- •Сызықтарына түссе қандай шаралар істелінеді.
 - •Жаппай тұруы тән:
 - •Орналаспағандығын көрсетеді:
 - •Белгісін тексеруші қалай тексереді:
 - •Гипертермияға тән?
 - •Медицина қызметкерінің іс-әрекеті:
 - •Төмендеген. (Нв – 130г/л; Эр – 4,0х1012).Бұл жағдай қандай ауруға тән?
 - •Нәжісінде қан жоқ. Көзі кіртиген, сұйық іше алмайды, тері қатпары өте баяу жазылады.Бабж бағдарламасы бойынша жіктеңіз.
 
«Балалар аурулары» пәні бойынша тест ( педиатрия) 2013-2014
1.Баланың дене бітімінің дамуы қалыпты деп есептелінеді егер:
А) ақыл- ой дамуы жасына сәйкес келсе
В)салмақ –бой көрсеткіштері жасына сәйкес келсе
С)Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл алса.
D)жауаптардың бәрі де дұрыс.
Е)38-40 аптада дүниеге келсе
2.Дене - бітімінің дамуы төмендегі көрсеткіштермен бағаланады:
А)ақыл ой
В)ішкі ағзалардың жұмысы
С)салмақ-бой
D)денсаулығымен
Е)барлық жауап дұрыс
3.Дене-бітімінің дамуын бағалау үшін қолданылады:
А)Апгар шкаласы
В)графологиялық құрылым (БАБЖ-ИВБДВ)
С)егу кестесі
D)біреуі де қолданылмайды
Е)болжау-бағалау кестесі
4.Нормотрофия деп бағаланады, егер графологиялық құрылым бойынша СБИ (ИМТ) көрсеткіші қандай сызықтарға түссе:
А) 0- ( - 1 )
В)1-(+2)
С)-1-(-2)
D)-2 – (-3)
Е)+3 тен асса
5.Гипотрофия деп бағаланады, егер графологиялық құрылым бойынша СБИ (ИМТ) көрсеткіші қандай сызықтарға түссе:
А) 0- ( - 1 )
В)1-(+2)
С)+2-(+3)
D)-2 – (-3)
Е)+3 тен асса
6.Гипосомия дегеніміз:
А)салмағы артық
В)салмағы төмен
С)бойы ұзын
D)бойы қысқа (төмен)
Е)салмағы мен бойы жасына сәйкес болса
7.Паратрофия дегеніміз салмағының:
А)40% артық болуы
В)20 % кем болуы
С)20 %-ға дейін көтерілуі (артық болуы)
D)50 % артық болуы.
Е) 10 % кем болуы
8.Баланың туғандағы салмағы 2 есе өседі:
А)1 айында
В)4-5 айында
С)10 айында
D)1 жаста.
Е)8 айында
9.3 жастағы баланың салмағын табу формуласы:
А)п х 10
В)п х 70
С)10500 +2 х п
D)3000+2 х п
Е) 5000+2 хп
10.Сәбидің І-ші кварталда бойы ай сайын орташа өседі:
А)1 см-ге
В)5 см-ге
С)3 см-ге
D)8 см-ге
Е)10 см-ге
11.Сәбидің туылғандағы бас шеңберінің көлемі 1 жасқа дейін, ай сайын орташа өседі:
А)1 см-ге
В)3 см-ге
С)4 см-ге
D)5 см-ге
Е)0,5 см-ге
12.Баланың дене-бітімінің дамуын бағалайды:
А)патронажға барғанда
В)емханаға шақырғанда
С)ауруханаға түскенде
D)құрсақ іші кезеңінде
Е)барлық жауап дұрыс
13.Сәбидің І- жарты жылдықта ай-сайынғы қосатын орташа салмағы:
А)300 гр.
В)500 гр
С)700 гр
D)400 гр
Е)200 гр
14.Дені сау баланың салмағын 1 жасқа дейін өлшейміз:
А)айына 1 рет.
В)айына 2 рет
С)кварталға 1 рет
D)кварталға 2 рет
Е)апта сайын
15.Баланың бас шеңберінің аумағы 1 жастан -5 жасқа дейін орташа өседі.
А)ай-сайын 1 см-ге
В)жылына 1 см-ге
С)жылына 0,5 см-ге
D)жылына 3 см-ге
Е)айына 0,5 см-ге
16.Бас шеңбері өлшенеді:
А)төбе сүйек дөңесі және қас үсті дөңесі үстімен.
В)төбе сүйек дөңесі және маңдай сүйек үстімен.
С)шүйде сүйек дөңесі және қас үсті дөңесі үстімен
D)төбе және шүйде сүйек дөңестері үстімен.
Е) төбе сүйек дөңесі және иек астыменен
17.Баланың кеуде шеңбері өлшенеді:
А)жауырынның жоғарғы жағы және төс сүйек үстімен.
В)жауырынның ортасы және қабырғаның төменгі жағымен.
С)жауырынның төменгі бұрыштары және үрпі дөңгелегінің төменгі шетімен
D)бәрі де дұрыс
Е)белінің ортасымен
18.Дене-бітімінің дамуын бағалау үшін жүргізіледі:
А)спирограмма
В)аудиометрия
С)антропометрия
D)ЭКГ
Е)дұрыс жауап жоқ
19.Бала 1 жасқа толғанда туылғандағы бой көрсеткішіне орташа қосады:
А)50 см
В)75 см
С)25 см
D)100см
Е)15 см
20.1 жастағы баланың орташа салмағы:
А) 7.500
В)12.000
С)10.500
D)15.000
Е)8.500
21.Егер баланың СБИ (ИМТ) көрсеткіші графологиялық құрылым бойынша+2-(+3)
Сызықтарына түссе қандай шаралар істелінеді.
А)эндокринологпен кеңесу, тамақтануын реттеу, уалау, жаттығулар жасау.
В)невропатологқа жолдау.
С)хирургпен кеңесу.
D)дені сау бала ретінде бақылау
Е)фтизиатрға жолдау
22.1 жасқа толған баланың салмағы 2 есе өседі.
А)3-4 жасында
В)5-6 жасында
С)10-11 жасында
D)14 жасында
Е)2 жасында
23.Баланың ми ткані бай:
А)суға
В)минералдарға
С)тұздарға
D)холестеринге.
Е)глюкозаға
24.Баланың көзінен жас бөліне бастайды:
А)2-ші күні
В)2-ші жұмада (аптада)
С)2- айдан бастап
D)2-ші кварталдан кейін
Е)6 айында
25.Баланың ақыл-ой дамуына әсер етеді:
А)салмағы мен бойының жасына сәйкес келуі.
В)1 жасқа дейін табиғи тамақтандыру.
С)анасының жүктілік кездегі зиянды әрекеттері,туылу сәтінде болған миының зақымдануы,гипоксия,тұншығу.
D)жасанды тамақтану
Е)барлық жауап дұрыс
26.Ақыл-ой даму көрсеткіштерінің жасына сәйкестігін анықтайды:
А)емханада қабылдау кезінде дәрігер –педиатр.
В)медбике үйде, балаға патронаж жасағанда
С)дәрігер үйге балаға шақыру бойынша барғанда
D)невропатологқа кеңеске барғанда.
Е)барлық жауап дұрыс
27.Ақыл- ой дамуын анықтау үшін керек көрсеткіштер:
А)көру, есту анализаторлары, көңіл- күйі, салмағы.
В)жалпы қимылы, сөзді айтуы, бой ұзындығы
С)салмағы, бой ұзындығы,қол қимылы
D)көру, есту анализаторлары, жалпы қимылы, қол қимылы, көңіл күйі, сөзді айтуы, сөзді
түсінуі, дағдысы.
Е)бас ,кеуде шеңбері,есту,көру анализаторлары
28.Қандай ДАМУ ТОБЫ екенін анықтап баға береді.
А)дәрігер педиатр емханада қабылдау кезінде
В)медбике патронажға барғанда
С)педиатр үйге шақыру бойынша барғанда
D)эндокринологпен кеңескенде.
Е)невропатолог
29.Ақыл- ойының барлық даму көрсеткіштері эпикриздік мезгілге сәйкес болса:
А)даму тобы ІІІ
В)даму тобы І
С)даму тобы ІV
D)даму тобы ІI
Е)даму тобы V
30.Ақыл- ой даму көрсеткіштерінің бірі, бір эпикриздік мезгілге қалып қойған болса:
А)даму тобы І
В)даму тобы ІІ
С)даму тобы ІІІ
D)даму тобы І А
Е)даму тобы ІV
31.Ақыл-ой дамуы І топ, егер:
А)салмақ және бой ұзындығы жасына сәйкес келсе.
В)ақыл-ой даму көрсеткіштері жасына сәйкес келсе
С)ішкі ағзалар жұмысы қалыпты жағдайда болса
D)шартсыз рефлекстері жақсы дамыса
Е)барлық жауап дұрыс
32.Ақыл-ой даму көрсеткіштерінің бірі екі эпикриздік мезгілге қалыс болса:
А)даму тобы ІV
В)даму тобы І
С)даму тобы ІІІ
D)даму тобы ІІ
Е)даму тобы V
33.Ақыл –ой даму көрсеткіштері 3-4 және одан да көп эпикриздік мезгілге қалыс болса:
А)даму тобы ІV
В)даму тобы І
С)даму тобы ІІІ
D)даму тобы ІІ
Е) даму тобы І-А
34.Ақыл-ой даму көрсеткіштерінің бірі өзінің жасына қарағанда алда (ілгері) болса:
А)даму тобы І
В)даму тобы ІІ
С)даму тобы І А.
D)даму тобы ІІІ.
Е) даму тобы V
35.Ақыл-ой дамуы қалыпты деп есептелінеді егер:
А)даму тобы ІІІ, ІV, V болса
В)даму тобы ІV, V болса
С)даму тобы І,ІІ, ІІІ. болса
D)даму тобы ІІ, ІІІ, ІV болса
Е)дұрыс жауап жоқ
36.Бала психоневрологтың бақылауында болу керек егер:
А)даму тобы І ; І-А болса
В)даму тобы ІV, V болса
С)даму тобы ІІ; ІІІ. болса
D)осы айтылғандардың барлық түрінде.
Е) даму тобы І болса
37.Егер бала ІІ-ІІІ даму тобында болса анасына беретін кеңесіміз:
А)таза ауада көп серуендемеу
В)2 күнде бір шомылдыру
С)тәрбие жұмысын жақсарту;
D)жасанды тамақтандыру.
Е)Д дәруменін беру
38.Бала жылтыраған ойыншыққа қысқа уақыт көзін тігіп қарайды:
А)1 айлығында
В)3 айлығында
С)5 айлығында
D)1 жасында
Е)6 айында
39.Бала оған қарап айтылған сөздің екпінін түсінеді:
А)2 айында
В)5 айында
С)7 айында
D)1 жаста
Е)10 айында
40.Бала өздігінен отырады:
А)2-3 айында
В)6-7 айында
С)9-10 айында
D)1 жаста
Е)4-5 айында
41.Бала ұстап тұрған кеседен іше алады.
А)2 айында
В)5 айында
С)7 айында
D)1 жаста
Е)2 жасында
42. Бала «Ма», «Ба» «Па» деген буындарды айта бастайды:
А)8 айында
В)4 айында
С)2 айында
D)6 айында
Е)1 жаста
43. Қандай көрсеткіштерге байланысты балаларды әр-түрлі даму топтарына бөледі:
А)салмақ
В)бас шеңбері
С)кеуде шеңбері
D)ақыл- ой.
Е)бойы
44.Бала өздігінен отырып- тұрып, жағалап жүреді:
А)1 жаста
В)8 айында
С 6 айында
D)10 айында
Е)12 айда
45. Бала үлкендердің көмегінсіз өзі жүреді:
А)1 жаста
В)2 жаста
С)6 айында
D)1 жас 6 айда
Е)7 айда
46.Ақыл- ой көрсеткіштеріне байланысты неше даму тобы бар:
А) 3
В) 2
С)5
D) 4
Е) 1
47.Нәрестелік кезеңде календарлық диспансерлік бақылау№164 бұйрық бойынша дені сау балаға жүргізіледі (мейірбике):
А)айына 1 рет
В)аптасына 1 рет
С)айына 2 рет
D)10 күнде 1 рет
Е)дұрыс жауап жоқ
48.1-2 жас аралығындағы балаларды календарлық диспансерлік бақылау №164 бұйрық бойынша дені сау балаға жүргізіледі (мейірбике):
А)айына 1 рет
В)жарты жылда 1 рет
С)кварталына 1 рет
D)жылына 1 рет
Е)жылына 2 рет
49. 2-3 жас аралығындағы балаларды календарлық –диспансерлік бақылау №164 бұйрық бойынша дені сау балаға жүргізіледі (мейірбике):
А)айына 1 рет
В)жарты жылда 1 рет
С)кварталына 1 рет
D)жылына 1 рет
Е)2 айда 1 рет
50.3-6 жас аралығындағы балаларды календарлық –диспансерлік бақылау №164 бұйрық бойынша дені сау балаға жүргізіледі (мейірбике):
А)айына 1 рет
В)жарты жылда 1 рет
С)кварталына 1 рет
D)жылына 1 рет
Е)жүргізілмейді
51.Календарлық –диспансерлік бақылау жүргізгенде істелінетін шаралар:
А)созылмалы ауру ошақтарын емдеу
В)ауруханаға жолдама жазу
С)алдын-алу егуден дәрігерлік медициналық кепілдеме беру (медотвод)
D)дене-бітімінің және ақыл- ойының дамуын бағалап, денсаулық топтарын анықтау, кеңестер беру
Е)барлық жауап дұрыс
52.Дені сау балаларға алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру үшін бөлімше педиатрына көмек ретінде құрылады. (ұйымдастырылды):
А)емханада емшара бөлмесі
В)емханада дені сау балалар бөлмесі (СББ-КЗР),егу бөлмесі(прививочный)
С)емханада күндізгі емдеу бөлмесі (дневной стационар)
D)емханада физиоем бөлмесі
Е)ауруханада жандандыру бөлімшесі
53.Болжау-бағалау кестесі бойынша балаларды қандай топтарға бөледі?
А)денсаулық
В)даму
С)жоғарғы қатерлі
D)көңіл аударатын
Е)А мен В дан басқасы
54.Баланың денсаулығын сақтау шаралары жүргізіледі:
А)нәресте дүниеге келген күннен бастап
В)жүктіліктің бірінші күнінен бастап
С)баланың 1 жасынан бастап
D)баланың 1 айлығынан бастап
Е)бала 1 аптаға толғасын
55.Бала- бақшада жұмыс істейтін медицина қызметкерінің негізгі міндеті:
А)ауру балаларды емдеу
В)үйге барып көмек көрсету.
С)дені сау балаларға календарлық мезгілі бойынша алдын-алу шараларын ұйымдастыру.
D)бәрі де дұрыс
Е)патронаж жасау
56.Денсаулық тобы дегенде баға беріледі:.
А)дене-бітімінің дамуына
В)ақыл-ойының дамуына
С)ішкі ағзалардың жұмыс жағдайына
D)тамақтануына
Е)D- дан басқасы
57.Қандай денсаулық тобы екенін анықтайды:
А)медбике үйге патронаж жасағанда
В)толық тексеруден кейін дәрігер
С)дәрігер үйге көмек көрсету үшін шақырылған кезде.
D)антропометрия жүргізгеннен кейін
Е)барлық жауап дұрыс
58.Неше денсаулық тобы бар:
А)2
В)3
С)5
D)8
Е)10
59.Егер бала жыл ішінде ЖРВИ –мен 2-3 рет ауырса:
А)денсаулық тобы І
В)денсаулық тобы ІІ
С)денсаулық тобы ІV
D)денсаулық тобы V
Е) денсаулық тобы ІІI
60.Бала жүрек ақауы бойынша есепте тұр, декомпенсация сатысында:
А)денсаулық тобы І
В)денсаулық тобы ІІ
С)денсаулық тобы ІІІ
D)денсаулық тобы V
Е)дұрыс жауап жоқ
61.Диспансерлік бақылауға (есепке)алу үлгісі:
А)№30
В)№112
С)№063
D)№064 у
Е)№058
62.Календарлық – диспансерлік бақылау (патронаж) туралы мәліметтер жазылады:
А)№ 30 үлгіге
В)№112
С)№063
D)№064 у
Е)№058
педиатр.
63.Нәрестенің жетіліп туылғанын анықтаймыз:
А)бойы және салмағының жүктіліктің аптасына сәйкестігіне байланысты.
В)АПГАР шкаласы бойынша
С)жүктіліктің мезгіліне байланысты
D)Центиль кестесі бойынша
Е)болжау-бағалау кестесі бойынша
64.Жетіліп туылған нәрестенің орташа салмағы:
А)3.500.
В)2.100.
С)1.500.
D)5.600.
Е)4.500
65.Жетіліп туылған нәрестенің орташа бой ұзындығы:
А)50-52 см
В)46-48 см
С)58-60 см.
D)39-42 см
Е)30-35 см
66.Дені сау нәресте АПГАР шкаласы бойынша қанша балл алады:
А)0-2
В)4-6
С)5-7
D)7-10
Е)дұрыс жауап жоқ
67.АПГАР шкаласымен не анықталады:
А)шала туылғандықтың белгілері:
В)күнінен (айынан) асып туылғандықтың белгілері
С)нәрестенің ағзаларының функциональдық жағдайы
D)шартты рефлекстері
Е)барлық жауап дұрыс
68.Жаңа дүниеге келген нәрестені анасының омырауына салады:
А)дүниеге келгесін 2 сағаттан кейін
В)дүниеге келгесін алғашқы 30 минутта
С)дүниеге келгесін 4 сағаттан кейін
D)дүниеге келгесін 12 сағаттан кейін
Е)1 күннен кейін
69.Нәрестенің шартсыз рефлекстері:
А)сору, жұту.
В)қорғаныш
С)іздеу
D)бәрі дұрыс
Е)еңбектеу,ұстау
70.Нәрестелік кезең қаншаға созылады:
А)7-12 күн
В)28-30 күн
С)3 ай
D)1 жыл
Е)2 ай
71.Перзентханада нәрестеге қандай вакциналар егіледі.
А)АбКДС, ИПВ, ВГВ
В)ККП, ОПВ
С)БЦЖ, ИПВ
D)БЦЖ, ВГВ
Е)Хиб,ВГВ
72.Перзентханадан шыққан нәрестеге істелінетін патронаж мезгілі:
А)1-3 күн ішінде
В)1 аптадан кейін.
С)10 күннен кейін
D)1 айда
Е)патронаж істелінбейді
73.Қалыпты жағдайда дүниеге келген нәресте, салмағын қанша пайызға (%)дейін жоғалтуы мүмкін:
А)10 % -ға
В)20 %-ға
С)15 %-ға
D)30 %-ға
Е)40 %-ға
74.Дүниеге жаңа туылған нәрестенің жүрек соғысының жиілігі минутына:
А)60-80
В)80-60
С)100-120
D)120-140
Е)160-180 рет
75.Дүниеге келген нәрестенің тыныс алу жиілігі минутына:
А)40-59
В)20-40
С)60-80
D)80-100
Е)10-20 рет
76.Нәрестелік кезеңде кездесетін физиологиялық жағдайлар:
А)терісінің қызаруы(эритема)
В)транзиторлық қызба
С)барлық жауап дұрыс
D)жыныстық криз,
Е)физиологиялық сарғаю
77.Дүниеге келген нәрестенің алғашқы 2-3 күндегі нәжісінің түсі:
А)қан аралас
В)қою жасыл
С)алтын түсті сарғыш
D)қоңыр
Е)ірің аралас
78.Нәрестеде «жыныстық криздің» дамуының себебі:
А)анасынан гормондардың балаға берілуі (түсуі)
В)эритроциттердің ыдырауы
С)судың жетіспеуі
D)зат алмасуының өзгеруі
Е)инсулиннің көп бөлінуі
79. «Физиологиялық сарғаюдың» себебі:
А)эритроциттердің өліп, билирубиннің бөлінуі
В)анасының гормондарының әсері
С)зат алмасуының өзгеруі.
D)судың жетіспеуі
Е)бауыр циррозы
80. Кіндік қалдығының түсіп, кіндік жарасының жазылуы қай кезеңде болады:
А)эмбрионалдық
В)плацентарлық
С)сүт тістерінің шығу кезеңі
D)жаңа туған (нәрестелік) кезеңде
Е)антенатальдық
81.Нәрестелік кезеңде шомылдыратын судың температурасы болуы керек:
А)36,5-37,5 0С
В)36,0- 36,5 0С
С)37,5- 38 0 С
D)жауаптардың бәрі дұрыс
Е)38 0 - 39 0
82.Жаңа туған нәрестенің қалыпты жағдайдағы дене қызуы:
А)36,0-36,50 С
B)36,0- 36,3 0С
С)36,5 -37,50
D)37,5 -380 С
Е)35,5 - 36,50 С
83.Нәрестеде гипотермия дамиды егер дене қызуы:
А)36 0С
В)36,5 0С
С)37,0 0 С
D)38 0 С тан төмен болса.
Е)37,5 0 С
84. Егер нәрестеде гипотермия дамыса, онда нәрестенің:
А)тыныс алуы өзгереді:
B)гипогликемия дамып, жағдайы нашарлайды.
С)О2- ні көп қажет етеді,
D)жауаптардың бәрі де дұрыс
Е)құрысу пайда болуы мүмкін
85. Жаңа туған нәрестенің БАБЖ бойынша негізгі күтімін атаңыз:
А)жылылық
B)омыраумен тамақтандыру
С)сүйіспеншілік және қауіпсіздік
D)вакцинация
Е)барлығы да дұрыс
86.Нәрестенің көзін сүрту керек көздің:
А)ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына қарай
В)сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай
С)жоғарынан төменіне қарай
D)төменінен жоғары қарай
Е)ыңғайына қарай
87.Шала туылған нәрестенің құрсақ іші даму кезеңі:
А)22-37 апта
В)20-22 апта
С)38-40 апта
D)42 аптадан көп
Е)40-42 апта
88.Шала туылған баланың салмағы (грамм):
А)3000
В)2500-ден төмен
С)2700
D)3200
Е)4000
89.Шала туылған баланың бойы:
А)50 см
В)47 см-ден төмен
С)49 см
D)52 см
Е)20 см
90.Шала туылған нәрестені жылыту үшін қолданылатын жылытқыштың жылылығы:
А)60-65о
В)36-37о
С)22-24о
D)бәрі де дұрыс
Е)40-45о болу керек
91.Босануға дейінгі І патронаждың уақыты:
А)жүктіліктің 36-37 апталығында
В)жүктіліктің 20-22 апталығында
С)жүктіліктің 38- 40 апталығында
D)босанғаннан кейін
Е)жүкті әйел есепке тұрысымен
92.Босанғанға дейінгі І патронаждың мақсаты:
А)жүкті әйелді әйелдер консультациясына шақыру
В)жүкті әйелді балалар емханасына шақыру
С)қатерлі факторларды анықтау
D)бәрі де дұрыс
Е)ауруханаға жолдама беру
93.Нәресте қанша ұпай (балл) жинаса «жоғарғы қатерлі топта» бақыланады:
А)0-5 балл
В)6-17 балл
С)18 баллдан көп
D)7-10 балл
Е)бәрі дұрыс
94. «Жоғарғы қатерлі топтағы» нәрестені кім бақылайды және оның мақсаты:
А)бөлімшедегі фельдшер, емдік жұмыстар жүргізеді
В)шағын мамандар алдын-алу емін жүргізеді.
С)аймақтық педиатр бақылау жоспарын жасап сауықтыру жұмысын жүргізеді.
D)медбике хирургке жолдайды
Е)педиатр ауруханаға жолдайды
95.Нәресте қанша балл жинаса қалыпты топқа жатады:
А)17 балдан көп.
В)0-5 балл
С)6-17 балл
D)7-10 балл
Е)дұрыс жауап жоқ
96.Нәрестеге гигиеналық ванна (шомылдыру) жасаудың уақыты (минут):
А)1-2
В)5
С)10
D)15
Е)30
97.Шала туылған нәрестеде болады:
А) үлкен еңбегі
В) кіші еңбегі
С)үлкен және кіші еңбегі
D)біреуі де дұрыс емес
Е)ешқандай еңбегі болмайды
98.Шала туылған нәресте күтіледі:
А)кювезде
В)бөлмеде
С)кереуете
D)сау балалар бөлмесінде
Е)үй жағдайында
99.Осыдан басқасының бәрі іштегі ұрықта кемтарлықтың (аномалия)дамуына әкеліп соқтыруы мүмкін:
А)қызамық вирусы
В)анасының зиянды әрекеттері
С)тұрмыс көрсеткішінің жоғарылығы
D)экологиялық жағдайлар
Е)химикаттармен жұмыс істеуі
100.Нәресте несеп түзгеннен кейін жаялығында қызғылт қоңыр дақ пайда болса ол:
А)несеп қышқыл инфаркт
В)транзиторлық қызба
С)жыныстық криз.
D)физиологиялық сарғаю
Е)физиологиялық эритема
101.Дүниеге келген қыз баланың үлкен жыныс еріндерінің кіші жыныс еріндерін
