Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАЙЫМБЕК[1].docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
764.31 Кб
Скачать

2.2. Зерттеу жұмысы

Көліктер ағынын зерттеу үшін 2 көше таңдалып алынды. Бірі мектебіміз орналасқан Московская көшесі, қазіргі таңда құрылыстар қарқынды жүріп жатқан орталық саналатын аймақ, екіншісі С.Датов көшесі, бұл көше қаланың айналма жолы орналасқан негізгі көшесінің бірі, әрі қалаға кіріп келе жатқан және қаладан шығып бара жатқан көліктер ағынын көруге мүмкіндік береді.

6-кесте. Московская көшесі бойынша автокөлік ағыны

Уақыты

Жалпы автокөлік саны

Жеңіл көлік

Жүк көлігі

Қоғамдық көліктер

08.00-09.00

286

239

31

16

13.00-14.00

221

178

29

14

20.00-21.00

252

204

36

12

7-кесте. С.Датов көшесі бойынша автокөлік ағыны

Уақыты

Жалпы автокөлік саны

Жеңіл көлік

Жүк көлігі

Қоғамдық көліктер

08.00-09.00

637

335

264

38

13.00-14.00

482

275

185

22

20.00-21.00

547

173

356

18

Зерттеу барысында атмосфераның ауа бассейінінің ластануының тағы бір үлкен себебі автокөліктердің техникалық сапасының төмендігіне де байланысты екендігіне көз жеткізуге болады.

4-сурет. Автокөліктер легін есептеу.

Қорытынды Ауамызды таза ұстау үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Бүкіл адамзат баласы болып ауаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсек, өзіміздің болашағымыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар едік.

Экологиялық проблеманы шешудің басты жолы - адамдардың өндірістік және басқа да іс – әрекетін әрбір адамның мүддесіне сай етіп ойластыруды қамтамасыз ету. Олардың жүзеге асуы мемлекеттік реттеуді, халықаралық бақылау институтын құруды және біріккен шараларды қабылдаудың басқа да рыноксыз механизмдері мүдделерінің келісімділігін қажет етеді.

Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мəселесi күрделi, жан-жақты жəне үлкен материалдық шығындар мен күштi қажет етедi. Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi заманғы даму деңгейi адам организмi мен қоршаған ортаға зиянды əсер ететiн заттардың түзiлуiн жəне бөлiнуiн азайтып, ластанудың алдын-алудың iс-шараларын жасауға мүмкiндік бередi.

Орал қаласының атмосферасының ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн төмендегідей iс-шаралар ұсынғым келеді: 

  • Қарашығанақ кен орнының қасындағы елді мекендерді ерекше қорғауға алу.

  • Автокөліктерді экологиялық таза ресурсқа көшіру.

  • Орал қаласын абаттандыру мақсатында ірі демалыс саябақтарын салу.

  • Көгалдандыру жұмыстары мен сенбіліктер санын арттыру. Сонымен қатар студенттер мен оқушыларға әртүрлі үгіт-насихат жүргізу нәтижесінде назарларын аудару.

Ақылмен ғана емес, жүрекпен, жанмен түсiніп, қорғау ғана өз жемісін бермек. Бiр де бiр айыппұл ауаны бiзге тазаламайды, оттектiң кемшiлiгiн толықтырмайды. Қаламыздың ертеңі ол тек өзімізге ғана байланысты.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы - 2001 жыл 473-474 беттер

2. Облыстық мұрағат материалы. 47 орама №712 құжат

3. http://bilimdiler.kz/biologia/1299-kolik-kozgalysynyn-atmosferaga-adam-densaulygyna-keri-aseri.html

4. Ғалымов А.Е. Амельченко В.И. Ғалымов М.А. «Батыс Қазақстан облысының географиясы» Орал «Полиграф сервис 2003ж».

5.http://kontrosha.net/14719331851356496456_a.html

6. http://www.ecokomitet.kz/kaz/departament/zhaik_zap.php

7. Исаченко А.Г. «География сегодня» Москва просвещение 1979ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]