- •Ақпараттық бөлім
- •1.Азаматтық құқыққа кіріспе
- •2. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •3. Азаматтар азаматтық құқық субъектілері ретінде
- •4. Заңды тұлғалар
- •5. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
- •6. Мәмілелер
- •7. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
- •8. Өкілдік және сенімхат
- •9. Меншік құқығы
- •10. Ортақ меншік құқығы
- •11. Мемлекеттік меншік құқығы
- •12. Міндеттемелік құқық
- •13. Сатып алу-сату шарты
- •14. Заем шарты
- •15. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты
- •16. Сақтау шарты
- •4)Меншік құқығы
- •5)Сақтау шарты
- •Тестжауаптары:
- •Глосарий
14. Заем шарты
715-бап. Заем шарты
Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
Орындалуы ақша немесе тектiк белгiсiмен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе және тиiстi мiндеттемелердiң мәнiне қайшы келмейтiн болса, аванс, алдын ала ақы төлеу, тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзiмiн ұзартып және бөлiп-бөлiп төлеу түрiнде беру көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсiпкерлiк қызмет ретiнде азаматтардан заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады.
Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттік органның лицензиясы бар банктер болған жағдайларда, сондай-ақ шығарылуы заңдарда белгiленген тәртiппен тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа қабылдау жағдайларында қолданылмайды.
Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлермен айқындалған заттарды бередi (беруге мiндеттенедi), ал заемшы заем берушiге дəл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi жəне сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкiн.
Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлген сəттен бастап бекiтiлдi деп саналады (заңнамада мəндi жағдайдың не болып табылатындығы туралы арнайы жағдайлар жоқ, бiрақ, Азаматтық кодекс нормаларының мəнiсi бойынша, бəрiнен де бұрын оған оның пəнi туралы жағдай жатады).
Егер шарт тараптардың алдын ала келiсiмiне негiзделсе, онда ол консенсуалды болып табылады.
Реалды заем шарты көп жағдайда бiр жақты болып табылады, өтйкенi заем берушi ақша немесе заттарды бергеннен кейiн мiндеттi тарап болып заемшы ғана табылады, ал заем берушiде оған талап қою құқығы ғана болады. ҚР Азаматтық одексiнiң 717бабының 2бөлiгiне сəйкес ақша мен заттарды бөлшектеп (бөлiпбөлiп) беру жүзеге асқанда да шарттың бiржақты сипаты сақталады.
Заемшының ақша немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн тиiстi мерзiмдерде қайтару мiндетiмен қатар заем берушiде ақша немесе заттарды одан əрi беру жөнiндегi мiндетi де болады.
Осылайша, екi тарап бiрбiрiне қатысты талаптар қоя алатын болады, бiрақ олар қарамақарсы бағытталған сипатқа ие емес. Ақшаны (заттарды) бөлiп бөлiп берудегi заем шарты реалды шарт болып табылады, өйткенi, ол ақшаның (заттардың) бiрiншi
бөлiгiн берген сəттен бастап жасалды деп есептеледi.
Егер заңды актiлермен немесе шартпен өзгеше көзделмесе заем шарты ақылы болып табылады. Заем шартының ақылы екендiгi туралы жалпы ереже ҚР Азаматтық кодексiнiң 718бабының 1тармағында белгiленген. Бұрын егер сыйақыға деген құқық шартпен тiкелей көзделмесе, азаматтар арасындағы заем шарты ақысыз деп қабылданатын.
Азаматтық кодекстiң жаңа редакциясына сəйкес жалпы ереже бойынша ақысыз болып заттар берiлетiн заем шарты табылады (ҚР АКң 718бабының 2тармағы). Мұндай шартта оның ақылығы ескерiлетiнi аз болғандай, сыйақының мөлшерi мен нысаны (заттай немесе ақшалай да ескертiлуге тиiс.
Заем шарты бойынша бірінші жақ (заем беруші) екішнші жаққа (заем алушыға) ақшаны немесе тектік белгілерімен анықталған заттарды береді, ал АК немесе шартта көзделген жағдайларда беруге міндеттенеді, ал заем алушы заем берушіге дәл сондай ақша сомасын немесе сол тектегі, сападағы, мөлшердегі заттарды уақытында қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 715 б.).
Шарттың заты - тектік белгілерімен анықталған және тұтынылатын мүлікті (ақшаны немесе өзге заттарды) беру болады.
Заем шартының, мүлікті жалдау шартынан негізгі айрмашылығы, осында болады. Заем түрлеріне: аванс, несие беру, төлемді кейінге қалдыру, төлемді бөліп төлеуге рұқсат беру, алдын ала төлеу жатады.
Кәсіпкерлік түрінде заңды тұлғалар мен азаматтардан заем алуға тыйым салынады, бұл шарттар жарамсыз болып танылады.
Заем шартының нысаны мәміле нысандары жөніндегі ҚР АК- 151-152 баптарында көзделген жалпы ережелерге бағынады.
Шарт бір жақты міндеттейтін болады, өйткені зат немесе ақша берілгеннен кейін міндет (уақытында алганын қайтару) тек заем алушыға жүктеледі, ал заем берушіде, тек заемды қайтаруды талап ету құқығы ғана болады.
