- •Ақпараттық бөлім
- •1.Азаматтық құқыққа кіріспе
- •2. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •3. Азаматтар азаматтық құқық субъектілері ретінде
- •4. Заңды тұлғалар
- •5. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
- •6. Мәмілелер
- •7. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
- •8. Өкілдік және сенімхат
- •9. Меншік құқығы
- •10. Ортақ меншік құқығы
- •11. Мемлекеттік меншік құқығы
- •12. Міндеттемелік құқық
- •13. Сатып алу-сату шарты
- •14. Заем шарты
- •15. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты
- •16. Сақтау шарты
- •4)Меншік құқығы
- •5)Сақтау шарты
- •Тестжауаптары:
- •Глосарий
4. Заңды тұлғалар
Заңды тұлғалар қазіргі уақытта азаматтық құқық қатынастарының ең кең тараған қатысушыларының бірі болып танылады. Бірақта кез келген кәсіпорын, мекеме, ұйымдар заңды тұлға бола бермейді. Заңды тұлғаның анықтамасы және белгілері ҚР АК 33 бабында берілген. Заңды тұлға дегеніміз – ол жеке меншігінде, шаруашылық жүргізүінде, немесе жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі бар, сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап қайтаратын, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарға және міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер болатын ұйым. Бұл анықтамадан заңды тұлғаның төрт белгісін көруге болады. Бесінші белгісі ретінде, әдебиетте, заңды тұлғаның ұйымдастырылу бірлестігі аталады.
Тарихта заңды тұлғаның қалыптасуы ұзақ уақытты алады, сондықтан азаматтық құқық теориясында әр түрлі «заңды тұлғалар теориялары» пайда болған. Мысалы, К.Ф. Савиньидің фикция туралы теориясы, немістердің нақтылық теориясы және басқалар.
Заңды тұлғалар да, азаматтар сияқты, азаматтық құқық субъектілері ретінде құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы тиіс. Азаматтарға қарағанда, заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір уақытта (ол құрылған кезде) пайда болып, бір уақытта (заңды тұлға таратылғанда) тоқтатылады. Сондықтан да, заңтану саласында заңды тұлғаларға қатысты бір ғана термин қолданылады – «заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі» деген. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі жалпы және арнайы болады, ол қабілеттіліғі заңды тұлғаның арнаулы органдары және өкілдері арқылы жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаның құрылган күні болып заңды тұлға Мемлекеттік реестрде тіркелген күні танылады. Мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық Кодекста (41, 42 б., б.) және арнайы нормативтік құқықтық актілерде бекітілген. Мысалы: «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тұралы заң», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тұралы» Ережелерде. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін тіркеу ерікті түрде өткізіледі: тиісті санға, көлемге, құрамға сай құрылтайшылар, жарғылық қоры, тіркеу туралы өтініш, құрылтайшылар құжаттарын (жарғысын немесе жарғысы мен құрылтайшылар шартын, мемелекеттік мекемелер үшін Ережелерін), орналасқан орны туралы анықтама қағазын және тіркеуге төленетін арнайы төлемнің төленгені жөніндегі құжаттарын тапсыру арқылы өткізіледі. Құрылтайшылар шарты оның құрылтайшылары екі немесе одан да көп болған жағдайда жасалады.
Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың құрылтайшы құжаттары міндетті түрде нотариалдық күәландыруды қажет етеді. Жарғы мен құрылтайшылар шарты мазмұнын да атап өту қажет болады. Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін тіркеу кезінде жарғылық капиталының белгілі бір мөлшерінің болуы қажет. Осыдан кейін аталған құжаттарда ешбір қателер болмаған жағдайда, 15 күннің ішінде заңды тұлға тіркеуден өткізіліу тиіс, оған мемелекеттік тіркеуден өткені жөнінде Күәлік беріледі. Заңды тұлғаны тіркеу ҚР- сы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімдерінде өткізіледі. Құрылтайшылар шартының мазмұны коммерциялық құпия болып саналады, ал жарғының мазмұны жария болады, сондықтан ҚР-ның АК 41 бабының 7 пунктіне сай барлық мүдделі адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
Тек тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға салық есебіне, статистикалық есепке тұрып, мөрін, бұрыш таңбасын, бланктарын жасауға тапсырма беріп, банкта есеп шотын ашуға болады. Банк есеп шотын ашу үшін, заңды тұлға, өтінішімен қоса банке жарғысының (ережесінің) көшірмесін, салық төлеушінің номерін, нотариалдық күаландырылған түрде бірінші басшысының және бухгалтерінің қолдарының үлгілерін, мөрінің үлгісін тапсырады. Егер заңды тұлғаның қызметі лицензия алуды қажет ететін болса, онда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сол лицензияны алған күннен бастап пайда болады. Заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, заңды тұлға қайта құрылған жағдайда және тағы да басқа жағдайларда, ол кайта тіркеуден өкізілуі қажет (ҚР АК 42 б., 6 т.).
Қызметінің түріне қарай қызметкерлерінің саны 50 адамнан аспайтын мемлекеттік емес заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер кіші бизнес субъектілері деп аталады, бұл тұлғаларға заң шығарушы арнайы назар аударады (1997 ж. 8 сәуірінде қабылданған ҚР Үкіметінің Қаулысы).
Заңды тұлғаларды кіші бизнес субъектілеріне жатқызудың екінші өлшемі – ол оның жылдық тауар айналымының мөлшері болады. Кіші бизнес субъектісі мәртебесіне ие болу әр түрлі жеңілдіктер береді: тіркеүден өту кезінде, банк несиелерін алу кезінде, салық жеңілдіктерін береді және т. б. Мысалы: кіші бизнес субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеу мерзімі 15 күннен 3 күнге дейін қысқартылады, жарғылық капиталының ең аз мөлшері, тіркеу төлемі азайтылады, т.б.
Заңды тұлғаларға өз филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес және тәуелді кәсіпорындарды (қоғамдарды) құруға болады (ҚР АК 43, 94 және 95 баптары). Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып танылмайды.
Заңды тұлғаны тоқтату екі жолмен өткізіледі: қайта құру және тарату арқылы. Заңды тұлғаның қызметін тоқтату күні болып ол жөнінде мәліметтерді Мемлекеттік Реестірге енгізу күні саналады. Қайта құру дегеніміз – ол, мирасқорлық негізінде оның құқықтары мен міндеттерін басқа заңды тұлғаға ауыстыру арқылы, заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып танылады. Ол бес нысанда өткізіледі: бөлү, бөліп шығару, қосу, біріктіру және өзгертү.
Қосу, біріктіру және өзгертү кезінде мүлкі жөнінде өткізу (тапсыру) актісі жасалады, ал бөлү және бөліп шығару кезінде бөлү балансы жасалады (ҚР АК 47 б.) Қайта құруға қарағанда, тарату – ол, мирасқорлық негізінде оның құқықтыары мен міндеттерін өзге тұлғаға ауыстырмастан, заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып танылады. Заңды тұлғаны тарату заңда белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі (ҚР АК 50-51 б., б.). Оның негізгі ұғымдары: «тарату комиссиясы», «тарату балансы», «аралық тарату балансы», «несие берүшілердің талаптарын қанағаттандыру кезегі», «төлемдерді капиталға айналдыру».
Қазіргі кезде заңды тұлғаны тарату негіздерінің бірі - банкроттыққа ұшырау болады. Банкрот деп тану тәртібін реттеуде қолданылатын нормативтік құқықтық акт - ол 1997 жылы 21 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңы.
Азаматтық өрістің субъектілері ретінде төлемдерін өтеу қабілеттілігінен айрылған борышкерлерді сақтап қалу мақсатында мемлекет әр түрлі ақтау шараларын қарастырады және сол шаралардың еш бір тиімділігі болмаған жағдайда ғана, сот, борышкерді банкрот деп тану жөнінде шешім қабылдайды. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлер де банкрот деп танылуы мүмкін (ҚР АК 21 бабы).
Банкроттыққа ұшырау ерікті және ықтиярсыз болады, несие берүшілер бастамасымен немесе борышкердің өз бастамасымен өткізіледі. Банкроттыққа ұшырау тәртібі толық түрде жоғарыда аталған ҚР «Банкроттық туралы» Заңымен реттеледі. Банкроттық – ол, борышкердің, соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болып табылатын, дәрменсіздігі болады. Дәрменсіздік түсінігі 52 баптың екінші тармағында берілген. Жоғарыда айтылғанмен қоса, заңды тұлға таратылғаннан кейін қалған мүліктің тағдыры жөніндегі ережелерді білү қажет (ҚР АК 50 б. 8 т., 51 б. 5 т.).
Заңды тұлғалардың жіктелүі оларды коммерциялық немесе коммерциялық емес түрлерге жатқызуға байланысты.
Коммерциялық ұйымдар – ол қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін заңды тұлғалар. 1995 жылы 1наурызда күшіне енген ҚР Азаматтық кодексы (жалпы бөлімі), заңды тұлғалардыњ тек белгілі бір құқықтық-ұйымдастыру нысандарын қарастырған және бұрынғы барлық заңды тұлғаларды осы талапқа сай қайта тіркеуге міндеттеген. ҚР АК сәйкес (өзгерістерімен, қосымшаларымен қоса) коммерциялық заңды тұлғаларға келесі құқықтық-ұйымдастыру нысанында құрылған заңды тұлғалар жатады: мемлекеттік кәсіпорындар (шаруашылық жүргізу құқығындағы және жедел басқару құқығындағы (қазыналық кәсіпорындар); шаруашылық серіктестіктер (толық, сенім, жауапкершілігі шектеүлі және қосымша жауапкершілігі бар); өндірістік кооперативтер мен акционерлік қоғамдар.
Коммерциялық емес ұйымдарға заң шығарушы келесілерді жатқызған: қоғамдық бірлестіктер (саяси партиялар, қозғалыстар, орталықтар және т.б.), қорлар (зейнетақы, қайрымдылық), діни бірлестіктер, мекемелер (мемлекеттік және мемлекеттік емес) және тұтыну кооперативтер (пәтер иелерінің кооперативы, гараж кооперативы, саяжай кооперативы және т.б.), ассоциациялар (одақ) түрінде құрылған заңды тұлғалар бірлестігін. Коммерциялық емес зағды тұлғалардың кейбір түрлері коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде де құрылуы мүмкін (мысалы: зейнетақы қоры). Коммерциялық емес заңды тұлғалар - өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйымдар.
Оларға заң шегінде кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілсе де, таза кіріс табу негізгі мақсатына жатпайды. Коммерциялық емес ұйымдардың негігзі мақсаттары: әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, басқару, қайырымдылық, заңды мүдделерді қорғау, жанжалдарды шешу, денсаулық сақтау, өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз ету, саяси, т.б.
Әр заңды тұлғалар жөнінде Азаматтық құқықтың жалпы нормаларына қосымша ретінде арнайы нормативтік құқықтық актілер қабылданған.
Мысалы: 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы, 1998 жылдың 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы, 2001 жылдың 16 қаңтарындағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы, 2001 жылдың 8 мамырындағы «Тұтыну кооперативы туралы» ҚР Заңы және т.б.
Заңды тулғалардың жіктелүінің өзге негіздері: заңды тұлғалардың міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың жауапкершілігінің шегі мен мөлшері; құрылтайшылардың ең аз және ең көп мөлшері; олардың субъектілік құрамы; заңды тұлға таратылған жағдайда оның мүлкіне деген құрылтайшылардың құқығы және т.б.
Мысалы: өндірістік кооперативтің құрылтайшыларының (қатысушылары) саны екі адамнан кем емес, тек ғана жеке тұлғалар болады. Олар жарғылық капиталына өз үлестерін қосып ғана қоймай, кооператив қызметіне де өз еңбегімен қатысады.
Сондықтан, казіргі кезде ондай заңды тұлғалар аса көп емес. Ал ЖШС бір және одан да көп тұлғалармен және жеке тұлғалармен де, заңды тұлғалармен де құрылуы мүмкін. ЖШС қызметіне құрылтайшылар өз еңбегімен қатысуға міндетті емес, жарғылық капиталына өз үлестерін қосса да жеткілікті болады.
Заңды тұлғалардың құрылтайшылары өздері құрған заңды тұлғалар мүлкіне міндеттемелік және заттық құқықтарға ие болады. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары олардың тапқан таза пайдасын өзара бөлісе алмайды.
ҚР АК-да аталған зањды тұлғалар түрлері осы құралдың Б Қосымшасында көрсетілген.
Бұл тақырыпты толық меңгеру үшін заңды тұлғалардың әр түрі жөніндегі Азаматтық кодекс және арнайы заңдар номаларына сүйене отырып, жоғарыда аталған әр заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық сипаттамасын толық білүі қажет.
