Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
f6474933-af23-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ ИМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.37 Кб
Скачать

4.Студенттердің өздік жұмысы

СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Инновациялық менеджмент» курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ эссе және жағдайлық тапсырма түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген тапсырманың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.

Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)

Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.

Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады.

Студенттердің өздік жұмыстарының және студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары

4.1 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

1. Инновациялық қызметтегі тәуекел ету ерекшеліктері – Эссе

2. Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы – Эссе

3. Әлемдік экономиканың инновациялық даму қарқыны – Эссе

4.Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы» -Эссе

5.Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы» - Эссе

4.2 Студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары

1 . «Инновациялық қызмет» туралы Қазақстан Республикасының Заңын талқылау – Тапсырма 1

2.ҚР инновациялық саясатын талқылау – Тапсырма 2

3.Apple, Sony, Nokia сиқты табысты инновациялық компаниялардың персоналды басқару тәжірибесін талқылау - Тапсырма 3

4. Инновациялық ұйымдарда қызметшілерді ынталандыру мәселелерін талқылау - Тапсырма 4

5.Қазақстан Республикасынның технопарктерінің қызметін талқылау - Тапсырма 5

6. Инновациялық жобаның бизнес-жоспары – Тапсырма 6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]