
- •«Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы»
- •§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы
- •Оқулықтағы мәтінге сүйене отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:
- •§ 23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
- •§ 24. Қазақстардың дәстүрлі шаруашылығы
- •§ 25. Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстары
- •§ 26. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
- •Округтік приказды басқару құрылымы:
- •§ 29. Хіх ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1867-1868 Ж. Реформалар
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 16. Қазақстардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтардың Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы туралы айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жүздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіндіру, адамдардың соғысқа көзқарасы, соғыстың салдары мен маңызы жөнінде әңгімелеу;
Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу машығын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, тарихи терминдерді қолдану мен шешім қабылдай білуді үйрету;
Патриоттық, ержүректік, интернационалдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Отан соғысы, әділетті және әділетсіз соғыстар, патриотизм, ерлік жасау, Отан алдындағы міндет, партизан соғысы, өзара көмек, тамырластық, қазақ байларын шоқындыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй жұмысын сұрау:
Жәңгір ханның оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, дін салалары бойынша жасаған реформаларын атаңдар.
Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік бірлестік құруына ұқсат етті.?
Жаңа мемлекеттік бірлестіктің мәртебесін түсіндіріңдер.
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
1. Ресеймен шекаралас Қазақстан аумағындағы аштық. Патша әкімшілігінің 1808 жылғы 28 мамырдағы жарлығы.
2. Орынбор және Орал шептерінде қазақ балаларының шоқындырылуы.
3. Қазақтардың Отан соғысына қатысуы. Оның тарихи маңызы.
Оқушыларға алғашынды 1800-1812 ж. аралығындағы кезеңде Қазақстанда болған оқиғалар жнінде айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі шекаралас аудандардағы қазақ-орыс қатынастарын, сауданың дамығанын, қазақтар мен орыстар арасында «тамырлық» байланыстар орнағанын, жайылымдық жерлердің таралуы мен жұт жылдары Кіші жүз қазақтарының жағдайларының нашарлағаны жөнінде әңгімелеу. Нәтижесінде шекаралас қазақ аудандарында аштық басталып, құжаттарда олардың өз балаларын сатқаны айтылады. Патша үкіметінің қазақтарды шекараның ішкі бөліктеріне көшіруі жөнінде айта келіп, сыныпқа төмендегідей тапсырма берілді.
Тапсырмалар:
Мұғалімнің кіші жүздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы әңгімесінен кейін мынаны анықтаңдар:
Патша үкіметісаясатының мақсаты не?
1808 жылы 23 мамырдағы жарлықтың шығуына қандай қажеттілік болды?
Қазақтар шекара шебінің ішкі бөлігіне қоныстану үшін қандай шарттарды орындауы қажет еді.?
Қазақтардың өмірі мен шаруашылығында қандай өзгерістер болды?
Қазақ балаларын шоқындырпу не себептен болды?
Сабақ барысында оқушылардың тапсырманы қалай орындағанын тексеріп, жауаптары толықтырылады, олардың логикалық талдауларына , өз көзқарасын қалай дәлелдейтініне назар аударылады. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы жөнінде айтқанда картамен жұмыс ұйымдастырып, Отан тарихы жөніндегі қосымша әдебиеттермен (көркем әдебиет, кинофильмдер, суретшілердің осы тақырыптарға арналған картиналары) жұмыс істеу керек. Дүниежүзі тарихы мен орыс әдебиеті пәндерінен бұл тақырып оқушыларға жақсы таныс, сондақтан бұл сабақ ерліктің , Отанға деген сүйіспеншіліктің , халықтар достығының, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдаудың мысалдарына толы, ерлік сабағы ретінде өткізіледі.
Сабақты бекіту:
ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы ашаршылықтың негізгі себептерін атаңдар.
Патша үкіметі аштыққа ұшыраған қазақтарды құтқару үшін қандай шаралар қолданды?
Қазақстар Отан соғысы кезінде орыстарға қандай көмек көрсетті?
Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар бұл соғысқа неге белсене қатысты?
Үйге тапсырма:
Патша үкіметі 1808 жылғы 23 мамырдағы жарлығын қандай мақсатпен шығарды?
Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.
«Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы»
Шайқасқа қатысушының аты-жөні |
Шайқас |
Марапатталуы |
|
|
|
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;
Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға ү»рету;
Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы аштықтың негізгі себептері.
Қазақ балаларын шоқындыруға не себеп болды?
Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихъи маңыздылығы неде?
Кестенің толтырылуын тексеру.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.
Орта жүзде хандық билікті жоюдың басталуы. Жаңа басқару жүйесін енгізу.
сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары, міндеттері.
Шаруашылық пен сауданың дамуы.
Денсаулық сақтау, дін, білім беру салаларындағы жаңа тәртіптер. Орта жүздегі 1822 жылдан кейінгі оқиғалар.
Кіші жүзде хан билігін жою.
1877 ж. «Орынбар қырғыздырыны туралы Жарғы».
1822-1824 жж. Жарғыларды енгізудің салдары.
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Тақырыпты оқыту кезінде сабақты үш бөлімге бөлуге болады.
І кезең. Мұғалімнің әңгімесі. Ол хан билігін жоюдың негізгі себептеріне тоқтала отырып, «Жарғының» авторларына және олардың мақсатына жан-жақты тоқталады.
Одан кейін оқушыларға «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» («Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1822) және «Кіші жүзде хан билігінің жойылуы» («Орынбор қызғыздары туралы жарғы»,1824) деген тақырыптар бойынша өздігінен дайындалуға тапсырма береді.
ІІ кезең. Өзіндік жұмыс.
А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.
Жобаның аты
Шыққан жылы
Авторлары
Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері
Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары
Мына салалардағы жаңа тәртіп:
экономика
сауда
денсаулық сақтау
білім беру
дін
Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:
Жобаның аты
Шыққан жылы
Авторлары
Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.
Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару.
Сабақ тақырыбын бекітуге арналған сұрақтар үлгісі:
Қазақстандағы жаңа реформаның мақсатын айтыңдар.
Орта жүзде шаруашылық, сауда, денсаулық, дін салаларында қандай өзгерістер болды? (Кесте толтыру)
1844 ж. Орынбор қазақтары өмірінде қандай өзгерістер болды?
Үйге тапсырма:
Терминдердің мағынасын түсіндіріңдер.
Оқулықтағы мәтінді және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отытыр, «Тарихи тұлға» атты хабарлама дайындау (оқушының өз таңдауы бойынша)
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 18. Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
Сабақтың мақсаты.
Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;
Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету;
Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне , эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: әскери бекініс, округтік приказ, қала мәртебесі, Ақмола әскери бекінісінің негізгі тарихи кезеңдері, қалалықтардың кәсібі, тарихи-архитектуралық ескерткіштері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстандағы хан билігі қандай жағдайда жойылды?
1822 ж. шыққан «Сібір қазақтары туралы жарғының» басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою, және аумақтық басқарылуын өзгерту болды. Осыны растайтын деректер келтіріңдер.
Картадан округтік приказдар мен Кіші жүздің үш бөлігін көрсетіңдер. Орта және Кіші жүз қазақьары қай генерал-губернаторларға бағынды?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.
Ақмола-аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.
«Ақмола» энциклопедиясы (немесе қала тарихы туралы кез-келген қосымша әдебиеттер) материалдары негізінде оқушыларға ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Сабақта міндетті түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихы айтылатын кез келген жаңа деректерді пайдалану. Ізденіс барысында оқушыларды астананың әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру (пәнаралық байланыстар: география, әдебиет, ғылыми зерттеулер).
Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беру:
1-топ. «Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау
Жалпы мәліметтері
Рельефі
Климаты
Су ресурстары
Жер бедері
Халқы
2-топ. «Ақмола округтік приказы-аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама дайындау.
Жаңа басқару тәртібі
Жкономикасы
Архитектурасы мен қала құрылысы
Халқы
Білім беру
3-топ.Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Қаланың қалыптасу тарихы»
Ақмола бекінісі-Ақмола округтік приказы-Ақмола-Цениноград-Ақмола-Астана.
Жылдар
Қаланың мәртебесі
Архитектуралық ескерткіштер
4-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)
Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау және баға қою.
Сабақты бекіту кезінде оқушыларға Астананың 10 жылдығына арнап газет шығаруды ұсыну.
Үй тапсырмасы:
Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде айтыңдар.
Мына тақырыптар бойынша қысқаша әңгіме жазу: «Астана тойы-біздің жас мемлекетіміздің үлкен жетістігі», «Ұлы істі ұлі халық пен ұлы басшы ғана атқарады», «Сарыарқаның інжу-маржаны» немесе тақпақ шығару.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: