Ұстаздардың сапалық құрамы
Білімі |
2011-2012 |
2012-2013 |
2013-2014 |
|||
Саны |
% |
Саны |
% |
Саны |
% |
|
Жоғары |
54 |
87% |
49 |
88% |
59 |
90%
|
Аяқталмаған жоғары |
1 |
2% |
- |
- |
- |
- |
Арнаулы орта |
7 |
11% |
7 |
12% |
6 |
10% |
Ұстаздардың санат дәрежесінің көрсеткіштері
Санаты |
2011-2012 |
2012-2013 |
2013-2014 |
|||
Саны |
% |
Саны |
% |
Саны |
% |
|
Жоғары |
17 |
27% |
16 |
29% |
17 |
29% |
Бірінші |
16 |
26% |
14 |
25% |
20 |
25% |
Екінші |
16 |
26% |
12 |
21% |
10 |
21% |
Санаты жоқ |
13 |
21% |
14 |
25% |
18 |
25% |
«Зерде» ғылыми-әдістемелік орталығы 7 пән әдістемелік бірлестікке, 3 шығармашылық топтарға басшылық жасайды. Әдістемелік бірлестіктердің негізгі міндеті-мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру. 23.05.14ж. мектеп әдістемелік жиналысында пән әдістемелік бірлестіктерінің оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, олардың жұмысына баға берілді және жұмыс рейтингісі шығарылды.
р/с |
Рейтинг бойынша орны |
Пән бірлестігі |
Жұмыс нәтижелері |
1 |
І орын |
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі |
1.Республикалық байқау 2 оқушы – ІІ, ІІІ орын 2. Қалалық пәндік олимпиада 1 оқушы – ІІІ орын 3.Облыстық байқау 3 оқушы – ІІІ орын 4.Қалалық байқаулар – 29 оқушы |
2 |
ІІ орын |
Биология, химия, география, тарих пән бірлестігі |
1.Облыстық байқау 3 оқушы – ІІІ орын, 3 мұғалім: Бейсенова Г., Сейтқұлова Г., Райымбекова Ж. 2. Қалалық байқаулар 3 оқушы – ІІІ орын 3. Қалалық пәндік олимпиада ІІ орын Бейсенова Г., «Үздік оқу-әдістемелік құрал» байқауы ІІІ орын Сейтқұлова Г., Рахманбердиева М. ІІ дәрежелі диплом |
3 |
ІІІ орын |
Бастауыш сынып пән бірлестігі
|
1. Облыстық ғылыми жоба байқауы 2 оқушы – ІІ, ІІІ орын 2. Облыстық пәндік олимпиада 2 оқушы – І, ІІ орын Досбаева О, Райқұлова Д. 3. Қалалық шығарма байқауы 6 оқушы |
4 |
ІVорын |
ИФМ пән бірлестігі
|
|
5 |
V орын |
Орыс және шетел тілдері пән бірлестігі |
|
6 |
VІ орын |
Технология, өнер пәндері бірлестігі
|
1.Қала көлемінде семинар-практикум Пән мұғалімдері: Райымбекова А, Кучербаева М. 2. 15 оқушы қалалық, облыстық шығармашылық байқауларда жүлделі орынға ие болды. 3. Музыка пәнінің мұғалімі Кучербаева М. Облысқа шеберлік класс көрсетті. |
7 |
VІІ орын |
Дене шынықтыру пән бірлестігі |
1.Облыстық волейболдан жарыс-І,ІІ,ІІІ орын 2.Қалалық волейболдан жарыс-І,ІІ орын |
Ғылыми-әдістемелік орталық мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін, сабақ беру әдістемесін зерттеп, оқушылардың білім-білік сапасын тексеріп, мониторингін зерттеу арқылы ізденімпаз, шығармашыл мұғалімдерді анықтайды.
Педагогикалық кәсіптік біліктілікті жоғарылату жұмыстары ең бірінші әр мұғалімнің педагогикалық кәсіптік деңгейін анықтаудан басталады. Мұғалім қызметінің кәсіби біліктілігіне байланысты оқу жылы ішінде жүргізілген мониторинг 3 бөлімге бөлінген: әдістемелік, нәтижесін жетілдіру біліктілігі.
1-блок (әдістемелік біліктілік) мынадай критерийлерді қамтиды:
пәнді өту сапасы
пәнді өту әдістемесін игеру деңгейі
пән бойынша теориялық білім деңгейі
сабақты талдай білуі және өзіне өзі талдау жасай білу қабілеті
1 жыл ішінде әзірлеген әдістемелік материалдары, оқу құралдары, электронды оқулықтары
3 жыл ішінде баспадан шыққан жұмыстары, жарияланымдары
сабақтарда оқытудың электрондық формаларын қолдануы
интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу дағдысын игеруі
кабинет жұмысын пәндік тұрғыдан жүйелеу
1 жыл ішіндегі мектеп құжаттамаларымен жұмыс жүргізу нәтижелері
2-блок (нәтиже шығару біліктілігі) мынадай критерийлерді қамтиды:
1 жыл ішіндегі пән бойынша білім алу мен үлгерім жағдайы
1 жыл ішіндегі пән бойынша білім алу сапасы мен үлгерім жағдайы
дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің 1 жыл ішіндегі жағдайы (олимпиадалар, жобалар, конкурстар жарыстар)
1 жыл ішінде жаза қолданылмауы
1жыл ішіндегі орындаушылық тәртібі
3-блок (жетілдіру біліктілігі) мынадай критерийлерді қамтиды:
1 жыл ішінде аудандық, қалалық деңгейлерде семинарлар өткізу және баяндама жасауы
1 жыл ішінде педагогикалық және әдістемелік кеңестерге баяндамашы ретінде практикалық қатысуы
1 жыл ішінде мектеп деңгейінде семинарлар тренингтер өткізу
1 жыл ішінде мектептің қоғамдық жұмыстарына қатысуы
1 жыл ішіндегі курстық даярлық пен қайта даярлаудан өтуі.
Мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің жұмысына оқу жылы ішінде мониторингтік зерттеу жүргізілді. Ұстаздың біліміне, біліктілігіне сараптама жүргізіліп 52 мұғалімнің кәсіптік рейтингісі шығарылды. Кәсіптік рейтинг шығару үшін мұғалімдердің инновациялық даму картасы жүргізілді. Бұл құжатта ұстаздың әдістемелік жұмысының сипаттамасы, кәсіптік-педагогикалық құзыреттілігінің сипаттамасы (оның ішінде педагогикалық біліктіліктер, кәсіптік педагогикалық қабілеттер, мұғалімнің тұлғалық қасиеттері) берілді. Нәтижесінде кәсіби біліктілігі жоғары педагогтар есімдері анықталды. Жоғарыда көрсетілген жетістіктер мен кемшіліктерді ескере отырып, мұғалімдердің кәсіптік рейтінгісі шығарылды. Олар «инновациялық» «оптималды», «мүмкін», «кризистік» деңгейлерге бөлініп, шығармашылдар», «жаңашылдар», «ізденімпаздар», «талапкерлер» шығармашылық топтарына бөлініп, әдістемелік жұмыс деңгейлік негізде ұйымдастырылады.
Пән әдістемелік бірлестігінде жұмыс істейтін мұғалімдер саны - 52
Оның ішінде:
Инновациялық деңгейде - 16
Оптималды деңгейде жұмыс істейтіндер - 22
Мүмкін деңгейде - 13
Кризистік деңгейде – 1
Инновациялық жұмыстар. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысының негізгі бір бағыты – педагогтардың шығармашылық пен инновациялық бағытта жұмыс істеуіне жағдай туғызу. Бүгінгі таңда 10 ұстаздардың «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы бойынша сертификаты бар, 28 мұғалім интерактивті тақтамен жұмыс істейді. Соңғы 2 жылда 7 ұстаз Кембридж тәсілі бойынша деңгейлік курстан өтті. Ақпан айында үшінші деңгейлік курстан өткен тарих пәнінің мұғалімі Г.Сейтқұлова қалалық шеберлік класс өткізсе, қалған пән мұғалімдері коучингтер ұйымдастырды. Мектеп кітапханасы мен мультимедия кабинеті электронды оқулықтармен жабдықталған, 16 пәннен 145 электронды оқулық, мультимедиа кабинетінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен 24 электронды оқулық, 26 бейнефильм бар. Электронды оқулықтарды қолдана отырып 54 мұғалім сабақ берген. Мектепте 6 интерактивті тақта бар. Интерактивті тақта физика, химия, ағылшын тілі,математика, биология, информатика және бастауыш сынып сабақтарында тұрақты қолданылуда. №15 информатика кабинеті, кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Интернет жүйесімен жұмыс істеу кестесі жасалып, арнайы журналдарға тіркеліп отырады.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану болып табылады. Қазіргі заманғы білім беру технологияларының іске асырудағы механизмдердің бірі интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Ол оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық, шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі болып табылса, ұстаз үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыра отырып, даму бағытына сәйкес ізденімпаздыққа үйрету құралы болып табылады. Мектеп ұстаздары интерактивті тақтаны 3 бағытта пайдаланады:
Компьютер ретінде жұмыс жасайды, яғни электрон оқулықтарын үлкен экранда көрсете отырып пайдалануға интернет арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Тақта «Асtivstudio» бағдарламасы арқылы жұмыс атқарады, яғни керекті құралдар, суреттер, бейнехабарлар, дайындалған құжаттар, фигуралар, карталар т.б. көптеген мүмкіндіктерді сабақта пайдаланады.
Химия, биология кабинетінде оқушыларға жан-жақты білім алуға мүмкіндіктер жасалынған. Ақпараттық технологиялары бойынша лабораториялық жұмыстар жүргізу, приборларды арнайы бағдарламалар арқылы компьютерге қосу, электронды оқулықтармен жұмыс жасау жүзеге асырылуда. Ұстаздардың АҚТ-мен сабақ беру жұмыстары талапқа сай емес. Мультимедия кабинетіндегі компьютерлердің басым көпшілігі жұмыс істемейді,электронды оқулықтарды оқымайды. Келесі оқу жылында мультимедиа кабинетіндегі компьютерлерді жаңарту қажет.
