
- •Патогенездегi керi айналып соғу шеңберiнiң
- •Кариорексис.
- •Агония.
- •Преагония.
- •Ауру алды.
- •Дерттiк жағдай
- •Дерттiк серпiлiс
- •236. Дұрыс тұжырым:
- •251. Дұрыс тұжырым:
- •256. Дұрыс тұжырым:
- •278. Дұрыс тұжырым:
- •282. Дұрыс тұжырым:
- •283. Дұрыс тұжырым:
- •Қызмет атқаратын кылтамырлардың көбеюі.
- •Бұлшық еттер.
- •Артериялық гиперемия.
- •Артериялық гиперемия
- •Артериялық гиперемия.
- •Артериялық гиперемия
- •Аллергия
Емтихан тест
1. Патологиялық физиологияның мiндеттерiне … жатады: а) этиология
мен патогенездiң жалпы сұрақтарын зерттеу; б) дәрiгерлiк ойлауды
қалыптастыру; в) жалпы патологияның теориясын құру; г) эксперименттiк терапияның әдiстерiн өңдеу; д) науқаста аурудың өту ерекшелiктерiн зерттеу.
а, б, в, г+
а, б, в, д
а, б, в, г, д
а, д
а, в, д
2. … патофизиологияны эксперименталдық ғылым ретiнде негiзiн қалаған.
Пашутин В.В.+
Мечников И.Н.
Клод Бернар.
Павлов И.П.
Вирхов Р.
3. … патофизиологиялық экспериментте мiндеттi болып саналады.
Адам ауруларының моделiн жануарларда алу+
Функционалдық көрсеткiштердi зерттеу
Морфологиялық көрсеткiштердi зерттеу
Биохимиялық көрсеткiштердi зерттеу
Аурудың клиникалық белгiлерiн зерттеу
4. ... жануардағы экспериментте зерттеу мүмкiн емес.
Аурудың субъективтi белгiлерiн+
Ауру дамуына орта жағдайының әсерiн
Аурудың емделмеген түрiн
Организмге жаңа дәрiлiк заттардың әсерiн
Аурудың бастапқы кезеңiн
5. ... салыстырмалы патология әдiсiнiң негiзiн қалаушы.
Мечников И.И.+
Павлов И.П.
Бернар К.
Пашутин В.В.
Броун-Секар Ш.
6. ... - медицинада эксперименталды әдiстi қолдануды шектейтiн негiзгi фактор.
Адамның әлеуметтiк табиғаты+
Эксперименталдық жануарлардың денсаулығының бастапқы деңгейiн
анықтаудың қиындылығы
Адам мен жануар өмiр ұзақтыңының әртүрлi болуы
Адам мен жануардағы зат алмасу ерекшелiктерiндегi айырмашылық
Адам мен жануар организмi құрылысындағы айырмашылық
7. Ауру ... сипатталады.
еңбекке қабiлеттлiгiнiң төмендеуiмен+
толық физикалық, психикалық және әлеуметтiк сәттiлiк жағдайымен
қалыптылық жағдайымен
үшiншiнiң жағдайымен
ауру алды жағдайының дамуымен
8. Ауру алды – бұл ...
денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдайы.+
аурудың бiрiншi стадиясы.
организмнiң типтiк патологиялық реакциясы.
патологиялық процесстiң қарапайым формасы.
зақымдану мен бейiмделу механизмдердiң бiрiгуi.
9. Дерттік жағдай – бұл ...
жай дамитын дерттік үрдіс.+
ауру мен денсаулық арасындағы аралық жағдай.
организмнiң жаңа сапалық жағдайы.
дерттік үрдістің қарапайым формасы.
организмнiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуi.
10. ... – бұл ағзалар мен тiндердiң қызметтерi және құрылымдарының дерттік өзгерiстерi, элементарлық дерттiк серпiлiстермен үйлесуi.
Ауру+
Дерттiк үрдiс
Дерттiк жағдай
Симптом
Дерттiк серпiлiс
11. Дерттік үрдiс дегенiмiз ...
зақымданған тiнде, ағзада немесе организмде бейiмделу және дерттік
серпілістерінің жиынтығы.+
әр-түрлi әсерге организмнiң шектен тыс жауабы.
сыртқы орта факторларымен ағзалар мен тiндердiң зақымдануы.
бейiмделушiлiктiң қалыптан ауытқуы.
организм үшiн бейiмделулiк маңызы жоқ қалыптан тұрақты ауытқу.
12. Дерттік жағдай – бұл ...
организм үшiн бейiмделулiк маңызы болмайтын қалыптан тыс тұрақты ауытқуы.+
зақымдаушы фактор әсерiне туындаған организмнiң жауабы.
әр-түрлi әсерге организмнiң шектен тыс жауабы.
тiндер мен ағзалардың сыртқы орта факторлары әсерiнен зақымдануы.
зақымданған тiнде, ағзада немесе организмде бейiмделу және дерттік серпілістерінің жиынтығы.
13. Дерттiк серпiлiс – бұл ...
тiтiркендiргiшке организмнiң қысқа уақыттық, элементарлық әдеттегiдей емес серпiлiсi.+
тұрақты, баяу дамитын үрдiс немесе оның зардаптары.
ауруға байланысты қызметтердiң және құрылымның өзгеруi.
ауру симптомы.
аурудың асқынуы.
14. ... аурудың мысалы болып табылады.
Миелолейкоз+
Қызба
Лейкоцитоз
Артериялық гиперемия
Қабыну
15. Күйiктен немесе жарақаттан кейiнгi соқырлық ... мысалы болып табылады.
дерттiк жағдайдың+
дерттiк үрдiстiң
дерттiк серпілістiң
аурудың
аурудың белгiсi
16. ... - бұл терiс эмоция әсерiнен қан қысымының қысқа уақытта төмендеуi.
Дерттiк серпіліс+
Ауру
Дерттiк жағдай
Дерттiк үрдiс
Аурудың белгiсi
17. ... дерттiк серпілістiң мысалы болып табылады.
Жарыққа көз қарашығының кеңеюi+
Суыққа терi тамырларының тарылуы
Тіннiң тыртықтық өзгерiсi
Гипогидратациядағы шөл
Миокард инфарктісі
18. Ампутациядан кейiнгi орыны, зақым нәтижесiнде буынның қимылсыз
қалуы ... мысалы болып табылады.
дерттiк жағдайдың+
ауру асқынуының
аурудың
дерттiк серпiлiстердiң
бiртектес дерттiк үрдiстiң
19. Синдром – бұл ...
патогенезi бiрдей аурулар симптомдарының жиынтығы. +
әр-түрлi аурулардың бiрдей белгiлерi.
аурудың қайталануы.
патогенезi әр-түрлi аурулар симптомының жиынтығы.
аурудың асқынуы.
20. Аурудың жедел ағымының ұзақтығы:
5-14 күн.+
төрт күнге дейiн.
15-40 күн.
бiрнеше ай.
бiрнеше жыл.
21. Инфекциялық аурулардың жасырын кезеңi ... деп аталады.
инкубациялық кезең+
жасырын кезең
ауру алды
бейнақты кезең
нағыз ауру кезеңi
22. Аурудың арнайы емес белгiлерiнiң пайда болуы ... тән.
продромалды кезеңге+
латенттi кезеңге
инкубациялық кезеңге
нағыз ауруға
аурудың аяқталуына
23. Аурудың барлық белгiлерiнiң болуы ... тән.
нағыз ауру кезеңiне+
инкубациялық кезеңiне
бейнақты кезеңiне
аяқталу кезеңiне
жасырын кезеңiне
24. ... сауығудың ұзақ уақытты және тұрақты механизмiне жатады.
Қан түзу тiнiнiң гиперплазиясы+
Құсу
Жөтелу
Жедел гипотензияда адреналиннiң шығарылуы
Жедел гипогликемияда контринсулиндiк гормондарының шығарылуы
25. Өлімнің негiзгi кезеңдерiнiң бiрiздiлiгiнiң дұрысы: а) преагония;
б) биологиялық өлiм; в) агония; г) клиникалық өлiм; д) тыныс алудағы
терминалдық үзiлiс.
а, д, в, г, б+
а, в, д, г, б
в, г, д, б
д, а, в, г, б
а, в, г, б
26. ... клиникалық өлiмнiң басталғанын сипаттайды.
Тыныс алу мен жүрек соғысының тоқтауы, рефлекстердiң жоғалуы+
Сирек пульс
Қан қысымының тез түсуi
Естiң кімескiленуi
Сирек беткей тыныс
27. Клиникалық өлiмнiң ұзақтығы:
5-6 мин.+
1-2 мин.
30-60 мин.
1-2 сағ.
1-2 күн
28. Адамды реанимациялауды алғаш енгiзген:
В.А.Неговский.+
А.А.Кулябко.
Ф.А.Андреев.
С.С.Брюхоненко.
С.И.Чечулин.
29. Өлiмнiң қайтымсыз этапы:
биологиялық өлiм.+
преагония.
адамшы өлiм.
клиникалық өлiм.
агония.
30. Адамда жүргізілетін тәжірибенің атауы:
экспериментум Круцис.+
созылмалы эксперимен.
салыстармалы патология әдісі.
өшірілу әдісі.
оқшауланған мүшелер әдісі.
31. ... ауруларға жатады.
Өкпенің қабынуы+
Инфаркт
Лейкоцитоз
Аллергия
гипоксия
32. Ауру ағымы бойынша жіктеледі: а) жедел; б) жіті; в) созылмалы;
г) қысқамерзімді; д) ұзақ мерзімді.
а, б, в+
в, д
в, г, д
б, в
а, б, г
33. Аурудың аяқталуы: а) сауығу; б) жартылай сауығу немесе патологиялық жағдайға ауысу; в) өлім; г) клиникалық өлім; д) созылмалы ағымға өту.
а, б, в+
б, в, г
в, г, д
а, г, д
а, б
34. Терминалды жағдайларға жатады: а) агония алды кезең; б) агония;
в) биіктік ауруы; г) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі; д) талма.
а, б+
б, в
г, д
в, г
а, д
35. ... аурудың себебi болып табылады.
Ауруды тудыратын және арнайы ерекшелiктерiн анықтайтын фактор+
Аурудың пайда болуына септесетiн
Аурудың пайда болуының жиiлiгiне әсер ететiн
Аурудың арнайы емес ерекшелiктерiн анықтайтын
Аурудың ауырлығын және даму ұзақтылығын анықтайды
36. Дұрыс тұжырым:
аурудың арнайы белгiлерi, себептiк жайыттармен әрекеттесуiне байланысты.+
септiк жағдайлар аурудың арнайы белгiлерiн анықтайды.
аурудың арнайы белгiлерi, себептiк жайыттармен әрекеттесуiне байланысты.
этиология - бұл ауру туындауынан септiк жағдайлардың бiрлiгi туралы iлiм.
ауру арнайлығы организмнiң өзгерген реактивтiлiгiне байланысты.
37. Дұрыс тұжырым:
аурудың себебi ауруды дамытады және оған арнайы белгiлерді бередi.+
ауру дамуына себепкер ықпал қажет емес.
себепкер жағдай бұл аурудың дамуына әсер етпейтiн фактор.
ауру себеп болып, жағдай болмаса дамымайды.
әртүрлi жағдайлар бiр ауруды туындатуды мүмкiн емес.
38. ... - көп факторлық түсiнiкпен сипатталады.
Қабыну+
Сәуле ауруы
Күйiк
Туберкулез
Аяқ, қол сынуы
39. ... аурудың дамуына жағдай жасайтын iшкi ықпал болып табылыды.
Патологиялық конституция+
Суықтау
Зиянды әдеттер
Тамақтану бұзылыстары
Гиподинамия
40. ... ятрогендiк аурудың себебi болып табылады.
Дәрiгердiң тәртiптi сақтамауы+
Аурудың тәртiптi сақтамауы
Инфекция
Организмнiң реактивтiлiгiнiң төмендеуi
Өте күштi патогендi факторлардың әсерi
41. Жыныстың этиологиядағы маңызы:
аурудың себебi немесе септiк жағдайы болып табылады.+
тек қана аурудың пайда болуға мүмкiндiк бередi.
тек қана аурудың пайда болуына кедергi келтiредi.
аурудың тек қана жағдайы болып табылады.
аурудың тек қана себебі болып табылады.
42. Тұқым қуалаушылықтың этиологиядағы маңызы:
аурудың себебi немесе септiк жағдайы болып табылады.+
аурудың тек қана септiк жағдайы бола алады.
тек қана аурудың пайда болуға мүмкiндiк бередi.
аурудың тек қана себебi болып табылады.
тек қана аурудың пайда болуына кедергi келтiредi.
43. Организм конституцияның этиологиядағы маңызы:
аурудың тек қана жағдайы болып табылады.+
аурудың себебi немесе септiк жағдайы болып табылады.
тек қана аурудың пайда болуына мүмкiндiк бередi.
тек қана аурудың пайда болуына кедергi келтiредi.
аурудың тек қана себебi болып табылады.
44. Жастың этиологиядағы маңызы:
аурудың себебi немесе септiк жағдайы болып табылады.+
тек қана аурудың пайда болуына кедергi келтiредi.
тек қана аурудың пайда болуына мүмкiндiк бередi.
аурудың тек қана жағдайы болып табылады.
аурудың тек қана себебi болып табылады.
45. ... аурулардың этиотроптық алдын алуына жатқызуға болады.
Науқасты оңашалауды+
Науқасты иммундауды
Организмдi шынықтыруды
Салауатты өмiр салтын
Емдiк дене тәрбиесiн
46. ... ауру туындауында қолайлы сыртқы жағдайы болып табылады.
Дұрыс тамақтанбауы+
Өзгерген тұқымқуалаушылығы
Конституция ауытқуы
Ерте балалық шағы
Қартаюы
47. Аурудың дамуында тұқым қуалаушылық белгілері маңызға ие болатын
этиологиядағы бағыт:
конституционализм.+
монокаузализм.
полиэтиологизм.
евгенизм.
расизм.
48. Ішкі этиологиялық факторға жатады:
өзгерген тұқым қуалаушылық.+
кәсіп.
климат-географиялық ықпал.
инфекция.
жағымсыз әдеттер.
49. Кинетоздардың себебі:
үдеуінің әсері.+
төменгі барометриялық қысымның әсері.
иондағыш сәулелер әсері.
жоғарғы барометриялық қысымның әсері.
электромагниттік толқындардың әсері.
50. Электр ағымына ең төзімді:
тері.+
қан.
шеміршек ұлпасы.
қуысты мүшелер.
бұлшық еттер.
51. Туристтер тобы жолдың соңғы 5 км нөсердің астында өтті. Келесі күні
бір туристте пневмония дамыды. Аурудың себебі:
инфекция.+
салқындау.
гипоксия.
ағза реактивтілігінің төмендігі.
зорығу.
52. Этиотропты емге жатқызады:
бактерияларға қарсы емді.+
дене тірбиесін.
науқасты оңшалауын.
салауат өмір салтын.
дене шынықтыруын.
53. ... патогенездегi алғашқы тiзбегi болып табылады.
Бiрiншiлiк бүлiнiстер+
Созылмалы түрге айналуы
Аурудың асқынуы
Айналып соғу шеңберi
Екiншiлiк бүлiнiстер
54. ... молекулалық деңгейде зақымданудың мысалы болып табылады.
Иондаушы сәуленiң әсерiнен бос радикалдардың түзiлуi+
Аллергиялық серпiлiстерде цитотоксиндiк зақымдану
Аутоиммундық гемолиздiк анемия
Митралдi қақпаншаның жеткiлiксiздiгi
Атриовентрикулалық тесiктiң тарылуы
55. ... жасушалық деңгейде зақымданудың мысалы болып табылады.
Мес жасушаларының дегрануляциясы+
Молекулалар мен атомдардың иондануы және қозуы
Нерв жүйесi қызметтерiнiң түсiп қалуы
Дәнекер тiннiң зақымдануы
Ішкi секреция бездерiнiң белсенуi
56. Патогенездiң негiзгi тiзбегі ...
аурудың келесi кезеңдерiнiң дамуын анықтайды.+
дерттiк фактордың әсерiнен туындайды.
оттегi тасымалдау және пайдалану жүйелерiнiң бұзылысын тудырады.
қанайналымның бұзылысын тудырады.
патогенездегi керi айналып соғу шеңберiн жасайды.
57. ... жедел қансыраудың патогенезiнде негiзгi тiзбек болып табылады.
Айналымдағы қан көлемiнiң азаюы+
Қанайналымдық-гемдiк гипоксия
Артериялық гипертензия
Микроциркуляцияның бұзылысы
Жүрекке веналық қанның қайтуының азаюы
58. ... жарақаттық шоктың патогенезінде негізгі механизм болып табылады.
Ауырсынулық тітіркену+
Гиповолемия
Токсемия
Септикопиемия
Қантамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы
59. ... биіктік ауруы дамуында негiзгi патогенездiк фактор болып табылады.
Ауада оттегiнiң үлестік қысымының төмендеуi+
Жоғары барометрлiк қысым
Ультракүлгiн сәулелену
Инфра қызыл сәулелер
Төмен температура
60. Қан жоғалту кезiнде оттектiң тасымалдану қызметiнiң бұзылуынан
жүректiң жұмысы нашарлайды, ал ол өттектiң тасымалдануын одан әрi
қиындатады. Бұл ... мысалы болып табылады.
патогенездегi керi айналып соғу шеңберiнiң+
патогенездегi басты тiзбектiң
үрдiстiң жалпылама таралуының
патогенездегi жергiлiктi және жалпы қарым-қатынастарының
спецификалық және бейспецификалық даму механизмдерiнiң
61. Өт тас ауруы кезiнде күштi ауырсынулық тiтiркену артериялық қысым
тербелулерiн, жүрек ырғағының және тыныс алу сипатының өзгерiстерiн
шақырады. Бұл ... мысалы болып табылады.
патогенездегi жергiлiктi және жалпы серпiлiстер ара қатынастарының+
патогенездегi спецификалық және бейспецификалық механизмдерiнiң
арақатынастарының
Патогенездегi керi айналып соғу шеңберiнiң
патогенездегi басты тізбегінің
патогенездегi қорғаныс-теңгерулiк механизмдердiң қосуларының
62. Патогенездiк емдеу ... әсер етеді.
аурудың патогенезiнiң негiзгi тiзбегiне+
аурудың пайда болу себептерiне
аурудың жекелеген көрiнiстерiне
организмнiң реактивтiлiгiне ықпал жасауына
аурудың пайда болу жағдайына ықпал жасауына
63. ... патогенездiк емдеуге жатқызады.
Қабынуға қарсы терапияны+
Туберкулостатикалық терапияны
Вирусқа қарсы терапияны
Құрттарға қарсы терапияны
Бактерияға қарсы терапияны
64. ... жасушалық деңгейдегі зақымданудың мысалы болып табылады.
Иммундық тромбоцитопения+
Орақ тәрізді жасушалы анемия кезінде глобиннің бета-тізбегіндегі глутамин
қышқылының валинге ауысуы
Қантсыз диабет кезінде вазопресиннің биосинтезінің бұзылуы
Қан ұйығыштығының VIII факторының тұқым қуалағыш тапшылығы
Атриовентрикулярлық саңылаудың стенозы
65. Ауру патогенезінің негізгі тізбегі – бұл ...
аурудың келесі кезеңдерінің дамуын анықтайтын өзгеріс.+
дерттік фактордың әсерінен туындайтын жасырын ауытқу.
оттегі тасымалдау және пайдалану жүйелерінің бұзылысы.
қанайналымының бұзылысы.
патогенездегі кері айналып соғу шеңбері.
66. Ауру патогенезіндегі ақаулық шеңбері – бұл ...
аурудың өршуіне ықпал ететін, патогенездің жеке тізбектерінің арасындағы
оң кері байланыстың пайда болуы.+
әр жаңа циклдің алғашқы циклден бұзылыстың айқын көріністерінің үдеуімен
ерекшеленетін аурудың циклдік ағымы .
өршу және ремиссия кезеңдерімен бірге жүретін алғашқы пайда болған жедел
фазаның созылмалы түрге өтуі .
ауру кезеңдерінің біртіндеп аусып жатуы.
терминалды жағдайлардың бірізділігі.
67. ... веналық гиперемияның негізгі тізбегі болып саналады.
Қан ағып кетудің қиындауы.+
Қан ағып келудің қүшеюі.
Қан ағымының тоқтауы.
Қызмет атқаратын кылтамырлардың көбеюі.
Қанағымының сызықтық жылдамдығының төмендеуі.
68. Биіктік ауру кезінде бейімделу маңызы бар:
эритроцитоздың.+
гематокрит төмендеуінің.
тромбозға бейімделуінің.
тотықпаған гемоглобин мөлшерінің жоғарылауының.
қимылдың шектелуінің.
69. Арнайы реактивтiлiк дегенiмiз - ...
антигендiк тiтiркендiргiшке организмнiң иммундық жағдайын өзгертумен
жауап беруi.+
сыртқы ортаның әсерiне белгiлi бiр жануарлар түрiнiң жауап беруi.
сыртқы ортаның әсерiне бiр түрге жататын тұлғалар тобының жауап беруi.
физикалық факторлардың әсерiне организмнiң белгiлi бiр жолмен жауап беруi.
белгiлi бiр организмнiң сыртқы орта факторларының әсерiне жауап беруi.
70. ... арнайы емес патологиялық реактивтiлiктің мысалы болып табылады.
Шоктық жағдайлар+
Иммунитет тапшылықты жағдайлар
Иммунитет депрессивтi жағдайлар
Иммунитет пролиферативтi аурулар
Аллергия
71. ... арнайы физиологиялық реактивтiлiктiң мысалы болып табылады.
Иммунитет+
Иммунды тапшылықты жағдайлар
Иммунды депрессивтi жағдайлар
Аутоиммундық үрдiстер
Аллергия.
72. Дизергия дегенiмiз - ...
тiтiркендiргiшке организмнiң бұрмаланған жауабы.+
тiтiркендiргiшке организмнiң төмендеген жауабы.
тiтiркендiргiшке организмнiң жауабының болмауы.
тiтiркендiргiшке организмнiң көтерiлген жауабы.
тiтiркендiргiшке организмнiң сәйкес жауабы.
73. Патогендiк факторлардың бiрдей және сондай күшпен әр түрлi адамдарға
әсер етуi тiршiлiк әрекетiнде бiрдей өзгерiстердi шақырмайды.
Бұл ... мысалы болып табылады.
жеке реактивтiлiктiң+
топтық реактивтiлiктiң
жыныстық реактивтiлiктiң
жасқа байланысты реактивтiлiктiң
түрлiк реактивтiлiктiң
74. Жаңа туған нәрестелер есейгендерге қарағанда гипоксияны жеңiлiрек
өткередi. Бұл ... мысалы болып табылады.
жасына байланысты реактивтiлiктiң+
биологиялық реактивтiлiктiң
түрлiк реактивтiлiктiң
жыныстық реактивтiлiктiң
жеке реактивтiлiктiң
75. Конституцияның И.П. Павлов бойынша жiктелуiне сәйкес келедi:
күштi, салмақты, ширақ түрi.+
флегматик.
меланхолик.
холерик.
астеник.
76. Гиперстениктер ... бейiм.
қанда холестерин дейгейiнiң жоғарылауына+
анемияға
қанда глюкоза деңгейiнiң төмендеуiне
қан қысымы деңгейiнiң төмендеуiне
iшектiң сiңiру қабiлетiнiң төмендеуiне
77. Гиперстениктерге ... тән.
артериялық қысымның жоғарылауы+
қандағы холестериннiң төмен деңгейде болуы
iшектiң сiңiру қабiлетiнiң төмен болуы
бүйрек үстi бездерiнің қызметiнiң төмен болуы
өкпенiң салыстырмалы тiршiлiк сыйымдылығының жоғарылауы
78. Астениктерде ... жиi дамиды.
асқазан мен 12-елi iшектiң ойық жара ауруы+
жүректiң ишемиялық ауруы
өт тас ауруы
гипертониялық ауру
қантты диабет
79. ... балалардағы патологияның ерекшелiгiне жатады.
Биологиялық тосқауылдардың жоғары өткiзгiштiгi.+
Түзiлу үрдiстерiнiң тежелуi.
Аурулардың созылмалыға өтуi.
Ісiктiк аурулардың жоғары жиiлiгі.
Патологияның көптiгi.
80. Әйелдер ерлерге қарағанда ... төзiмсiз.
есірткі заттың әсерiне+
жедел қансырауға
гипоксияға
төмен температураға
ашығуға
81. Төзiмдiлiк - бұл ...
ауру тудыратын факторларға организмнiң тұрақтылығы.+
тiтiркендiргiшке организмнiң жауап беру әсерленiсi.
тiтiркендiргiшке организмнiң әлсiз жауабы.
сыртқы ортаның әсерлерiне организмнiң тiршiлiгiн өзгертумен жауап беру қасиетi.
сыртқы орта факторларының әсерiне организмнiң сезiмталдығы.
82. ... енжар төзiмдiлiктiң мысалы болып табылады.
Гистогематикалық тосқауылдар+
Қабынудағы лейкоцитоз
Уларды бейтараптау
Антидене түзу
Фагоцитоз
83. ... белсендi төзiмдiлiктiң мысалы болып табылады.
Фагоцитоз+
Микроб түсуiне қарсы тұратын терi мен шырышты қабықтың
Тiрек қимыл аппаратының тiндерi мен сүйектер
Тасбақа мен жәндiктердiң қатты жабыны
Гистогематикалық тосқауыл
84. Асқазанның ойық жарасы көбінесе қаны І топқа жататын адамдарда
кездеседі. Бұл ... белгісі.
топтық реактивтіліктің+
бейспецификалық реактивтіліктің
спецификалық реактивтіліктің
түрлік реактивтіліктің
даралық реактивтіліктің
85. Черноруцкий бойынша конституцияның жіктелуі: а) астениктер;
б) нормостениктер; в) гиперстениктер; г) сангвиник; д) холерик.
а, б, в+
б, в, г
г, д
а, д
а, г, д
86. ... тұқым қуалайтын аурулардың дамуына әкеледi.
Гаметалардағы мутациялар+
Гепатоциттердегi мутациялар
Макрофагтрдағы мутациялар
Фиброциттердегi мутациялар
Миоциттердегi мутациялар
87. Биологиялық денеге жоғары температураның мутагендiк
әсерi ... байланысты.
гендегi атомдар мен молекулалардың қозғалғыштығының артуымен+
жасушадағы кавитыция құбылысымен
жасуша геномымен фотонның қамтылуы
жасушада радиотоксиндердiң пайда болуымен
молекулалар мен атомдардың иондалуымен
88. Хромосомалардың транслокациясы – бұл ...
екi хромосоманың сәйкессiз бөлшектерiмен алмасуы.+
хромосоманың кейбiр бөлiгiнiң түсiп қалуы.
хромосоманың артық бөлiгiнiң қосылуы.
хромосома бөлiгiнiң 180 градуске айналуы.
хромосоманың бiр бөлiгiнiң бiрнеше рет қайталануы.
89. ... моногендi ауруының мысалы болады.
Гликогеноз+
Гипертониялық ауру
Атеросклероз
Гемохроматоз
Қантты диабет
90. Моногендi ауру:
гемофилия В.+
алғашқы артериялық гипертензия.
қантты диабет.
жағыннан көргiштiк.
атопиялық бронх демiкпесi.
91. Фенилкетонурия үшiн ... тән.
гендiк мутация+
хромосомалық мутация
геномдық мутация
жыныс хромосомалардың мутациялары
ДНК репарация гендерiнiң мутациялары
92. Құрылымдық геннiң мутациясы ... дамуы негiзiнде жатады.
орақ тәрiздi-жасушалы анемияның+
алкаптонурияның
альбинизмнің
афибриногенемияның
фенилкетонурияның
93. Хромосомалық ауруға жатады:
Клайнфельтер синдромы.+
фенилкетонурия.
дальтонизм.
гемофилия.
Иценко-Кушинг синдромы.
94. Хромосомалық ауру:
Даун ауруы.+
микросфероциттiк анемия.
талассемия.
орақ тәрiздi жасушалар.
Гирке ауруы (гликогеноздың 1 түрi)
95. Клайнфельтер синдромындағы жыныс хромосомдарының өзгерiсi:
ХХУ.+
ХО.
ХХХ.
УО.
ХУ.
96. Клайнфельтер синдромында Барр денешiгiнiң саны:
бiреу.+
үшеу.
жоқ.
екеу.
төртеу.
97. Жасуша ядросындағы жыныстық хроматиннің екі денешіктері (Барр
денешіктері) анықталады:
Х-трисомия синдромы кезінде.+
Клайнфельтер синдромы кезінде.
Шерешевский Тернер синдромы кезінде.
қыз балалардағы Даун ауруы кезінде.
ер балалардағы Даун ауруы кезінде.
98. Кариотип 22А және ХО ... тән.
Шерешевский-Тернер синдромына+
Альцгеймер синдромына
Клайнфельтер синдромына
Даун синдромына
Х-трисомия синдромына
99. Соматикалық жасушалардың ядросында екi Барр денешiгi анықталады:
Х-трисомия синдромы бар науқаста. +
денi сау еркекте.
Шерешевский-Тернер синдромы бар науқаста.
денi сау әйелде.
Клайнфельтер синдромы бар науқаста.
100. 21 жұп аутосомадағы трисомия ... тән.
Даун ауруына +
Х-трисомияға
Клайнфельтер синдромына
Шерешевский-Тернер ауруына
Альпорт синдромына
101. Туа пайда болатын тұқым қуаламайтын ауру:
нәрестелердiң мерезi.+
Даун ауруы.
фенилкетонурия.
гемофилия.
Гирке ауруы.
102. Полигендiк ауру:
атеросклероз. +
фенилкетонурия.
гемофилия А.
дальтонизм (түске соқырлық).
альбинизм (ақтүстiлiк).
103. Бiрiншiлiк артериялық гипертензия ... жатады.
полигендiк ауруларға+
сыртқы орта факторлары маңызды роль атқаратын аурулар
хромосомдық ауруларға
туа пайда болатын аурулар
моногендiк аурулар
104. Жүректің ишемиялық ауруы ... тобына жатады.
көп факторлық аурулар (полигендік)+
өзіндік тұқым қуалайтын аурулар
моногендік аурулар
хромосомалық аурулар
пайда болуына тек сыртқы орта факторлары әсер ететін аурулар
105. Доминантты жол бойынша ұрпаққа беріледі:
брахидактилия.+
гемофилия А.
гемофилия В.
гликогеноз.
орақ тәрізді жасушалы анемия.
106. Жыныс хромосомалардың құрамының бұзылыстары ... тән.
Клайнфельтер синдромына+
Гирке ауруына
Иценко-Кушинг синдромына
Даун ауруына
Альцгеймер синдромына
107. 22А және ХХУ кариотипі ... тән.
Клайнфельтер синдромына+
Гирке ауруына
Иценко-Кушинг синдромына
Даун ауруына
Альцгеймер синдромына
108. 22А және ХХХ кариотипі ... тән.
Х-трисомия синдромына+
Гирке ауруына
Иценко-Кушинг синдромына
Даун ауруына
Альцгеймер синдромына
109. Аутосомалардың сандық бұзылыстарымен сипатталатың ауру:
Даун ауруы.+
Альпорт синдромы.
Х-трисомия синдромы.
Клайнфельтер синдромы.
Шершевский-Тернер синдромы.
110. Жасуша ядросының бүрiсуi – бұл ...
пикноз.+
кариолизис.
аутолиз.
кариорексис.
некробиоз.
111. Иондаушы сәуле ... әсер етедi.
митоз кезiнде жасуша ядросына+
рибосомаға
саркоплазмалық торға
Гольджи аппаратына
митохондрияға
112. Цианидтермен улану кезiндегi жасуша бүлiнiунiң арнайы көрiнiсi:
цитохромоксидазаның бөгелуі.+
нәруыз молекуласының денатурациясы.
майлардың асқын тотығуының күшеюi.
ацидоз.
тотығу мен фосфорлану үрдiстерiнiң ажырауы.
113. Дұрыс тұжырым:
жасушаның кез келген зақымдануы жасуша мембранасының өткiзгiштiгiнiң
жоғарлауымен қабаттасады.+
жасуша мембранасының өткiзгiштiгі жоғарлауы зақымдануының арнайы
көрiнiсi болып табылады.
жасуша iшiлiк ацидоз және жасуша гипергидриясы жасуша зақымдануының арнайы көрiнiсi болып табылады.
зақымданған жасушаның боялу қабiлетi төмендейдi.
зақымданған жасушалардың электр өткiзгiштiгi төмендейдi.
114. Жасуша мембранасының зақымдану жолдары болып табылады:
а) мембраналық трансферааның әсерленуi; б) глюкозаның жасуша iшiне тасымалдануының әсерленуi; в) мембраналық фосфолипазалардың және басқа гидролазалардың әсерленуi; г) майлардың асқын тотығуының жоғарлауы;
д) жасуша мембрананың осмостық созылуы; е) iрi молекулалық кешендермен жасуша мембранасының зақымдануы.
в, г, д, е+
а, г, д, е
б, в, д, е
а, б, д, е
д, е, а, б
115. ... майлардың асқын тотығуының әсерленуiне әкеледi.
Супероксиддисмутаза белсендiлiгiнің төмендеуi+
Каталаза белсендiлiгiнiң артуы
Альфа-токоферолдың жоғары мөлшерi
SH-тобы бар нәруыздардың жоғары мөлшерi
Ауыспалы валенттiлiгi бар иондардың жоғары мөлшерi
116. Митохондрия мембранасының зақымдануы ... әкеледi.
тотығулық фосфорланудың бұзылуына+
жасушаның аутолизiне
кариорексиске
жасуша бөлiнуi реттелуiнiң бұзылуына
жасушаның мембраналық потенциалының төмендеуiне
117. Лизосома мембранасының зақымдануы ... әкеледi.
жасушада гидролиз үрдiсiнiң артуына+
тiндiк тыныстың әсерленуiне
нәруыз түзiлуi артуына
мембраналық потенциалдың артуына
апоптозға
118. Жасуша мембранасының өткiзгiштiгiнің жоғарылауы ... әкеледi.
жасушадан ферменттердiң шығуына және гиперферментемияға +
жасушаға калий иондарының түсуiне
жасушадан кальций иондарының шығуына
жасушадан натрий иондарының шығуына
жасушаның боялуының төмендеуiне
119. Жасушада токсиндер залалсыздануының төмендеуi ... зақымдануынан
болады.
эндоплазмалық ретикулумның+
рибосомалардың
митохондриялардың
ядроның
лизосомалардың
120. Патогенездiң көрсетiлмеген тiзбегiн енгiзiңiз:
Мембраналардың бүлiнiсi → иондық дисбаланс → жасушада ..?.. көбеюi → мембраналық фосфолипазалардың белсендiленуi → тотығулық
фосфорланудың ажырауы.
кальцийдiң+
натрийдiң
калийдiң
магнийдiң
сутегi иондарының
121. Патогенездiң көрсетiлмеген тiзбегiн енгiзiңiз:
Мембраналардың зақымдануы → иондық дисбаланс: ..?.. → осмомтық
қысымның жоғарылауы → жасушаның гипергидратациясы.
жасуша iшiнде натрий және кальцийдiң көбеюi, калийдiң азаюы+
жасуша iшiнде натрийдiң көбеюi, калийдiң азаюы
жасуша iшiнде натрий, калий, кальцийдiң азаюы
жасуша iшiнде кальций, натрий, калийдiң көбеюі
жасуша iшiнде кальций, калийдiң көбеюі
122. Жасушаның қорғану-бейiмделу механизмдерiне жатады: