- •I вариант
- •I вариант
- •II вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант.
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1 Вариант
- •II вариант
- •Клиникалық жағдай №1
- •Клиникалық жағдай №2
- •Клиникалық жағдай №3
- •Клиникалық есеп №5
- •Клиникалық есеп №6
- •Клиникалық есеп № 7
Клиникалық жағдай №1
Науқас 12 жаста, бел аймағындағы ашу және ауру сезімін, дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Аурудың дамуы алдында бала таудан аққан өзенге шомылып, қатты тонған. Қарап тексергенде: Кеуденің төменгі бөлігі 10-12 қабырға тұсында, бел аймағындағы терінің гиперемиясы мен «балық қабыршағы» тәріздес қатпарлы везикула анықталады. Пальпацияда- айқын ауру сезімі, терінің қалған бөліктері- таза. Жүрек тоны – ритмді араны-тыныш.
Гемограммада: Эритроциттер- 4,3*10г/л, гемоглобин – 120г/л, лейкоциттер -5,0*10г/л, эозинофильдер- 5% , таяқша ядролы – 2% , сегмент ядролы – 26% , лимфоцит – 65% , моноцит – 2% , ЭТЖ- 13мм/сағ.
1.Болжама диагнозын қойыңыз және негіздеңіз
2.Ауырлық дәрежесін негіздеп бағалаңдар
3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.
4.Науқастың стационардан шығару ережесін көрсетіңіз.
Клиникалық жағдай №2
Науқас 2 айлық, ауырғанына 3 күн.Температурасының 39С дейін жоғарлауына, сілекей ағуына, емшектен бас тартуына шағымданады.Қарап тексергенде: боз ауыз- шырышты,тілде, қатты таңдайда везикулярлы 2-3мм көлеміндегі ашылған жаралық элементтер.Терісі таза,жүрек тоны ритмді, пуэрильді тыныс, сырылдар жоқ.Іші ауру сезімсіз.
Анамнезінде: Баланың әкесінің айтуы бойынша бір апта бұрын ерінінде көпіршіктер болған, субфебрильді температура.
Гемограммада:Эритроциттер- 4,3*10г/л, гемоглобин – 120г/л, лейкоциттер -5,0*10г/л, эозинофильдер- 5% , таяқша ядролы – 2% , сегмент ядролы – 26% , лимфоцит – 65% , моноцит – 2% , ЭТЖ- 13мм/сағ.
1.Болжама диагнозын қойыңыз және негіздеңіз
2.Ауырлық дәрежесін негіздеп бағалаңдар
3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.
4.Науқастың стационардан шығару ережесін көрсетіңіз.
Клиникалық жағдай №3
Науқас 3 айлық, ауырғанына 2 күн.Температурасының 39,5С дейін жоғарлауына,шаршағыштықпен, тәбетінің төмендеуімен.Бет, мойын, құлақ маңында ашық-қызыл дақтар пайда болған.
Анамнезінде: Атасының айтуы бойынша 14 күн бұрын орама герпес анықталған. Түсу кезінде жағдайы ауыр, гипертермия 40С дейін, көп мөлшерде бетінде, бастың шашты бөлігінде, тұлғасында, аяқ-қолдарда: дақ, папула, везикула.Ауыздың шырышты қабатында – аналогиялық элементтер.Гиперемиялық конъюктивит, бірнеше везикулалар көздің айналасында, қабақтың астында байқалады.Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ.Жүрек тондары әлсіз, тахикардия.Іші ауру сезімсіз.
Гемограммада:
Эритроциттер- 4,3*10г/л, гемоглобин – 120г/л, лейкоциттер -5,0*10г/л, эозинофильдер- 5% , таяқша ядролы – 2% , сегмент ядролы – 26% , лимфоцит – 65% , моноцит – 2% , ЭТЖ- 13мм/сағ.
1.Болжама диагнозын қойыңыз және негіздеңіз
2.Ауырлық дәрежесін негіздеп бағалаңдар
3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.
4.Науқастың стационардан шығару ережесін көрсетіңіз.
Клиникалық есеп №6
Инфекциялық аурухананың қабылдау бөлімшесіне 8 жасар бала аурудың 7 күні ата-анасымен түсініксіз сөйлеу шағымдарымен жеткізілді.Кешкісін балада шалыс жүріс, тұра алмайды, басын ұстай алмайды, ұстаусыз құлайды. 3 апта бұрын әкесі орама герпеспен ауырған.Қарап тексергенде: Шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі,арқа терісінде, бастың шашты бөлігінде, санаулы кепкен везикула мен қабыршақ байқалады.
1.Болжама диагнозын қойыңыз.
2.Осы диагнозды қандай лабороторлы зерттеу нақтылайды.
3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.
4.Мүмкін болжамды көрсетіңіз.
