Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лабораторная техн мет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать
  1. Сурет. Болат дәннiң шамасын анықтау үшiн межелiк. Санымен көрсетiлген дәннiң нөмiрi.

Жұмыс жүргізу

1.Металлографиялық микроскоптың қызметі мен құрылысын оқып, үйрену және микрошлиф дайындау.

2.Қарап тексерген микроструктураның суретін салып, стандартты шкала бойынша бұрыштық көлемін анықтау. Есеп беру түрі

  1. Металдардың кішігірім талдау жүйелеп баяндау және оның мақсаты.

  2. Микрошлиф дайындау процесін баяндау.

  3. Кішігірім зерттеу үшін микроскопты дәлдеп жөнге келтіруде баяндау.

  4. Қарап тексерілген микроструктураның суретін салып, дәнін, көлемін, санын анықтау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Металдардың кішігірім талдау,оның міндеті.

  2. Микрозерттеу үшін үлгі дайындау.

  3. Өңдеуге дейінгі микрошифтен не көрінеді?

  4. Микрошлифтің улау маңызы мен мақсаты қандай?

  5. Металлографиялық микроскоптың құрылысы мен қызметі. Микрозерттеуге арналған микроскоп оптикалық жүйесі

Зертханалық жұмыс № 2 Металдардың қаттылығын анықтау әдістерін үйрену

Жұмыс мақсаты: ТЭМП-2 (электрондық азгабаритті тасымалдаушы бағдарламаланған) типтес твердомерлермен (қаттылықты өлшеуіш құрал) қаттылықты анықтауды үйрену.

Тапсырма:

1. ТЭМП-2 (электрондық азгабаритті тасымалдаушы бағдарламаланған) типтес твердомердің құрылымымен және жұмысымен танысу;

2. Құрыштық үлгілердің қаттылығын анықтау.

3. Түсті металдардың қаттылығын анықтау.

Құралдар мен материалдар:

1. ТЭМП-2 (электрондық азгабаритті тасымалдаушы бағдарламаланған) типті твердомер;

2. Таңбаларды өлшеуге арналған лупа.

3. 10, 20, 45, У8А, У12А, У10А маркалы қайралған құрыштық үлгілердің әрқайсысы 50 50 8 өлшемді екі топтамасы;

4. 15, У8А, У12А маркалы шыңдалған және арылған құрыштық үлгілердің екі топтамасы.

5. Қола, жез, дюралюминий түсті құймаларының топтамасы.

Жалпы мәлімет

Твердомер құрыштардың, құймалардың және олардың Бриннель (HB), Роквелль (HRS), Шор (HSD), Виккерс (HV) шкалалары бойынша дәнекерлік қосындыларды экспрессивті өлшеуге, сондай-ақ ГОСТ 22761-77 бойынша перлиттік кластың көміртектес құрыштары үшін созылғыштығы Rm ( ) (кгс/мм ) бойынша төзімділік шегін анықтауға арналған құрал. Бұл бес шкала твердомерге бағдарламаланған. Оларды аспап жадынан өшіруге болмайды.

Қаттылықты өлшеуді дененің үстіне қатысты көрсеткіш жағдайының әр түрлі бұрыштарында өткізуге болады.

Твердомердің бағдарламаланғанын пайдалана отырып, аспап жадына өзіңіздің үлгілік шегіңіз бойынша (HB, HRS, HSD, HV) немесе шойын, түсті металдар және олардың құймалары, резеңке және т.б. сияқты материалдарға арналған белгілі үлгілер бойынша өзіңіздің қаттылық шкалаларыңызды енгізуге болады.

Твердомерді өндірістік және лабороториялық жағдайларда машина құрастыруда, металлургияда, энергетика және т.б. өндіріс салаларында, сондай-ақ жөндеу-монтаждық мекемелерінде қолдануға болады.

Өлшеу объектілері ретінде ірі габаритті өнімдер, өлшеуге қиындық келтіретін аймақтары бар тораптар мен күрделі пішіндегі детальдар, соның ішінде: әр түрлі мақсаттағы қысым түтікшелері, (атом және химиялық реакторлардың корпустары, булық генераторлар, коллекторлар, қазандық барабандар, газгольдер және т.б.), құбырлар, турбиналар мен генераторлардың роторлары, прокаттық станоктардың біліктері, буынды біліктер, тегершіктер, әр түрлі транспорттық құралдардың детальдары мен тораптары, рельстер, вагон, электро және тепловоздардың дөңгелектері, өндірістік жартылай фабрикаттар, (құймалар, беттер, құбырлар, обечайкалар, соның ішінде жұқа қабырғалысы – 7 мм-ден кем) және т.б. болып табылуы мүмкін.

Аспапты цехтық жағдайларда массалық өндіріс бөлшектерінің қаттылығын жедел бақылауға, мысалы технологиялық, термиялық, термо-химиялық (цементация, азоттау, оксидтеу) процестердің тұрақтылығын бағалауға, механикалық өңдеулер, дәнекерлеу, қысыммен өңдеу, дене бетіне мықтылық беру және т.б. қолдануға болады. Пайдалануға берілген құралдың диагностикасына және оның айырымдық қауіпсіз ресурсын ұзартуға аспапты пайдалануға болады.

Аспап қиғаштығының радиусы әр түрлі және ГОСТ 2789-73 бойынша бұдырлығы Ra 2,5-тен артық емес, сондай-ақ әр түрлі массалық қалыңдықтағы денелерде өлшемдер жүргізуге мүмкіндік береді.

Массасы 1,5 кг-нан кем және қалыңдығы 7 мм-ден кем өнімдер қаттылығының бақылауы (негізінен құбырлар, беттер, обечайкалар, двутаврлар, мүйістер және т.б.) өндіруші дайындаған әдіспен өткізіледі.

Массасы аз өнімдер қаттылығын өлшеу үшін оларды литол тәрізді қою жақпаны массасы 2 кг-нан жоғары және қалыңдығы 50 мм-ден жоғары, тегістелген құрыш плитаға жаққан сияқты етіп сүртіп шығуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]