Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАЙЫМБЕК[1].docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
764.31 Кб
Скачать

1.2. Ауаның ластануы қандай қауіп төндіреді?

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне əкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп болады. Зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз болып, ағзаға бiрден əсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, ағзаның жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қабiлетiн төмендетедi.  Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда болатын түрлi шаңдар Күн сəулесiнiң Жердiң бетiне түгел түсуiне кедергi келтiредi. Ультракүлгiн сəулелерiнiң жетiспеушiлiгi балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызады. 

1-кесте.Зиянды заттардың  денсаулыққа жағымсыз әсерлері

Ластаушылар

Денсаулыққа әсер ететін санының сипаттамасы

Басқа да болатын әсерлер

Көмiртектiң тотығы

(CO)

«Жүрек талмасы» диагнозы ауруымен емханаға түскен адамдардың саны

Баспа ауруларының дамуының уақытын қысқарту

Түрлі жүрек-қан тамырлары аурулары

Дене құрылысының өсiп-жетiлуiнің баяулауы

Азот оксиді (NOx)

Респираторлы аурулар

Өкпе функциясының төмендеуі

Өкпенің қабынуы

Ағзаның өзгеріске ұшырауы

Күкірттің қос тотығы (SO2)

Респираторлы аурулардың үйлесуі мен пульмональды функцияның өзгерісі

 

Баспа ауруларымен ауырмайтын адамдардың респираторлы аурулар

Көмірдің тотығы (СО) исі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері – 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ШРК – 5 мг/м3. Адамның жұтып отырған ауасының құрамында 0,08% СО болған жағдайда адам бас ауруы мен тұншығуды сезінеді. СО концентрациясының 0,32% дейін көбеюі салдарынан сал болып қалу, есінен тану жағдайларыны әкеліп соқтырады. 1,2% жоғары концентрацияда адам 2-3 рет ауа жұтқанның өзінде-ақ 3 минуттан кейін өліп кетеді. Сол себепті бұл газ өте қауіпті. Иісті газдың пайда болуының негізгі себептері – жану аймағында оттегінің жеткіліксіз болуы. Мұндай жағдайда ешқандай қаупі жоқ – толық жану өнімі болып табылатын көмір қышқыл газының орнына иісті газ түзіледі. Иісті газдың адамға әсер ету механизмі, оның адам ағзасына түскеннен кейін қанға еніп, ондағы гемоглобин жасушаларын байланыстырып тастайтындығына негізделеді. Бұл жағдайда гемоглобин өзінің оттегі тасымалдау қызметінен толық айырылады. Адам иісті газбен көп мөлшерде демалған сайын, оның қанындағы гемоглобиндердің жұмысқа жарамдылығы төмендей береді. Ауа құрамындағы СО концентрациясы неғұрлым жоғарылаған сайын, қандағы өмірге қауіпті карбоксигемоглобин концентрациясы көбейе береді. Мысалы, егер ауадағы иісті газ концентрациясы 0,02-0,03 % құрайтын болса, мұндай ауаны 5-6 сағат бойы жұту кезінде 25-30% карбоксигемоглобин концентрациясы түзіледі, егер ауадағы СО концентрациясы 0,3-0,5 % болса, онда карбоксигемоглобиннің 65-75% деңгейдегі өлімге әкеліп соғатын концентрациясы иісті газ ортасына адам тап болғаннан кейін 20-30 минуттың ішінде-ақ өзінің межесіне жетеді.

26-28 қараша 2014 жылы БҚО-да Березовка ауылының 31 тұрғыны бас ауруы мен әлсіздік белгісімен медициналық көмекке жүгінген. Кейін анықталғанда, бұл аурулардың белең алуына ауылдан 8,5 км қашықта орналасқан Қарашығанақ кенішіндегі газды алаулатып жағу себепші болған.  Бұл оқиға 27 қараша 2014 жылы сағат 14:19 да тіркелген.

18 қарашадан-9 желтоқсанға дейін ауылдың 91 тұрғыны, оның 75 балалар болса, 16 ересек адам медициналық көмекке жүгінген.

17 ақпан 2015 жылы тағы 20 оқушы мектеп қабырғасында есін жоғалтып, емханаға түскен.

3-сурет. Березовка елді мекеніндегі балалардың жаппай ауруға шалдығуы. Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері мен елді мекендер. Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады (экземе), бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады (ШРК дан асып кетсе);

Сонымен қатар атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы жəне мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi. Өсiмдiктер үшiн əсiресе улы болып саналатыны күкiрттiң, фтор, хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер. Олар ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, саябақтарға үлкен зиян келтiредi. 

ІІ-тарау. БҚО-ның экологиясы  2.1. БҚО-ның ауасын ластаушы негізгі көздер

Орал қаласының атмосферасын ластаушы негізгі көздердің біріне-өн еркәсіптер мен Қарашығанақ кен орны жатады. 1998-2013 жылдар аралығында өнеркәсіптердің қарқынды дамуымен қатар ауаға зиянды заттарды лақтыратын тұрақты көздердің саны да 1781 ден 6283-ке дейін өсті.

4-сурет. БҚО-ның ауасын ластаушы негізгі аймақтар

Атмосфераны тұрақты ластаушы көздер 1998 жылы Орал қаласында - 77,9%, Бөрлі ауданында 9,0% болса, 2013 жылы ауаға зиянды заттарды лақтыратын көздер Орал қаласында 53,6% қысқарып, есесіне Бөрлі ауданында 16,5%-ке, Жанғалада-22 %, Зеленовте 10,7%-ке, Тасқалада-7,8% өскен.

2-кесте. БҚО-ның тұрақты көздерден шыққан зиянды заттар мөлшері (мың т.)

Атмосфераға шығарылған зиянды заттардың 96,9% залалсыздандырылмаған күйі тікелей ауаға түседі. Мысалы: Қарашығанақ кен орнында газды ауада жағу орын алған. Кен орнын қарқынды игеру Березовка ауылында көміртек оксиді мөлшерінің 15 есе, күкірт ангидридінің 2 есе көбеюіне әкелді. Елді мекен айналасындағы азот диоксидінің көрсеткіші 0,7-0,8-ге жеткен.

Қазіргі таңда ауаны ластайтын ірі көздердің қатарына автокөліктер де жатады. Оны мына диаграммадан байқауға болады.

3-кесте. БҚО бойынша ауаны ластайтын көздер

31,3%

2%

62%

36%

66,9%

1,8%

БҚО-да жыл сайын көліктерден атмосфераға 50 мың т. ластайтын заттар түседі.

4-кесте. БҚО-дағы 2014 жылдың басындағы жеңіл автокөліктердің саны.

2014 жыл

Тіркелген

2013 ж

Тіркелген

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Қазақстан Республикасы

98486

93415

5071

100,9

100,4

111,6

Ақмола

3533

3302

231

110,2

108,7

137,5

Ақтөбе

4433

4175

258

90

88,7

118,3

Алматы

11957

11623

334

82

81,1

132,5

Атырау

3876

3650

226

91,8

90,5

117,7

БҚО

2498

2776

172

95,7

93,4

155

Жамбыл

4815

4662

153

277,8

273,1

588,5

Қарағанды

6010

5776

234

84,2

83,9

91,4

Қостанай

3163

2993

170

85,1

85,3

82,1

Қызылорда

3256

3042

214

102,1

99,8

149,7

Маңғыстау

5944

5601

343

135,4

138,5

99,1

ОҚО

13492

13152

340

89,6

89,4

102,7

Павлодар

3609

3358

251

118,3

116,2

157,9

СҚО

2688

2485

203

97,7

94,5

167,8

ШҚО

6877

6556

321

121

120,7

128,4

Астана қ.

8583

8126

457

96,8

98,3

76,3

Алматы қ.

13302

12138

1164

110,9

112,1

100,1

Автокөліктер бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200-дей зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер. Шала жанған көмірсутектер машинадан шығатын түтіннің құрамында, әсіресе көлік моторы баяу істеп тұрғанда көп бөлінеді. Сапалы бензин құйылып, тоқтаусыз жүрген көліктен бөлінетін газдың құрамында 2,7% жанбайтын көмірсутегінің тотығы болады. Машина жылдамдығын баяулатқан кезде оның мөлшері 6,9% -ға дейін артады. Бұдан машинаны баяулатып жүру жиі болғандықтан қала ауасы көміртегінің тотығы көп бөлініп шығады. Бұл зат адам ағзасынан енетін болса, қан гемоглобині мен байланысып, оттегінің ұлпаларға жеткізілуіне кедергі жасайды. Ауаның ластануының негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана автомобиль қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға ұшып шығады.

Сонымен қатар автомобиль двигателінің жану камерасы – бұл улы заттарды синтездеп және оны атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық реактор. Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы азот қышқылына айналып шығады. Ішкі жану двигателінен шыққан газ 170 – тен аса зиянды компоненттерден тұрады, оның ішінде 160 – қа жуығы двигательдегі жанармайдың толық жанбауына басты себепкер болатын көмірсутек туындылары. Шыққан газда зиянды заттардың болуы ақыр соңында жанармайдың түрі мен жағдайына негізделеді. Шыққан газ автомобильдің механикалық бөліктерінен шыққан өнім, ал жол бетін антропогендік түзілістегі атмосфера шығындыларының жартысы құрайды. Автомобиль двигателі мен картер шығындылары көбірек зерттелген. Бұл шығындының құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл газы және судан басқа көміртек оксиді, көмірсутегі, азот және күкірт қышқылдары, қатты бөлшектер сияқты зиянды компоненттер кіреді. Жанып шыққан газдың құрамы қолданылған жанармайдың түріне, майға, двигательдің жұмыс режиміне, оның техникалық күйіне және т.б байланысты. Карбюрательдік двигательден бөлініп шыққан газдың уытттылығы көміртек оксидімен азот қышқылынан, ал дизельдік двигательден азот қышқылы мен қаракүйеден тұратынымен негізделеді. Зиянды компоненттердің құрамына беттік қабатында циклдік көмірсутегі адсорбцияланатын (олардың бірқатары концерогендік қасиетке ие) қорғасын мен қаракүйеден тұратын қатты шығарындылар жатады.

5-кесте. Әртүрлі қозғалтқыштарды пайдаланғанда ауаға шығатын газдардың мөлшері

Ластаушы зат тектер

Шыққан газдардың мөлшері, %

Карбюраторлы

Дизельді

Көміртек монооксиді

5-12

1,0-10,0

Көміртек диоксиді

0,5-12

0,01-0,5

Азот оксидтері

0,0-0,8

0,0002-0,5

Көмірсутектер

0,2-0,3

0,009-0,5

Альдегидтер

0,0-0,2

0,001-0,009

Күйе, г/м3

0,0-0,4

10-ға дейін

Бенз(а)пирен, мкг/м3

10-20 дейін

10-ға дейін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]