- •II. Кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы үлгі ереже
- •2. Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы
- •3. Аттестаттауды өткізудің тәртібі
- •4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау
- •5. Өндірістік объектілерді аттестаттауды ресімдеудің тәртібі
- •Дәріс №5. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы.
- •5*10 Мм/с көрсеткішіне қатысты тербелмелі қозғалыстың дБ орташа квадраттық көрсеткіштер
- •Мекемелердегі өрттен сақтануды ұйымдастыру
- •Тәжірибелік жұмыс №7
4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау
I. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау:
1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесінен;
2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесінен;
3) жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуден, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігінен тұрады.
II. Жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
III. Жұмыс орындары төмендегі факторлардың бірі:
1) өндірістік орта факторларының нақты мәні қолданыстағы нормалардан жоғары болған;
2) жарақат қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған;
3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.
IV. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті факторларға жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
V. Өндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын (бұдан әрі - Жоспар жобасы) және атестаттау нәтижесін қоса отырып, өндірістік объектіні аттестациялау актісімен ресімдейді.
VI. Жоспар жобасында ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
VII. Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделуге тиіс.
VIII. Жоспар жобасында аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.
5. Өндірістік объектілерді аттестаттауды ресімдеудің тәртібі
I. Аттестаттау нәтижелері:
1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргізудің негізі, тартылатын мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);
3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамалары;
4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;
5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрінде ресімделеді.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларының қосымшасы ресми БАҚ-тарда жарияланды.
Бақылау сұрақтары:
1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау қағидалары қай жылы, еңбек кодексінің нешінші бабымен бекітілді?
2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды кім жүргізеді?
3. Өндірістік объектіні аттестаттаудың комиссияның құрамына кімдер кіреді?
4. Аттестаттауды өткізудің тәртібі.
5. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілерін ата.
Дәріс №6.
Тақырыбы: Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайлары
Дәріс мақсаты: Метеорологиялық факторлардың адамның функционалдық әрекетіне, денсаулығына әсерін ұғындыру
Негізгі терминдер мен анықтамалар:
Анемометр – 0,5 м/сек-тан жоғары ауа қозғалысы жылдамдығын өлшейтін метеорологиялық аспап
Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
Зиянды өндірістік фактор – әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Метеорологиялық жағдайлардың адам ағзасына әсер етуі.
2. Жұмыс орнының микроклиматы және оның көрсеткіштерін тұрақтандыру
Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы деп ауаның температурасы, дымқылдығы, қозғалыс жылдамдығы арқылы қалыптасатын физикалық күйін айтады. Әр өндіріс бөлімшесінің өзіне тән метеорологиялық жағдайын өндірістік микроклимат деп атайды.
Метеорологиялық факторлар адамның функционалдық әрекетіне, көніл күйіне, денсаулығна үлкен әсерін тигізеді. Ауаның жоғары температурасы адам денесінің қызуын көтереді, мол терлетеді, дем аласын және пульсын жиілетеді, адамда демікпе пайда болады, бас айналып ауырады.
Дене өте қызып кетсе дірілдеу, ыстық соғу, естен тану тағы басқа жағымсыз туады. Бұл адам өліміне әкеліп соғуы мұмкін. Дене температурасының көтерілуі ағзані әлсіретіп, сақсыздық пен бейқамдық туғызады, бұл травматизм туғызуы мүмкін.
Ауаның төмен температурасы дененің жылуын азайтса, тондырады, дене дірілдеп, тері ағарады, тыныс алу және пульс азайады, дененің кей мүшелері үсінуі мүмкін. Дене тоңғанда оның өзін-өзі қорғау қабілеті азайып, бірнеше ауруларға шалдығуы мүмкін (тұмауға, ангина, ревматизм т.б.).
Соңдықтан санитарлық нормаға сәйкес жұмыс орындарына ауаның температурасы мынандай мөлшерде болу керек: жылы мезгілде (сыртқы ауаның температурасы t > +10 0С) 18-250С, суық мезгілде (сыртқы температура t ≤ 0С) 16-23 0С тең болу.
Ауаның жоғары дымқылдығы да жағамсыз метеорологиялық жағдай туғызады. Ыстық кезде ауаның жоғары дымқылдығы дененін жылу шығу процессін азайып, оның қызыуы шамадан тыс көтерілуі мүмкін, содан адамның хал-жайы нашарлап, жұмысқа қабылеттілуі төмендейді. Ал суық кезде, адамның хал-жағдайын нашарлатады.
Метеожағдайлар параметрлері:
Температура, t,
Салыстырмалы ылғалдық, W,
Ауаның қозғалу жылдамдығы, V, м/с
Жылу бөлудің интенсивтілігі
W=
Микроклиматтың қолайлы параметрлері:
t=22-24
C
Ф=40-60
V=
м/с
Метеожағдайларды бақылау.
Температураны өлшеу термометрлер және термографтар (температураның уақыт бойынша өзгерісін бақылаушы) арқылы жүзеге асады.
Салыстырмалы ылғалдылық – психрометрлермен (Астманың және Августтың) өлшенеді, сондай-ақ гидрограф- гигрометрлермен өлшенеді.
Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5 м/с-қа дейінгілер кататермометрмен, 0,5 м/с-тан жоғарылар- анемометрмен (тостақанды және қанатты) өлшенеді.
термометр
гигрометр
Анемометр – 0,5 м/сек-тан жоғары ауа қозғалысы жылдамдығын өлшейтін метеорологиялық аспап
Өндірістік ғимараттардағы ауаны нормалау құралдары.
Ең тиімді құрал – желдету. Ауаның орын ауыстыру тәсіліне қарай былай бөлінеді: табиғи – сырттағыауа мен ғимараттағы ауа температураларының әртүрлі болуына байланысты қозғалуы. Ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған болуы мүмкін. Ең кең тараған түрі – аэрация.
Жетістігі: өте қарапайым.
Кемшілігі. Зиянды заттар аз бөлінетін жерлерде қолданылады, ауаны тазартпайды.
Жасанды желдеткіштен шығатын қысымның әсерінен ауа айналады. Бұл желдетудің мынадай түрлері кездеседі:
Ағынды – Ғимаратқа таза ауа береді;
Сорушы – Ғимараттан ысыған және ластанған ауаны шығарады.
Аралас – ауаның жақсы айналып тұруы үшін қолданылады (сағатына 8 рет).
Салқын жыл мезгілдерінде жылуды үнемдеу үшін аралас желдету пайдаланылатын жерде рециркуляция қолданылады, яғни ғимараттан шығатын ауаның бір бөлігі тазартылып, қайтадан ғимаратқа түседі.
Желдетудің мынадай түрлері бар:
Жалпы – зиянды заттар мен жылуды бөлетін жерге орналастырылады. Ол бұл ауаның барлық жерге тарамауын қадағалайды. Ол сорғыштар немесе перделер түрінде болады.
Жергілікті – айдаушы шкаф түрінде, шатыр түрінде болады.
Жүмыс орнының микроклиматы және оның көрсеткіштерін тұрақтандыру
Адамның денсаулығы мен жүмысқа қабілетіне метеорологиялық жағдайдың (өндірістік ортаның микроклиматы), яғни ауаның температурасының, ылғалдылығы мен ңозғалу жылдамдығының үлкен әсері бар.
Сырткы ауаның өзгеруіне қарамастан, адам денесінің температурасы 36,7-37 ° аралығында түрақты сақталады.
Ауаның ылғалдылығы 70-75%-ға жетіп, температурасы жоғарылай бастаған кезде адамның денесі қыза бастайды. Өйткені, бүл жағдайда дененің жылу алмасуы қиындайды.
Керісінше, адамның температурасы төмендеген кезде денеден бөлінетін жылудың мөлшері көбейіп, адам- ның денесі тоңази бастайды.
Сондықтан да жыл мезгіліне, жүмыстың ауырлығы- на, жүмыс орнында бөлініп шығатын ңосымша жылу- дың мөлшеріне қарай температураның, ылғалдылық- тың және ауаның қозғалу жылдамдығының стандартты нормалары белгіленген (2-кесте).
Адам ағзасына ауаның қысымы да әсер етеді.
Атмосфералық қысымның мөлшері сынап бағанасы- мен 760 мм-ге тең болғанда ағзаның ішкі және сыртқы қысымдары теңеседі. Ал қысым өзгергенде адамда әлсіз- дік пайда болып, басын айналдырады, жүрегін алып, мүрнынан қан ағуы мүмкін.
Еңбектің ауыр немесе жеңілдігіне қарай жұмыс орнының микроклиматының нормасы
Жүмыс орнында пайда болатын үстеме жылудың мөлшері |
Еқбек жағдайының санаттары |
Температураның, ылғалдылығы мен жылдамдықтың нормасы |
|||||
Жылы маусымда салқын және өткінші Маусымда |
|||||||
температура ᵒС |
ылғалды лығы, % |
жылдамдык, м/сек. |
температура °С |
ылғалдылығы, % |
жылдамдык, м/сек. |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
<20 ккал/м3 • г |
жеңіл |
22-25 <23 |
60-30 <75 |
0,2-0,5 0,3-0,7 |
20-22 17-22 |
60-30 < 75 |
<0,2 <0,3 |
|
орташа |
20-23 |
60-30 |
0,2-0,5 |
17-19 |
60-30 |
<0,3 <0,5 |
<28 |
<75 |
0,3-0,7 |
15-20 |
<75 |
|||
|
ауыр |
18-21 <26 |
60-30 |
0,3-0,7 |
16-18 |
60-30 |
<0.3 <0,5 |
<75 |
0,5-1,0 |
13-18 |
<75 |
||||
>20 ккал/м3 • г |
жеңіл |
20-25 <28 |
<75 |
0,2-0,5 0,3-0,7 |
20-22 17-24 |
60-30 < 75 |
<0,2 <0,5 |
|
орташа |
20-23 <28 |
60-30 <75 |
0,2-0,5 0,5-1,0 |
17-19 16-22 |
60-30 < 75 |
<0,3 < 0,5 |
|
ауыр |
18-21 <26 |
60-30 < 75 |
0.3-0,7 0,5-1,0 |
16-18 13-17 |
60-30 < 75 |
<0,3 <0,5 |
Ескерту: Бөлшектің алымында наңты көрсеткіштер, ал бөлімінде шекті көрсеткіштер берілген.
Жұмыс орнының микроклиматын анықтау үшін арнайы аспаптар ңолданылады. Мысалы, ауаның температурасы сынапты термометрмен анықталады, ылғалдылығы психрометрмен, ауаның қозғалу жылдамдығы анемометрмен немесе кататермометрмен, ал атмосфералык қысымы сынапты барометрмен немесе анеройдпен өлшенеді.
Август психрометрі екі термометрден тұрады. Біреуінің шаригі жұқа шүберекпен қапталған және ол үнемі сумен ылғалданып түрады. Екі термометрдің көрсеткішіне сай арнайы формуламен ауаның ылғалдылығы анықталады немесе арнайы кесте арқылы анықтауға болады.
Осьтік, ортадан тепкіш және диаметральды болып бөлінеді. Желдеткіштерді олардың жұмыс өнімділігіне және пайда ететін қысымына қарай таңдайды.
Ауа райы ыстық жұмыс орындарында, тракторлардың кабиналарында кондиционер орнату арқылы ауаның қажетті параметрлерін ұстап тұруға болады.
Жұмыс орнының микроклиматы және оның көрсеткіштерін тұрақтандыру
Адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілетіне метеорологиялық жағдайдың (өндірістік ортаның микроклиматы), яғни ауаның температурасының, ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығының үлкен әсері бар.
Сырткы ауаның өзгеруіне қарамастан, адам денесінің температурасы 36,7-37 ° аралығында тұрақты сақталады.
Ауаның ылғалдылығы 70-75%-ға жетіп, температурасы жоғарылай бастаған кезде адамның денесі қыза бастайды. Өйткені, бұл жағдайда дененің жылу алмасуы қиындайды. Керісінше, адамның температурасы төмендеген кезде денеден бөлінетін жылудың мөлшері көбейіп, адамның денесі тоңази бастайды. Сондықтан да жыл мезгіліне, жұмыстың ауырлығына, жұмыс орнында бөлініп шығатын қосымша жылудың мөлшеріне қарай температураның, ылғалдылықтың және ауаның қозғалу жылдамдығының стандартты нормалары белгіленген (2-кесте).
Адам ағзасына ауаның қысымы да эсер етеді.
Атмосфералық қысымның мөлшері сынап бағанасымен 760 мм-ге тең болғанда ағзаның ішкі және сыртқы қысымдары теңеседі. Ал қысым өзгергенде адамда әлсіздік пайда болып, басын айналдырады, жүрегін алып, мүрнынан қан ағуы мүмкін.
Ассман психрометрі де екі термометрден тұрады, біреуінің шаригі ылғалданып тұрады. Оған ұоса, аспаптың басына желдеткіш орнатылады, ол электрмотормен немесе сағат механизмімен қозғалысқа келтіріледі. Желдеткіш айналғанда шариктер арқылы жылдамдығы 4 м/с ауа айдалады. Бір термометрдің шаригі матамен оралып, өлшеу алдында дистилденген сумен ылғалданады, сосын желдеткішті іске қосады. 3-5 минуттан кейін құрғақ және ылғал термометрден есеп алады. Олардың айырмашыльқтарына қарай кестеден ауаның ылғалдылығын анықтайды.
Ауаның қозғалу жылдамдығын қанатты анемометрлермен (1-10 м/с) және чашкалы анемометрлермен (1-30 м/с), сондай-ақ кататермометрлермен (1-1,5 м/с) анықтайды.
Кататемометр дегеніміз - спирт құйылған термометрлер. Әуелі оның түбін 65-75°-ңа дейін қыздырылған суға салып ысытамыз. Сосын спирттің деңгейінің 38°-тан 35°- ңа дейін түскен уақытын алып, формуламен ауаның қозғалу жылдамдығын есептейміз.
Бұл көрсеткіштерді тұрақтандыру үшін төмендегідей шаралар іске асырылуы тиіс:
табиғи және жасанды ауа алмастырғыштарды пайдалану;
технологиялық жабдықтарды жылу өткізбейтін заттармен қаптау арқылы олардан бөлінетін жылудың мөлшерін азайту;
жылу өткізбейтін материалдардан қорғану экранын орнату;
кондиционер пайдалану.
