Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар ОТ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.05 Кб
Скачать

Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы.

Негізгі қаралатын сұрақтар:

  1. Ғылыми техникалық жетістіктердің өндіріс санитариясымен байланысы.

  2. Микроклиматтың негізгі параметрлерінің сипаттамасы және оны реттеу жолдары.

1. Өндіріс санитариясы дегеніміз ұйымдастырылған гигеналық және санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі ретінде еңбекшілерге әсер ететін өндіріс факторларын жоюға бағытталған шаралардың жиынтығы.

Өндіріс санитартясы негізінен мына шараларды қамтиды: технологиялық процестердегі қауіпті-зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық-техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасымен т.б.ж. қамтиды.

Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен үшке бөлінеді:

  1. Гиподинамия- дене қозғалысының жетіспеуі.

  2. Тамақтың жетіспеуі /санитарлық мөлшерде/.

  3. Әртүрлі хабарлардың көптігі немесе жетіспеуі /шындықтың жетіспеуі / т.б.

Ғылыми техникалық прогрестің /жетістіктің/ әсері мына үш қайшылықтарға соқтырады:

  1. Макро және микро өзгерістердің желе болуы- адам организмінің өзгеруіне /аз/ бейімделмейді, өйткені адам организмінің өзгеруі өте баяу.

  2. Адам өмір сүретін ортаның өзгеру жылдамдығы оның дене өсімінен алда болады.

  3. Табиғаттың шексіз өсу, өзгеру жылдамдығы адамның сол өзгерісіне үйренуінен, қалыптасуынан тез өтеді.

Осы өзгерістер адамға қатты әсерін тигізеді. Мысалы: аллергия ауруының көбеюі, жүйке жүйесі аурулары мен қанның бұзылуы т.б.

Осы қиындықтардан шығу жолдары:

  1. Қоршаған ортаны өзгертуді ғылыми жолға қою немесе оның табиғи қалпын сақтау.

  2. Табиғаттағы өзгерістерге адамның машықтануын женілдіру /денені шынықтыру, білім жетілдіру/.

  3. Өзгертілген ортаны адам өзінің игілігіне парасатты түрде асыра білуі керек.

Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Қолайлы (комфортный)

  2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)

  3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)

  4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)

  5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)

Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.

Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.

Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.

Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:

  • жылы арнайы киімдерді пайдалану;

  • жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.

Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:

  • орталықтандырылған

  • немесе жеке орнын жылыту

Жылытатын ортасына байланысты:

Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.

Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.

Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:

Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:

  • жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын

  • жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.

Ауа алмастыру әдісіне байланысты:

а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);

б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;

в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;

Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:

Табиғи:

  • желдің қысымы арқылы;

  • сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;

Жасанды:

  • желдеткіш қондырғыларды пайдалану;

Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері

Ыстық микроклиматты цехтарда – адамдарға жағдай жасау әдістері.

  1. Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;

а) Технологиялық процесті өзгерту

б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру

в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0С тан 50 0С қа дейін төмендетеді).

г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)

д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.

е) Сусын беруді ұйымдастыру

ж) Арнайы киімдер мен жеке қорғану құрал – жабдықтарымен қамтамасыз ету.

Жұмыс орнының ауасының әртүрлі шаң-тозаң немесе газдармен ластануы - өкпе ауруларын тудырумен қатар басқа, мұрынның, тамақтың ылғалды қабаттарының қабынуына, бронхит, астматүрлеріне, көздің ылғалды қабатының қабынуына, тері ауруларына соқтырады. Шаңнан зиянды әсерін ауыр жұмыс, дененің тоңазуы және кейбір улы газдар еселеуі мүмкін.

Организмге шаңның зиянды әсерін азайту мәселелері де ауа алмастыру, микроклиматты реттеу әдістеріне ұқсас.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

3,7,8,17,23,24,35.

Тақырыбы: Өндірістік жарықтандыру

Дәріс мақсаты: Өндіріс жұмыс орындарына еңбек етуге қолайлы, қауіпсіз жағдайлар жасау үшін қажетті жарықтылықты қамтамасы ету

Негізгі терминдер мен анықтамалар:

Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

Қауіпсіздік нормалары – қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

Бүйір жарығы – қабырғалардығы терезелер немесе қабырғанын шыны бөліктері арқылы. Жоғарғы жарық – төбедегі терезелер (фонарлар) немесе тебенің шыны бөліктері арқылы.

Аралас жарық – бүйір және жоғарғы жарықтың бірге пайдалану.

Жасанды жарық бөлемлерде табиғи жарық аз болғанда немесе оның жоқ кезінде қолданылады.

Жалпы жарық – бөлменің барлық ауданын біркелкі жарықтандыруға арналған.

Жергілікті жарық - әр жұмыс орнын жеке дара жарықтандыруға арналған.

Қосынды жарық – жалпы және жергілікті жарықтын бірге қолданылған түрі болады. Жасанды жарықтың бұл түрі тиімді болғандықтан өндірісте кенінен пайдаланады.

Жұмыс жарығы – өндіріс бөлмелерінде күнделікті жұмыстарды ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жарықтылықты қамтамасыз етуге арналған.

Авариялық (апат) жарық – жұмыс жарығы кенеттен сеніп қалған жағдайда жұмысты әрі қарай жүргізе беру үшін қолданылады. Сондықтан бұл жарықтың өзінің бөлек электр тоғынын қөзі болуы керек.

Эвакуациялық жарық – жұмыс жарығы өшіп қалғанда бөлмелерден адамдарды аман-есен, қауіпсіз шығаруға арналған.

Кезекші жарық – бөлмелерді жұмыс істелмейтін мезгілде жарықтандыруға қолданылады.

Күзетші жарық – түнде жарық территориясыны (аланды) жарықтандыруға қолданылады.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Жарық және адам ағзасы айналадағы ортамен тығыз байланыстырады. Адам миына сыртқы дүние туралы хабарлардың 90% онын көздері арқылы келеді.

Жарық көз арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етіп, одан барлық ағзаға ықпалын тигізеді. Жұмыс орындарында қолайлы жасалған жарық еңбек ету жағдайын жақсартады, адамның тыныс алысын ұлғайтады, ағзада заттардың алмасу процессін жақсартады, көз талуын азайтады, айналадағы заттардың және істелетін бұйымдардың көрінісі жақсарады, еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады. Жарық барлық ағзанын әрекетін күшейтеді, ал қараңғылық оны төмендетеді. Адамның көніл-күйі және белсеңділігі көтерінкі болу жұмыс орындарының жарықтылығына байланысты болады.

Жұмыс орындарында жарық аз болған жағдайда көздін көргіштігі (жітілігі) кемиді, соқырлық пайда боланы, көз талып бас аурады, адамның жұмыс істеу қабылеті төмендейді, айналадағы заттардың көрнісі нашарлайды. Екінші жағынан өте үлкен жарықтын да пайдасы болмайды. Бұл жағдайда көз шығылысып аурады, көзді сығырайтып жұмуға мәжбүр етеді, ақырында сәтсіз оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен, жұмыс орындарында жағамсыз жарық өндіріс травматизмінің басты себептерінің бірі болып есептеледі. Сонымен қатар сәтсіз оқиғалар және апаттар жарықтың жоқтығынан немесе жарық беретін аспаптар мен қондығылардың ақаулығынан пайда болады. Сол себепті өндірісте жұмыс орындарына қолайлы жарықтылықты үйымдастыру мәселесіне ерекше көніл бөлу керек.

Дұрыс жобаланып, қолайлы орнатылған өндіріс жарығынын мақсаты мынада: жұмыста қөру жағдайын жақсарту, көз талуын болдырмау, еңбектің өнімділігі мен сапасын арттыру, адамдарға жағымды психологиялық әсерін тигізу, еңбек қауіпсіздігін жоғарлатып, өндіріс травматизімді төмендету.

Сонымен, өндірісте ұтымды (қолайлы) орнатылған жарық травматизмен күресу маңызды фактор болып есептеліп, оған зор техникалы-экономикалық және гигиеналық талаптар қойылады.

Адам көздері қабылдайтын электромагниттік сәулелерді керінетін сәулелер деп атайды. Көрінетін сәулелер толқындарының үзындығына байланысты 380 нм мен 780 нм арасында болады, 1нм (нанометр) 10-9 м тең болады. Көрінетін сәулелер зонасы бір жағынан ультракүлгін (380нм ден 10нм дейін) және гамма (10 нм кіші) сәулелерімен шектеседі, екінші жағынан инфрақызыл сәулесі (780 нм ден 340000 нм деін) және радио толқындарымен (340000 нм артық) шектеледі.

  1. Көрінетін сәуленің энергиясы оның адам көзінде туғызатын жарық сезім бойынша бағаланады, ол жарық сәулесі деп аталады. Мұндай жарық сәулесінің қуатың жарық ағыны (F) деп атайды. Жарық ағының өлшем бірлігі люмен (лм) болады.

2. Барлық жарық кездері кеністікке жарық сәулелерін бір келкі таратпайды. Сол себептен әр бағытта жарық ағанының қарқындылығын (үдемесін) сипаттау үшін оның кеңістік тығыздығы деген көрсеткіш қолданады. Ол көрсеткіш жарық күші (J) деп атанады, оның өлшем бірлігі кандела (кд) болады.

Жарық күші деп жарық ағыны мен оны тарататын кеңістік бұрышының қатынасын айтады

, кд

3. Кеңістік (денелік) бұрыш тең болады

, ср

Денелік бұрыштың өлшем бірлігі үшін ω=1 ср радиусы R=1 м тен шардың бетінде S=1 м2 тең ауданды бөлетін кеңістік бұрыш аланған.

4. Жұмыс істейтін жердін бетіне неғұрлым көп жарық ағыны түссе, соғұрлым онда жарықтылық көп болады. Жұмыс істлелінетін беттін жарықтану дәрежесі жарықтылық (Е) көрсеткішімен сипатталады. Жарықтылықтың өлшем бірлігін люкс (лк) деп атайды. Жарықтылық деп біркелкі болып таралған жарық ағынының жарықталған беттің ауданына қатынасын айтады

лк

мұнда S – жарықталған беттің ауданы, м2; R – жарық қөзі мен беттің аралығы, м.

Егер жарық ағыны заттардың бетіне көлдеу тұсетін болса, онда жарықтылық тен болады

лк

Мұнда α – жарық ағынының түсу бұрышы, град.

Сонымен, жарықтылық жарық күші мен жарық түсу бұрышынын косинусына тура пропорционал болса, жарық көзі мен жарық түскен беттін аралығының квадратына кері пропорционаял болады.

5. Жарық көрсеткіштерінің ішінде маздысының береуі жарықтық (В) болып есптеледі.

Оның өлшемінін бірлігі кд/м2 болады. Жарықтық бір бағытта жарқыраған беттің сәуле таратуын (шығаруын) сипаттайды және адам көзінде туатын жарық сезімін анықтайды. Жарықтық деп берілген бағыттағы жарық күшінін жарқыраған беттің ауданына қатынасын айтады.

кд/м2

Жарықтық шамасын сипаттау үшін мынандай мәліметтерді келтіруге болады.

  1. Айсыз түнің жарықтығы – 10 кд/м2

  2. Ай бетінің жарықтығы – 2500 кд/м2

  3. Шырақжалынының жарықтығы – 5000 кд/м2

  4. Ашық күнде ақ қар бетінің жарықтығы – 30000 кд/м2

  5. Күннін жарықтығы – 1500000000 кд/м2.

Жарық 30000 кд/м2 артық болса көзді шағылыстырып аштырмайды, оның жайлы шамасы 5000 кд/м2 дейін болады.

6. Шағылу коэффициенті әртүрлі заттар бетінің оған түскен жарық ағының шағылыстыру қабілетін сипаттайды. Бұл коэффициент беттен шағылған жарық ағыны мен сол бетке түскен жарық ағының қатынасына тен болады.

Сәуле шағылу коэффициенттің шамасы беттің түсімен байланысты болғандықтан 0,02 ден 0,95 дейін өзгереді.

7. Объекті мен фоннын контрасты көрінетін заттын жарықтығы мен фоннын жарықтығының ара қатысын сипаттайды, ол тең

мұнда ВФ, ВЗ – фон мен заттың жарықтығы.

Объекті мен фонның контрасты үлкен (>0,5), орташа (0,2-0,5), кіші (<0,2) деп бөлінеді.

Табиғи жарық күн сәулесінін энергиясынан пайда болады. Өндірісте жұмыс орындарында қолайлы жағдайлар жасау үшін табиғи жарықтың өте манызы зор. Ол жұмыс бөлмелерінде жақсы және біркелкі жарықтылық болуын қамтамасыз өтеду. Табиғи жарық адамға үйреншікті, биологиялық және гигиеналық құны жоғары, үлкен психологиялық әсері тигізеді. Сол себептен тибиғи жарықты өндіріс бөлмлерінде жұмыс орындарын жарықтандыруға кеңінен қолданған жөн.

Бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандырудың үш түрі бар:

  1. Бүйір жарығы – қабырғалардығы терезелер немесе қабырғанын шыны бөліктері арқылы.

  2. Жоғарғы жарық – төбедегі терезелер (фонарлар) немесе тебенің шыны бөліктері арқылы.

  3. Аралас жарық – бүйір және жоғарғы жарықтың бірге пайдалану.

Жарықтың қандай түрін қолдануы бөлменің көлеміне, оның пайдаларына арналғанына, қай жерде орналасқанына, жарыққа қоятын талаптарға тағы басқа факторларға сәйкес анықталады.

Табиғи жарықтың өзгешелігі сонда, оның бөлмелерде туғызатын жарықтылығы өте кең мөлшерде өзгереді. Бұл өзгерістер сөтке, жыл мерзімдері және метеорологиялық факторлармен байланысты болады. Сондықтан бөлмелерде табиғи жарықты абсолюттік мөлшермен нормалауға болмайды.

Табиғи жарықты нормалау үшін салыстырмалы көрсеткіш қолданылады, ол табиғи жарықтылық коэффициенті (ТЖК) деп аталады. ТЖК сол мезгілдегі сыртқы жарықтылыққа қатынасын айтады

%

Бөлме ішінде табиғи жарықтылық әдетте сыртқы жарықтылықтан аз болады, ал ТЖК оның неше аз екендігін көрсетеді.

Көру ісінін сипаты мен дәлдегі, жарықтың түрі және үйлердін орналасу территориясына баланысты ТЖК нормаланған мөлшерін формулармен анықтайды.

мұнда - ТЖК шамасы (үшінші поястікі), %

m – жарық климатының коффициент,

с – күн климатының коэффициенті.

Өндіріс бөлмелерінің табиғи жарықтылығын көру ісінің сипаты бойнша есептеу үшін арнайы методикаларды қолданады.

Жасанды жарық бөлемлерде табиғи жарық аз болғанда немесе оның жоқ кезінде қолданылады. Ол орындалған конструкциясына қарай үш түрге бөлінеді:

  1. Жалпы жарық – бөлменің барлық ауданын біркелкі жарықтандыруға арналған.

  2. Жергілікті жарық - әр жұмыс орнын жеке дара жарықтандыруға арналған.

  3. Қосынды жарық – жалпы және жергілікті жарықтын бірге қолданылған түрі болады. Жасанды жарықтың бұл түрі тиімді болғандықтан өндірісте кенінен пайдаланады.

Неге арналғанына байланысты жасанды жарықтың 5 түрі болады:

  1. Жұмыс жарығы - өндіріс бөлмелерінде күнделікті жұмыстарды ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жарықтылықты қамтамасыз етуге арналған.

  2. Авариялық (апат) жарық – жұмыс жарығы кенеттен сеніп қалған жағдайда жұмысты әрі қарай жүргізе беру үшін қолданылады. Сондықтан бұл жарықтың өзінің бөлек электр тоғынын қөзі болуы керек.

  3. Эвакуациялық жарық – жұмыс жарығы өшіп қалғанда бөлмелерден адамдарды аман-есен, қауіпсіз шығаруға арналған.

  4. Кезекші жарық – бөлмелерді жұмыс істелмейтін мезгілде жарықтандыруға қолданылады.

  5. Күзетші жарық – түнде жарық территориясыны (аланды) жарықтандыруға қолданылады.

Өндіріс бөлемелерінде қолданылатын жасанды жарықтың негізгі көздері болып қызу және газоразрядтық шамдар пайдаланылады. Бұл шамдардың өзіндік артықшылығы мен көмшіліктері болады. Қызу шамдардың артықшылығы: жасалуы оңай, пайдалануда ыңғайлы, электр желісіне қосылуы қиын емес т.с.с. Кемшілігі мында: пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) өте аз (0,05-0,1), жұмыс істеу мерзімі кіші (≤1000 сағат), жарық берілісі кем (7-20 лм/Вт), өте қатты ысиды, көзді шағылыстырады т.с.с. Кейінгі жылдары галогенді қызу шамдары шығарып жүр, олардың жұмыс уақыты 3000 сағатқа дейін болады, жарық берілісі 40 лм/Вт дейін жетеді. Қызу шамдары кемшіліктеріне қарамай әліде болса көп жағдайларда кең қолданылып жүр.

Қазірігі кезде газоразрядтық шамдар өндірісте кеңінен пайдаланады. Олардың ішінде люминесценттік шамдар көбірек қолданылады. Бұл шамдардың артықшылығы: үнемділігі, жұмыс істеу мерзімі үлкен (8000-12000 сағат), жарық берілісі 50-100 лм/Вт, жарық спекторы табиғи жарық спекторына жақын, жарықтығы аз болғандықтан көзді шағылыстрмайды, жарық түсін өзгертуге болады т.с.с. Кемшілігі мында: стробоскопиялық эффект – көрініс түйсігінің бұрмалануы, шамның жыпықтауы, электр желісіне қосылу жүйесінің күрделілігі төмен температураларда жұмыс істеуінің нашарлау және т.б.

Газоразрядтық шамдардың жаңа түрлері қоланылып жүр: натрий, галоид тағы басқа шамдар, олардың жарық берілісі 110-130 лм/Вт дейін болады.

Жасанды жарық электр шырақтарын пайдалану арқылы орындалады. Шырақ деп жарық беретін электр аспабын айтады. Ол шам және арматурадан тұрады. Арматураның қажеттілігі:

    1. Жарық арналған көректі бағытта үнеммен тарату.

    2. Адамның көздерін шамның шағылыстыру әсерінен қорғау.

    3. Шамды кірлену және сынудан сақтау.

    4. Шамды орнату және электр желісіне қосу.

Шырақтардың негізгі сипаттамалары мыналар болады: кеністікте жарық ағынынын таралу түрі, қорғаныш бұрышының шамасы, пайдалы әсер коэффициенті.

Жарық ағынын таралу өзгешелігіне қарай шырақтар мынандай болады:

1.Тура жарық беретін – олар жарық ағынының 90% арттығын тікелей жұмыс істейтін жердің бетіне түсіреді.

2.Шағылған жарық беретін – олар жарық ағынының 90% арттығын төбеге түсіріп, одан шағылған жарық ағынын жұмыс істейтін жерге түсіреді.

3.Аралас жарық беретін – олар тура және шағылған жарық ағынын жұмыс орындарына түсіреді.

Өндіріс жарығына қойылатын негізгі талаптар.

Өндіріс жұмыс орындарына еңбек етуге қолайлы, қауіпсіз жағдайлар жасау үшін қажетті жарықтылықты қамтамасыз етуге зор көніл бөлінуі керек. Соңдықтан өндірістік жарыққа мынандай талаптар қойлады.

  1. Жұмыс орындарында жарықтылық гигиеналық нормаларға байланысты заттардың көріну жағдайына сәйкес болу керес. Егер жарықтылық үлкен болса заттардың көрінісі жақсарып, оларды тез ажыратуға болады, жұмыстын өнімі артады. Мәселен, жарықтылықтын 50 лк тең 1000 лк дейін жоғарлауы еңбек өнімділігін 25% дейін арттырады. Бірақ жарықтылықты үлкейтудін шегі бар, одан асса нәтижесі азайып, кей жағдайда үнамсыз әсерін тигізуі мүмкін.

  2. Жарық жұмыс орындарында және айналадағы кеңістікте біркелкі таралуы керек. Бұл жағдай болмағында, адам көзін өте жарық жерден көмескі жерге немесе керісінше ауысканда, оның көзі өте жарық жерден көмескі жерге немесе керісінше ауыстырғанда, оның көзі талап, ауруы мүмкін.

  3. Жарық адамдардың көз алдында керексіз жарқыл туғызбау керек. Өйткені жарқыл адамнын көзін шағылыстырып, оның тез шаршауына, жұмысқа қабылеттілігінін төмендеуіне, травматизмнін тууына себеп болуы мүмкін.

  4. Жұмыс зоналарында өте қаранғы көленкелер болмауы жөн. Өйткені олар заттардың көрінісін азайтып, формасы мен өлшемін өзгертіп, қолайсыз жағдайлар туғызады.

  5. Жұмыс орындарында жарық ағынын қолайлы бағыттаулуын қамтамасыз ету керек. Бұл жұмыс жағдайын жақсартып, адамның жұмысқа қабылеттілігін көтереді.

  6. Жарықтылықтын мөлшері әрқашан түрақты, біркелкі болу керек. Оның қобалжуы (құбылуы) белгіленген шектен шықпауы жөн.

  7. Жарық қондырғылары пайдалануда сенімді, үздіксіз, ұзақ уақыт мерзімде жұмыс істейтін болу керек.

  8. Жарық қондырғылары ешқандай қауіптілік пен зияндылықты туғызбайтын болу керек (жылу шығу, тоқ соғу, өрт шығу, жарылыс болу және т.б.).

  9. Жарық қондырғылары құрылыста арзан, пайдалануда ыңғайлы, қарапайым болу керек.

10.Табиғи және жасанды жарық қондырғыларын үнемі күтіп, жабдықтап отыру керек: жиі тазалап, жанып кеткен шамдарды жанасына ауыстырып, сыңған жерлерін жөндеп т.с.с.

Өндірісте травматизмнің пайда болу себептерінің бірі жұмыс орындарында қолайсыз жарықтылық болып есептеледі. Соңдықтан оларда қолайлы жарықтандыру мәселесі дұрыс шешілу керек.

Дәріс №6.

Тақырыбы: Өндірістік шу және діріл

Дәріс мақсаты: Өндірісте адам ағзасына шу мен дірілдің зиянды әсерін тигізбеу шараларын ұғыну

Негізгі терминдер мен анықтамалар:

Еңбек гигиенасы – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер –эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

Еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары;

Еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

Шу – бұл адам организміне зиянды әсер етіп, тыныштықты бұзатын әр түрлі ретті дыбыстар. Ауада таралған дыбыс – әуелік дыбыс, ал материалды (конструкция) таралған – құрылымдық дыбыс деп аталады.

Дыбыс сіңіру – бұл дыбыс толқындары ауада таралған кезде жолында кездескен заттар оның біршама энергиясың сіңіріп алады. Материалдардың дыбыс сіңіру қабылеті олардың дыбыс сіңіру коэффициенті арқылы сипаталады.

Дыбысты экрандау – бұл дыбыс толқындары ауамен таралған кезде жолына қойылған бөгетке (қалғанға) шағылысып, кейін қарай ағады.

Дыбыс оңашалау (бөлектеу) – бұл шулы агрегаттарды бөлек бөлмелерде, кабинада, кожухта тағы басқаша оңашалау арқылы орындалады.

Өндірісте қолданалатын көптеген машиналар, механизмдер, құралдар кей жағдайларда біркелкі теңестіріліп құрылған агрегаттар болып келе бермейді. Соңдықтан олардың жұмыс істеу барысында әдетте шу мен дірілдер пайда болады.

Шу мен діріл зияндылық болып есептеледі, ағзага ұзақ уақыт әсер тигзеді. Қатты шу (шуыл) бас ауыруы, қорқыныш сезім, ұйқы қашу, ашушандық, тұрақсыз эмоциялық күй тағы басқа тағамсыз жағдайлар туғызады. Шу адамның сергектігін, психикалық реакциясын, зерделігін азайтады, жұмыс кезінде қателіктерді көбейтеді, бұның бәрі сәтсіз оқиғалар туғызуы мүмкін.

Қатты шудың салдарынан құлақтын есту қабілеті кемиді, біртіндеп санырлаулық пайда болады, кейде адам тіпті керең болуы мүскін.

Шудың әсерінен адам организмінде бірнеше функционалдық өзгірістер болады: нерв жүйесінде, жүрек-тамыр жүйесінде, тыныс алу және ас қорыту органдарына, заттар алмасу процессінде т.б.шулы жұмыстарды істейтін адамдардың арасында гастрит пен язва аурулары көп кездеседі. Сонымен шу адам ағзасында патологиялық өзгерістер туғызып, кәсіби аурулар-пайда болады, бұл ауруларды «шуыл» аурулары деп атайды.

Дірілдердің салдарынан қажығандық, бас айналып ауыруы, нерв қозуы, жүрек-тамыр жүйесінде өзгірістер, қан тамырларынын қысылуы буындардың ауруы, кол мен аяқтың жаны кетуі, ұйқы қашуы, бұлшық еттердің зақымдануы, сүйектердің сырқырауы, ішкі мүшелердің орнынан қозғалуы тағы басқа патолгиялық өзгірістер туады. Бұл ауруларды «тербеліс» аурулары деп атайды. Олар тез жазылмайтын, созылмалы аурулардың қатарына жатады, ауыр түрінде адамның мүгедектігін туғызуы мүмкін.

Сонымен өндіріс шуы мен дірілге қарсы күрес кәсіпорындарында санитарлы-гигиеналық жағдайларды жақсарту проблемасының манызды мәселелерінің бірі болып есептеледі.

Дыбыс деп серпінді ортада (ауада) таралып, адамның естуі мүшесі арқылы (құлақпен) қабылданатын толқынды тербелгіш қозғалысты айтады. Дыбысты сипаттайтын факторлар: тербеліс жиілігі f , дыбыс қарқыны (күші) J, дыбыс қысымы P . Шу дегеніміз әр түрлі жиілігі мен қарқыны бар бірнеше дыбыстардың қосындысы болады.

Дыбыс тербелісінің жиілігі деп 1 секундта болатын тербеліс санын айтады (Гц). Жиілігі жағынан тербеліс үш диапазонға бөлімені: 20 Гц дейін – инфрадыбыс, 20 дан 20000 Гц дейін – естіліетін дыбыс, 20000 Гц артық ультрадыбыс дейді. Адамның есту мүшесі тербелісті дыбыс ретінде тек дыбыс диапазонына ғана қабылдап естиді, ол одан кем немесе артық болса, яғни инфрадыбыс және ультрадыбыс тербелісті адам естімейді.

Серпінді ортамен, мәселен ауамен, дыбыс толқындары таралғанда ортаның бөлшектері тербеліс қозғалыстар туғызып, энергия пайда болады, бұл энергияны дыбыс энергиясы деп атайды. Дыбыстың таралу бағытына перпендикуляр жазықты бірлігі арқылы уақыт бірлігінде өтетін дыбыс энергиясының мөлшерін дыбыс қарқыны (күші) деп атайды (J Вт/м2 немесе Н/с*м2).

Дыбыс толқындары ауадан өткен кезде онда қысымы көбейген және азайған зоналар туғызады. Бұл жағдайда ауа қысымына қосымша айнымалы қысым пайда болады, бұл қысымды дыбыс қысымы деп атайды (Р Н/м2 немесе Па).

Адам құлағы дыбыс тербелісін 400 ден 3000 Гц деін диапазонда өте сезімтал болады. Сондықтан дыбыстардын көрсеткіштерін анықтау үшін барлық дыбыстар эталон жиілікте (1000 Гц) зерттеледі.

Дыбыс қарқынының (күшінін) және қысымының екі шекті деңгейі белгіленгені есту сезім табалдырығы және ауру сезім табалдырығы. Есту сезім табалдырығы деп адамның алғашкы дыбыс сезісін туғызатын дыбыс қарқынының және қысымынын ең кіші мөлшерін айтады. 1000 Гц жиілікте бұл мөлшердің шамасы тен болады: қарқыны J0=10-12 Вт/м2, қысымы Р0=2*10-5 Па.

Ауру сезім табалдырығы деп адамның құлағында алғашқы ауырғандық сезім туғызатын дыбыс қарқынының және қысымынын ең үлкен мөлшерін айтады. 1000 Гц жиілікте бұл мөлшердің шамасы тен болады: қарқыны J0=102 Вт/м2, қысымы Р0=2*102 Па.

Сонымен дыбыстын қарқыны мен қысымы есту сезім табалдырығынан ауру сезім табалдырығына дейін өте кең диапазонда өзгереді – қарқыны 1014 рет, ал қысымы 107 рет. Бірақ мұндай өте үлкен сандарды акустикалық есептерде қолдануға қолайсыз болады. Сондықтае акустикалық зерттеу жүргізгенде логарифмдік шкаланы (өлшемді) пайдаланады. Бұл шкала дыбыс қарқыны мен қысымының денгейін өлшеу бірлігі «бел» (Б) болады.

Логарифмдік шкаланың көлемінде дыбыстың қарқыны есту сезім табалдырығының қарқынынан 10 есе көп болса оны 1Б тенейді, 100 (102) есе көп болса 2Б тең, 1000 (103) есе көп болса 3Б тең, 1014 есе көп болса 14Б тең болады. Адамның есту мүшесі дыбыс өзгерістін белдың 0,1 мөлшерінде айыра алады. Сондықтан акустикалық зерттеулер жүргізгенде негізігі өлшем ретінде белдың оннан бір бөлігі «децибел» (дБ) өлшемі қолданылады. Сонымен логарифдік шкала бойынша адамның дыбыс сезу диапазоны (есту сезім табалдырығынан ауру сезім табалдырығына дейін) 140 дБ тен болады.

Дыбыстын қарқыны мен қысымының денгейін мынадай тендіктермен аңықтауға болады

дБ, дБ

Децибел өлшемімен жүргізілген акустикалық есептер дыбыс қарқыны мен қысымының абсолютік мөлшерін ғана анықтайды, яғни әр дыбыстың нақтылы мөлшері есту сезім табалдырығының мөлшерінен неше есе көп екендігін көрсетеді.

Діріл (вибрация) деп қатты заттың тепе-тендігі айналасында механикалық тербелгіш қозғалысын айтады. Дірілдің сипаттау парметрлері: жиілігі f (Гц), жылжыу амплитудасы А (м), дірілдеу жылмандығы υ (м/с), дірілдің үдеуі ω(м/с2).

Дірілдеу жылдамдығының нөлдік мөлшерін 5*10-8 м/с тең деп белгіленген, ал діріл үдеуінің нөлдік мөлшері 3-10-3 м/с2 тең деп есептеледі. Сондықтан дірілдін мөлшері оның жылдамдық пен үдеудін денгейі арқылы мына формулалармен анықталады

дБ, дБ

Адам ағзасына тигізетін өзгешелігіне қарай діріл жергілікті және жалпылама болып келеді. Жергілікті діріл дененін әр мүшелеріне әсер ететін болса, жалпылама діріл барлық денеге әсерін тигізеді.

Адам ағзасі үшін жиілігі 6-9 Гц дірілдер, өте-мөте қауіпті болады, өйткені адамның ішкі органдарының өзімдік дірілдеу жиілігі осыған тең. Сондықтан осындай жиілігі бар дірілдер ішкі органдарда резонанс құбылысын туғызып, олардың орнынан қозғалу қауіпі пайда болады.

Дірілдің алғашқы сезімі оның үдеуі 0,1 м/с2 тең болғанда білінеді, ал оның жағымсыз әсері удеу 0,5 м/с2 шамасына жеткенде пайда болады.

Өндірісте адам ағзасына шу мен дірілдің зиянды әсерін тигізбеу үшін санитарлық нормаға сәйкес олардың шекті мөлшерлері белгіленген. Ол жөнінде арнайы нормативтік күжаттар қабылданған.

Адам ағзасына ұзақ уақыт діріл әсер ету салдарынан пайда болатын ауыру. Бұл ауыры әдетте құрылысшыларда, машинисттерде, тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни дірілдейтін құралдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда пайда болады. Осы құралдардың көбін қолда ұстауға тура келеді. Ал адамның қолы дірілге қатты сезімтал болып табылады. Секундына 35 тербелістен артық діріл әсер етсе, жергілікті діріл ауыруы пайда болады. Сонымен қатар жергілікті діріл көліктің ішінде келе жатқан адамдарда болу мүмкін.

Діріл ауыруларының даму кезеңдері алты айдан тоғыз айға дейін созылуы мүмкін (діріл күштілігіне байланысты).

Діріл ауыруының негізінде жүйке жүйенің әр түрлі бөліктерінде дами алатын парабиоз процессі жатыр. Ең алдымен қол рецепторлары зақымдалады. Потологиялық процесс рецепторлардан перифериялық жүйкеге өтеді. Омыртқа араларында парабиотикалық өзгерістер болуы мүмкін.

Емделу жолдары Діріл ауыруларының белгілерін байқаған соң, бірден, ауырған адам діріл механизміне байланысты жұмысын уақытша немесе мүлдем доғаруы керек. Ауырған адам физиотерапиядан өтуі керек, кеуде бөлігін ультракүлгін сәулелендіру, басты диатермогальванизациялау, қолды дарсонвализациялау керек. Сонымен қатар массаждың көмегі өте зор. 

Қоданылатын дәрі-дәрмектер: ганглиоблокатор, тиамина хлорид, цианокобаламин, аскорбин қышқылы т.б.

Шуды туу кездерінде азайту шаралары:

  1. Шулы құралдары шусыз құралдармен, металл бөлшектерді басқа түрлі бөлшектермен, тозған деталдарды жаңа деталдармен, тісті және шынжыр берілісті басқа түрімен айырбастау.

  2. Машиналардың айналатын бөлшектерін дұрыс иеңгеру (балансирлау).

  3. Қажалатын бөлшектерді уақытында майлап отыру.

  4. Механизм бөлшектерін жасауда дәлдік класын жоғарлату.

  5. Бөлшектердің қосылыс жерлерінде серпімді төсем заттарды қолдану.

Шуды таралу жолдарында азайту шаралары:

  1. Дыбыс сіңіру – бұл дыбыс толқындары ауада таралған кезде жолында кездескен заттар оның біршама энергиясың сіңіріп алады. Материалдардың дыбыс сіңіру қабылеті олардың дыбыс сіңіру коэффициенті арқылы сипаталады. Бұл коэффициент материалга сіңген дыбыс энергиясы мен сол материалға түскен энергиясының қатынасына тең болады. Дыбыс сіңіргіш материалдарға коэффициенті 0,2 артық заттар жатады. Ең үлкен дыбыс сіңіру коэффициенті болбыр, жүмсақ, кеуекті заттарда болады. Сондықтан шудың деңгейін азайту үшін бөлменің төбесін, қабырғаларын дыбыс сіңіргіш заттармен өндеу.

  2. Дыбысты экрандау – бұл дыбыс толқындары ауамен таралған кезде жолына қойылған бөгетке (қалғанға) шағылысып, кейін қарай ағады. Сондықтан дыбыс энергиясы көп тойтарылуы үшін экранның беті тегіс, өзі қатты заттан жасалуы керек.

  3. Дыбыс оңашалау (бөлектеу) – бұл шулы агрегаттарды бөлек бөлмелерде, кабинада, кожухта тағы басқаша оңашалау арқылы орындалады.

  4. Шу басатын құралдардың шуын басуға пайдаланылады.

Жоғарында көрсетілген шараларды пайдалану нәтижесі аз болып, шудың деңгейін төмендетуге мүмкіндік болмаған жағдайларда дербес (жеке) қорғану құралдарын қолдану қажет болады. Бұл құралдарға мыналар жатады: құлақтың тесігін жабатын мақтадан, резиңкеден, жарғағын жабатын құлақшы (наушниктер); басқа киетін каскалар, шлемдер.

Шу қауіпсіздігі – қазіргі уақытта ең күрделі мәселелердің бірі. Шу орталық нерв жүйесіне әсер ету арқылы, шу щулау қабілеттілігін төмендетіп,ұйқысыздыққа, шаршауға әкеп соқтырады. Нәтижесінде еңбекке қабілеттілік төмендеп, бақытсыз жағдайларға ұшырауы мүмкін. Күнделікті шудың әсерінен психикалық ауытқулар, жүрек аурулары, ішек аурулары пайда болады.

Шу адам құлағына әр түрлі әсер етеді: құлақтың естілуіне немесе есту мүшесінің зақымдануы (акустикалық жарақат) мүмкін. Есту органына ең қауіпті шу үздіксіз үлкен интенсивті шу болып саналады. Егер адамға бірінші минут 90 дБ деңгейіндегі орташа және жоғарғы жиіліктегі шу әсер етсе, онда адамның есту қабілеттілігі уақытша қозғалысқа ұшырайды.

Шу механикалық, аэродинамикалық және электромагниттік құбылыстар әсерінен пайда болады.

Механикалық шу ударлы процестерден, машина детальдарының үйкелісін жатқызуға болады.

Аэродинамикалық шу сұйықтар мен газдардың ағымынан, ал электромагниттік шу-электрлік машиналар мен жабдықтардың жұмысы кезінде болады.

Адамдар шуды әр түрлі қабылдайды. Шу дозасының бірдей әсер етуі біреулерде есту мүшесінің зақымдануына, басқаларда одан да ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Шу – бұл адам организміне зиянды әсер етіп, тыныштықты бұзатын әр түрлі ретті дыбыстар. Ал дыбыс ортада (қатты, сұйық және газ тәрізді) таралады. Ауада таралған дыбыс - әуелік дыбыс, ал материалды (конструкция) тараклған – құрылымдық дыбыс деп аталады.

Дыбыстың деңгейі децибелмен (дБ) өлшенеді.

Қашықтық пен шудың шығу көзіне байланысты әр түрлі дыбыстар деңгейі.

Шу көздері

Қашықтық, м

Шу деңгейі дБ

Бөлме

-

35

Орта дыбысты сөз

1

60

Метал кесу станоктары

жұмыс орнында

80...96

Дизельді көлік

7

90

Пневмоперфоратор

1

100

Реактивті двигатель

25

140

Адамның есту мүшесі дыбыс қабылдауының төменгі шекарасы 20 Гц, ал жоғары – 20000 Гц дейінгі дыбысты қабылдай алады. Дыбыс деңгейінің жиілікке тәуелділігі шудың жиілік спектрі деп аталады. Дыбыстың интенсивтілігін анықтау үшін барлық жиілік дипазондары октаваға бөлінеді. Жиіліктің октавты жолағы - бұл жоғарғы жиіліктің төменгі шекаралық жиіліктен 2 есе үлкен жиілік жолағы. Дыбыс қысымының жиілігіне қарай: төмен жиілікті (300 Гц - ден төмен) орта жиілікті (300-800 Гц) және жоғарғы жиілікті (800 Гц жоғарғы) болып бөлінеді. Шу спектіріне байланысты кеңсызықты және тональды деп те бөлінеді.

Кеңсызықты шу ендігі бір октавадан жоғарғы үздіксіз спектордан тұрады, мысалы мұндай шу желдеткішті іске қосқанда байқалады.

Тональды шу бөлек спектрден тұрады. Мұндай спектрлі шу дискілі арамен жұмыс жасаған кезде пайда болады. Өндіріс жағдайындағы шу үздіксіз болады, жұмыс орындарында 5 дб төмен және ауыспалы болады.

Қоғамдық және өндірістік орындарда болатын шу деңгейі 1. 2. таблицада көрсетілген.Бұл таблицада көрсетілген мәндер шу спектірінің шегі болып табылабы.

Шудың рұқсат етілген деңгейі.

Жұмыс орны мен ғимарат атауы

Орташа геометриялық жиілікті октавты жолақтағы дыбыс қысымының деңгейі

Дыбыс деңгейі және дыбыстың Lэкв ДБА эквивалентті деңгейі

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

Оқу аудиториялары, оқу залдары (күндіз)

Конструкторлық бюро, есептеуші және бағдарламашы жұмыс орны

Сөздік байланыс арқылы дистанционды басқару кабиналары, нақты жинақ алаңдары

Есептеуіш машиналармен эксперимент лаборатория бөлмелері

Өндірістегі және кәсіпорын территориясындаы тұрақты жұмыс орны

63

71

83

94

99

52

61

74

87

92

45

54

68

82

86

39

49

63

78

83

35

45

60

75

80

32

42

57

73

78

30

40

55

70

76

28

38

54

74

40

50

65

80

85

Шу ғимараттарда әр түрлі жолмен таралады. Әр түрлі объектілерде құрылыс жобаларын сызған кезде акустикалық есептеулерге сәйкестендірілген шуды төмендету жағдайлары қарастырылу керек. Акустикалық есепті былай шығарады: шу көздерін табады, есептеу жасалынатын бөлме немесе территориядан нүктелер алынып, осы нүктелердің таралуын анықтайды; шуды төмендету жөніндегі шаралардың есептеу нүктелерінің дыбыстық қысымын есептейді және керекті шудың төмендеуін анықтайды. Шуды болдырмау үшін әр түрлі құралдар мен тәсілдер қолданылады. Оларды ұйымдық және жекелеген етіп бөлуге болады.

Ұйымдық қорғау құралдарына шу көзінің шығу кезіндегі қатынасын төмендету құралдары және қорғалатын объектіден шу көзіне дейінгі таралуды төмендету құралдары жатады.Ұйымдық қорғау құралдары мен әдістері шудың таралуын төмендету жолындағы шараларына акустикалық, архитектуралық – жоспарлық және ұйымдық- техникалық болып бөлінеді.

Акустикалық құралдармен шудан қорғану дыбыс шектейтін құрылғы - кабиналар, ғимарт және орынды бөгеттермен жабу,акустикалық экрандар құру, дыбыс өткіэгіш материалдарды қолдану, шуды естірмейтін құрылғылар арқылы жүзеге асады. Дыбыс шектегіш- бөгеттейтін және бөлетін орындардың одан және оның элементтері арқылы өтетін шуды шектейтін қасиеті. Мұндай бөгеттің дыбыс тасымалдау механизмі бөгетке түсетін дыбыс толқынынан тұрады. Осының нәтижесінде бөгеттейтін конструкция дыбыс көзі болады.

Бөгеттің дыбыс шектеу қасиеті дыбыс өткізгіш коэффициентімен τ сипатталады:

τ =Jпр / Jпад =pпр2 / pпад2

мұндағы Jпр, pпр - өткен дыбыстың дыбыстық қысымы мен интенсивтігілі;

Jпад , pпад - төменгі дыбыс қысымы мен интенсивтілігі. Конструкцияның дыбыс шектегіш қасиеті беттік тығыздықтың жоғарлығына қарайды, сондықтан дыбыс шектегіш материалдардың қолайлысы бетон, ағаш, тығыз пластмасслар және тағы басқа болып табылады.

Өндіріс орындарында шу құрылыс жабдықтарына шағылысу нәтижесінде көбейеді. Шағылысқан дыбысты төмендету үшін шулы орынды арнайы акустикалық өңдеуден өткізеді. Бұл үшін дыбыс жұтқыш материалдар қолданылады. Материалдың дыбыс жұту қасиеті материалдың ішкі үйкелісі мен дыбыс энергиясының дыбыс жұтқыш қасиетке ауысуынан болады және бұл материалдың түріне, дыбыс жұту қабатының қалыңдығына және оған түсетін дыбыстың жиілігіне тәуелді болады.

Дыбыс жұту құралдары үшке бөлінеді: кеуекті дыбыс жұтқыш, резонансты және көлемді дыбыс жұтқыштар. Құрылыста кеуекті дыбыс жұтқыш материалдар кеңінен қолданылады. Кеуекті дыбыс жұтқыш материалдарды қажетті қалыңдықтағы қабат түрінде жасап, бөгетке қатайтады немесе бөгеттен қашық жерге орналастырады.

Резонансты дыбыс жұтқыштар ішкі бетіне мата жабыстырылған перфорацияланған экраннан тұрады. Олар беогілі бір жиілік жолағында максимальды дыбыс жұту қасиетімен ерекшеленеді, сондықтан дыбыс жұту мәндері нақты есептелуі тиіс.

Көлемді дыбыс жұтқыштар көлемді дыбыс жұтқыштар денелерден тұрады. Мысалы, конустар, призмалар, параллелепипедтер, төбеге ілінген денелер.

Архитектуралық – жоспарлық әдістер рационалды – акустикалық ғимараттар жобасы, кәсіпорындардың басты жоспар – жобалары, ғимараттарда техникалық жабдықтардың, машиналардың, механизимдердіңорналасуы, жұмыс орнының орналасу жағдайы, жобалық аймағы және автокөліктердің қозғалысы, адамды зиянды шудан қорғау зоналарын қарастырады. Құрылыс аймағындағы шуды төмендету үшін архитектуралық – жоспарлық шешімдер (қайта салу жобалары, бөлу) және шудан қорғау құрылғылары (экрандар, шудан қорғау құрылғылары) қолданылады.

Шуды ұйымдық – техникалық әдістермен төмендету үшін технологиялық процестердің өзгеруі, дистанционды басқару құрылғылары – автоматты бақылау құрылғыларын құру, құрылғы жабдықтардың уақытылы жоспарлы – ескертулі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, рационалды түрде еңбек және демалыс түрлерін негізу жағдайлары болуы тиіс. Егер шекті жағдайға дейін шу төмендетілмесе, жеке қорғану құралдарын – наушниктерді,шлемдерді және құлақ жарғағын жауап тұратын арнайы тығындарды пайдалану керек.

Шуды өлшейтін негізгі құрал – шу өлшегіш (шумомер). 1.3. суретте схемасы көрсетілген.

1.3. Шуды өлшеу схемасы: 1 – микрофоны; 2 – күшейткіш; 3 – жиілік анализаторы (сүзгі); 4 – детектор; 5 – тіркегіш.

Өнеркәсіп объекттілеріндегі дірілдің, шуылдың және ультрадыбыстың қайнар көздері

Өндірістік ортадағы «шуылдың зиянын» барлық технологиялық процестер, транспорттық операциялар, қондырғылар, аппараттар, машиналар, механикаланған және басқа құралдар тудырады.

Насос және насос станциясының жұмыс істеу кезіндегі, мысалы, тұрақты және кең сызықты шуыл 80-85 дБ деңгейімен құралады. Манифольдтар және булиттер шуылды 70-75 дБ; жетектер, редукторлар, 90-105 дБ жасайды. Роторлық және турбиналық бұрғылау 105-115 дБ шуылмен жүреді; трактор көтергіштерінің, пневмоқұралдарының, электродвигательдерінің жұмысы, цементтік агрегат цехының жер астындағы күрделі ремонтының скважинасы – 90-115 дБ шуылмен; бұрғы лебедкасы (бұрғылаушының жұмыс орны) және АКБ кілті төменгі орташа жиілігі ( 90-110 дБ) және орташа жиілігіне ( 80 дБ ) сәйкес шуылды құрайды. Жоғары жиілікті шуылдың деңгейлері трубокомпрессор жұмыс үшін (105 – 115 дБ ), газмоторлы компрессорлар (шуылдың орташа жиілігі 85 – 95 дБ ), компрессорлар электрлік жетекпен ( 92 – 104 дБ ), шойбалғалар (төмен жиілікті шуыл 120 дБ) т.б. тән. Шекті жоғары дәрежедегі шуылдар мұнай және газ фонтанды скважиналардың , компрессорлардың да жақын жерлерінде байқалады. Газ таратушы станциялар төңірегінде , қызмет етушілер үшін акустикалық қолайсыз жағдайлар, сонымен қатар ең жақын елді-мекендерінде пайда болады.

Өндірістік ортаның сандық және сапалық акустикалық бірқатарлығы, әр типті технологиялық жабдықтардың құрылуынан, мұнай және газ өнеркәсіп объектілерінде өте күрделі акустикалық жағдайларды қалыптастырады, шуыл, діріл және ультрадыбыс деңгейлермен спецификалық еңбек жағдайын жасайды. Кейбір жағдайларда ол, газ ағу пульсациямен (мұнай, конденсат); басқа жағдайларда – дірілмен, құбырдың қабырғасына өтумен және т.б. анықталады. Тіпті , бір жұмыс орнының шегінде жалпы шуылдың деңгейі кейде, жергілікті – тым қуатты қайнар көздерімен жоғары қарқындағы дыбыстық импульс үдемесімен күшейеді.

Осы себеппен діріл айыру бір жабдықта шуылмен күресу ретінде қаралуы мүмкін, ал басқа жабдықтарда – мүмкін емес. Бұл сенімді сөйлеу байланысының ұйымдастыру мүмкіншілігін жояды (сөйлеу кезіндегі дыбыстың деңгейі шуыл өрісінің деңгейінен 10 дБ-тен жоғары болу керек), шуылдың абсалюттік деңгейі нәтижелік төмендетуін қиындатады, адамның жұмыс қабілетіне акустикалық процестер объективті бағаның әсер етуі, оның тәртібі (жоғары тербелмелі градиенттер, дыбыстық қысымдар, дыбыстардың түрлері мен формалардың тұрақсыздығы, олардың шуыл өрісінің құрылымында күрделі байланысы, жеке реакцияның әсер етуі ). Осыған қатысты шуылдың биологиялық және психологиялық әсері, адамға тұрақсыз акустикалық процесстердің әсер етуі әзіргн зерттелуі жеткіліксіз болып отыр. Осының бәрі тиімді нормалауды және профилактикалық шараларды зерттеуін қиындатады, шуыл, діріл және ультрадыбыс көрсеткіштерінде еңбектің қарапайым шарттарын қамтамасыз етеді. Барлық айтылған шуылдың қайнар көздері, дірілдің де негізгі қайнар көздері болып табылады. Олар дірілді тудыра отырып, жиілік спектордың көптеген аймақтарын алып өтеді.

Мұнай және газ өнеркәсібінің техникалық құрылыс үшін (5 . 10 мм/с ) көрсеткішіне қатысты тербелмелі қозғалыстың дБ орташа квадраттық көрсеткіштері 1-таблицасында көрсетілген.