«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ
Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қанатқалиев Райымбек
11 - сынып оқушысы
«Орал қаласының ауасының ластануы»
Бағыты: Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық
дамудың кілті
Секция: Экология
Ғылыми жетекшісі: Амангалиева С.А. – география және
биология пәнінің мұғалімі
Ғылыми кеңесші: Рамазанов С.К.- Батыс Қазақстан облыстық
тарих және археология орталығы
директорының орынбасары, география
ғылымдарының кандидаты
Орал-2015 Аннотация
Жобада «Орал қаласының ауасының ластануы» мәселесі қаралған.
Жұмыс қазіргі кезде өзекті болып табылатын экологиялық мәселелерді қамтиды. Зерттеу обьектісі боп Орал қаласы есептеледі.
Авторлардың мақсаты: зерттеу барысында жаңа ақпараттар арқылы бақылау негізінде Орал қаласының ауасының ластануы себептерін анықтау. Қала атмосферасының бұрынғы және қазіргі экологиялық жағдайын салыстыру арқасында, авторлар өзін толғандырған өзекті сұрақтарды шешу үшін инновациялық сипаттағы әдістерді енгізуді ұсынады.
Ауа бессейнінің деңгейін, атмосфераға адамның ықпалын анықтау мақсаттарында тәжірибелер жүргізілген. Жинақталған материалдар автордың проблемалық мәселелерін шешетіндей өзіндік қорытындыға келуге көмектесті
.
Annotation
The project examines «Air pollution in Uralsk».
The work consists very actual ecological issues. The research object is Uralsk city.
Author is goal is to investigate the reasons of air pollution in Uralsk during research according to new information. By comparing the former and present ecological conditions of Uralsk atmosphere, authors suggested to input innovative methods to solve very actual problems.
Made a lot practical work in order to find the human impact on the atmosphere. These materials help to find solution to the problem of the author.
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Қанатқалиев Райымбектің «Орал қаласының ауасының ластануы» атты ғылыми жобасына
ПІКІР
Райымбектің таңдаған тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі экологияны қамтиды. Ғылыми жобада оқушы Орал қаласы атмосферасын, экологиясы мен адамның ластаушы іс әрекетін зерттеген.
Жоба барысында оқушылар Орал қаласының атмосферасы туралы мәліметтерді толық, жүйелі түрде жинады. Жұмыс барысында Экология департаменті мәліметі мен мұрағат материалдарын, БАҚ материалдарын пайдаланған және қала ауасына зерттеу жұмысын жасады.
Зерттеу жұмысын жүргізе келе экологиялық ахуалы орташа деңгейдегі Орал қаласының атмосферасын қорғау туралы өзіндік жоба ұсынады.
Жұмыс нәтижесінің орасан зор тәрбиелік маңызы бар. Оқушылар ең бірінші туған жерінің табиғатына жанашырлықпен қарайды, жауапкершілікке шақырады.
Оқушылардың жұмысы оқушылардың ғылыми жобасына қатысуға толық мүмкіндігі бар деп есептеймін.
География және биология пәні мұғалімі: Амангалиева С.А.
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары
Қанатқалиев Райымбектің
“ Орал қаласының ауасының ластануы ” атты ғылыми жобасына
Пікір
Ғылыми жоба жұмысы Орал қаласының атмосфералық жай-күйін зерттеуге арналған. Оқушы жұмысында қаламыздың ауа экологиясы туралы мағлұмат береді.
Райымбектің “Орал қаласының ауасының ластануы” атты ғылыми жобасы бүгінгі таңдағы өзекті экологиялық проблемаларды қозғайды.
Ол тек қана әдебиеттерге сүйенбей, өз бетімен бақылау, зерттеулер жүргізген. Бірнеше мекемелерге барып, ақпарат алған. Алған мәліметтерін жүйелі пайдаланып, өз зерттеулерін қорытындылаған. Сонымен қатар жоба авторы баспасөз материалдарын да жұмысына тиімді пайдаланған.
Жұмысты орындау кезінде облыстың тұрақты көздерден шығатын зиянды заттардың адам ағзасына әсерін жақсы ашып көрсеткен.
Оқушы көкейтесті мәселеге ғылыми тұрғыдан келіп, өзінше баға бере отырып, жаңа ұсыныстар береді. Жұмыста ғылыми жобаға қойылатын талап-ережелер орындалған. Жұмысты жобалар сайысына ұсынуға болады.
Батыс Қазақстан облыстық тарих және
археология орталығы директорының
орынбасары, география ғылымдарының кандидаты Рамазанов С. К.
