені дұрыс. Өйткені бұл боұһксшының тепе-теңдігін жоғалтып, қорғанысын әлсіретеді.

Боксшының рингте жылжу техникасын толық меңгеру өте пайдалы. Ол әр қадамнан кейін аяқтарының арақашықтығын жоғалтпауы керек. Осындай жағдайда ғана ол рингтегі қозғалысты әрі қарай жалғастыра алады (2-сурет). Мұндай техниканы жаттығу кезінде меңгеруге болады. Ол үшін алдымен боксшыға жаттығып, сонан кейін жаттығу жекпе-жектерінде үйренген жөн. Осы жағдайда да оның бұлшық етті қайтпағаны дұрыс.

Шабуылдағы соққылар мен қорғаныс қимылдары боксшының қадам жасаған сәттегі дене қозғалысына да байланысты. Оның әр қадамының бағыты алғашында қарсыласына байқалмауы керек. Себебі боксшы аяған еденнен көиерген сәтте сәл де болса тепе-теңдігін жоғалтады. Екінші аяғының серпілісі тепе-теңдікті қалыпқа келтіреді.

Жекпе-жек кезінде жеке қоғамдардан басқа, қосарланған қадамадар да көп пайдалынады. Сондай-ақ аяқты сүйрете отырып жасаған қадамдар да болады. Бұлар боксшының жеңіл қозғалуына, үнемі тепе-теңдік сақтауына мүмкіндік береді. Мұнда да қозғалыс сол бағыттағы аяқпен басталып, жарты қадам ғана жасалады. Сонан кейін екінші аяқ бастапқы қалыпқа әкелінеді. Міне, қозғалу осылай жалғаса береді. Мұндай кезде боксшы қарсыласының әр қимылын жақсы қадағалай алады.

Сонымен қатар боксшының қарсыласына қарай бұрылу әдістерін де жете меңгергені дұрыс (3-сурет). Бұрылыс еденде нық тұрған аяқтың ұшымен жасалады. Дененің тез бұрылысы екінші аяқты да тез бұруға мүмкіндік береді.

Боксшылардың бірімен-бірі өте таяу келгендігі қозғалысты арақашықтықты сақтаған сәттегі қозғалыстан ерекше болады. Егер қарсылас алыста тұрса, онда әрі тез, әрі жеңіл қадамдар жасауға тиіс. Ал бетпе-бет келген көбінесе қысқа, жеке қадамдар ғана жасалады. Оның үстіне аяқ бұрынғыдан да бүгіле түседі. 3-сурет

Егер аяқ дұрыс және дәл қозғалса, онда боксшы үнемі қарсыласынан батыл шабуыл жасарлық қашықтықта болады. Оның үстіне боксшы дене салмағын бір аяғынан екінші аяғына аударып, шабуыл мен қорғанысқа ыңғайлы жағдай жасайды. Кейінгі тұрған аяғының серпуімен және дененің алға қарай тез қозғалуымен соққысына күш және жылдамдық қоса алады.

Рингте жеңіл де дұрыс қозғалу үшін жекпе-жекте жаттығып, дайындық жаттығуларын дұрыс өткізген жөн. Мұнда көбіне аяқты сүйрете отырып қадамдар жасау керек.

АРАҚАШЫҚТЫҚ

Боксшы жекпе-жек кезінде түрлі арақашықтықты сақтайды. Олар-алыс, орта және жақын арақашықтықтар деп үшке бөлінеді. Боксшы бұл арақашықтықтардың өзіндік ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Себебі әр қашықтықтың жекпе-жек тәсілі әр түрлі болады. 4-сурет

Алыс қашықтық. Боксшылар техникалық жетілдірілу кезінде алыс арақашықтықтарда жекпе-жек өткізуге машықтанады. Бұл-боксшының бір қадам ілгері аттап, қарсыласына соққы дарыта алатын арақашықтығы болуы тиіс.

Мұндай қашықтықты жекпе-жек кезінде сақтау боксшы үшін өте қиын. Бұл жаттығу кезінде көп көңіл бөлінетін, әбден дағдыға айналған әдіс болуы керек. Арақашықтықты дұрыс анықтап, оны үнемі сақтай алатын боксшының қарсыласын дәл және ауыр соққылардың астына алуына мүмкіндігі де мол болады.

Бір қадам ілгері аттап, қарсыласына соққы дарыта алатын боксшы үнемі шешуші шабуыл жасайтын кезді күтіп жүреді. Мұндай кезде қарсыласының назарын аударатын әдәс-айлаларды көбірек қолданады. Қарсыласының назарын сол немесе оң қолмен жасайтын алдамшы соққыларға аударған жөн. Оңқай қарсыласқа соққы негізінен сол қолмен жасалғаны дұрыс. Оңқай боксшы шабуылды үнемі сол қолмен бастайды. Сондықтан мұндай алдамшы соққылар қарсыластың шабуыл жасау мүмкіндігін жояды.

Сол аяқты алға басып тұрған бастапқы қалыпта оң қолмен соққы беру сол қолдың соққыларына қарағанда төзімді. Ал егер жұдырық тимей кетсе, онда боксшы ашық, қорғаныссыз қалады. Сондықтан оң қолмен соққы беру үшін біраз дайындық жасау керек. Алдамшы қимылдармен қарсыласты алдап, оның қорғанысын әлсірету қажет. Бұл арада өзінің де қорғаныссыз қалуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.

Боксшы өзінің қорғанысын жеңілдету мақсатымен көп жағдайларда қарсыласының жұдырығын дарытпау үшін немесе өзінің жылдамдықтағы басымдығын пайдалану үшін алыс арақашықтықты қалайды. Қарсыласын алыс арақашықтықты ұстауға да боксшы көа дайындалуы қажет. Жекпе-жекті осындай қашықтықта өткізетін спортшының бойы да, қолы да ұзын болуы және адымы кең болуы керек. Сондай-ақ боксшының жылдамдығы, қарсыласының ерекшелігі мен тактикасы да естен шықпағаны жөн.

Орта арақашықтық. Ілгері қарай қадам жасамай-ақ боксшының қарсыласына кең құлаштап жұдырық дарыта алатын қашықтығын орта арақашықтық дейміз. Бұл жағдайдада қарсыласына тым жақындамай-ақ шабуыл жасауға болады. Мұнда жекелеген және қосарланған соққыларды тіпті үздіксіз бірнеше соққы тізбегін де пайдаланады. Бірақ бұл қашықтықтың да өзіндік ерекшелегі бар. Боксшы бұл сәтте де өте сақ болуы керек. Себебі кез келген жағдайда ауыр соққылардың астында қалады.

Алыс немесе жақын арақашықтықтарға қарағанда бұл жағдайда қорғану да қиындау. Орта арақашықтықта жүруге қалыптасу үшңн боксшы өзіне-өзі өте сенімді, шабуыл мен қорғанысты дұрыс құра білгені және жекпе-жек тізгінін уысынан шығармағаны мәлім.

Боксшы соққы беруге үнемі дайын болғаны жөн. Мұнда аяқтың қозғалысы алыс арақашықтықтағы сияқты әдіс-айла қолдануға, сондай-ақ арақашықтықты сақтауға және соққының күшін, арттыруға жұмылдырады. Сондықтан орта арақашықтағы боксшы негізінен жеке қадамдар немесе сүйретпе қадамдар жасайды. Бұл боксшының өзіне үнемі сенімді болуына мүмкіндік береді. Мұнда әдіс-айла және алдамшы қимылдар көбіне денемен ғана жасалады.

Боксшының көбі орта арақашықтықты өте аз, шабуылды үдету немесе қарсы шабуыл кезінде соққылар тізбегін жасау үшін ғана пайдаланады. Сонан кейін олар алыс арақашықтыққа немесе жақын қашықтыққа ауысады. Сондықтан болар, бұл қашықтықты көбіне «жартылай арақашықтық» деп те атайды. Соған қарамастан орта арақашықтықты жақсы көретін боксшылар да баршылық.

Жақын арақашықтық. Бұл-боксшылардың қысқа соққылар ғана жұмсай алатын қашықтығы. Мұндай жағдайда боксшылардың бір-біріне денесі тиіп тұруы да мүмкін. Бұл қашықтықтағы бәсекеде өте жинақы болып, денеде жұдырық даритын ашық жер қалдырмауға тырысу керек.

Қарсылықты бетпе-бет келгенде боксшының аяқтары оған дейінгі таңдаған соққы жұмсауға ыңғайлы арақашықтықта болуы тиіс. Егер тіресіп тұрған боксшыларының бірі итерсе немесе кейін кетсе, аяқ дененің тепе-теңдігін сақтайды. Тіпті жақын арақашықтықтың өзінде да боксшы күшті соққылар беруге болатын жағдайды ізденіуі керек. Дененің салмағын бір аяқтан екінші аяққа алмастырғанда да шабуыл мен қорғанысты ұмытпаған дұрыс.

Жақын арақашықтықта жекпе-жек өткізуде дәлдік керек. Арақашықтықты дұрыс есептемеу, қарсыласы өте жақын тұрғанда сәтсіз қимылдар жасау көбіне қолайсыз жағдайға соқтырады. Мұндай кезде жасау боксшы қарсыласының басы тиіп, жарақат алуы да мүмкін. Осындай жағдайда көбінесе боксшылардың қабағы жарылады. Мұндай сәтсіз қимылдар спортшыны жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырады.

Жарыс ережесі бойыншы, боксшыларға жекпе-жек кезінде бірін-бірі итеруге, қпасыра құшақтауға, басын қарсыласының кеудесіне тығуға рұқсат етілмейді.