Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАМАТТЫҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
290.67 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

1 Түсінік хат

2.Әдістемелік нұсқау

3.Пәнаралық байланыс

4.Оқу бағдарламасының көшірмесі

5.Ақпараттық бөлім

6.Бақылау бөлімі

7.Қолданылған әдебиеттер

Ақпараттық бөлім

Жоспар

1. Азаматтық құқыққа кіріспе.................................................................................3

2. Азаматтық құқықтық қатынастар......................................................................5

3. Азаматтар азаматтық құқық субъектілері ретінде........................................6

4. Заңды тұлғалар.....................................................................................................8

5. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері............................................12

6. Мәмілелер...........................................................................................................13

7. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.......................................15

8. Өкілдік және сенімхат......................................................................................18

9. Меншік құқығы..................................................................................................21

10. Ортақ меншік құқығы.....................................................................................24

11. Мемлекеттік меншік құқығы..........................................................................26

12. Міндеттемелік құқық......................................................................................28

13. Сатып алу-сату шарты....................................................................................30

14. Заем шарты.......................................................................................................34

15. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты......................36

16. Сақтау шарты...................................................................................................38

17.Глосарий............................................................................................................50

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................51

1.Азаматтық құқыққа кіріспе

Бұл тақырыпты оқу барысында, азаматтық құқық ғылымы, саласы және оқу пәні арасындағы айырмашылықты білген жөн. Азаматтық құқық - ол «құқықтану» мамандығының негізгі пәні, ол барлық жеке құқық саласындағы пәндерін оқуға негіз болады.

Құқық жүйесінің әр саласын, бір бірінен, олардың реттеу нысанасы мен әдісі айырады. Құқық саласының нысанасы - құқық саласы нені, яғни, қандай қоғамдық қатынастарды реттейді, ал әдісі - қоғамдық қатынастарды қалай реттейді деген сұрақтарға жауап береді. Азаматтық құқықтың нысанасы ақшалай–тауарлық қатынастар болып табылады, яғни нақтылы құндылығы бар мүліктік құқықтар мен игіліктер жөніндегі мүліктік қатынастар.

Және де мүліктік қатынастармен байланыстығы жоқ жеке (өзіндік) мүліктік емес қатынастар да азаматтық құқық нысанасы болады (мысалы, адамның ар-намысы, азаматтың есімі). Мүліктік емес қатынастардың мүліктік қатынастармен байланыстысы да азаматтық құқық нысанасы (пәні) болып табылады, мысалы: авторлық құқық саласындағы сыйақы алу жөнінде қалыптасатын қатынастар. Бұл қатынастар тұлғамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тұлғадан бөлуге болмайтындықтан, және олардың нақтылы бағасы болмауына байланысты, тек субъективтік түрде бағаланатындықтан, мүліктік емес деп аталады.

Азаматтық құқық қатынастарын реттеу әдісінің негізгі белгісі - азаматтық құқық субъектілерінің теңдігі болады. Көпшілік құқығы әдістеріне қарағанда, азаматтық құқықтың негізгі әдісі рұқсат ету әдісі болып танылады, яғни, мемлекет, азаматтық құқық субъектілеріне өзара әрекеттерін, заң шегінде, өздеріне реттеуге рұқсат етеді. Бұл мақсатта императивтік емес, диспозитивтік әдіс қолданылады (бірақта азаматтық құқық қатынастарын реттеуде императивтік әдіс те қолданылады). Қоғамдық қатынастарды азаматтық–құқықтық реттеуде, азаматтық айналымға қатысушылардың мүлкін оқшалау және олардың еркінің дербестігі қағидасы негізге алынады.

Азаматтық құқық қағидалары да (принциптері) өзге құқықтар қағидалары сияқты, тиісті нормаларды дұрыс түсініп қолдануға мүмкіншілік беретін негізгі бастамалар болып табылады. Олар конституциялық және салалық болып бөлінеді. Қазіргі уақытта арнайы немесе азаматтық құқықтың салалық қағидалары нормативтік деп аталады, өйткені олар Азаматтық кодекстің екінші бабында бекітілген. Бұл бапта келесі қағидалар аталған: қатысушылар теңдігі, меншікке қол сұқпаушылық, шарт еркіндігі, жеке істерге кімнің де болсын озбырлықпен араласпауы, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуы, нұқсан келген құқықтардың қалпына келтірілүі, азаматтық құқықтардың сотта қорғалуы. Әр қағиданың мазмұнын толық Аша білген жөн болады.

Азаматтық құқық жүйесіне тоқтайтын болсақ, азаматтық құқық, өзге құқық салалары сияқты, жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Олардың әр қайсысының өз зерттеу нысанасы, өз нормалары мен институттары бар. Сонымен бірге жүйенің екі бөлімі де бір бірімен тығыз байланысты және арақатынаста болады. Тәжірибеде құқықты қате қолданудың себебінің бірі болып, әр бөлімнің нормаларын бір бірінен бөлек, жүйесіз қолдану: мысалы, ерекше бөлімнің нормаларын жалпы бөлімнің ережелеріне байланыссыз қолдану танылады.

Азаматтық құқық саласына қарағанда, азаматтық құқық ғылымы оның дамуын зерттейді, азаматтық заңдарды талдайды, жалпы ғылыми әдістерге, салыстырмалы құқықтану әдістеріне және арнайы әдістерге сүйене отырып әр түрлі ғасырлар, әр түрлі мемлекеттер, әр түрлі құқық жүйелері заңдарын салыстырып бағалайды. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының дамуына, оның нормаларының, институттарының қалыптасуына және дамуына, континенттік құқық жүйесінің негізі болып танылатын рим құқығы нормаларының рецепциясы әсер еткен және сонымен бірге соңғы жылдары ағылшын–саксон құқық жүйесінің нормалары да әсер етеді. Соның нәтижесінде, Қазақстанда акционерлік қоғам, мүлікті сенімгерлікпен басқару институттары еңгізілген.

Сонымен, азаматтық құқық дерекнамалары (қайнар көздері, бастамалары) – ол азаматтық құқық нормаларынан тұратын нормативтік құқытық актілер жиынтығы болып танылады. Азаматтық құқытың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Онда барлық меншік түрлерінің теңдігі, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы, т.б. бекітілген. Аса маңызды заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексы болады. Ол 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда өз күшіне енген Жалпы бөлімнен және 1999 жылы 1 шілдеде қабылданып өз күшіне енген Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық зањдардың құрамы қылмыстық, әкімшілік, жер құқығы және өзге де заңдар құрамына қарағанда өте кең болады.