- •Зертханалық жұмыс №1 Металды зерттеудің микроскопиялық әдісі
- •Жалпы мәлімет
- •Микрошлиф дайындау
- •Сурет. Болат дәннiң шамасын анықтау үшiн межелiк. Санымен көрсетiлген дәннiң нөмiрi.
- •2.Қарап тексерген микроструктураның суретін салып, стандартты шкала бойынша бұрыштық көлемін анықтау. Есеп беру түрі
- •Зертханалық жұмыс № 2 Металдардың қаттылығын анықтау әдістерін үйрену
- •Жалпы мәлімет
- •Жұмыс құрылғысы мен принципі
- •Жұмысқа дайындық
- •«Шойын өндірісінің материалдары»
- •1 Шойын өндіруге арналған метариалдар
- •1.1 Шойын өндірісінің шикізаттары
- •1.1.1 Темір және марганец кені
- •1.1.2 Қожтүзгіш материал
- •1.1.3 Отын
- •1.1.4 Оттөзімді материал
- •1.2 Домна үрдісінің шикіқұрамдық материалдарын дайындау
- •1.2.1 Материалдарды ұсату мен сұрыптау
- •1.2.2 Темір кенін орташалау
- •1.2.3 Темір кенін байыту
- •1.2.4 Кесектеу
- •Есеп беру тәртібі:
- •Бақылау сұрақтары
- •Зертханалық жұмыс № 4 Көміртекті болатты термиялық жолмен өңдеу
- •Жалпы мәлімет
- •1 Сурет. Болаттың жылу өңдеу кестесі
- •2 Сурет . Аустенит салқындатқан айналуынның жылу кинетикалық диаграммасы:
- •3 Сурет. Күйдiрулердiң әр түрлi түрлерiн сұлбасы
- •4 Сурет. Шынықтыру аралықтарын температураларының диаграммасы
- •5 Сурет. Болаттардың эвтеткоидтыққа дейін арналған құрылысты айналулардың жүйелі бейнелеуі келтірілген, толық шынықтыру жанында орын бар болушы (а) және толықсыз шынықтыру(б).
- •6 Сурет. Эвтектойдтан кейінгі шынықтырудағы болат құрлымының өзгерісінің үлгісі келтірілген, толық шынықтыру жанында орын бар болушы (а) және толықсыз шынықтыру(б).
Жұмысқа дайындық
Аспапты іске қосардан 2 сағаттай бұрын қалыпты температурада ұстай тұру қажет. Аспапты жалпылама тексерістен өткізіп, электрондық кабель, көрсеткіш және байланыстырушы кабельдің механикалық ахаулары жоқтығына көз жеткізу керек.
Қажет болған жағдайда өлшеу аймағындағы диаметрі шамамен 20мм, бұдырлығы Ra 2,5-тен артық емес бетті шлифовальды машинкамен тазартуға және тазартылған бетті шүберекпен сүртіп алу қажет. Сонымен бірге бетінен қабыршақ, тотық пленкалары, жағындыларды, тоттарды, т.б. алдын-ала тазартып алу керек.
Көрсеткішті электрондық блокқа жалғайсыз. Батареялық бөліктегі қоректендіру элементтерінің бар екеніне көз жеткізесіз. Олар болмаған жағдайда полярлықты сақтай отырып батареялық бөлікке қоректендіру элементтерін қоясыз. Итергішті аспап корпусына бағыттайсыз.
Көрсеткіштің демеуші сақинасы бағыттаушы түтікке тығыз оралып тұруын мұқият қадағалау қажет.
Аспапты «Вкл/Меню» батырмасын басу арқылы қосу. Осы кезде дисплейде 1-суреттегідей индикация пайда болуы тиіс.
Қажетті жағдайда қаттылық шкаласын, өлшеу бұрышын және жарықтандыру режимін таңдауға болады. Қажетіне қарай жад және орташалау буферлерін нольге келтіреміз.
Өлшенетін бет қаттылығына сай келетін үлгілік өлшемдер бойынша бірнеше сынақ өлшемдерін жүргізу қажет. Егер аспап көрсеткішінің қателігі мүмкін болатын 3 %-дан асып кетсе, твердомерді қайта бағдарламалау керек.
Жұмыс реті
Қаттылықты өлшеуді жүргізуден бұрын келесі операцияларды орындау қажет:
«Вкл/Меню» арқылы аспапты қосу – аспап дисплейінде 1-суреттегідей индикация пайда болады.
«Шкала» батырмасымен қажет қаттылық шкаласын таңдайсыз (HB, HRS, HSD, HV, Rm).
«Угол» батырмасымен дененің өлшенетін бетіне көрсеткішті орнату бұрышын таңдайсыз (жоғарыдан төмен, жанынан көлденең, төменнен жоғары).
«Вкл/Меню»
батырмасын басып, «аспап менюіне»
кіресіз (аспап «Менюінен» шығу кез-келген
режимде «Esc» батырмасы арқылы іске
асырылады), «
»батырмаларымен
«Подсветка» режимін таңдайсыз. «Enter»-ді
басып, «
»
батырмаларымен жарықтандыру режимін
таңдайсыз: ON – қосулы, OFF – 15 секундқа
сөндірілген. «Enter» батырмасын басып,
аспаптың жұмыс режимінен шығасыз.
Қажет жағдайда «Пам» батырмасымен жад буферінен мәліметтерді өшіруге болады. Ол үшін «Вкл/Меню» батырмасын басып, «Менюге» кіру қажет, « » батырмаларымен «Файлды өшіру» режимін таңдап, «Enter» батырмасымен жад буферінен мәліметтерді өшіресіз.
Орталау буферіндегі алдыңғы нәтижелерді өшіру үшін «Х» батырмасын басамыз. Тергішпен ударникті көрсеткіштің төсеме жағынан сырт еткенге дейін итеріп, итергішті көрсеткіштен шығарып аласыз.
Көрсеткішті бір қолмен қатты қысып ұстап тұрып сыналатын бетке қалыпты етіп қоясыз, екінші қолмен төмен түсіруші батырманы басасыз. Ударник пен сыналатын бет бір-біріне соғылған кезде аспап дисплейінде таңдалған шкала саны бойынша өлшемдер нәтижесі пайда болады.
3-ке дейінгі келесі өлшемдерді 3-бөлімге сәйкес («Угол» батырмасын таңдап» деген сөздермен басталатын) жүргізесіз.
Өлшемдер нәтижелерінің орташасын анықтау үшін «Х» батырмасын басасыз – аспап дисплейінде орташалау нәтижесі және «Х» символы пайда болады, одан кейін барлық орташалаулар буферден автоматты түрде өшіріледі.
Өлшеудің әрбір нәтижесі (орташа анықтамаларды қосқанда) жадтың энергиядан тәуелсіз буферіне «Пам» батырмасын шерту арқылы енгізілуі мүмкін (буферге 200 нәтиже сыя алады).
Жадта сақталған мәліметтерді қарау үшін «Вкл/Меню» батырмасын басып, аспаптың «Менюіне» кіресіз, « » батырмаларымен «Файл» пунктін таңдайсыз, «Enter» батырмасын шертіп, « » батырмаларымен барлық жадта сақталған мағлұматтарды қарап шығасыз.
«Esc» батырмасын шертіп аспаптың жұмыстық режиміне шығасыз.
Аспапты жалғаушы кабель көмегімен компьютерге қосқанда (көрсеткішке арналған аудио-разъем арқылы), өлшемдер нәтижелері жад буферінен компьютер дисплейіне шығарылып, файл түрінде сақталып және принтерден шығарыла алады. Бұл жағдайда арнайы бағдарлама қолданылады (п.8 Паспорт ТЭМП 02.000.000 ПС қараңыз).
Аспап барлық жұмыс режимдерінде автоматты түрде 2 минуттан соң сөнеді. Дисплейді келесіде қосу үшін «Вкл/Меню» батырмасын аз уақыт басып ұстап тұру қажет.
Өлшем нүктелерінің (таңбаларының) бір-бірнен минималды қашықтығы 3 мм-ден кем болмауы тиіс, бір нүктеден қайталама өлшемдер жіберілмейді.
Егер твердомер ұзақ уақыт (2 айдан ұзақ) пайдалануға берілмесе, аспаптың артқы жағында орналасқан қоректендіру бөлігінен батареяларды алып, аспапты толықтай тоқсыздандыру қажет.
Rm
(
)
созылуына қаттылық шегін аспапқа
бағдарламалауға және ГОСТу 22761-77 бойынша
перлиттік кластың көміртектес құрыштары
үшін анықтама жүргізуге болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Бриннель, Роквелль және Виккерс әдістері бойынша қаттылық анықтамаларының мәні неде?
2.ТЭМП-2 твердомері туралы жалпы мағлұматтар.
3.ТЭМП-2 (электрондық азгабаритті тасымалдаушы бағдарламаланған) типті твердомерлердің құрылғысы мен жұмыс принципі.
4. Қаттылық, иілгіштік, серпімділік және салыстырмалы жабысқақтық деп нені атайды? Олардың әрқайсысының механикалық қасиеттері қандай?
5. Металдың эксплуатациялық қасиеттеріне нелер жатады?
№ 1 зертханалық жұмыс
