Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................7-8
І – тарау. Ауа-Жер қабығы......................................................................................
1.1. Атмосфераның тіршілік үшін маңызы....................................................9-12
1.2. Ауаның ластануы қандай қауіп төндіреді?......................................13-16
ІІ-тарау. БҚО-ның экологиясы...........................................................................
2.1 Орал қаласының ауасын ластаушы негізгі көздер ............................17-20
2.2 Зерттеу жұмысы.................................................................................21
Қорытынды.................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................................23
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қаланың тіршілік ортасының жағдайын анықтаушы көптеген факторлардың ішінде атмосфералық ауаның сапасын анықтау ерекше орын алады. Қала түтіні қазіргі өнеркәсіптердің техникалық қамтамасыз етілуінің және урбандалған территориялардың транспорттық инфрақұрылымының ең жағымсыз нәтижелері болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарылауы байқалуда. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тез жүруде.
Ғылыми жобаның мақсаты: Орал қаласы бойынша ауаның ластануының адам ағзасына зиянды әсерін зерттеу.
Міндеттері: Орал қаласының атмосфералық ластануының адам ағзасына зиянды әсері және оны жоюдың экологиялық шектеу жолдары; қажетті қолданатын әдебиеттермен танысу, алған ақпараттарды жүйелеу, ауаның көп ластайтын көздерді анықтау үшін сарамандық жұмыстар жүргізу, адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға зиянды әсерлеріне ғылыми талдау жасау.
Зерттеу құндылықтары: теориялық тұжырымдар, зерттеу.
Зерттеу нысаны: Орал қаласы.
Зерттеу әдістері: бақылау, сарамандық жұмыс, салыстыру, сараптау, қорытындылау, сұхбат.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Жұмыста жүйелі ізденіс, бақылаулар негізінде, сараптама қорытындылар арқылы терең мағлұмат беру. Орал қаласын абаттандыруда жаңа идеяларды ұсыну.
Зерттеу ақпарат көздері: ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, интернет, баспасөз материалдары.
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы, оның ауасының тіршілігі болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адам үшін ешнарсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептерінің бірі – ауаға адам әрекетінен жіберілетін газдардың әсері. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары. Атмофера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
І-тарау. Ауа-Жер қабығы
