Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Proizv_praktik_AZh_3kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.78 Кб
Скачать

Өндірістік тәжірибеден өтуші студенттің міндеті:

  • Бағдарламаға сай бекітілген уақытта, тәжірибе орнына уақытында келу;

  • Кәсіпорындағы жетекшісімен бірігіп тәжірибенің календарлық жоспарын құру;

  • Кәсіпорындағы жетекшісінің көрсетулерін және тәжірибе бағдарламасын, тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларын толық көлемде және талапқа сай орындау;

  • Кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін және еңбек заңдылықтарын, талаптарын қатаң түрде сақтау;

  • Жүктелген міндеттеріне жауапкершілікпен қарау;

  • Бекітілген нысандағы күнделікті жүргізуге мұқият болу;

  • Тәжірибеден өткеннен соң, кафедраға өндірістегі жетекшісінің пікірі мен тәжірибе бойынша жетекшінің қолы және кәсіпорынның, мекеменің немесе фирманың мөрі басылған, толық толтырылған күнделікпен бірге жазбаша есеп беру;

  • Өндірістік тәжірибеден өтуші студенттердің, кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттер үшін кәсіпорын тағайындаған жетекшілері ескерту жасап, оқу орнына хабарлауға міндетті;

  • Өндірістік тәжірибенің бағдарламасын орындамаған, пікір алмаған немесе өндірістік есепті қорғау барысында қанағаттанарлықсыз бағасын алған студент өндірістік тәжірибеге екінші рет жіберіледі немесе оқу орнынан шығарылады;

Тәжірибе бағдарламасының мазмұны

1-бөлім. Кәсіпорынмен таныстыру.

Тәжірибе өндірісті жалпы таныстырумен: технологиясы мен кәсіпорынның қызметінің негізгі бағыттарымен танысудан басталады. Кәсіпорыннан бекітілген жетекші студентті кіріспе нұсқаумен(инструктажбен) таныстырады және шаруашылық субъектілерінің бөлімдеріне, цехтарына экскурсия ұйымдастырады. Содан кейін практикант басқару бөлімдері туралы ереже, кәсіпорын Қаулысымен және оның қызметін басқарушы басқа да нормативті құжаттармен танысады.

2-бөлім. Кәсіпорынның (мекеменің) ақпараттық ішкі жүйелерін зерттеу.

Кәсіпорынмен таныстыру материалдары бойынша оның ұйымдастырушылық құрылымының және ақпараттық – техникалық қамсыздандыруының схемасы құрылады. Негізінен кәсіпорынды басқарудағы мекеменің ақпараттық ішкі жүйелеріне келесі схема бойынша көңіл бөлінеді:

  • Толығымен және бөліктеп кәсіпорынның қазіргі қызметі жөнінде жеткілікті түрде және ақиқат ақпаратты дер кезінде алу;

  • Кәсіпорын(мекеме) жұмыс жасап отырған программалық жабдық қызметімен танысу;

  • Кәсіпорын(мекеме) жұмыс жасап отырған программалық жабдық құрылымымен танысу;

  • Кәсіпорын(мекеме) жұмыс жасап отырған мәліметтер қорымен танысу;

  • Кәсіпорын(мекеме) ғимаратында жүргізілген компьютерлік желі құрылымымен және қызметімен танысу;

3-бөлім. Кәсіпорынның (мекеменің) мәліметтер қорын оқу.

  • Осы кәсіпорынның мәліметтер қорына мінездеме беру;

  • Мәліметтер қорында бар ерекшеліктерін, спецификасын айрықшалау;

4-бөлім. Кәсіпорын қызметтерін талдау.

Бұл тапсырманы орындау үшін студент келесі пункттер бойынша талдау жүргізуі керек:

  • Кәсіпорынның ақпараттық жүйелерінің күшті және нашар жақтарына талдау;

  • Кәсіпорын жұмысының автоматтандырылу деңгейін талдау;

  • Кәсіпорынның программалық қамсыздандыруын талдау;

  • Кәсіпорынның кіруші және шығатын мәліметтерді өңдеу технологиясын талдау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]