- •II. Кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы үлгі ереже
- •2. Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы
- •3. Аттестаттауды өткізудің тәртібі
- •4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау
- •5. Өндірістік объектілерді аттестаттауды ресімдеудің тәртібі
- •Дәріс №5. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы.
- •5*10 Мм/с көрсеткішіне қатысты тербелмелі қозғалыстың дБ орташа квадраттық көрсеткіштер
- •Мекемелердегі өрттен сақтануды ұйымдастыру
- •Тәжірибелік жұмыс №7
Тәжірибелік жұмыс №7
Тақырыбы: Табиғи жарықтылық коэффициентін анықтау.
Жалпы түсінік.
Өндірістік жарықтандыру – еңбек гигиенасының маңызды көрсеткіші. Дұрыс жарықтандырылған жұмыс орнында адамның шаршаауы аз, еңбек белсенділігі мен еңбек өнімділігі жоғары, еңбек процесстері қауіпсіз болады.
Табиғи жарық терезеден түседі. (Күн).
Жасанды жарық көзі жалпы және аралас түрінде кездеседі. Қондырғылар орналасуына байланысты, жарықты тепе- теңдік және локализацияланған деп бөлінеді. Белгіленуі бойынша жарық апаттық және жұмыстық деп бөлінеді.
Жасанды жарықты бағалау үшін жарық – техникалық шамалармен сиипаттайды: жарық күші, жарықтылық, фонның қанықтылығы, обьектінің контрасты, жарық теңcіздігінің коэффициенті.
СНиП-Ι-79-бен нормаланатын негізгі көрсеткіш жарықтылық, жарық ағынының беткі тығыздығы. Жарықтылық нормасы обьектінің фондық контрастына (аз, орташа, үлкен), фонына (қою, орташа, ашық) байланысты дифференцияланады.
Табиғи жарықтылықтың негізгі көрсеткіші – аз уақыт ішінде оның ауытқуының коэффициенті (КЕО), ол мына формуламен анықталады:
е = Ев/ ЕВ*100.
Ев – ғимарат ішіндегі табиғи жарықтылық, лк.
ЕВ – ғимарат сыртындағы табиғи жарықтылық, лк.
Бір қапталдан келетін жарықтылықтың минималды жарық коэффициенті еmin жарық ағыны жоқ нүктеде нормаланады.
Екі жақ қапталдан келетін жарықтылықтың және симметриялық жарық ағыны еmin ғимараттың ортасынан нормаланады.
Өндірістік жарықтылыққа мынадай гигиеналық талаптар қойылады: жарықтың спектрлік құрамы күн спектріне жақын болу керек, жарықтылық деңгейі гигиеналық нормаға сәйкес болу керек. Жарықтылық деңгейі әрдайым бірқалыпты және нормаға сәйкес келуі үшін, оны бақылап отыру керек және қазіргі заманғы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, терезелерді, фонарьларды тазалау.
Ю- 16 люксметрінің жалпы сипаты.
