- •II. Кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы үлгі ереже
- •2. Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы
- •3. Аттестаттауды өткізудің тәртібі
- •4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау
- •5. Өндірістік объектілерді аттестаттауды ресімдеудің тәртібі
- •Дәріс №5. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы.
- •5*10 Мм/с көрсеткішіне қатысты тербелмелі қозғалыстың дБ орташа квадраттық көрсеткіштер
- •Мекемелердегі өрттен сақтануды ұйымдастыру
- •Тәжірибелік жұмыс №7
Мекемелердегі өрттен сақтануды ұйымдастыру
Құрал-жабдықтардың кез келген түрін эксплуатациялау белгілі бір қауіпті немесе зиянды өндірістік факторлармен байланысты болады. Қауіпсіз және зиянсыз шарттар жасаудың негізгі бағыттары:
Еңбекті механикаландыру;
Автоматтандыру (басқару машиналарынсыз, басқару машиналарымен);
Манипуляторлар пайдалану;
РТК қолдану.
Механикаландыру мақсаты: белгілі бір операцияларды орындағанда қауіпсіз және зиянсыз жағдайлар жасау. Адамды еңбек саласынан аластату РТК қолдану арқылы жүзеге асады, ол үшін жобалау кезінде де, сондай-ақ дайындау мен қызмет көрсету кезінде де жоғары ғылыми-техникалық әлеует жасалу керек. Оған елеулі қаржы шығындалады. Машиналар мен механизмдерді жобалаудағы қауіпсіздік талаптары: ГОСТ 12.2... ССБТ. Талаптар эксплуатациялаудағы қауіпсіздікке, сенімділікке, ыңғайлылыққа бағытталған. Машиналардың қауіпсіздігі қауіпті факторлардың туындауын болдырмайтын технологиялық процестер параметрлерінің немесе машиналар конструкциясының параметрлерінің өзгерістерінің болмауымен анықталады.
Сенімділік қауіпті факторлар мен төтенше (апаттық) жағдайлардың пайда болуына алып келетін қалыпты жұмыстың бұзылуының ықтималдығымен анықталады. Жобалаудың бұл кезеңінде сенімділік конструкциялық параметрлердің дұрыс таңдалуы, сондай-ақ автоматтық басқару мен реттеудің құрылғылары болып табылады. Эксплуатациялаудың ыңғайлылығы қызмет көрсетуші қызметкерлердің психофизиологиялық жағдайларымен анықталады. Жобалау кезеңінде эксплуатациялаудың ыңғайлылығы машина дизайнының дұрыс таңдалуымен және РМ пайдаланушының дұрыс жобалануымен анықталады.
ГОСТ 12.2.032-78 ССБТ. Отырып жұмыс істегендегі жұмыс орны. Негізгі эргономикалық талаптар.
ГОСТ 12.2.033-78 ССБТ. Тұрып жұмыс істегендегі жұмыс орны. Негізгі эргономикалық талаптар.
Эксплуатациялаудағы ыңғайлылық.
Машина дизайны (эстетика, машина эргономикасы)
Жұмыс орнын ұйымдастыру: Басқару пульті (басқару органы, бақылау приборы); Оператордың орындығы; Қосымша заттар
Дәріс № 9
Тақырыбы: Өрт қауіпті, жарылыс қауіпті бөлмелердің жабдықтары
Дәріс мақсаты: Өрт сөндіру құралдары мен әдістерін, мекемелерді өрттен сақтандыруды ұйымдастыруды ұғындыру
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Өрт қауіпі бойынша өндірістің жіктелуі
2. Өртті сөндіру шаралары мен әдістері
3. Өрт қауіпті, жарылыс қауіпті жайлардың жабдықтары.
I. Жарылысқа, өртке қауіпі бойынша мекемелерді 6 категорияға бөледі: А; Б; В; Г; Д; Е.
А категориясына - жарылыстың төменгі шегі ауа көлемінің 10%-тең жанғыш газдар, булардың жану температурасы 28°С-ға дейінгі сұйықтар, сумен ауа оттегімен және өзімен-өзі өзара жанатын немесе жарылатын қабілеті бар заттар.
Б категориясына - жарылыстың төменгі шегі ауа көлемінің 10%-теңжанғыш газдар, булардың жану температурасы 28-61°С-ға дейінгі сұйықтар, өндіріс шарттарында жану температурасына дейін және жоғарғы жылытатын сұйықтар.
В категориясына - булардың жану температурасы 61°С-ға жоғарғы сұйықтар, ауа көлемінің жану шегі 65 г/м3-тан астам жанғыш газдар, сумен, оттегімен немесе өзара тұтану кезінде жанатын заттар, қатты жанатын заттар мен материалдар.
Г категориясына - жанатын, қатты ыситын немесе ерітілген күйде жанбайтын заттар мен материалдар, жанар май ретінде пайдаланылатын қатты, сұйық және газ тәріздес заттар.
Д категориясына - сұйық күйінде жанбайтын заттар мен материалдар.
Е категориясына - сұйық фазасы жоқ және бөлме көлемінен 5 % -ке асатын көлемде жануға қауіпті қоспаны мазмұндайтын жанғыш газдар, сумен ауа оттегімен немесе өзара әрекеттескенде жарылатын заттар.
Өртке тұрақтылық шегі мен жану тобын материалдың құрылысы немесе негізгі элементтері сипаттайды: қабырғалар, калонналар, жабындар мен бөгеттер.
II. Өртті сөндіру әдістері дегеніміз жану үдірісін тоқтату. Жану үдірісін тоқтатудың бірнеше әдістері бар:
1)Мұздату әдісі заттың жоғарғы қабатының температурасы оның жану температурасынан жоғары деген ережеде негізделген. Егер жанып жатқан заттың бетінен жануды алып тастасақ, яғни жану температурасын мұздатса жану үдірісі тоқтайды.
2) Араластыру әдісі көлемі бойынша ауадағы оттегінің құрамы 14-16%-тен көп болуы, заттың жану қабілетіне негізделген. Көрсетілген шамаға дейін оттегіні азайту кезінде жану үдірісі тоқтап, сонымен бірге тұтану, қышқылдану жылдамдығының азаюымен тоқтайды.
Оттегі концентрациясы ауаға инерттік газдың және булардың сырттан енгізілуі немесе оттегін жану өнімдерімен араластыру жолымен азайтады.
3) Изоляция әдісі. Жанып жатқан затқа оттегін жібермеуге негізделген. Ол үшін әртүрлі изоляцияланған өртті сөндіретін заттар (химиялық көбік, парошоктар, құм т.б.) пайдаланады.
4) Химиялық тоқтату әдісі. Реакцияның жану аймағында галоидты туынды заттарын енгізуге негізделген (бромисті метил мен этил, фреон т.б.). Олар отқа түскен соң таралып, экзотермиялық реакцияны жоққа шығаратын активті орталықтарды қосады, яғни жылу шығарып өртті сөндіреді.
III. Әртүрлі өнеркәсіп салаларында қысыммен жұмыс істейтін құралдар кеңінен қолданылады. Оларға жататыны: су қыздыру және бу қазандары, компрессор қондырғылары, газ балондары, автоклавтар вулканизация аппараттары т.б.
Бу және су қыздыру қазандары әртүрлі технологиялық қажеттерге керек су буы мен ыстық суды дайындауға қолданалады, үйлерді жылыту үшін және басқа керек жағдайларда ұсталынады. Газ баллондары сығылған, сұйылған, ерітілген газдарды сақтау және пайдалануға қолданылады. Компрессор қондырғылары әртүрлі машиналарды, механизмдерді, құрал-сайламандарды жүргізуге энергия көзі ретінде керекті сығылған ауаны алу үшін пайдаланылады.
Автоклавтар қатты қысыммен темір-бетон бұйымдарын буландыру, ағаштарды, өрттен қорғаушы заттарды сөндіру тағы басқа қажеттерге қолданылады.
Жарылыс кезінде ыдыстағы сығылған газдың адиабаттық кенею жұмысының мөлшері мынаған тең болады
Мұнда А – кеңейген газдын жұмысы, Дж.
V – ыдыстың көлемі, м3
P1, P2 – ыдыстағы газдың алғашқы және ақырғы (атмосфералық) қысымы, Па.
m – адиабата көрсеткіші (ауа үшін m=1,41)
Жарылыс қуаты тең болады
Мұнда N – жарылыс қуаты, кВТ.
t – жарылыстың үзақтығы, с.
Жарылыс кезінде өте көп мөлшерде энергия пайда болып, айналадағы үй және құрылыстарды үлкен бүліншілік туғызады. Мысалы, көлемі 1 м3, ішіне қысымы 1 МПа дейін сығылған газы бар ыдыс жарылған кезде жарылыстың қуаты 10 МВт дейін жетеді.
Қорғаныстық ажырату құрылғысы (ҚАҚ) – адамды ток соғу қаупі туғанда электр құрылғысын автоматты түрде ажыратуды қамтамасыз ететін тез әрекет етуші қорғаныс. Қауіп фазалар корпуспен тұйықталғанда, жермен салыстырғанда белгілі бір шамадан төмен болуынан немесе басқа да себептерден фазалардың электр кедергісі төмендегенде тууы мүмкін. Мұндай жағдайларда электр желісінің белгілі бір параметрлерінде өзгерістер болады. Бақыланушы параметрлер рұқсат етілетін шамадан асқанда қорғаныс-ажыратқыш құрылғыға сигнал беріледі, ол құрылғына немесе электр желісіне салмақ түсіреді. ҚАҚ ақаулығы бар электр құрылғысының 0,2 секундтан асырмай ажыратылуын қамтамасыз етуі керек. Қолданылып жүрген ҚАҚ типтері олардың электр желілерінің қандай параметрлерін бақылайтынына қарай әр түрлі болады.
Барлық типтегі ҚАҚ –тардың негізгі элементтері мыналар: қорғаныстық ажырату приборы – желінің бақыланатын параметрлеріндегі өзгерістерді сезетін элементтер жиынтығы (әдетте, негізгі элементі сәйкес типтегі реле болады, мысалы, кернеу немесе ток релесі) немесе автоматтық ажыратқыш – тізбекті жалғастыруға немесе ажыратуға қызмет ететін құрылғы, ол автоматты түрде электр құрылғысының қоректік тізбегін қорғаныстық ажырату приборынан сигнал келгенде ажыратады.
1, 2-суреттерде мейлінше кең тараған ҚАҚ типтерінің принципті схемалары көрсетілген. Олардың біріншісі электр құрылғысы корпусының потенциалын, екіншісі фазалар изоляциясының электрлік кедергісін бақылайды.
ҚАҚ қорғаныстық ажырату приборының 1 корпус потенциалын бақылайтын негізгі элементі 3 кернеу релесі болып табылады. Оның бір контактісі корпуспен байланысады, ал екіншісі жермен тұйықталады. Фазалар корпуспен тұйықталғанда 3 релеге корпустың жермен салыстырғандағы потенциалына тең кернеу беріледі, сондықтан реленің жермен тұйықталған контактісі жердің нөлдік потенциалында болады. Реледегі кернеу ол лайықталған шамадан көбейген жағдайда реле іске қосылады, ол 2 автоматты ажыратқыштың катушка орамының контактісін тұйықтайды, электр тізбегі мен салмақ түскен құрылғыны ажыратады. Реле контактісінің жермен тұйықтағышы нөлдік потенциалда болуы керек. Бұл үшін ол электр құрылғысы корпусынан 15-20 м алыста болуы керек.
1-сурет. Корпустың жермен салыстырғандағы кернеуін сезетін қорғаныстық ажырату құрылғысының принциптік схемасы: 1 – корпус; 2 – автоматты ажыратқыш ; АК – ажырату катушкасы; 3 – максимальды кернеу релесі; R3 – қорғаныстық жермен тұйықтау кедергісі; Rв –қосалқы жермен тұйықтау кедергісі; I3 – жермен ұйықтау тогы; Iр – кернеу релесі арқылы келетін ток
2-сурет. Фазалар изоляциясының кедергісін сезетін ҚАҚ (оперативті токка арналған ҚАҚ): 1 – тұрақты ток көзі; 2 – реле; 3 – фазалар изоляциясы; 4 – үш фазалы дроссель; 5 – бір фазалы дроссель; 6 – автоматты ажыратқыш; I0 - оперативтік ток; Rзм – жермен тұйықтау кедергісі
Фазалар изоляциясы кедергісін бақылаушы ҚАҚ-та 1 тұрақты оперативтік ток көзі мен 2 ток релесі болады. Оперативтік тұрақты және аздаған (қауіпсіз) ток жер арқылы, 3 фазалар изоляциясы, желінің нөлдік нүктесін алуға арналған 4 үш фазалы дроссель, 5 бір фазалы дроссель және 2 ток релесі арқылы өтеді. 5 дроссель айнымалы токтың жерге өтуін шектеуге арналған, өйткені оның айнымалы ток үшін кедергісі үлкен, ал тұрақты ток үшін аз болады.
Фазалардың біреуін жерге тұйықтағанда немесе 3 фаза кедергісін рұқсат етілетін шамаға төмендеткенде (мысалы, изоляцияның күйіп кетуінен немесе агрессивті бу мен газдардың әсерінен), тұрақты ток ағынының тізбегі кедергісі азаяды және Ом заңы бойынша оперативтік ток көлемі ұлғаяды. 2 реле бейімделетін ток көлемі ұлғайғанда, ол іске қосылады, электр құрылғысы көрегінің тізбегін ажыратып, 6 автоматты ажыратқыштың катушка орамы контактілерін тұйықтайды.
Дара қорғаныс құралдары (ДҚҚ) – электрден қорғану құралдары (ЭҚҚ) (37-сурет). Электр тогының соғуынан қорғану құралдарына изоляциялаушы құралдар жатады, олар негізгі және қосалқы болып бөлінеді.
Негізгі ЭҚҚ – бұл ұзақ уақыт бойы электр құрылғысының жұмыстық кернеуінен изоляциялау арқылы ұстап тұратын қорғаныс құралдары, олардың көмегімен кернеудегі ток тасымалдаушы бөліктерді ұстауға болады. 1000 В-қа дейінгі электр құрылғыларында жұмыс істеу үшін ЭҚҚ-на жататындар: изоляциялық штангалар, изоляцияланған және электр өлшегіш қысқаштар, диэлектрлік қолғаптар, изоляцияланған сабы бар слесарлық-монтаждық құралдар, кернеу көрсеткіштер.
Қосалқы ЭҚҚ-тар – бұлар изоляциялары электр құрылғыларының жұмысшы кернеуін ұзақ уақыт бойы ұстап тұра алмайтын қорғаныс құралдары. Олар кернеуден тек жақыннан ғана, ал кернеумен жұмыс істегенде тек негізгі ЭҚҚ-мен жұмыс істеуге арналған. Оларға жататындар: 1000 В-қа дейінгі кернеуде – диэлектрлік гаолштар, кілемшелер, изоляциялаушы басқыштар; 1000 В-тан жоғары болғанда – диэлектрлік қолғаптар, ботылар, кілемшелер, изоляциялаушы басқыштар.
ЭҚҚ (ДҚҚ) құралдарында оларға есептелген кернеуі көрсетілген маркировкалары болуы керек, олардың изоляциялық жарамдылығы көрсетілген мерзімде дүркін-дүркін тексеріліп отырылады.
3-сурет. Электр құрылғыларында жұмыс істеуге арналған электрден қорғаныс құралдары: негізгілер: 1 – сақтандырғыштарды қоюға арналған ұстағыш; 2 – гайкалық кілт бұрағыш; 3 – бұрағыш; 4, 6, 10 – кернеу көрсеткіш; 5 – қысқаш; резеңке кілемше мен төсеніш; 8 – изоляциялық басқыш; 9 – ток өлшегіш ұстағыш; қосылқы құралдар: 1 – диэлектрлік резеңке қолғаптар; 2, 3 – диэлектрлік галоштар мен ботылар; 4 – антистатикалық кебістер; 5 – диэлектрлік етіктер
Дәріс №10.
Тақырыбы: Үймереттер мен ғимараттарды найзағайдан қорғау
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Статикалық электр разрядтарының пайда болуы
2. Статикалық электрден қорғану шаралары
3. Статикалық электрден қорғану құрылғыларын пайдалану
I 1.Статикалық электр зарядтары, заттардың сығылуы, майдалануы (шашырауы), денелердің, сұйық қабаттардың немесе түйіршік материалдардың өзара түйісуі, салыстырмалы қозғалысы, олардың кристалдануы және булануы кезінде пайда болады. Статикалық электрдің қауіпті мөлшерінің қордалану мүмкіндігі, оның пайда болу жиілігімен, сонымен қатар, зарядтар қозғалысының шарттарымен анықталады. Технологиялық жабдықтарда зарядтардың пайда болуы, ондағы өңделетін заттардың, жабдықтардың бөлшектерінің материалдарының, технологиялық процестің физикалық-химиялық қасиеттерімен анықталады. Зарядтардың ағынының пайда болу процесі, негізінен өңделетін заттардың, қоршаған ортаның және жабдықтардың материалдарының электрлік қасиеттерімен анықталады. Меншікті көлемдік кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен төмен болатын заттар мен материалдар, егер олар шашырамаса немесе себеленбесе электрмен зарядталмайды.
2. Өңделетін заттардың және металл емес материалдардан жасалған бөлшектерінің электрленуінің дәрежесі, қауіпті қоспалардың тиісті санаттары мен топтарына жарылыстан қорғалған ретінде жарамды деп танылған аспаптармен өлшенеді.
3. Жылжымалы аспаптардың бергіштері электрстатикалық ұшқынға қарсы қолданылатын қауіпсіздік талаптарына сай таңдалынады. Егер, аспаптың бергішіне металл электродтан потенциалы 50 кВ және сыйымдылығы 60 - 100 пф ұшқын разряды түскен кезде, аспап тұрған қоспаның тұтану мүмкіндігі 10-3 мәнінен (бұл разрядтардың энергиясы қоспаның тұтануының ең кіші энергиясынан 2,5 есеге дейінгі мәні (осы Талаптардың 1-2-ші қосымшаларына сәйкес) аспаса, онда аспаптың бергіші электрстатикалық ұшқынға қауіпсіз деп саналады.
4. Егер зарядтың беттік тығыздығының, беттік кернеуінің немесе оның кез-келген бөлігінің потенциалының өлшенген ең көп мөлшері, осы зарядталған заттың және қоршаған ортаның шекті рұқсат етілген мөлшерінен аспаса, онда заттың бетінің электрленуінің дәрежесі қауіпсіз деп саналады.
5. Зарядтың беттік тығыздығының, беттік кернеуінің немесе оның потенциалының шекті рұқсат етілген мөлшері деп, берілген заттың бетінде пайда болған разрядтың ең көп мүмкін болатын энергиясы қоршаған ортаның тұтану энергиясының ең кіші мәнінің 1/4 бөлігінен аспайтын мәнін айтады.
6. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоршаған ортасының тұтанғыштығы, негізінен сұйықтықтардың буларының қасиеттеріне байланысты анықталатындықтан, бұл сұйықтықтардың зарядталуының шекті рұқсат етілген мәні болып, олардың беттік тығыздықтарының, беттік кернеулерінің немесе олардың потенциалдарының, сұйықтық буларының ауамен қоспасының тұтану энергиясының ең кіші мәнінің 1/4 бөлігінен аспайтын мәнін айтады.
7. Егер статикалық электр разрядтарының пайда болуы жойылса немесе пайда болған разряд энергиясы ортадағы жанғыш қоспаның тұтану энергиясының ең кіші мәнінен 2,5 есе кем болса, аппаратуралар немесе технологиялық жабдықтар электрлік ұшқынға қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырады деп саналады.
II 1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Өндірістегі жабдықтарда, өңделетін заттарда, адамдардың үстінде электр разрядының қауіпті ұшқындарының пайда болуының алдын алу үшін, өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, пайда болған статикалық электр зарядтарының қауіпсіз ыдырауын қамтамасыз ететін келесі шаралар қарастырылады:
1) жабдықтар мен коммуникацияларды жерлендіру арқылы зарядты ауытқыту, адам денесін тұрақты түрде жерлендіргішпен электр арқылы түйістіруді қамтамасыз ету;
2) меншікті сиымдылықты және беттік электрлік кедергіні азайту арқылы зарядтарды ауытқыту;
3) радиоизотопты, индукциялы және басқа да бейтараптандыруларды қолдана отырып зарядтарды ыдырату.
2. Статикалық электр зарядының пайда болу жиілігін азайту үшін:
1) барлық, технологиялық мүмкін жерлерде, жанғыш газдарды түйіршікті сұйық және қатты бөлшектерден, ал сұйықтықтарды – ерімейтін қатты және сұйық қоспалардан тазалау;
2) өндіріс технологиясы қажет етпейтін жерлерде шашырау, майдалау, бүркіп шашуды болдырмау;
3) аппараттар мен тасымалдау магистралдарындағы материалдардың қозғалу жылдамдығын, жобада көрсетілген мөлшерлерден аспайтындай етіп таңдау керек.
3. Пайда болған зарядтардың бейтараптануын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, аппараттар ішіндегі ортаның разряд ұшқынынан тұтануын болдырмау үшін, олардың ішінде жарылыс қауіпті ортаның пайда болмауын қамтамасыз ететін жабық жүйелерді пайдалану қажет немесе аппараттарды, ыдыстарды, жабық тасымалдау жүйелерін және басқа да жабдықтарды, олардағы тез тұтанатын сұйықтықтарды, майдаланған және түйіршік материалдарды пневмотасымалдау және жабдықтарды іске қосар алдында үрлеп тазалау үшін инертті газдарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.
4. Статикалық электр заряды пайда болуы мүмкін жарылыс қауіпті өндірістерде технологиялық және тасымалдау жабдықтары (аппараттар, ыдыстар, машиналар, коммуникациялар және тағы басқалары) электр кедергісінің меншікті сыйымдылығы 105 Ом/м мөлшерінен артық емес материалдардан жасалады.
5. Егер заттарды шашпай және бүркіп сеппей өңдеу және тасымалдау кезінде, электр кедергісінің меншікті сыйымдылығы 105 Ом/м мөлшерінен кем болатын материалдардан жасалған электрлі өткізгіш жабдықтар қолданылған болса, онда бұл жағдайда статикалық электрден қорғану шараларын қарастырмауға болады.
III. 1. Статикалық электрден қорғану құрылғыларын пайдалануға қабылдау ҚНжЕ 3.05.06-85 және ҚНжЕ 3.01.04-87 талаптарына сәйкес, технологиялық және энергетикалық жабдықтарды пайдалануға қабылдау кезінде жүргізіледі.
2. Статикалық электрден қорғану құрылғыларынын дұрыс жұмыс істеуі электрлік техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі. Электр құрылғыларына жауапты тұлға қорғаныс құрылғыларының дұрыс пайдалануын, ұйымдастырады, оларды пайдалану жөніндегі технологиялық регламентті қарастырып, бекітеді және олардың пайдалануының дұрыстығын бақылайды.
3.Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.
4. Әр түрлі типтегі электр залалдандырғыштарды пайдалану Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрінің 2008 жылдың 17-ші шілдесіндегі бұйрығымен бекітілген №11-II-ші Қазақстан Республикасының Электрқондырғылар құрылымдарының Ережелерінің және технологиялық регламенттін талаптарын сақтай отырып, оларға қосылып берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сай жүргізіледі.
5. Залалдандырғыштарды бақылаудан өткізу және оларды жөндеу жұмыстары оларға қосылып берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сай, жөндеу жұмыстары олар орнатылған жабдықтарды жөндеу жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Егер залалдандырғыштарды жөндеу жұмыстары жиірек болатын болса, онда жөндеу жұмыстарының кестесі құрылады да, жөндеу кезінде оларды қосалқы залалдандырғыштармен ауыстыру қамтамасыз етіледі. Жөндеу кестесі электр құрылғыларының жұмысына жауапты тұлғамен бекітіледі.
6. Ауаны ылғалдандыру қондырғыларының бақылау және жөндеу мерзімі, олардың құрылғыларына қарай сол орнында анықталады. Оларды жөндеу жұмыстарының кестесі ұйымның электр құрылғыларының жұмысына жауапты тұлғамен бекітіледі. Ылғалдандырғыштарды жоспардан тыс жөндеу жұмыстары, егер олар ауаны тиісінше ылғалдандыра алмаса жүргізіледі.
7. Статикалық электрден қорғанудың жерлендіргіш құрылғыларының электр кедергісін бақылау және өлшеу жұмыстары қондырғының электр жабдықтарының жерлендірілуімен қатар жүргізіледі.
8. Эстакадалар мен құю-құйып алу жабдықтарының жерлендіргіш жүйесі бақылаушы тұлға тексереді.
9. Эстакадалар мен құю-құйып алу жабдықтарының жерлендіргіш жүйесін күн сайын эстакада бастығы, апта сайын қондырғы бастығы тексереді.
10. Қорғаныс құрылғыларын бақылау кезінде:
1) ток беретін элементтердің электр байланысының тұтастығы тексеріледі;
2) қорғаныс құрылғыларындағы ауыстырылатын немесе механикалық зардаптар негізінде зақымданғандарын күшейтіп бекітуге жататындарын анықтау;
3) бұл құрылғылардың злементтерін таттанудан қорғау шараларының көлемін анықтау;
4) алдын алу жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау.
10. Статикалық электрленуден қорғану түйіндерінің тез тозатын бөліктерін (құю-құйып алу жұмсақ құбырының қорғаныс жабдықтары және тағы басқалар) жөндеу және мезгілімен ауыстыру жұмыстары технологиялық регламентте бекітілген мерзімдерде жүргізіледі.
Дәріс № 11 Өртке қарсы негізгі шаралар
Негізгі ұғымдар: өрт сөндіргіш көбіктер; қатты өрт сөндіргіш заттар; сұйық өрт сөндіргіш заттар.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Өрт сөндіру құралдары мен әдістері.
Өрт сөндіру тәсілдерінің жіктелуі.
Өрт сөндіру құралдарын таңдау принциптері.
Өрт сөндіру құралдары мен әдістері. Өрт сөндіру тәсілдерінің жіктелуі. Өртті сөндіру кезінде реакцияның төзімділігі жойылып, жану аймағымен активті әрекеттесе бастайды.
Жану төзімділігі, біріншіден қоршаған ортаның жылу алмасу жағдайларымен химиялық реакцияның аумағындағы температураға байланысты. Бөлінген жылудың жылдамдылығы q t = q d / qt мен жылу жоғалтуы арасындағы қатынасқа тәуелділігі жану аймағындағы температураның болуы үш жағдайға байланысты:
- q t = Q t болған жағдайда температура тұрақталады, жану жылу тепе-теңдігінің бұзылуына дейін, тұрақты күйде болады;
- q t > Q t болған жағдайда температура жоғарлайды да, реакция жылдамдығын жылу шығара отырып, жүру жылдамдығын арттырады және жану аймағында температураның көтерілуін жылдамдатады;
- q t < Q t болған жағдайда температура төмендеп, реакция жылдамдығы, жылудың бөлінуі қатар, жану аймағында температураның шамасы да төмендейді.
Температураның tкр дейін төмендеуі, жану үрдісінің өздігінен тоқтауына аяқталуына әкеп соғады.
Өрт сөндірген кезде жылу жылдамдығының шығынының және жылу бөліну жылдамдығының азайуы, жылу аймағында жылу тепе-теңдігінің бұзылуы мен температураның төмендеуіне әкеледі. Жану үрдісі жылу сипатында жүретін реакцияларда өрт сөдіру, қоршаған ортаның жылу шығы арқылы физикалық өрт сөндіру тәсілдерімен жүзеге асады.
Химиялық өрт сөндіру тәсілі кезінде жану реакциясы тізбекті сипатта болады, жану реакциясында жылу аз бөлінеді. Өрт кезінде жану аймағындағы жану үрдісінің толық сөнуі, өрт сөндіргіш заттар қолданған кезде ғана тоқтатылады.
өрт сөдіргіш заттар қатты, сұйық, газ күйінде де бола алады. Бұл заттарды қолдану арқылы өрт сөдіру, оның ыстық заттармен фихико-химиялық әрекеттесуіне негізделген. Өрт сөдіруде су, бу және әртүрлі қатты, газ түріндегі сөндіруге қабілеті бар заттар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдарын таңдау принциптері. Таңдау әдістері өрттің болу деңгейіне қарай, жану масштабына, жанған заттың немесе материалдың ерекшелігіне байланысты.
Өрт кезінде қатты және сұйық жанғыш заттардың өрттің жүру жағдайына байланысты үшке бөлінеді:
өрт аймағында төменгі температурада, жану тұрақсыз болады. Бұл жағдайда қарапайым заттардың қолданылуы дереу тоқтатылады.
ыдырау үрдісінің нығайуы, жанғыш заттардың булануы. Бұл жағдайда қоршаған ортаның температурасы, энергияның әрекеті көтеріледі
жану аймағының ұлғайуы, температураның, зерттелетін беттік қабаттың неғұрлым көтерілуі, құрлымдардың бұзылуы, деформациялануы.
Өрт жалындап жанған кезде бұл жағдайларды ажырату қиын. Дұрысы өрттің болмауын алдын алуды қадағалау.
Судың өрт сөндіргіш қасиеті. Су басқа өрт сөндіргіштерге қарағанда жылу сыйымдылығы үлкен және көптеген жанғыш заттарды сөндіруге қабілетті. Сонымен қатар, су үш түрлі өрт сөндіргіш қасиетімен ерекшеленеді: 1. жану аймағын суытады, 2. жану аймағында әрекеттесетін заттарды араластырады, 3. жанғыш заттарды жану аймағынан бөліп алады.
Өрт сөндіргіш көбіктер. Жеңіл балқитын сұйықтықтарды сөндіру кезінде газ бен сұйықтық араласқан қоспа – көбіктер қолданылады. Өрт сөндіруде төзімділігі мықты, көбік түзетін қабаты сумен әсерлескенде бұзылмайтындай болуы керек. Көбіктерге лакри қабығының экстракты, сапонин, никель, керосинді байланыс, альбулиндер жатады.
Төзімді өрт сөндіргіш көбіктің химиялық және ауа-механикалық түрі кеңінен қолданылады.
Химиялық көбік натрий карбонаты мен бикарбонатының қышқылмен, көбік түзуші қатысында түзілетін зат. Көбік түзуші порошок күкірт қышқылды алюминийден мен бикарбонат натрий қоспасынан және лакри қабығының экстрактысынан немесе басқа көбік түзушіден тұрады. Күкірт қышқылды алюминийден мен бикарбонат натрий қоспасы сумен әрекеттесіп, көбік түзуші еріп, көміртегі диоксидін түзе отырып, көбікке төзімділік қасиет береді.
Ауа-механикалық көбік ауаның, судың, беттік активті заттардың механикалық әрекеттесуінен пайда болады. Ауа-механикалық көбіктің 90%-ті ауадан, 10%-ті көбік түзушінің сулы ерітіндісінен тұрады.
Инертті газдармен өрт сөндіру. Инертті газдар (CО2 және N2) мен су буы оттегінің концентрациясын төмендететін жанғыш заттардың жануын тоқтататын, ыстық газ және бумен әрекеттеседі.
Қатты өрт сөндіргіш заттар. Жануды тежеу үшін, су және басқа өрт сөндіргіш затарды қолданғанда сөндіру іске аспаған кезде, порошок түріндегі инертті қатты заттар қолданылады. Мұндай затарға сілтілік және сілтілік-жер металлдарының хлоридтері, натрий екі көмірқышқылы, поташ, квацы жатады.
Сұйық өрт сөндіргіш заттар. Судан басқа натрий көмір қышқылы және екі көмірқышқылды, поташ, хлорлы аммоний, ас тұзы, күкірт қышқылды мыс сонымен қатар галогенді қосылыстардан тұратын ерітінділер қолданылды.
Сұйық өрт сөндіргіш заттар, өрт сөндіргіш қасиеті суларға қарағанда, қосымша жылу сіңіре алатын, жанғыш заттардың беттік қабатында қосымша қабық түзетін инертті газдар.
Бақылау сұрақтары:
Өндірісте туындайтын өрт пен қопарылыстың негізгі себептері және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қандай шараларын бар?
Бөлінген жылудың жылдамдылығы q t = q d / qt мен жылу жоғалтуы арасындағы қатынасқа тәуелділігі қандай үш жағдаймен сипатталады?
