
- •Электронды тұтандыру жүйесі
- •1.2 Тұрақты энергиялы тұтандыру жүйелері
- •1.3 Тұтандыруды қбж көмегімен басқару
- •Сурет 6 – Тұтандыру жүйесінің сұлбасы
- •1.6 Қозғалтқышты детонациядан сақтау жүйесі
- •Сурет 8 – Қозғалтқышты детонациядан қорғау жүйесінің әсер сұлбасы
- •Сурет 9 – Қозғалтқышты детонациядан қорғау (4 цилиндрлі қозғалтқышта тұтандыру сәтін реттеу үшін басқару алгоритмі)
Сурет 6 – Тұтандыру жүйесінің сұлбасы
Тұтандыру модулінде (сурет 7) екі тұтандыру катушкасынан және екі келістіру келістіру құрылымы болады. Контроллер "1 - 4" немесе "2 - З" тізбектері бойынша сигнал беріп модульді басқарады.
Кері байланысты бүркудің бензин буларын қармау жүйесінде буларды көмір адсорбермен қармау әдісі қолданылған. Ол мотор бөлімінде орналастырылып, құбырлармен отын сиымдылығын және дроссельдік құбырмен жалғастырылған. Адсобер қақпағында электромагнитті клапан орналастырылған, ол контроллер сигналдары бойынша жүйенің жұмыс режимін ауыстырады.
Қозғалтқыш жұмыс істемегенде электромагнитті клапан жабық, бензин булары отын сиымдылығынан құбыр бойынша адсорберге беріледі, онда олар түйіршіктелген активтелген көмірмен жұтылады. Қозғалтқыш жұмыс істегенде адсорбер ауамен үрленіп, булар дросслеьдік қақпаққа сорылады, ал содан кейін жұмыс үрдісі барысында жағу үшін шығару құбырына кетеді
Сурет 7 – Тұтандыру модулі
1.6 Қозғалтқышты детонациядан сақтау жүйесі
Іштен жану қозғалтқышын жұмысшы қоспаның жануында пайда болатын детонация кесірінен істен шығаруға болады. Қозғалтқыштың отын үнемділігін жақсартатын жоғарылау қысу дәрежесі және қолданатын отынның сапасының өзгеруі қозғалтқыштың детонацияға ыңғайлылығын жоғарылатады. Жоғарғы қысу дәрежелерінде детонация шектері жиі тұтандыру сәттерінің белгіленген диапазондарында (минималды отын шығыны үшін) немесе кештеу тұтандыру жағына жылжытылған болады. Қозғалтқыштарды детонациядан қорғау құралдары қозғалтқыштың барлық жұмыс жағдайларында жұмысшы қоспаның детонациялық жануын болдырмайды.
Сурет 8 – Қозғалтқышты детонациядан қорғау жүйесінің әсер сұлбасы
Жүйенің жұмысы. Цилиндрлер блогының тиісті жеріне орналастырылған детонация датчигі детонация уақытында пайда болған жоғарғы жиілікті блоктың тербелісін сезіп, оны ЭББ- на берілетін электросигналға ауыстырады (сурет 8, 9). Иінді біліктің айналысымен синхронизацияланған «өлшеу терезесі» және жолақтық сүзгі детонацияны сипаттайтын берілгендерді ерекшелеуге қолданылады. Бұл ақпарат содан кейін детонациясыз жану сәтіндегі сигналдармен салыстырылады. Басқару тізбегінде қозғалтқыштың жұмысын реттейтін және детонацияны болдырмайтын орындаушы құрылымдар болады.
K1…3 – 1...3цилиндрлердегі детонация; 4 цилиндрде детонация жоқ; а – тұтандыру бұрышының кешігу жағына жылжу алдындағы кешігуі; b – тұтанудың кешігуі; с – алғашқы сәттегі тұтануды қалпына келтіру алдындағы кешігу; d – тұтанудың озуы
Сурет 9 – Қозғалтқышты детонациядан қорғау (4 цилиндрлі қозғалтқышта тұтандыру сәтін реттеу үшін басқару алгоритмі)
Детонация пайда болғанда тұтандыру сәті белгілі ырғақтар саны барысында кешігу жағына қарай жылжиды да, содан кейін жайлап бастапқы жағдайына қарай жылжиды. Тұтандыру сәтінің жылжуы қозғалтқыштың әр цилиндріне жеке жүзеге асуы, ал басқа цилиндрлерге оптималды тұтандыру сәтіне сәйкес жұмыс істеуіне мүмкіндік жасауы аса маңызды.
Детонация датчигі (сурет 10) қозғалтқыштың барлық цилиндрлеріндегі детонацияны оптималды анықтауды қамтамасыздандыратын орынға орнатылады. Қозғалтқыштың цилиндрлер блогының тербелісі сақина түріндегі пьезокерамикалық дискіге беріледі де, онда олар айнымалы кернеуді индицирлейді, олар содан кейін экрандалған кабельмен ECU- ге беріледі. Көп цилиндрлі қозғалтқыштарда детонацияны анықтау үшін екі детонация датчигі қажет болуы мүмкін . Бұл датчиктердің жұмысы бөлістіру білігінің жұмысымен синхронизациялануы, жеке цилиндрлермен датчиктердің детонация сигналдарын корреляциялауға мүмкіндік жасайды.
а
б
в
а – датчик құрылысы; б – қозғалтқышта датчиктің орналасуы;
в – электрлік сұлба
Сурет 10 – Детонация датчигі
Жүргізуші қозғалтқышты детонациядан қорғау жүйесінің кез- келген ақауы туралы ақпараттандырылуы тиіс. Қорғау жүйесінің жұмысында бұзылу болған жағдайда ECU тұрақтыең кештеу тұтандыру сәтін орнатады. Автомобильдің приборлар панеліндегі индикатор жүргізушіні жүйе жұмысындағы бұзылулар немесе тұйықталған басқару тізбегі өзінің жұмысында басқарудың диапазонының шектеріне жеткені туралы ақпараттандырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Чижков Ю.П., Акимов С.В. Электрооборудование автомобилей. Учебник для ВУЗов. – М.: Издательство «За рулем», 2001. – 384 с.
2. Росс Твег. Системы впрыска бензина. Устройство, обслуживание, ремонт. Практ. пособ. – М.: Издательство «За рулем», 1998. – 144 с.
3. Руководство по ремонту, техническому обслуживанию и эксплуатации автомобилей ВАЗ-21213, ВАЗ-21214, ВАЗ-21217, ВАЗ-2129, ВАЗ-2130, ВАЗ-2131/ - М.: «Издательство Дом Третий Рим», 2000. – 176 с., табл., илл.
4. Литвиненко В.В. Электрооборудование ВАЗ-2110, -2111, -2112. Устройство, поиск и устранение неисправностей. – М.: ЗАО КЖИ «За рулем», 2002. – 168 с.
5. Ютт В.Е. Электрооборудование автомобилей: Учебник для автодор. вузов. – М.: Транспорт, 1989. – 287 с.: ил., табл., - библиогр.