- •Сызықтарына түссе қандай шаралар істелінеді.
- •Жаппай тұруы тән:
- •Орналаспағандығын көрсетеді:
- •Белгісін тексеруші қалай тексереді:
- •Гипертермияға тән?
- •Медицина қызметкерінің іс-әрекеті:
- •Төмендеген. (Нв – 130г/л; Эр – 4,0х1012).Бұл жағдай қандай ауруға тән?
- •Нәжісінде қан жоқ. Көзі кіртиген, сұйық іше алмайды, тері қатпары өте баяу жазылады.Бабж бағдарламасы бойынша жіктеңіз.
Төмендеген. (Нв – 130г/л; Эр – 4,0х1012).Бұл жағдай қандай ауруға тән?
А)гемофилия А
В)гемофилия С
С)гемолитикалық ауру сарғыш түрі
D)гемолитикалық ауру ісіктік түрі
Е)гемолитикалық ауру анемиялық түрі
660.Қыз балаға 3 күн.Туылғандағы салмағы 3600 гр, қараған кездегі салмағы 3450 гр. Нәрестенің жағдайы қанағаттандырарлық, дене қызуы қалыпты (36,60), анасының омырауын белсенді сорады.Сіздің шешіміңіз,балада:
А)физиологиялық сарғаю
В)физиологиялық салмақ жоғалту
С)физиологиялық эритема
D)несен қышқыл инфаркті
Е)физиологиялық мастит
661.Нәрестеге (қыз бала) 8 күн. Туылғандағы салмағы 3200 гр, бойы 50 см, Апгар шкаласы бойынша 7/8 балл алған. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық,тері жамылғысы таза, түсі қызғылт.Нәресте белсенді, дене қызуы 36,80. Кіндік жарасы құрғақ. Нәрестенің омырау бездері ісініп үкейген, бірақ оның үстіндегі тері жамылғысының түсі өзгермеген.Сонымен қатар жыныс еріндері де ісініп,одан ақшыл сұйықтық бөлінгені байқалады. Нәрестеде не жағдай, түсіндіріңіз.
А)физиологиялық сарғаю
В)физиологиялық салмақ жоғалту
С)физиологиялық эритема
D)несен қышқыл инфаркті
Е)жыныстық криз
662.Дүниеге келген нәрестеде 2-3 сағаттан кейін терісінің түсінің сарғайғандығы байқалды,ал 2 сағаттан кейін сарғайғандығы одан да айқындала түсті, көзінің ағы, шырышты қабаттары сарғайды. Нәресте сылбыр, ұйықтай береді, шартсыз рефлекстері төмен, әлсіз. Тексергенде, анасында қан тобы 0(I), резус (-); нәрестеде қан тобы 0(I), резус (+).
А)сепсис
В)физиологиялық сарғаю
С)гемолитикалық ауру сарғыш түрі
D)гемолитикалық ауру ісіктік түрі
Е)гемолитикалық ауру анемиялық түрі
663.Нәресте дүниеге келгенде кіндігі мойынына 2 рет оратылып түсті. Апгар шкаласы бойынша 6/7 балл берілді. Нәрестеде қандай жағдай дамуы мүмкін?
А)омфалит
В)отит
С)гемолиз
D)гепатит
Е)асфиксия
664.Нәрестеге медицина қызметкері патронажға келгенде байқағаны: нәрестенің шап аралық, қолтық, жамбас аралық қыртыстары қызарған. Жағдайы қанағаттандырарлық. Анасымен сұхбат барысында нәрестенің жиі, сулы жөргекте жататындығы (себебі, анасының айтуынша, бала мазасызданбайды, тыныш жата береді), ал жөргектегенде жамбас астына клеенка салатыны анықталды. Қандай ауру туралы ойлуға болады?
А)пысынаушылық
В)көпіршіктену
С)пиодермия
D)баздану
Е)атопиялық дерматит
665.Нәрестенің дүниеге келгендегі салмағы 3200 гр, бойы 50 см. Кіндік жарасынан қанды-іріңді сұйықтық бөлініп, көпке дейін жазылмаған. Анасы, өзі, сутегі асқын тотығымен және бриллиант жасыл ертіндісін қолданған, айтуынша жазылғанына 2 аптадай болды. Қазір балаға 1 ай 10 күн. Соңғы кезде анасының байқағаны: бала әлсіз, сылбыр, дұрыс ембейді, кейде лоқсып, құсады, 2-3 күннен бері кешке қарай дене қызуы 37,50 – 37,70 қа дейін көтеріледі. Қарағанда: тері қабатының түсі ақшыл-сұрғылт тартқан, кіндігі таза, құрғақ, кіндік жарасы жазылған. Салмағы 3400 гр.Не туралы ойлауға болады?
А)іріңді омфалит
В)катаральді омфалит
С)асфиксия
D)анемия
Е)сепсис
666.Бала қысқыштың көмегімен, тұншығу жағдайында дүниеге келген, осы себепті әуелі перзентханада, одан кейін нәрестелерге арналған патология бөлімінде емделген. Қазір балаға 5 ай, бала әлсіз, сылбыр, көп қозғалмайды, өздігінен аударыла алмайды, басын әлі дұрыс тік ұстамайды, аяғын тіремейді.Баланың ақыл-ой дамуына баға беріңіз.Балада даму тобы:
А)I
В)II
С)IV
D)III
Е)IА
667.Бала ішіне жатқанда қолына сүйеніп, басын тік көтеріп ұстайды, кейде алдында ілулі тұрған ойыншыққа қолымен оқыс тиіп кетеді. Оған қарап сөйлегенде қол-аяғын сермеп қуанады, гуілдейді, күледі. Балаға неше ай,нешінші даму тобына жатады?
А)1 ай даму тобы I
В)2 ай даму тобы II
С)3 ай даму тобы I
D)3 ай даму тобы II
Е)2 ай даму тобы IА
668.Бала ішінен арқасына аударыла алады, қандай қалпында жатса да өзі ойыншықты алады, ма-па деп буындарды айта бастады, қасықтан тамақты ернімен алады. Осы кезге дейін ауырмаған, туылғандағы салмағы 3000 гр, бойы 51 см. Қазіргі салмағы 7200 гр, бойы 67 см. Балаға неше ай, нешінші даму тобы?
А)6 ай даму тобы I
В)6 ай даму тобы II
С)5 ай даму тобы II
D)6 ай даму тобы III
Е)5 ай даму тобы III
669.Бала III-ші жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысында анасының аяқтары аздап ісінген, бала Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл алған, 3 күннен кейін үйге шығарылған. Кіндік қалдығы 4 күннен кейін түсіп, кіндік жарасы 7-8 күннен кейін жазылған. Мойынын 1 айынан бастап жақсы ұстайды,тамақтануы табиғи.Қазір бала анасын таниды, дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. Қатты күледі, гуілдейді, ілулі тұрған ойыншықты қолымен ұстайды.Салмағы 6100 гр, бойы 63 см.Балаға неше ай, нешінші даму тобы?
А)5 ай даму тобы I
В)5 ай даму тобы II
С)4 ай даму тобы I
D)4 ай даму тобы II
Е)3 ай даму тобы I
670.Бала II-ші жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысында анасының аяқтары ісінген, қан қысымы соңғы 2 ай бойы 140/90 мм.сн.бғ. болып, босанардың алдында 180/90 мм.сн.бғ. дейін көтерілген. Босану барысында толғағы сиреп, баланы қиындықпен босанған. Дүниеге келгенде бала жыламаған, жандандыру шараларынан кейін ғана аздап жылаған, қазір балаға 10 ай, өздігінен отыра алмайды, белсенсіз, қолтығынан ұстаған кезде аяғын нашар тірейді, ма-па деген буындарды айтады. Даму тобын анықтаңыз.
А)I- II
В)II- III
С)IV-V
D)III
Е)IА
671.Бала 5 жаста. Анасының шағымы: Бала соңғы кезде сылбыр, тәбеті төмен, балалармен ойнамайды, жата береді. Қарағанда: Баланың тері қабаттары қуқыл тартқан.Тері асты шел қабаты нашар дамыған, ауыз қуысында шіріген тістері бар. Жанұяның тұрмыс жағдайы төмен. Кеше қан сынамасын тапсырған екен, онда: эритроциттер, 2,8х 1012/л; гемоглобин 66г/л; түс көрсеткіші- 0,7. Сіздің анықтамаңыз:
А)анемия I дәрежесі ауыр түрі
В)анемия II дәрежесі орташа түрі
С)лейкоз,ауыр түрі
D)анемия III дәрежесі ауыр түрі
Е)анемия I дәрежесі,жеңіл түрі
672.Бала 7 айлық табиғи тамақтанады. Соңғы кезде анасының байқағаны бала дұрыс омырауды ембейді, сылбыр. Қосымша тамақ ретінде тек манка ботқасын береді. Тұрмыс жағдайы нашар.Қан сынамасында эритроциттер 3,1х 10 12 г/л; гемоглобин 95 г/л; түс көрсеткіші 0,7. Сіздің анықтамаңыз:
А)анемия I дәрежесі ауыр түрі
В)анемия II дәрежесі орташа түрі
С)лейкоз,ауыр түрі
D)анемия III дәрежесі ауыр түрі
Е)анемия I дәрежесі,жеңіл түрі
673.Ер бала 3 айлық, I-ші жүктіліктен,анасы 24 жаста,жүктілік кезінде уақытында бақыланып, ешқандай аурумен ауырмаған. Бала дүниеге келгенде айқайлап, жылап түскен,омырауға алғашқы 30 минутта салған,кіндік қалдығы 4-ші күні түсіп, 2 аптада жазылған.баланың ақыл-ой дамуы жасына сәйкес. Таңертең сағат 9 дарда емханада бұлшық етке АбКДС вакцинасын жасаған,анасының шағымы: еккен жері ісінген және 7-8 сағат өтсе де әлі қанап тұр.Қандай патология туралы ойлауға болады,сіздің іс-әрекетіңіз:
А)лейкоз,тез ауруханаға жолдау
В)гемолитикалық анемия,үйде емдеу
С)геморрагиялық васкулит,емханаға жолдау
D)тромбоцитопениялық пурпура,ауруханаға жеткізу
Е)гемофилия, тез ауруханаға жолдау
674.11 жастағы ер бала ауруханада жиі мұрнынан қан кетуіне және кез келген болмашы жарақаттан денесінде қанталаулар пайда болуына байланысты ауруханада емделіп жатқандығын айтты. Анасының айтуы бойынша,осы сияқты белгілермен 13 жастағы апасының да, баласының жиі емделетіндігін және диспансерлік бақылауда тұратындығын, мектепке бармай үй жағдайында емделетіндігі анықталды.Сіз қалай ойлайсыз,қандай патология бойынша диспансерлік есепте тұруы мүмкін?
А)лейкоз
В)гемофилия
С)геморрагиялық васкулит
D)тромбоцитопениялық пурпура
Е)гемартроз
675.Бала 6 жаста. Анасының шағымы: Бала соңғы кезде сылбыр, тәбеті төмен, балалармен ойнамайды, жата береді,шаршайды,піспеген қамыр, бор жегенді ұнатады. Қарағанда:Баланың тері қабаттары қуқыл тартқан, тері асты шел қабаты нашар дамыған,ауыз қуысында шіріген тістері бар қан сынамасында:эритроциттер 3,3х 1012/л; гемоглобин 78г/л; түс көрсеткіші- 0,7.
А)анемия I дәрежесі ауыр түрі
В)анемия II дәрежесі орташа түрі
С)лейкоз,ауыр түрі
D)анемия III дәрежесі ауыр түрі
Е)анемия I дәрежесі,жеңіл түрі
676.Анасы 8 жастағы қызының мұрнынан жиі қан ағатындығына шағымданады, ал 1-2 күннен бері арқасында, жамбас тұстарында теңбіл-теңбіл қанталаған таңбалар пайда болған. Осы кезге дейін ешқандай тексерулер жасалмаған.Дене қызуы қалыпты, көңіл-күйі өзгермеген. Қандай ауру туралы ойлауға болады.Дәлелдеу үшін қандай тексерістер жүргізу керек?
А)лейкоз,бласт клеткаларын іздеу
В)гемофилия,қанның ұю уақытын тексеру.
С)геморрагиялық васкулит,ЭТЖ тексеру
D)тромбоцитопениялық пурпура,тромбоциттердің санын тексеру
Е)гемартроз,қанның тоқтау уақытын тексеру
677.10 жастағы қыз баланың анасының айтуынша, баласының ауырғанына 2-3 күн болды. Алғашқы күні аздап іші ауырған,кеше қызуы көтеріліп, буындарының ауыратындығына шағымданған.Қарағанда: жағдайы ауыр,қатты іші ауруына байланысты,тізесін ішіне қарай тартып алған, бет-әлпетінде қайғырғандық, ауырсынғандық байқалады. Тізе, тобық буындары ісінген, тобық буындарының және жамбас тұсында уақ қызыл дақты-түйінді бөртпелер байқалады.Ауыз қуысында 4-5 шіріген тістері бар. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған.Қандай патология туралы ойлаймыз?
А)лейкоз
В)гемофилия
С)геморрагиялық васкулит
D)тромбоцитопениялық пурпура
Е)гемартроз
678.Анасы 6 жастағы қызының мұрнынан жиі қан ағатындығына шағымданады, қан ағу көбіне өздігінен тоқтайтындығын айтты. 2-3 күннен бері арқасында,жамбас тұстарында теңбіл-теңбіл қанталаған таңбалар пайда болған. Дене қызуы қалыпты, көңіл-күйі өзгермеген. Кеше қан сынамасын тапсырған,онда: эритроциттер 3,5х 1012/л; гемоглобин 88г/л; түс көрсеткіші- 0,7; тромбоциттер саны 70х109/л.Қандай ауру туралы ойлауға болады.
А)лейкоз
В)гемофилия
С)геморрагиялық васкулит
D)тромбоцитопениялық пурпура
Е)гемартроз
679.БМКБ бөлімшеге 12 жастағы бала келді, анасы мынандай шағымдар айтты: Соңғы кезде оқу үглгерімі нашарлап кетті, жазуы бұзылды, айтқанды көп аңғармайды, көп қате жібереді, жолдастарымен , жанұясындағы адамдармен келісе алмай қалады, қолапайсыз, тамақ ішіп отырғанда тамағын төгіп алады. Қарағанда: жүрек тондары күңгірт, жүрек ұшында - систоликалық шу естіледі, тамыр соғысы 110 минутына, қолының саусақтарының бұлшық еттері әлсіз. Көзін жұмғанда сұқ саусағымен мұрнының ұшына дәл түсе алмайды. Анамнезінде жиі баспамен ауырады.Сіздің анықтамаңыз.
А)паркинсонизм
В)спазмофилия
С)эпилепсия
D)хорея
Е)дұрыс жауап жоқ
680.Ер бала 10 жаста. Анасы баласының мұрнын, маңдайын тыржита беретіндігін, соңғы 1-2 апта бойы баласының мінезінің өзгергендігін айтты. Анамнезінде бала жиі ЖРВИ - мен ауырады,1 ай бұрын срептодермия деген диагноз бойынша емделген. Қарағанда: бала қолдарымен еріксіз көп қимылдар жасайды,дұрыс жүре алмайды.Сөйлегенде созып сөйлейді,кейде айтқанын түсіну қиын. Қандай патология туралы ойлаймыз?
А)паркинсонизм
В)хорея
С)эпилепсия
D)спазмофилия
Е)дұрыс жауап жоқ
681.Сізге 2 жастағы бала келді. Жедел ауырған, қызуы 38,9 С дейін көтеріліп, жағдайы күрт төмендеген. Бала әлсіз, сылбыр, бір рет құсқан, тамақ ішпейді, кіші дәретке отырғанда берекетсізденеді, несебі лайлы. Қандай ауру туралы ойлайсыз, анықтау үшін қандай тексерулер керек?
А)диарея,бактериологиялық тексеру
В)гепатит,өт пигменттерін тексеру
С)пиелонефрит,Нечипоренко сынамасын жүргізу
D)пиелонефрит,Зимницкий сынамасын жүргізу
Е)гломерулонфрит,жалпы несеп сынамасын тексеру
682.Қабылдауға 12 жастағы қыз бала келді. Соңғы 2 жұмада әлсіздік, тәбетінің төмендігі, басы ауырғандық, жалпы шаршау, таңертеңгілік көзінің астының ісіңкі болғаны ойландырады. Анамнезінде: созылмалы тонзиллит , шіріген тістері бар.Қарағанда: терісі таза, бозғылт, беті ісіңкі. Жүрек тондары күңгірт, қан қысымы-130/80мм.сн.б.Несебінің түсі «еттің жуындысындай»..Қандай ауру туралы ойлайсыз?
А)цистит
В)нефрит
С)неврит
D)уретрит
Е)дұрыс жауап жоқ
683.Ауруханаға түскен 3 жасар баланың қызуы 38 0, құсады, іші ауырады, несепті жиі бөледі. Амбулаториялық тексерістің негізінде жедел пиелонефрит деген анықтама (диагноз) қойылды.Бұл жағдайда информация беретін маңызды тексеріс?
А)дұрыс жауап жоқ
В)С-реактивті белок
С)Зимницкий сынамасы
D)жалпы қан сынамасы
Е)Аддис-Каковский сынамасы
684.Қант диабетімен ауыратын бала, инсулин енгізгеннен кейін басының қатты ауырғандығына, жалпы әлсіздікке , аяқ қолының дірілдеп, қарны ашып терлеу пайда болғанына шағымданды. Бұл не түсіндір.
А)гипогликемиялық жағдай
В)коллапс
С)энцефалит
D)менингит
Е)гипергликемиялық жағдай
685.10 жастағы ұл бала жедел ауырып қалды, үйде мысқыл диагнозы бойынша ем қабылдады.Бүгін 8 күн. танертең басының ауырғанына шағымданып, екі рет құсты. Дене қызуы 38,5 С тәбеті төмен,қарағанда жағдайы орташа.Мысқыл немен асқынуы мүмкін?
А)отит
В)энтеробиоз
С)лимфоаденит
D)менингоэнцефалит
Е)спондиллит
686. 5 жастағы балаға Манту белгісін істедіңіз. Манту белгісі бұдан бұрын, яғни 3 жасында 2 мм, 4 жасында теріс (-) болған, ал қазір түйін - 9 мм. Бала ешқандай шағым айтпайды. Белсенді, көңіл күйі, тәбеті жақсы. Ішкі ағза жағынан өзгерістер табылған жоқ. Несеп, қан сынамалары қалыпты.Бұл не?
А)вакцинадан кейінгі аллергия
В)пиодермия
С)экзема
D)дұрыс жауап жоқ
Е)вираж
687. Бала - бақшада 4 жастағы бала тәрбиешіге басының, көзінің ауырып тұрғандығына шағымданады. Тәрбиеші баланы төсегіне жатқызды. Бірнеше минуттан кейін баланың қызуы 39,0 С көтеріліп, құсу пайда болды. Қарағанда: баланың есі бар, басын шалқайтып бір жақ жанында жатыр, аяқтары тізе- жамбас буындарында бүгілген, көзімен жарыққа қарай алмайды.Сіздің жорамал анықтамаңыз (диагноз):
А)коньюнктивит
В)қызылша
С)лимфоаденит
D)менингит
Е)спондиллит
688.Бала 1 жаста, 2-3 күннен бері үйде мұрнынан серозды сұйықтық ағып,аздап жөтеліп жүр. Анамнезінде: анасының айтуынша көрші үйдің 3 жасар баласы жиі ауырады, 2 жұма бұрын ол бала да жөтеліп,катаральды белгілеріне және үстіне бөртпелер шығуына байланысты үй жағдайында ем қабылдаған.Қарағанда: жұтқышағы қызарған,ауыз қуысының кілегей қабатында,ұртында кішкене ақ, манка түйіршігіндей элементтер бар. Баланың көзі жасаурап,жарыққа көп қарай алмайды. Тері жамылғылары таза. Қандай ауру туралы ойлауға болады ?
А)коньюнктивит
В)қызамық
С)лейкоз
D)желшешек
Е*қызылша
689. Әлияның іші өткеніне (нәжісі сұйық) 3 күн болды,күніне 4-5 ретке дейін.
