Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар ОТ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.05 Кб
Скачать

5*10 Мм/с көрсеткішіне қатысты тербелмелі қозғалыстың дБ орташа квадраттық көрсеткіштер

­­­­­­­­­­­­­

Дірілдің қайнар көздері

Октавалық сызықтың орташа геометриялық жиілігі, Гц

Мүмкіндік деңгейі

16

31,5

63

125

250

500

100

2000

4000

8000

Насостар (ДНС)

113

-

121

129,5

-

127,0

125

118

123,5

129,5

92

Булиттер

-

115

122

-

123

123,5

-

117,5

-

110,0

-

Өлшеуші қондырғы

106

-

116

117,0

-

-

101

99

94,5

-

92

ӨТП үйшігі

109

115,0

-

119,9

109

119,0

119

-

105,0

104,0

92

Ультрадыбыс мұнай және газ кен орындарын өндіруде көп мақсатта және кеңінен қолданады. Ультрадыбыстық тербелістер үлкен жиілікпен (500 кГц-тен 5 МГц-ке дейін) және кішкене қуатпен (0,1-ден 2,0 Вт/см2 дейін ) құрылыс дефектоскопияда металл конструкцияларын және жабдықтарын, тау жыныстарының үлгілері, құрамы мен құрылымын зерттеу кезінде пайдаланады. Әсіресе , ультрадыбыстардың тербелістері төмен жиілікпен (18-ден 30 кГц дейін ) және жоғары қуатпен ( 6 – 7 вт/см2 дейін ) кең қолданылады. Олар технологиялық процестерде детальды тазалау, майын кетіруімен және химиялық реакцияларын тездету үшін пайдаланады. Акустикалық комплекс 80-нен 120 дБ аралығында өзгеретін дыбыстың бірқалыпсыз қысымның және 20 – 24 КГц ультрадыбыс құрылғысы жұмыс жиілігінің ең үлкен энергиясы ауада жақсы таралады, бірақ қайнер көзден алыстаған сайын басылады.

Айталық, тербелмелі ультрадыбыстардың жиілігі артқанда, дыбыстық энергияның тығыздығы және көлемі өседі, ультрадыбыстың құрамына жылулық, механикалық және кавитациялық әсері , құрылымдық және биологиялық күйінің ортасы кенет артады. Жиі айнымалы белгінің деформациялар торларын, материалдардың қажуын тездетеді; тербелмелі өнімділікте 4 Вт/см2 көп торлар бұзылады, олардың құрамдары өзгереді. Кавитация материалдарды қопсытады, олардың температурасын жоғарылатады, адам организімінен өтетін биохимиялық реакцияның жылдамдығын өзгертеді.

Мұнай газ шығаратын өндірісте дірілден, шуылдан және ультрадыбыстан жұмыс жасайтындардан қорғау – маңызды ғылыми- практикалық проблема болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми зерттеу институтының, лабораториялардың, жоғары оқу орнының творчествалық коллективтер сол проблемаларды шешуге байланысты шаралар қолдануда.

Діріл, шуыл және ультрадыбыс деңгейіндегі еңбек жағдайын нормалау

Шуыл, діріл, ультрадыбыс бойынша еңбек жағдайы өндіріс кәсіпорындарының жобалау санитарлық нормаларына сәйкес нормалайды. Нормаланған параметрлер ретінде мыналар қолданылады:

1. Тұрақты шуыл үшін дыбыстық қысымның деңгейі L (дБ) , сегіз октавалық орташа геометриялық жиіліктермен 63, 105, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц өлшенген. Осы жағдайда дыбыстық спектрінің өзгеше учаскелерге таралуы энергияның жалпы санын бағалайды.

2. Уақыт кезінде өзгеретін шуыл үшін эквиваленттік дыбыстың деңгейі (энергиямен ) LА ЭКВ (дБ); энергия өлшенеді, адам барлық диапазон жиілігіндегі естілуін дыбыс ретінде қабылдайды;

3. Дискреттік- импульстік шуыл үшін дыбыстық қысымының эквиваленттік деңгейлер LЭКВ (дБ) сегіз октавалық орташа геометриялық жиілікпен 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, және 8000Гц өлшенеді. Октавалық сызықтарындағы жиілік спекторы дыбыстық энергияның санын және таралуын анықтайды. Осы деңгейлерінің мүмкіндік көрсеткіштері ГОСТ пен алынады. Әр түрлі жұмыс түрлері үшін осы көрсеткіштер бірдей болмайды.

Өндірістік бөлмелерде, кәсіпорын территориясында шуылдың әр түрлі жиілік үшін келесі дыбыстық қысымының мүмкіндік деңгейлері көрсетілген:

Кесте 2

Октавалық сызықтың орташа геометриялық жиілігі

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

Дыбыстық қысымның деңгейі дБ

103

96

91

88

85

83

81

80

Дыбыс деңгейіне тиісті, жоғары көрсетілгендей дыбыстық қысымның деңгейі 90 дБ тең.

Діріл кезіндегі еңбек жағдайы амплитудадағы діріл жылжымалық және орташа квадраттық діріл жылдамдық тербелмелі жиілікке тәуелді нормалайды

Нормалайтын параметрлерінің мүмкіндік көрсеткіштері төменде көрсетілгендей, тік және көлденең дірілдерге жатады.

Кесте 3

Октавалық сызықтың орташа геометриялық шекара жиілігі, Гц

2/1,4-2,8

4/2,8-5,6

8/5,6-11,2

63/45-90

Жиілік, Гц

1,4-2,5

28-5

10-20

50-90

Діріл жылжымалықтың амплитудасы, мм

3,11-0,73

0,61 -016

0,045-0,222

0,009-0,005

Орташа квадраттық діріл жылдамдығы, мм/с

11,2

5

2

2

дБ (5*10-5 мм/с қатысты)

107

100

92

92

Ультрадыбыстардың келесі дыбыстық қысымның мүмкіндік деңгейлері көрсетілген.

Кесте 4

⅓ октавалық сызықтың орташа геометриялық жиілігі, кГц

12,5

16

20 және одан да көп

Дыбыстық қысымның деңгейі, дБ

75

85

110 және одан да көп

Ультрадыбыстардың ұзақ әрекетіне 1-4 сағат аралығында - 6 дБ-ге; ¼ - 1 сағат аралығында - 12 дБ-ке және т.б. дыбыстық қысымының нормалайтын көрсеткіштер артады.

Дәріс №7.

Тақырыбы: Электр қауіпсіздігінің негіздері

Дәріс мақсаты: Электр тогы немесе электр доғасының әсерінен пайда болатын электр тоғынан қорғану шараларын ұғыну

Негізгі терминдер мен анықтамалар:

Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шараларкешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғалу жай-күйі.

Еңбектің қауіпсіз жағдайлары – қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары.

Еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары;

Қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары;

Электр соққысы деп – токтын әсерінен дене еттерінін қозып, дірілдеп, еріксіз тартылуын айтады.

Электр зақымы дегеніміз – электр тоғы немесе электр доғасының әсерінен пайда болған зақым.

Нөлдендіру деп құрылғының кернеуде болуы мүмкін ток тасымалданбайтын металдан жасалған бөлігінің нөлдік қорғаныс өткізгіштермен әдейі электрлік қосылуын айтады.

Термиялық әсер – денеден өткен тоқтын әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдарың қазуынан және дененін кей жерлерінін күюінен тұрады.

Электролиз әсері – электр тоғының қанды, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ірітіп, бұзуымен байланысты болады.

Биологиялық әсер – дегеніміз электр тоғының нерв жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды талшықтарын қоздырып, бұлшық еттерінің еріксіз дірілдеп, тартылуы болады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері де тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеті тоқталады.

Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жартылып, сүйектер сынып тағы басқадай жараланудан болады.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Электр қауіпсіздігі

Электр энергиясы өнеркәсіптің барлық саласында кеңінен қолданылады. Қазіргі өндіріс құрылғылары (машиналар, механизмдер, аспаптар) электр двигательдермен және жылыту құралдарымен жабдықталған. Кең көлемде қол электр саймандары пайдаланылады. Электр энергиясы пісіру, жарық беру тағы басқа қажеттерге жұмсалынады. Сонымен өндірісте электр энергиясымен (тоғымен) азды-көпті болсын барлық қызыметшілер байланысты болады.

Элекр энергиясын пайдалану адам еңбегін женілдетіп, оның өнімділігі мен сапасын арттырады. Бірақ білімсіздікпен, тәжірибімен өміріне үлкен қауіп туғызады. Тоқ соғу қауіптін жоғарлататын жағдай-адам өзінен сезім мушелерімен электр қондырғыларында тоқтын бары-жоғын алдын ала айыра алмайды. Сондықтан тоқтын астына қалған қондырғыларға адам байқаусыз тиіскен жағдайда, оны электр тоғы соғып, зақымдану мүмкін.

Электр тоғымен зақымдану көбінесе өндірісте жұмыс бабымен тоқпен жиі қатысатын қызметшілердің арасында кездеседі, олар: электр слесарлар, электр пісірушілер, электр жөндеушілер, электр құралдарымен жұмыс істейтін адамдар т.б. Электр жабдықтарды пайдалану барысында тоқ соғып, зақымдану оқиғалары негізінде қауіпсіздік техникасынын ережелерін орындамаудын салдарынан пайда болады.

Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық электр түйісінің әсерінен

болатын зақым электр жарақаты деп аталады.

Электр тоғының немесе найзағайдың, э лектр ұшқынының организм арқылы өтуі

жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.

Жергілікті зақымдау электр тоғын кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді.

Тоқтық соғуы – организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, кұсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы.

Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:

І - дәрежеде зардап шегуші есінен айрылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;

ІІ - дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;

ІІІ - дәрежеде зардап шегушіде есінің айырылуымен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;

IV- дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.

Электр тоғынын адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайларда адам денесінін басты мүшелерінін (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін.

Термиялық әсер – денеден өткен тоқтын әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдарың қазуынан және дененін кей жерлерінін күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тоғының қанды, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ірітіп, бұзуымен байланысты болады. Биологиялық әсер – дегеніміз электр тоғының нерв жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды талшықтарын қоздырып, бұлшық еттерінің еріксіз дірілдеп, тартылуы болады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері де тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеті тоқталады. Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жартылып, сүйектер сынып тағы басқадай жараланудан болады.

Сонымен адам денесінен өткен электр тоғының әсерінен организмде әртүрлі ауыр бұзылыстар болып, адам қатты зақымданып, өлім тууы мүмкін.

Бұл көрсетілген электр тоғының организмге тигезітін әр түрлі әсерін біріктіріп негізгі екі топқа бөлуге болады: электр зақымдары (жарақатары) және электр соққызы.

Электр зақымдары дегеніміз дененің әр жерінде анық білінген жарақаттар, оларға жатады электр күйіктері, терінін металлдануы, электр офтальмиясы, механикалық зақымдар.

Күйіктер денеден үлкен тоқ өткен жағдайда немесе тоқ өткізгішке тиіскенде электр дугасының әсерінен металл балқып, оның бөлшектері мен буы терінің астына кіруі мүмкін. Бұл жағдай пісіру жұмысы, рубильникті щиттан ажырату, токтың қысқа тұйықталу кезінде пайда болады.

Электр офтальмиясы деп электр дугасынын ультракүлгін сәулелерінін әсерінен көздін сыртқы шырышты қабығының қабынуын (істенуін) айтады.

Механикалық жарақаттар токтың әсерінен бұлшық еттерінің еріксіз қатты дірілдеп, тартылып, қысқаруынан болады. Бұл жағдайларда ет жыртылу, қан тамырлары үзілу, сүйек сыну, буындар орнынан шығу зақымдары пайда болады.

Электр соққысы деп токтын әсерінен дене еттерінін қозып, дірілдеп, еріксіз тартылуын айтады. Бұл жағдайда анық көрінетін жарақаттар болмайды, тек барлық организм біртұтас зақымданады, оның жұмыс істеу әрекеті бұзылып, қан айналысу және дем алу процестері тоқталуы мүмкін.

Электр соққысының төрт дәрежесі болады:

  1. Адам естен танбайды, бұлшық еттер ерексіз дірілдеп, құрысып, тартылады.

  2. Адам естен танады, бұлшық еттер дірілдеп тартылады, бірақ жүрек жұмыс істейді.

  3. Адам есінен танып, жүрек және өкпенің жұмыс істеу әрекеті бұзылады.

  4. Клиникалық өлім (4-8 мин), қан айналысы және дем алу процестері тоқталады.

Электр зақымы дегеніміз – электр тоғы немесе электр доғасының әсерінен пайда болған зақым. Электр зақымын шартты түрде жергілікті және жалпы деп екіге бөледі. Жергілікті электр зақымында организм жергілікті зақымдалады. Бұл кезде электрлік күйік, электр таңбалары, механикалық бұзылыстар және электроофтальмия (көздің сыртқы қабығының қабынуы) пайда болады. Жалпы электр зақымы немесе электр әсерлері кезінде бүкіл адам ағзасы зақымдалады. Адамдарға әсер ету сипаты және зақымдалу ауырлығы тоқтың шамасынан, әсер ету ұзақтылығынан, тоқ түрінен (тұрақты немесе айнымалы), оның жиілігінен, өту жолынан (адамның электр тізбегіне қосылу үлгісіне), қоршаған ортаға және т.б. сол сияқты себептерге тәуелді. Электр тоқының адамдарға әсер ету қауіптілігі адам ағзасының жауаптық реакциясымен бағалауга болады. Тоқ күшейген сайын үш сатылы жауаптық реакция бөлінеді. Бұл, біріншіден, бұлшық еттің тартылуы немесе тырысуы (айнымалы ток үшін біраз уақытқа дейін кетпеуі) немесе тұрақты тоқ үшін ауру эффектісі және жүрек фибрилияциясының жауаптық реакциясын шакырған электр тоқтары, бөлінетін, жібермейтін (неотпускающий және фибрилияциялық) болып бөлінеді. Адамның сезінуі бойынша токтардың электр қауіптілігінің шекті мәндері белгіленеді. Олардың бірінші шегі (критериі) адамдардың қатысуымен тәжірибе нәтижесінде орнатылған, сезілетін тоқтардың шектік мәндерінің таралу заңымен анықталған. Бөлінетін ток 50Гц жиілікті айнымалы ток үшін нормаланған параметрлері болып, кернеу ІІ=1.1 мВ және орта квадраттық ауытқу σІ =0.154мА саналады. Бірінші критерий ретінде І=0.6 мА мәнді ток қабылданған. Екінші критерий адамдарды тәжірбиеде орнатылған жібермейтін тоқтардың шектік мәндерінің таралу заңымен анықталған. Жібермейтін тоқ 50Гц жиілікті айнымалы тоқ үшін нормаланған щамалары болып, математикалық күту = 14.92 мА және орта квадратикалық ауытқу σІ = 3.12 мА саналады. Екінші критерий ретінде І = 6 мА мәнді тоқ қабылданған. Үшінші критерий - модельдік жануарларда зерттелген фибрилияциялық тоқтардың шектік мәндерінің таралу заңымен анықталған фибрилияциялық емес тоқ. Бұл критерий белгілі ұзақтылық әсері кезіндегі шектік мәндердің логикалық нормаланған шамалары бойынша анықталады. 50Гц жиілікті айнымалы тоқ үшін логикалық нормаланған шамалары 50кг кем салмақты адамдар үшін әсер ету ұзақтығына байланысты. Әсер ету ұзақтылығы көп жағдайларда әсер ету ұзақтылығы зақымдану нәтежесінен тәуелденетін анықтаушы шарт болып есептеледі. 1с-тан кем уақыт әсер етсе фибрилияциялық емес тоқты келесі теңсіздікпен табуға болатынын көреміз: Ін ٢ Крt -Ip

Мұндағы Кt - тоқтың әсер ету ұзақтығын ескеретін коэффициент.

Коэффициенттің мәнін келесі өрнекпен анықтаймыз:

мұндағы ІН(P, %)- әсер ету ұзақтылығы tс кезінде Р, % ықтималдылықпен фибрилияцияны болдырмайтын (шақырмайтын) тоқ.

Ін(Р, %) 1-3 с - әсер ету ұзақтығы 1-3с кезінде Р, % ықтималдылықпен фибрилияцияны боддырмайтын (шақырмайтын) тоқ.

Өндіріс бөлмелерінін электр қауіптілігі бойынша топтасуы.

Электр тоғымен зақымдану қауіптілігі көбінесе айналадағы ортанын жағдайымен байланысты болады. Бұл жағдайлар: ылғалдық, тоқ өткізгіш еден мен тозаннын барлығы, жермен қосылған металл заттардын көптілігі, бөлменін ыстықтығы, ауада электризоляциясын бүлдіретін агрессивті заттар болуы т.б.

Бұл көрсетілген қолайсыз жағдайларда электр жабдықтардын әншейінде электр тоғы жұрмейтін металл бөлшектеріне тоқ пайда болып, адамдарды тоқ соғып, зақымдану қауіпті тууы мүмкін.

Сондықтан айналадағы ортанын сипатына және жағдайына қарай тоқ соғу қауіптілігі бойынша барлық өндіріс бөлмелері үш топқа бөлінеді: қауіптілігі төмен бөлмелер, қауіптілігі жоғары бөлмелер, қауіптілгі өте үлкен бөлмелер.

Қауптілігі төмен бөлмелерге жатады: құрғақ, ауа ылғалдығы 75% артық емес; жылы, бірақ ыстық емес (t≤+350C); тоқ өткізгіш едені және тозаны жоқ; жермен қосылған металл заттары көп емес.

Қауіпілігі жоғары бөлмелерге жатады: дымқыл, ауа ылғалдығы 75% артық; құрғақ, бірақ от жағылмайтын; тоқ өткізгіш едені мен тозаны бар; ыстық (t≤+350C); жермен қосылған металл заттары көп.

Өте қауіпті бөлмелерге жатады: өте дымқыл, ауа ылғалы 100% дейін, электр изоляциясы мен тоқ өткізгіштерді бүлдіретін агрессивті заттар бар, қауіптілігі жоғары бөлменін екі және одан көп белгілері бар.

Автотранспорт кәсіпорындарында бірінші топқа жататын бөлмелер: кенсе, диспетчер, әкімшілік, құрал-сайман тұратын тағы басқалары. Екінші топқа жататын бөлмелер: ұста, вулканизациялау, автомобилдерді жөндеу және куту зоналары, токарлық, агрегаттық тағы басқа бөлмелер. Үшінші топқа жататын бөлмелер: аккумуляторлық, сырлау, автомобильдерді жуу тағы басқа бөлмелер.

Сыртта ашық ауада пайдаланылатын электр қондырғылар қауіптілгі өте үлкен бөлмелерде қолданылатын электр жабдықтарға тенеледі.

Сонымен тоқ соғу зақымдарын болдырмау үшін бөлмелердін қауіптілік дәрежесіне сәйкес тиісті қорғаныш шараларын қолдану керек.

Электр тоғынан қорғану құралдары.

Электр тоғынан болған зақымдардың ауыртпалығы бірнеше факторлармен байланысты болады. Бұл факторларға мыналар жатады: денеден өтетін тоқтын күші, тоқ кернеуінің шамасы, тоқ әсерінің ұзақтығы, токтың түрі, айнымалы токтын жиілігі, адам денесінін электрлік кедергісі, организмнен тоқ ету жолдары, айналадағы ортаның жағдайы, адам организмінін дербес өзгешіліктері т.б.

Электр қондырғылары пайдалану барысында тіпті оларды мұлтіксіз жетілдіріп жасалғанының өзінде кейбір жағдайларда қызметшілердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болмай, әр түрлі арнайы қорғану құралдарын пайдалануға тура келеді.

Барлық қорғану құралдары олардың неге арналғанына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: оқшаулайтын, қоршаулайтын және көмекші түрінде.

Оқшаулайтын қорғану құралдары негізгі (басты) және қосымша болып бөлінеді. Негізгі деп тоқтын толық кернеуіне күмәнсіз төтем беретін, сондықтан тоғы бар электр өткізштерге сеніммен тиісуге және олармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, қорғаныш құралдарын айтады. Негізгі қорғану құралдарына жататындар: оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және тоқ өлшеуіш тістеуіктер, кернеу көрсеткіштер, тұтқасы оқшауланған саймандар.

Қосымша деп өздігімен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын бірақ негізі құралдарың қорғау әрекетін күшейтетін, сондықтан солармен бірге қолданылатын, қорғаныш құралдарды айтады. Оларға мыналар жатады: диэлектрикалық қолғаптар, ботылар, кебістер, резенке кілемдер және ұзын төсеніштер, оқшаулағыш бастырмалар.

Қоршаулайтын құралдар тоқ өткізгіш бөлшектерді қоршау, жансақ (қате) әрекеттерді болдырмау үшін тағы басқа жағдайларда қолданылады. Оларға жататындар: әр түрлі тасымалды қоршаулар (қалқан, тор, шарбақ), тасымалды уақытша жержалғыныстар, ескерту плакаттары.

Көмекші қорғану құралдры әр адамды жарық, жылу, механикалық тағы басқа тоқтын зиянды әрекеттерінен жеке дара қорғауға арналады. Оларға жатады: противогаздар, көзілдіріктер, арнайы қолғаптар киімдер, монтерлық белбеулер, басқыштар т.б.

Барлық қорғану құралдары олардын пайдалануға жарамдылығы анықтау үшін белгіленген мерзімде бақылау мен сынаудан өтіп отыру керек. Жарамсыз деп табылған қорғану құралдарын әрі қарай жұмыста қолдануға болмайды.

Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек

Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі – зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электрөткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі.

Электр қондырғыларын жерге тұйықтау

Электр қондырғыларының тоқ өткізгіш бөліктерін жерге тұйықтау деп – тоқ өткізгіш бөліктерді жерге немесе жерге қосылған ток жүргізбейтін өткізгіш құрылғыарға немесе заттарға қосылуын айтады.

Электромагниттік өріс көзін қоршаған кеңістікті шартты түрде аймақтарға бөледі.

Индукция аймағы мен сәулелену аймағы.

Индукция аймағында:

R - электромагнитті өрістің кернеу арақашықтығы.

Сәулелену аймағында:

R - электромагнитті өрістің кернеу арақашықтығы.

Электромагниттік өрістің адамға әсерін қауіпсіздендіру шарты бойынша электромагниттік өрістің кернеу құрастырғыштарын магниттік және электрлік деп екіге бөледі.

Табиғи жермен тұйықтауға жанғыш сұйықтар мен жанғыш және жарылғыш газдар, сондай-ақ изоляциямен қапталған құбырлардан басқа жерге бекітілетін су құбырын, басқа да құбырларды, металл конструкциялар мен темір-бетонды конструкциялардың арматураларын, кабельдердің қорғасын қабығын пайдалануға болады.

Еңбекті қорғау Ережесіне сәйкес, электр құрылғыларын эксплуатациялауда жермен тұйықталатын электрдің қорғаныс кедергісі жылдың кез келген мезгілінде мына мөлшерден аспауы керек:

  • бейтарап изоляцияланған кернеуі 1000 В құрылғыларда 4 Ом (ток көзінің – генератордың немесе трансформатордың қуаты 100кВт-тан төмен болғанда 10 Ом-нан артық рұқсат етілмейді);

  • бейтарап изоляцияланған кернеуі 1000 В-тан артық құрылғыларда 0,5 Ом;

  • бейтарап жермен тұйықталған құрылғыларда жермен тұйықталу кедергісі рұқсат етілетін кернеуді есептеу талаптарын ескеру арқылы анықталады.

Қорғаныстық жермен тұйықтауға изоляция жарамсыз болған жағдайда кернеуге адамның немесе жануардың жұғысып кетуі мүмкін болатын құрылғылардың ток сақтамайтын металл бөліктері жатады. Қаупі жоғары және аса қауіпті ғимараттарда, сондай-ақ сыртқы құрылғыларда жермен тұйықтау электр құрылғыларының кернеуі айнымалы токта 42 В және тұрақты токта 110 В-тан жоғары болатын жағдайда міндетті болып табылады.

Қауіптілігі жоғары емес ғимараттарда электр құрылғыларын жермен тұйықтау кернеуі айнымалы токта 380 В және тұрақты токта 440 В-тан жоғары болғанда қажет. Жарылыс қаупі бар ғимараттарда жермен тұйықтауды құрылғылардың кернеуіне қарамастан міндетті түрде жүзеге асыру керек.

Нөлдендіру деп құрылғының кернеуде болуы мүмкін ток тасымалданбайтын металдан жасалған бөлігінің нөлдік қорғаныс өткізгіштермен әдейі электрлік қосылуын айтады. Нөлдендіруде төрт желілі жүйеде кернеуі 1000 в-қа дейін және бейтарап бітеу жермен тұйықтау қолданылады.

Нөлдік қорғаныс өткізгіші деп құрылғының жермен тұйықталған нөлденген бөлігін ток көзінің нейтралымен (генератор, трансформатор) немесе өз кезегінде ток көзінің нейтралымен байланысқан нөлдік жұмыстық өткізгішпен байланыстыратын өткізгішті айтады.

Нөлдендірудің принципті схемасы 1-суретте көрсетілген. Нөлдендірудің жұмыс принципі мынадай. Фазалар 1 корпусқа тұйықталғанда, фаза мен нөлдік жұмыс желісінің арасында қорғаныстың іске қосылуын және құрылғыдағы зақымданған фазаны автоматты түрде ажырататуды қамтамасыз ететін үлкен ток (қысқа тұйықталған ток) пайда болады. Мүндай қорғанысқа электр құрылғысының алдына қысқа тұйықталу тогынан қорғау үшін орнатылатын балқымалы сақтандырғыш немесе автоматты ажыратқыштар жатуы мүмкін. Одан басқа, құрылғының 1 корпусы 3 нөлдік қорғаныс өткізгіші мен нейтралдың жермен тұйықтауы арқылы тұйықталғандықтан, қорғаныс іске қосылғанға дейін жермен тұйықтаудың қорғаныс қасиеті пайда болады. Нөлдендіруде нөлдік жұмыс желісінің ол жермен тұйықтау нүктесі мен желі нейтралының арасындағы учаскеде үзіліп кеткен жағдайдағы 4 қайталама жермен тұйықтау да қарастырылады. Бұл жағдайда қысқа тұйықталу тогы қайталама жермен тұйықталу арқылы жерге кетеді және нейтралдың жермен тұйықталуы арқылы ток көзінің нөлдік нүктесіне келеді, яғни нөлдендірудің жұмысы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда қорғаныстың іске қосылу уақыты тұйықталу тізбегіндегі электр кедергісінің ұлғаюынан өсуі және сондықтан қысқа тұйықталу тогының көлемі кемуі мүмкін.

1-сурет. Нөлдендірудің принципті схемасы: 1 – корпус; 2 – қысқа тұйқықталудан қорғау аппараты (балқымалы сақтандырғыш, автоматты ажыратқыш, т.б.); 3 – нөлдік қорғаныс өткізгіші; 4 – қайталама жермен тұйықтау; R0 – ток көзі нейтралының жермен тұйықталу кедергісі; Rn – нөлдік қорғаныстық өткізгіштің қайткалама жермен тұйықтау кедергісі; Ik – қысқа тұйықталу тогы; Uф – фазалық кернеу

Дәріс №8.

Тақырыбы: Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі

Дәріс мақсаты: Өрт сөндіру құралдары мен әдістерін, мекемелерді өрттен сақтандыруды ұйымдастыруды ұғындыру

Негізгі терминдер мен анықтамалар:

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз карым-катынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.

Жану – көп мөлшерде жылу шығуы мен жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалы-химиялық процесс.

Жанғыш – оттегімен қосылатын заттарды айтады.

Тұтану температурасы – тұтанғаннан кейін жанғыш заттын тұрақты жануна қажетті жанатын газ бен будын шығу жылдамдығын қамтамасыз ететін сол заттың температурасы болады.

Өздігінен жану – жанғыш заттардың сыртқы тұтандыру көзісіз ақ пайда болатын жану процесін атайды, өздігімен жану процесі заттардың химиялық, микробиологиялық және жылулық факторлардың әсерінен өзінен-өзі қызуының салдарынан туады.

Өздігінен тұтану – жалын пайда болатын өзінен-өзі жану процесін айтады. Заттын тұтануына дейін өзінен-өзі қызып, жалынды жану процесін туғызатын ең төмен температурасын өздігінен тұтану температурасы деп атайды.

Жарылу – орасан зор жылу және газ заттарын шығарып, қирату күшін туғызатын өте тез жану процесін айтады.

Жану температурасы – зат ашық от көзінен тұтанып, ол жойылғаннан кейін де жана беретін минимальдық температура.

Өздігінен жану температурасы – ашық от көзі болмаса да, химиялық реакция әсерінен оның ауадағы тұтануы пайда болатын минимальдық температура. Жанғыш газдар мен шаңның жарылуының концентрациялық шегі болады.

Қысқа тұйықталу режимі – ток күшінің тез өсуі нәтижесінде электр ұшқынының, балқыған металдың, изоляцияны балқытатын ашық оттың пайда болуы.

Шамадан тыс жүктелудегі өрт қауіптілігі – жекелеген элементтердің шектен тыс қызуы, ол жобалау кезінде жіберілген қателіктерден болады. Қуат 1,5 есе артқанда резисторлар 200-300 °С дейін қызады.

Өрт аймағы – қалыпты тезхникалық процесте де, ол бұзылған жағдайда да тұтану қаупі бар жанғыш заттар орналасқан ғимараттағы немесе одан тыс жердегі кеңістік.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Өрт қауіпсіздігі негіздері.

Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

- жанған затқа оттың тікелей әсері;

- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;

- жану зонасында иісті газбен улану;

- жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

- құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Орман өрттері, яғни, орманның кенеттен бақылаусыз жануы өте көп зақым тигізеді. Осындай апаттар мен одан пайда болған төтенше жағдайлар елдің көмтеген аймақтарында болып тұрады. Бұл жағдайлар кейде адамдардың іс-әрекеттерінен де болады.

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кезіндерінде, егер жауын-шашын 15-18 күн бойы болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады.

Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.

Өрттен қорғанудың мақсаты — өрттердің алдын алу үшін ең тиімді, экономикалық жағынан пайдалы, техникалық жағынан дәлелденген тәсілдер мен құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрт профилактикасы болып өртті болдырмау немесе оның салдарларын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:

- құрылыстық-жобалау;

- техникалық;

- ұйымдастырушылық;

- өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.

Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шараларына мыналар кіреді:

- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

Өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары

Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:

1. ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;

2. ауадағы оттегі концентрациясын азайту;

3. ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.

Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

- қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);

- өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығуы мен жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалы-химиялық процесс. Жану процесінін пайда болуы және дамуы үшін үш факторлдын бар болуы қажет: жанғыш зат, тотықтырғыш (ауаның оттегісі) және тұтану көзі. Мұнымен қатар жанғыш зат пен тотықтырғыш бірімен бірі белгілі сандық ара қатыста болу керек және жанғыш заттын температурамын көтеру үшін тұтану көзінің қажетті жылу энергиясы болуға тиіс.

Жанғыш деп оттегімен қосылатын заттарды айтады. Бірақ кейбір заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа газдармен де қосылу арқылы болады, мәселен, хлормен, күкіртпен, броммен т.б. Жанғыш заттар қатты, сұйық, газ (бу) күнінде болады. Әдетте жану процесі заттын газ (бу) күйінде жүреді. Сондықтан қатты және сұйық заттар жану барысында физикалы-химиялық реакция арқылы жанғыш газдарға (буларға) айналып, жану процесінің үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді.

Жанғыш заттардың көпшілігі ауада оттегінің концентрациясы 12-14% жоғары болса ғана жанады, ал кейбір заттар одан төмен концентрацияда да жануы мүмкін. Жану процесі басталу үшін тұтану көзінін жылу энергиясы жанғыш затты тұтану температурасына дейін қыздыра алатындай мөлшерде болу керек. Тұтану көздеріне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакцияның жылуы, сәуле энергиясы, найзағай тағы басқалары жатады.

От алу температурасы жанғыш заттардын өрт қауіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын сұйық заттар өрт қауіптілігіне қарай екі топқа бөлінеді: тез тұтанғыш сұйықтар (от алу температурасы Т0≤610С) және жанғыш сұйықтар (от алу температурасы Т0>610С).

Жану денгеніміз тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процесі, тұтану деп жалын пайда болатын жану процесі атайды. Тұтану температурасы – тұтанғаннан кейін жанғыш заттын тұрақты жануна қажетті жанатын газ бен будын шығу жылдамдығын қамтамасыз ететін сол заттың температурасы болады. Бұл температура тұтандыру көзін аулақтағаннан кейін жану процесі тоқталмай әрі қарай жалғаса беретін заттын ең төмен температурасына тен. Сонымен зат тұрақты жану үшін оның булану жылдамдығы будың жану жалдамдығынан артық ьолатындай температурасы болу керек. Тұтану температурасы от алу температурасынан біршама градусқа жоғары болады.

Өздігінен жану деп жанғыш заттардың сыртқы тұтандыру көзісіз ақ пайда болатын жану процесін атайды, өздігімен жану процесі заттардың химиялық, микробиологиялық және жылулық факторлардың әсерінен өзінен-өзі қызуының салдарынан туады. Химиялық өздігінен жану процесін заттардың өзара әрекеттестігінен шығатын жылудын әсерінен болады. Микробиологиялық өздігінен жану процесі микроорганизмдердін тіршілік әрекетінен туады. Жылулық өздігінен жану процесі заттын жасырын не сыртқы қыздыру көзінін әсерінен пайда болады.

Өздігінен тұтану деп жалын пайда болатын өзінен-өзі жану процесін айтады. Заттын тұтануына дейін өзінен-өзі қызып, жалынды жану процесін туғызатын ең төмен температурасын өздігінен тұтану температурасы деп атайды.

Жарылу деп орасан зор жылу және газ заттарын шығарып, қирату күшін туғызатын өте тез жану процесін айтады. Жанғыш заттар газ, бу, шаң түрлерінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Сонымен әр жарылғыш заттың төменгі және жоғарғы концентрациялық тұтану (жарылғыштық) шегі белгіленген.

Құрылыс метериалдары мен конструкцияларының тұтануға қарсы тезімділігі және жану процессінін тоқталуы жөнінде өдәуір айырмашылықтары болады. Материалдардың бұл қасиеттері олардың жанғыштығын, яғни өрт туғызу қауіптілігін сипаттайды.

Сонымен материалдар мен конструкциялардын жанғыштығы деп олардың от және жоғары температураға төзімділік (қарсылық) көрсету қабылеттілігін айтады. Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жанғыштық дәрежесі бойынша үш топқа бөлінеді: жаңбайтын, баяу жанатын және жанатын.

  1. Жаңбайтын материалдар от не жоғары температураның әсерінен тұтанбайды, бықсымайды, көмірленіп күймейді. Оларға жататындар: барлық табиғи және жасанды органикалық емес материалдар, құрамында органикалық масса 8% дейін гипс және гипс талшықты плиталар, құрамында синтетикалық, битумдық не крахмалдық біріктіргіш зат 6% дейін минерал талшықты плиталар, құрылыс металлдар. Жанбайтын материалдан жасалған конструкцилар жанбайтын деп аталады.

2.Баяу жанатын материалдар от не жоғары температураның әсерінен әрең дегенде тұтанып, бықсып, көмірленіп тек от көзі бар болғанда ғана жанады, ал егер оны алып тастаса, жану тоқталады. Бұларға құрамында жанбайтын және жанатын бөліктері бар материалдар жатады, мәселен, құрамында органикалық толтырғыш массасы 8% артық асфальтобетон, гипс және бетон материалдары, битум біріктіргіш массасы 7-15% минералды плиталар, цемент фибролиті, антипирен сіндірілген ағаш, кейбір полимерлік материадар, балшық-сабан материалдары т.б.

Баяу жанатын және жанбайтын заттармен өнделген жанатын метериалдардан жасалған клнструкциялар баяу жанатын деп аталады.

Жанатын материалдар от не жоғары температуранын әсерінен тұтанып немесе бықсып, ал от көзін алғаннан кейінде әрі қарай жана береді. Бұларға барлық органикалық материалдар жатады: ағаш, киіз, резенке, қағаз, картон т.б.

От пен жоғары температурадан қорғалмаған жанғыш материалдан жасалған конструкциялар жанатын деп аталады.

Құрылыс материалдары мен конструкцияларының жанғыштық дәрежесі үйлердің отқа төзімділік дәрежесін аңықтауда есепке алынады.

Өрт сөндіру материалдары. Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдарды от сөндіргіш заттар деп атайды.

Жану және жарылу жағдайлары

Жану – жоғары мөлшердегі жылу мен жарықтың ықпалынан болатын химиялық реакция.Жануды жүзеге асыру үшін қажет: тотықтырғыш ( оттегі); жалын көзі. Егер жанғыш заттар болғанда, онда жанғыш заттардың өрт қауіпсіздігі деңгейі былайша сипатталады:

  • Тұтану температурасы;

  • Жану температурасы;

  • Өздігінен тұтану температурасы.

Жанғыш заттар тұтану температурасына қарай былайша жіктеледі:

  • Тез тұтанатын сұйықтар (45%-ға дейін);

  • Жанар майлар (45%-тан жоғары)

Тұтану температурасы – осы сұйықтың бетінде ауамен қосылысында ашық от көзінен жану қабілеті пайда болатын минимальдық температура. Жану температурасы – зат ашық от көзінен тұтанып, ол жойылғаннан кейін де жана беретін минимальдық температура. Өздігінен жану температурасы – ашық от көзі болмаса да, химиялық реакция әсерінен оның ауадағы тұтануы пайда болатын минимальдық температура. Жанғыш газдар мен шаңның жарылуының концентрациялық шегі болады. Ғимараттар мен тұрғынжайлардың жарылу қаупіне қарай классификациялануы. ОНТП 24-85

Барлық ғимараттар мен тұрғын жайлар 5 категорияға бөлінеді:

А – жарылу-өрт қаупі бар. Жанғыш газдар бөлінетін технологиялық процестер жүретін ғимараттар, тез тұтанатын газдар 28° С; Р – 5 кПа-дан жоғары;

Б – 28° С тез тұтанатын газдар пайдаланылатын, жарылғыш және өрт қауіпті қоспалар түзілетін, 5 кПа-дан жоғары жарылыс қысымы пайда болатын ғимараттар;

В – бір-бірімен және оттегімен қосылған кезде тез тұтанатын жанғыш және қиын жанатын сұйықтар, қатты жанғыш заттар пайдаланылатын технологиялық процестер жүретін ғимараттар. Бұл категориялар А және Б категорияларына жатпайтын болса. Бұл категория – өрт қаупі бар категория.

Г – жанғыш емес заттар мен материалдар жанғыш, ұнтақталған немесе ерітілген жағдайда пайдаланылатын технологиялық процестер жүретін ғимараттар.

Д – қатты жанғыш емес заттар мен материалдар салқын күйінде пайдаланылатын технологиялық процестер жүретін ғимараттар (металдарды механикалық өңдеу).

Студенттің мамандығы бойынша өрттің пайда болу себептері. ЭЕМ пайдалану кезінде мынадай апаттық жағдайлар пайда болуы мүмкін: Қысқа тұйықталу; Артық күш түсу; Электр контактілерінде өтпелі кедергілердің жоғарылауы; Қатты қуаттылық; Ток ағыны пайда болуы. Апаттық жағдайлар пайда болғанда жылу энергиясы тез бөлініп, өрттің шығуына себепкер болуы мүмкін. Құрылғыларда пайда болатын өрттер 20 %-ды құрайды.

Өрт туралы статистикалық мәліметтер

Негізгі себептер: %

  • Қысқа тұйықталу 43

  • Желілердің (кабельдердің) шамадан тыс жүктелуі 13

  • Ток ағынының өсуі 5

Қысқа тұйықталу режимі – ток күшінің тез өсуі нәтижесінде электр ұшқынының, балқыған металдың, изоляцияны балқытатын ашық оттың пайда болуы. Қысқа тұйықталудың себептері – жобалауда жіберіген қателіктер, изоляцияның ескіруі, изоляцияның дымқылдануы, механикалық шамадан тыс жүктелу. Шамадан тыс жүктелудегі өрт қауіптілігі – жекелеген элементтердің шектен тыс қызуы, ол жобалау кезінде жіберілген қателіктерден болады. Қуат 1,5 есе артқанда резисторлар 200-300 °С дейін қызады. Өтпелі кедергілердегі өрт қауіптілігі – апаттық кедергі орнында пайда болатын (клеммалардағы, ауыстырғыштардағы, т.б.) изоляцияның немесе жақын орналасқан материалдардың жылудан тұтануы. Шамадан тыс қуаттылықтан өрт қауіптілігі – ток өткізуші бөліктердің электр құрылғыларындағы жеке элементтердің арасындағы шектен тыс қуаттың өсуінен болады. Жекелеген элементтердің параметрлерінің өзгеруінен немесе істен шығуынан болады. Ток ағынының өрт қауіптілігі – жергілікті жекелеген ток өткізуші элементтердің арасындағы изоляцияның немесе жерсіндіру конструкциясының қызып кетуінен болады.

ПУЭ-ге сәйкес ғимараттардағы жарылу және өрт қауіпті аймақтардың классификациясы. Электр бұйымдарының конструктивтік сәйкестілігін қамтамасыз ету үшін ПУЭ-58 электр құрылғысы құрылысының ережелері өрт және жарылу аймағына қарай бөлінеді. Өрт аймағы – қалыпты тезхникалық процесте де, ол бұзылған жағдайда да тұтану қаупі бар жанғыш заттар орналасқан ғимараттағы немесе одан тыс жердегі кеңістік. Аймақтар:

П-І, ыстық сұйықтың 60°С-дан жоғары тұтану температурасында бумен тұтанатын ғимараттар;

П-ІІ, тұтанушылығы >65 г/м3 төменгі концентрациялық шегіндегі ыстық шаңдар бөлінетін ғимараттар;

П-ІІІ, температуралық тұтанушылығы 61°С-дан жоғары теипературада жанғыш сұйық немесе шектік жанғыштығы 65 г/м3 артық болатын төменгі концентрациялы шаңдар бөлінетін ғимараттан тыс өрт қаупі бар аймақ.

Жарылу қаупі бар аймақ – қалыпты технологиялық процесс өту кезінде де, апаттық жағдайларда да жарылғыш қоспалар пайда болатын ғимараттар, оның бөлігі немесе ғимараттан тыс жерлер. Газдар үшін:

В-І, қалыпты жұмыс режимінде жарылғыш қоспалар тудыратын жанғыш газдар немесе ТТС булары пайда болатын ғимараттар.

В-Іа, апаттық жұмыс режимінде жарылғыш қоспалар тудыратын жанғыш газдар немесе ТТС булары пайда болатын ғимараттар.

В-Іб, В-Іа-ға ұқсас, бірақ аздаған мөлшерде жарылғыш қоспалардың пайда болу процесі мен олармен жұмыс ашық от көздерінсіз жүргізілетін аймақ.

В-Ів, В-І-ге ұқсас, тек аздаған мөлшердегі жарылғыш қоспалардың пайда болу процесі мен олармен жұмыс ашық от көздерінсіз жүргізілетін аймақ.

В-Іг, апаттық жұмыс режимінде жарылғыш қоспалар тудыруға қабілетті жанғыш газдар немесе ТТС булары пайда болатын аймақ немесе ғимарат (сыртқы электр құрылғыларының айналасы).

В-ІІ апаттық жұмыс режимінде жанғыш қоспалардың пайда болуынан технологиялық процесс операцияларын жүргізгенде орын алатын жарылу қаупі бар аймақ.

В-ІІа, апаттық жұмыс режимінде жанғыш қоспалардың пайда болуынан технологиялық процесс операцияларын жүргізгенде орын алатын жарылу қаупі бар аймақ.

Өрттің алдын алу шаралары:

  • Құрылыстық-жобалау;

  • Техникалық;

  • Өрті сөндіру әдістері мен құралдары;

  • Ұйымдастырушылық.

Құрылыстық-жобалау жұмыстары ғимараттар мен жайлардың отқа төзімділігімен (құрылыс материалдарын таңдау, жанатын, жанбайтын, қиын жанатын) және олардың отқа шыдамдылығының шегімен сипатталады. Барлық құрылыс материалдары отқа төзімділігі жағынан 1/7 сағ пен 2 сағ аралығында 8 дәрежеге бөлінеді. ВЦ ғимараттары үшін 1-5 дәрежедегі төзімділік шегіндегі материалдар пайдаланылады. Отқа төзімділігіне байланысты өрт жағдайында эвакуациялану үшін шығудың қосымша қашықтығы анықталады (5 дәреже – 50 метр). Техникалық шаралар – эвакуациялау кезінде желдету, жылыту, жарықтандыру, электрмен қамтамасыз ету, т.б. қорғаныс жүйелерінің өртке қарсы нормаларын сақтау; технологиялық процесс параметрлері мен құрал-жабдықтардың режимдерін сақтау. Ұйымдастырушылық шаралар – өрт қауіпсіздігі оқуларын жүргізу, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау. Өрт сөндіру әдістері мен құралдары:

  1. Ауадағы оттегінің концентрациясын азайту;

  2. Жанғыш заттардың температурасын тұтану температурасына дейін төмендету;

  3. Жанғыш заттарды изоляциялау: су, құм, көбік, ұнтақ, жануды қолдамайтын газ тектес заттар (хладон), инертті газдар, бу.

Өрт сөндіру құралдары:

І. Қол құралдары:

1.1 химиялық көбікті өрт сөндіргіштер;

1.2. көбікті өрт сөндіргіштер;

1.3. Ұнтақты өрт сөндіргіштер;

1.4. Көмір қышқыл, бромэтильді өрт сөндіргіштер.

ІІ. Өртке қарсы жүйелер:

2.1.Сумен қамтамасыз ету;

2.2. Көбікті генератор

ІІІ. Автоматты сигнализацияны пайдаланып, автоматты өрт сөндіру жүйесі:

    1. Өрт туралы хабарлағыш (жылулық, жарықтық, түтінді, радиациялық);

    2. ВЦ үшін жылулық ДТЛ типті датчик-хабарлағыштар, РИД типті радиоизотопты түтінді

хабарлағыштар пайдаланылады.

Автоматты өрт сөндіру жүйесінде жануды сумен өшіру үшін спринклер мен дренчер құрылғылары пайдаланылады. Электрлік өрт хабарлау сигнализациясы жүйесіндегі датчикті қабылдаушы станциямен қосу әдісі - параллель және кезекті түрде болады.

1.Стационарлық қоректену жүйесі;

2.Қабылдаушы станция;

3.Аккумулятор

Өртті сөндіру құралдары ретінде теміржол көлігінде суды, химиялық және ауа-механикалық көбікті, инертті газдар мен буларды, құм немесе топырақты, өртүрлі тығыз және өртке шыдамды металдарды, т.б. заттарды пайдаланады.

Өртті сөндірудің алғашқылық құралдары. Өртті сөндірудің алғаш-қылық құралдарына қолдық және жылжымалы өрт сөндіргіштер, шелектер, суы бар бөшкелер, күректер, құмы бар жәшіктер, киіздер, ломдар, балта т.б. жатады. Оларды стационарлы және жартылай стационарлы өртті сендіру құралдарын пайдаланғанша орташа өртті сөндіруге пайдаланады. Алғашқылық сөндіру құралдарын бояу және орналастыру ГОСТ 12.4.026-76 талаптарына сәйкес орындайды. Көмір қышқыл өртін сөндіру құралы 3 типтік болады: ОУ-2; ОУ-5; ОУ-8 (цифрлар баллондар сиымдылығын білдіреді) олардың сұйық және қатты заттарды, кернеу астында тұрған электроқондырғылардағы өртті сөндіру үшін қолданады. Бұл құралдардан басқа өртті сөндіру үшін автонасостарды және өрттік поезддарды қолданады. Өртті сөндіру күші мен құралдар санын анықтау әдістемесі өртті сөндіретін заттардьщ шығынын, техникалық құрылғылармен адамдардың санын есептеуге негізделген. Қажетті өртті сөндіретін заттың шығынын өрттің ауданы, ерт болған бөлме көлемі бойынша есептейді. Өрттің ауданы бойынша есептегенде шығынды келесі өрнекпен анықтаймыз (м/с).

Өрттің тік бұрышты формалы ауданы бойынша есептегенде шығынды келесі өрнекпен анықтаймыз:

а) QТР = 2·h·IТР (А+В-2·L)

мұндағы һ - су ағынымен жабылатын ара қашықтық, м.

(қол стволдары үшін һ = 5м; лафетті стволдар үшін һ = 10м;);

А,Б - сәйкесінше орташа ауданның ені мен ұзындығы,м;

Ітр - аудан бірлігінде өртті сөндірілетін заттың берілу қарқындылығы, (л/м2х с) бұл көрсеткіш арнайы кестелерден алынады.

А = 2 ·L кезінде өрт ауданы су ағынымен жабылып, сөндіру ауданы өрт ауданымен теңеседі. Онда QТР = А·Б·Ітр

Өрт ауданы айнымалы форма кезінде,(м2):

QТР = π·Ітр (R2-r2)

мұндағы һ - өрт ауданының радиусы, м;

r -сумен жабылмайтын өрт ауданының радиусы, м.

(r=R - L), R = L кезінде QТР = π·R2 Iтр

Өрт ауданы бұрыштық форма кезінде,(м2):

QТР = 0.25·Iтр (R2-r2)

R = L кезінде QТР= 0.25·π· R2 Iтр

Егер есеп бөлме көлемінде жүргізілсе, онда өртті сөндіру үшін инертті сулармен буларды пайдаланғанда олардың шығыны төмендегі керсеткішке тең болады:

QгТР=

мұндағы V - өрт болып жатқан бөлме көлемі, м3;

QК- өртті сөндіретін концентрация, %

- өртті сөндіретін заттың орташа тығыздығы, кг/м3;

α - өртті сөндіруге шығындалған газ немесе бу көлемінің, олардың өзіндік көлеміне қатынасы бойынша анықталған жағу коэффициенті (жабық бөлме үшін ол 1,6-2 аралығында, ашық бөлме үшін 5-ке тең).

н - нормативті жану уақытының тоқтауы (бу мен газдар үшін 3 минутқа тең).

Техникалық құралдар санын есептеу. Өрт сөндіретін техникалық құралдар санын есептегенде стводдар, өрт автомобильдері және әртүрлі мақсатты техниканың қажетті санын анықтаймыз,(дана):

NCT =

мұндағы - өртті сөндіретін заттың қажетті шығыны, л/с;

- 1 стволмен заттың шығыны, л/с.