Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_studentov_testy_pediatria_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.61 Кб
Скачать

Нәжісінде қан жоқ. Көзі кіртиген, сұйық іше алмайды, тері қатпары өте баяу жазылады.Бабж бағдарламасы бойынша жіктеңіз.

А)дизентерия,ауыр түрі

В)диарея,сусыздану жоқ

С)диарея,шамалы сусыздану

D)диарея,ауыр сусыздану

Е)созылыңқы диарея,ауыр сусыздану

690. Бала түнде кенеттен ауырған, қызуы 39,0 грС. Басы, жұтынғанда тамағы аурады. Таңертең денесінде қызыл бөртпе пайда болған. Қарағанда: жағдайы орташа, қызуы 38,8 С, денесінде талаураған тері үстінде қызыл нүкте тәріздес бөртпе, әсіресе бетінде, тері қыртыстарында шоғырланған, ауыз мұрын үшбұрышы бозғылт. Жұтқыншағында: шырышты қабатын қан кернеген, сол жақ бадамша безінде (миндалінің) іріңді фолликулалар, тілі сұрғылт жамылғымен жамылған. Тамыр соғысы жиі.Бала қандай аурумен ауырады?

А)қызылша

В)қызамық

С)лейкоз

D)желшешек

Е)скарлатина

691. 3 айлық баланы жасанды тамақтандыруға көшіргеннен кейін беттері қызарып, басының, шаш арасында, қабақ үстерінде гнейс (майлы қабыршақтар) пайда болып, жиі аз аздап құсу анықталды.Қандай ауру туралы ойлайсыз?

А)ЭКД

В)баздану

С)көпіршіктену

D)желшешек

Е)пиодермия

692.Бала 6 күндік. Туылғандағы салмағы 3200г, дене ұзындығы 52 см. Анасы баланың дұрыс ембеуіне шағымданады. Жалпы қарағанда: тілі мен ұртының шырышты қабатында ақ жабын бар.Болжам диагнозын қойыңыз?

А)ЭКД

В)ауыз қуысының уылуы(молочница)

С)ауыз қуысының қабынуы(стоматит)

D)дұрыс жауап жоқ

Е)қызылша

693.Бала 2 айлық. Кеше вакцинация(АбКДС)+Хиб жүргізілген. Патронажға келгенде медицина қызметкеріне анасы мынандай шағымдар айтты: бала аздап мазасыз, түнде тынымсызданып, дұрыс ұйықтаған жоқ, қызуы 37, 4 болды. Қарағанда: вакцина еккен жері (санының алдынғы жағы) аздап қызарған, ісік жоқ. Бала аздап мазасыз, қызуы 37,1 С.Бұл жағдайды қалай түсіндіресіз?

А)вакцинаға қарсы орташа реакция

В)вакцинаға қарсы жеңіл реакция

С)вакцинаға қарсы ауыр реакция

D)миозит

Е)бәрі дұрыс

694.3 айлық балада патронаж кезінде мынадай белгілер табылды - бала мазасыз бозғылт, кілегей қабаттар құрғақ, тері қыртысы баяу жазылады, көзі кіртиген, омырауды қомағайланып сорады. Анасының айтуы бойынша балаға 1-ші рет 50 мл алма шырыны берілген. Кейін 2 рет құсық – және 6 рет сұйық нәжіс болған. ДДҰ бағдарламасы бойынша баланың жағдайын анықтаңыз.

А)ауыр сусыздану

В)дизентерия

С)өте ауыр кесел

D)диарея

Е)бәрі дұрыс

695.Қабылдауға 8 жасар қыз бала келді. Анасының айтуынша қызы 3 ай бұрын мысқылмен ауырды, ауыр түрімен. Бірнеше уақыттан кейін анасы байқаған: қызы сұйықтықты көп іше бастады (3-4 литрге дейін тәулігіне) несепті жиі әрі көп бөледі.Тәбетінің жоғарлағанына қарамастан жүдеп кетті. Соңғы 10 күнде қызы әлсіз, сылбыр, басынынң ауырғандығына шағымданады.Қандай ауру туралы ойлайсыз?

А)пиелонефрит

В)уретрит

С)цистит

D)энурез

Е)қант диабеті

696.Ұл бала 5 жаста, ауырғанына 3 күн болған. Анасының айтқаны: бала әлсіз, сылбыр, тамағы аздап ауырады, қызуы субфебрилді. Қарағанда: қызарған бадамша (таңдай) бездерінде ақшыл сұрғылт түсті жамылғы, тығыз, шпательмен қиын алынады, алғанда орыны қан талайды. Шеткі лимфа бездері үлкейген, мойын шел май қабаты бұғанаға дейін ісінген. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А)баспа

В)мысқыл(эпид.паротит)

С)күл(дифтерия)токсикалық түрі I дәрежесі

D)күл(дифтерия)токсикалық түрі II дәрежесі

Е)күл(дифтерия)токсикалық түрі III дәрежесі

697.2 жастағы балаға келгенде медицина қызметкерінің байқағаны: балада ұстамалы, булықпалы жөтел, жөтел бірінен кейін бірі жалғасып, терең, қыйын, демді ішке алуымен бітіп, қайтадан жөтеліп, қызарып, көгеріп кетті.Ұстама ұзақ жалғасып, ақыры құсумен аяқталды.Сіздің анықтамаңыз.

А)фарингит

В)ларингит

С)бронх демікпесі,ұстама кезеңі

D)туберкулез

Е)көкжөтел

698.Балаға 8 ай. Анасының сүтімен тамақтанады, бірақ қосымша тамақ әлі берілмеген. Қарағанда: бала әлі дұрыс отырмайды, енбектемейді, маңдай және төбе сүйектерінің дөңестігі байқалады, іші үлкен, жалпақ, бұлшықет тонусы әлсіз, тістері шықпаған.Қандай патология туралы ойлайсыз?

А)мешел,бастапқы кезеңі

В)мешел,қалдық кезеңі

С)мешел,өршу кезеңі

D)мешел,айығу (жазылу)кезеңі

Е)анемия ауыр дәрежесі

699.2 жастағы балаға патронажға келгенде медицина қызметкерінің байқағаны: Баланың тері жамылғысында әр түрлі , көп бөртпелердің шыққаны. Бөртпелердің біреуі түйінді, екіншісінің ішінде сұйықтық жиналған, қызуы 37,5о С.Балада қандай аурудың белгісі бар?

А)желшешек

В)көпіршіктену

С)пиодермия

D)қызылша

Е)қызамық

700.Қыз бала 4 жаста, ауырғанына 2 күн болған. Анасының айтқаны: Бала әлсіз, сылбыр, тамағы аздап ауырады, қызуы субфебрилді. Қарағанда: қызарған бадамша (таңдай) бездерінде ақшыл сұрғылт түсті жамылғы, тығыз, шпательмен алынбайды. Шеткі лимфа бездері үлкейген.Қандай ауру туралы ойлауға болады.

А)лимфоаденит

В)мысқыл(эпид.паротит)

С)күл(дифтерия)

D)баспа

Е)сепсис

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]