- •«Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы»
- •§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы
- •Оқулықтағы мәтінге сүйене отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:
- •§ 23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
- •§ 24. Қазақстардың дәстүрлі шаруашылығы
- •§ 25. Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстары
- •§ 26. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
- •Округтік приказды басқару құрылымы:
- •§ 29. Хіх ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1867-1868 Ж. Реформалар
Оқулықтағы мәтінге сүйене отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:
Жаңа аудандар |
Құрылған жылдары |
Тартып алынған қазақ жерлері |
Жергілікті қазақьардың тағдыры (қоныс аудару, жерді жалға беру) |
Жаңаесіл |
|
|
|
Жаңаелек |
|
|
|
Жаңашеп |
|
|
|
Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Құжаттармен жұмыс. 140-беттегі «Сұлтан Қасым Абылайхановтың Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтық приказын жоюды өтініп жазған хаты, 24 маусым, 1825 жыл».
Құжат бойынша сұрақтар:
Өз хатында Қасым сұлтан қандай талаптар қойды?
Неліктен ол бекініс салуына қарсы болды?
Қалай ойлайсыңдар, Қасым сұлтан неліктен Батыс-Сібір генерал-губернаторына емес, Орынбор губернаторына хат жазды?
Тексерілді 06.02.15
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 21. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету;
Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру;
Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Елек өзені аумағындағы жерлерді алу қай жылы басталды?
Орск және Троицк қамалдары арасында шеп тұрғызу үрдісі қалай жүрді?
ХІХ ғ. 20-30 ж. көтерілістердің жеңілу себептері мен тарихи маңызы неде?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Көтерілістің мақсаты, себептері мен қозғаушы күштері
К.Қасымұлы. Қазақ хандығын қалпына кельіру.
Ханның басқару, экономика, сауда салаларындағы өзгерістері. Қарулы әскер құру.
Патша үкіметінің жазалау шаралары. Долгов пен Герннің Кенесары хан ордасына елшілігі.
Кенесарының Ұлы жүз аумағына шегінуі және көтерілісшілердің қырғыз жеріндегі іс-әрекеттері
Көтерілістің жеңілу себептері мен таризи маңызы.
Сабаққа байланысты қосымша әдебиеттер өте көп, сондықтан бұл сабақты дөңгелек үстел сипатында, көтеріліс тарихы жөніндегі мәтін мен қазіргі зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, дискуссия өткізген жөн. Кенесары көтеріліс жөнінде белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың «Кенесары хан көтеріліс» деген еңбегінде толық жазылған.
№1 тапсырма:Оқулықтағы мәтін мен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды оқып шығып, Кенесары басқару, шаруашылықты дамыту, сауда салаларында қандай өзгерістер енгізгенін анықтаңдар.
№2 тапсырма:- Кенесарының талантты қолбасшы, шебер дипломант болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.
Сабақты бекіту:И.Тайманұлы мен С.Датұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды К.Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыспен салыстырыңдар.
С.Датұлы бастаған көтеріліс |
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс |
К.қасымұлы бастаған көтеріліс |
Жылдары |
|
|
Аумағы |
|
|
Көтерліс себептері |
|
|
Негізгі оқиғалары |
|
|
Жеңілу себептері |
|
|
Маңызы |
|
|
Үйге тапсырма: Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы туралы әңгімелеп беріңдер.
Тексерілді 10.02.15
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 22. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Сабақтың мақсаты:
Ұлы жүздің Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарын ашып көрсету;
Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жеьілдіру;
Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер
Қазақстанның Ресей империясына қосылу үрдісі, салдары мен маңызы, империя құрамындағы қазақ халқының саяси және әлеуметтік мәртебесі, орыс-қоқан қайшылығы, Ресей бодандығы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау: үй тапсырмасының орындалуын тексеру және оқушылардың шығармашылық еңбегіне баға беру.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауының себептері.
Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей бодандығын қабылдай бастауы.
Орыс-қоқан қайшылығының шиеленісуі және Қоқанға қарсы соғыс қимылдарының басталуы.
Сырдария әскери шебінің құрылуы және Ресейдің Орта Азия мемлекеттері аумағындағы әскери қимылдарын жалғастыру.
Ресей империясының Қазақстанды отарлық басып алуының салдары.
ХІХ ғ. 50-60 ж. Ресей империясынының әскері Орынбор және Омбы арқылы Ұлы жүз жеріне кіре бастады. Сырдария әскери шебі, Жетісу әскери шебі қрылды. Орта Азия мемлекеттері-Хиуаны, Қоқанды, Бұхараны бағындыруға арналған плацдарм құрылды. Ресец бодандығын қабылдаудың себептеі туралы әңгімені оқушылардың XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайының ерекшеліктерімен, қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауының себептерімен таныстырудан бастау керек:
Кіші және Орта жүз аумақтарының бір бөлігі XVIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. бас кезінде Ресей құрамына кірді немесе соның ықпалында болды;
Қазақ жерінің бір бөлігі Орта Азия хандықтарына бағынды.
Сабақты бекіту:
«Ұлы жүздің Ресейге қосылуы».
Жылдары |
Оқиғалар |
Маңызы мен салдары |
|
|
|
Үйге тапсырма:
Ресей бодандығын қабылдаудың себептері мен алғышарттары.
Қазақстанға үлкен қызығушылық танытқан мемлекеттерді атаңдар. Олардың қызығу себептерін түсіндіріңдер.
Тексерілді 13.02.15
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
