Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
f6474933-af23-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ ИМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.37 Кб
Скачать

2 .Шешімді шығару және қабылдау технологиясы

Басқаруда, сондай-ақ адамдардың басқа да «с-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді.

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.

Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.

Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды.

Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы келтірілген:

Шешім қабыл-даудың қажет-тілігін анықтау

Пробле-малар мәселе-сін қою

Жиналған мәлімет-терді талдау

Шешім мәселе-лерінің негізде-луін бағалау

Мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау

Шешім-нің орын-далуын ұйым-дастыру

Орын-далу барысын бақылау және нәтиже-сін бағалау

Шешімді жасаудың және қабылдаудың принципі осы схемасы, шешімді қабылдаудың «Технологиялық» процесінің енгізілу-енгізілмеуіне қарамастан, оның барлық кезеңдері мен линиясы шешім түріне байланысты. Қарапайым міндеттерді шешкен кезде аталған кезеңдерінің барлығын пайдалану міндетті емес, жәнеде, керісінше – біршама күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім қабылдауға, әдетте, барлық кезеңдер енгізіледі.

Келтірілген кезеңдердің көрсеткеніндей, басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Алайда, кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.

Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушыларды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.

Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады – бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешілетін болады.

Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттің шешілуі 50%-ке қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті - өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.

Басшы кез келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне осында.

Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.

Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын қарастырған кезде басшы жағдайды – оның пайда болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.

Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттың дәл, әрі айқын болуының айрықша маңызы бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті мақсаттың да, қорғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар туралы өткен тарауларда толық баяндалды.

Мақсатты дәл анықтаудың психологиялық мәні де бар, өйткені мұндай жағдайда шешімді орындаушылар батыл әрекет ете алады.

Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.

Мәлімет көлемі қарастырлатын міндеттердің күрделілігіне, сондай-ақ шешімді қабылдайтын адамның біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты. Перспективалық шешімдерді ойластыру үшін алуан түрлі, әрі көлемді мәліметтер қажет. Жедел мәселелер, технологиялық жағдайлар туралы шешім қабылдағанда мәліметтің онша көп болуы қажет емес.

Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар типтік мәліметтерді пайдаланады, арнайы жасалған форма бойынша сұрау салады, жекелей бақылау жүргізеді, мамандармен және қарапайым жұмыскерлермен әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен танысады, эксперттің пікірін тыңдайды. Егер мүмкіндік болса, социологиялық зерттеу жүргізеді.

Алынған мәліметтерді талдаған кезде, оның сипатына қарай, әр түрлі тәсілдерді де пайдаланады. Мәселен, сапалық мәліметтер дегенді зерттеу үшін белгілі логикалық амалдарды: салыстыруды, үйлестілікті, синтез талдауын, абстракциялауды, жинақтауды, индуктивтік және дедуктивтік қорытындылауды, әр түрлі дәлелдеу тәсілдерін пайдаланады.

Егер мәліметтер қалыптасса, онда оны талдаудың сандық тәсілдерін қолданып, мұндайда компьюторлық техника мен экономикалық-математикалық тәсілдерді пайдаланады.

Шешімдер варианттарын (баламаларын) тұжырымдау. Шешімдер варианттары санының (баламаларының) болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Бір вриантты ғана ойластырып қою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. Мұндай жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын ала, сынама вариантта шешу. Алдын ала түскен вариантты шешу, әдетте, міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсас міндетті шешкен кезде жинақталған тәжірибені пайдалану қажет. Шешілетін варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық тәсіл деп аталатынды да қолданады.

Күрделі мәселелерді шешкенде көптеген факторлар болғанда, ал шешімнің дұрыс болмауы қосымша шығынға ұшырататындықтан, міндетті шешудің қазіргі математикалық тәсілдерін пайдалану ұсынылады.

Маркетинг принциптері негізінде кәсіпорынды басқарудың нарықтық экономикасына көшкенде, шешім қабылдар алдында нақты жағдайға талдау жасалады да, мұндайда кәсіпорынның қандай жағдайда екендігі анықталып, болжалдау жүргізіледі (нақты жағдайда кәсіпорын не күтеді?), сыртқы орта ықпалы (ол қандай қысым көрсететіні) анықталады.

Осыдан кейін маркетингтік синтез жүргізіледі. Мұның мәнісі мақсат ұсыну (жағдайды түзету үшін не істеу керек?), мақсатты бағалау (неге басқалай емес, дәл осылай істеу керек?), тек содан кейін ғана шешім қабылдау.

Шешімнің қолайлы вариантын (баламасын) таңдау. Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында әр түрлі варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттарды шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы таңдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін әрбір вариантты мұқият ойластыру қажет.

Шешім варианттарын ойластыру дегеніміз не? бұл, біріншіден шешімнің барлық құрамдас бөлігін, әсіресе мақсаты мен міндетін мүмкіндігінше толық тұжырымдайды. Екіншіден, қойылған

мақсатқа жетудің негізгі бағыты, жолы мен амалы, сондықтан қолда бар еңбек, материалдық, қаржы және басқадай ресурстар, ғылыми идеялар, жаңалықтар, өнертабыстары зерттеледі, әсіресе, уақыт факторы ескеріледі. Үшіншіден, басқарушы және басқарылатын жүйелердің, әсіресе осы шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әрекеттестік пен үйлесімді ойластырады. Төртіншіден, әр вариант бойынша іс-әрекет нәтижесінің мүмкіндігі бағаланады.

Қабылданатын шешімнің нәтижелік критериін таңдау – күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз, қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.

Мақсатты тұжырымдау мен критериді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек. Критерий көмегімен қойылған мақсатқа жетуге жұмсалатын шығын деңгейі анықталады. Сонымен, критериді таңдаумен басқару шешімін ойластыру жөніндегі жұмыстың әзірлік кезеңі аяқталады.

Шешім қабылдаудың дәстүрлі формасымен қоса, басшы шешімді орындаушылармен, оны жүзеге асырудың нақты бағдарламасын да ақылдасады.

Проблеманы жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау – «Ми шабуылы» тәсілі. Мұның мәнісі, эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескере отырып проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру.

Мұндайда мынадай қағиданы басшылыққа алады. Әуелі бір проблемаға назар аударады. Содан кейін кез келген идеяны оның орынды-орынсыздығына немесе практикалық құндылығы күмәнді бола тұрса да қарастырады. Ұсынылған ұсынысты сынауға немесе бағалауға тыйым салынады. Жаңа идеяны генерациялауды қолдайды, әрі көтермелейді, творчестволық ахуалды қуаттайды. «Ми шабуылы» нәтижесі бойынша секцияға қатысушылар анкета толтырады және «мақсат тармағы» жасалады (8, 9-кестелерді қара).

Бұл тәсіл көптеген жақсы идеяны жинауға мүмкіндік береді. Әр түрлі көзқарастар синтезделеді. Мұның барлығы жаңа, соны проблемаларды шешуге ықпал етеді.

Қызмет көрсету тәсілі: секцияға қатысушылар проблемаларды шешудің ұсынылған варианттарын талқылайды, «жақтаушылар» мен «қарсылық» білдірушілердің пікірін таразылап, ең қолайлысын таңдауға тырысады.

Артықшылығы: әр алуан ой-пікірлер проблемаларды неғұрлым терең түсінуге ықпал етеді.

Кемшілігі: секцияға қатысушылардың барлығы бірдей проблеманы жете түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін.

Пікір жинау тәсілі. Проблема жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді тапсырады.

Артықшылығы: эксперттер қолайлыжағдайда міндетті шешумен шұғылдана алады.

Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, проблеманы шешу көзқарасы субъективті.

«Дельфа» тәсілі (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін дельфилік оракулге жүгінетін болған). Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауы, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.

Артықшылығы: проблемаларды шешуге мамандар мен эксперттерді, соның ішінде басқа ұйымның кеңесшілерін тартуға болатындығы.

Кемшілігі: коммуникацияның жоқтығы, бағалау субъективтік сипатта болады.

&&&

$$$002-006-002$3.2.6.2 Қауіп-қатер жағдайында тәуекел ету және шешім қабылдау

Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес әрекет етуге, балама шешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қоса мұндай жағдайда сыртқы ортадан қауіп-қатер де күшейе түсуі мүмкін. Сондықтанда тәуекел ету өмірдің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады.

Оксфорд сөздігі тәуекелге «зиянға немесе шығынға ұшырау мүмкіндігі» деген анықтама береді. Шаруашылық тәуекеліне алуан түрлі анықтама беріліп келеді. А. М. Омаровтың анықтамасы бойынша – «тәуекел дегенімізге қауіп-қатер төнген жағдайда қоғамға пайдалы нәтижеге жету мақсатында әрекет ету». Тәуекел етудің өзіндік сипаты – нәтиженің тым көп немесе мүлде шамалы болатындығының белгісіздігі. Тәуекел еткенде шешуші міндеттің қалай орындалатындығын, табысқа жету-жетпеуін күні бұрын болжау мүмкін емес. Тәуекел ету ең

алдымен шаруашылық нақты жағдайдан ауытқығанда, шығынға ұшырату қатері төнгенде және сонымен қоса пайда табу мүмкіндігі туғанда пайда болады.

Жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін шешімнің өзі де, әдетте, нағыз тәуекел шешім болып саналады, сол себептен де батыл тәуекел талабы жоғары нәтижеге жету ниетін көздейді. Тәуекелсіз зор табысқа жету мүмкін емес.

Менеджментте батыл шешімге барғысы келмейтін басшы ұйым үшін қауіпті, оны тоқырауға ұшыратушы деп саналады. Әдетте батыл шешім қабылдаудан тайсақтайтын менеджерлер творчестволық ізденіске бейімсіз, шаруашылық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз адамдар ретінде бағаланады.

Практикада мәні шамалы міндеттер деген сирек болады. Өзінің табиғаты жағынан олар мүмкін болатын, демек, тәуекел міндеттер. Мәлімет жетіспегенде және фактілер айқын болмаған жағдайда басшы түрліше таңдау жасауға тура келеді.

Отандық және шетелдік тәжірибелердің көрсеткеніндей, іскерлік тәуекел ету, белгілі бір принциптерге сәйкес әрекет ете білуге байланысты. Сондықтан да іскер басшылар батыл шешім қабылдаудан қорықпайды, «ДД» компаниясынан Дженис Бэрктің айтуы бойынша, оның фирмасының бірден бір қағидасы – «Сіз сәтсіздікке әрқашанда дайын болуға тиіссіз».

Тәуекел ету әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Мәселен, тәуекел пайда болу орнына қарай былайша бөлінеді:

а) шаруашылықтың өзіндегі, б) адамның жеке басына байланысты және в) табиғат факторларына байланысты.

Пайда болу себебіне қарай:

а) болашақтағы; б) әріптестер әрекетінің белгісіздігі; в) мәліметтердің жеткіліксіздігі.

Шаруашылық тарапындағы ішкі және сыртқы себептерден туындайтын қауіп-қатерді зерттеудің елеулі мәні бар. Әрбір жағдайда басшы қабылданған шешімді жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болатын ұтыс пен ұтылысты таразылайды. Мұндай да шешімнің әр түрлі варианты, параметрлері, соның ішінде болмаған сандық бағасы бойынша салыстырылады да, содан кейін оның ең қолайлысы таңдап алынады.

Талдау нәтижесінде қолайлы нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін, қауіп-қатерді барынша кемітетін вариантты іздестіруге болады.

Талдау барысында тәуекел ету дәрежесіне баға беріледі. Мұнда ықтималдық пен зардаптың сандық мәні, сондай-ақ мүмкін болатын қауіп-қатер айқындалады. Осылайша қалыптасқан нақты жағдайда қауіп-қатерді меңгеретін мәліметтер аламыз.

Әуелі қауіп-қатер объектісі, содан кейін қауіп-қатер орны, оның себептері айқындалады. Содан кейін қауіп-қатерге баға беріледі.

&&&

$$$002-006-100$Дәріс №6. Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары

1.Инновациялық тәуекелді басқару процесі.

2.Инновациялық тәуекелді анықтау әдістері.

3.Тәуекелді анықтаудың сандық және сапалық әдістері.

4.Инновациялық қызметтегі тәуекелді басқару.

&&&

$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс №7. Инновациялық қызметті басқару және инновациялық өнім қалыптастыру әдістері.

1 Қаржы инновациясы- инновацияның ерекше классы

2 Инновациялық процесс сипаттамасы

3 Инновациялық процессті басқару

&&&

$$$002-007-001$3.2.7.1 Қаржы инновациясы- инновацияның ерекше классы

Қаржы инновациясы дегеніміз үш жүйенің өзара байланысының жиынтығы болып табылады:

1) қаржы-несие операцияларының жаңа технологиясы;

2) жаңа қаржы өнімдері;

3) жаңа қаржы интитуттары.

Инновацияның ерекше классы- қаржы инновациясы

Қаржы операциясының технологиясының негізінде компьютерлерді қолдану жатпайды, керісінше қаржы операцияларының жаңа әдістемесін және әдістерін енгізу жатыр.

Қаржы-несие институттары мекемелер болыр табылады, олар қаржы иннвациясына жатпайды.

Дербес экономикалық категория ретінде қаржы инновациясы келесідей ерекшеліктері бар:

1. қаржы инновациясы нарығында жаңа қаржы өнімдерін сату міндеттемесі.

2.нарықта қаржы операциясын жүзеге асыру міндеті немесе ішкі шаруашылық субьектісінде 3.қаржы инновациясының уақытқа тәуелділігі.

Қаржы инновациясының экономикалық мәні келесідей болады.

Қаржы инновация — бұл жаңа қаржы өнімі формасында жүзеге асырылуы немесе қаржы сферасында инновацтялық әрекетінің нәтижесі.

Қаржы инновациясының мазмұны жаңа қаржы өніміні және қаржы операциясын құрайды. Жаңа қаржы өнімі мынадай болады:

1) жалпы;

2)жеке

Жеке қаржы өнімі – бұл жеке дербес өнім.

Жеке дербес өнімнің өзінің сатып алушыларының ортасы бар.

Жаңа қаржы өнімі келесідей болады:

1) лимиттелінген;

2) лимиттелінбеген.

Лимиттелінген қаржы өнімі – бұл қатаң квоталанатын өнімнің шағарылатын саны немесе көлемі.

Жаңа қаржы өнімі сонымен қатар мынадай формада болады:

1) мүлік;

2) мүліктік құқық.

Инновация ол жаңалықты білдіреді. Егер қаржы нарығында пайда болған жаңа өнім сұранысқа ие болып және сатылса онда бұл өнімнің тұтынушылары бар деген.

Инновацияның нарықта болу ұзақтығы оның өмір сүру циклімен анықталады.

Қаржы инновациясы қаржы нарығында сатылады.

Қаржы нарығы бұл – күрделі жүйе. Оның күрделілігі біртекті болмайтын элементтерден тұрады.

Қаржы инновациясына келесі факторлар әсер етеді:

1) шаруашылық процессте қаржы иннвациясының ынтапландырушы рөлі;

2) қаржы нарығында бәсекелестігі.

Қаржы операцясының кейбір түрлерінің сипаттамасы:

1. Валюталық-пайыздық своп.

2. Нольдік кулонымен своп .

3. Пенсионерлерді микронесиелеу

4. НОУ есебі

5. Свопты жинақтау.

6. «Кэш-энд-кэрри» арбитражы.

7. Матчинг.

8. ФРА.

9. Қаржы тәуекелділігін хеджирлеу операциясы.

&&&

$$$002-007-002$3.2.7.2 Инновациялық процесс сипаттамасы

Инновациялық процесске оның құрылымын құрайтын жеті элементтен тұрады. Ол мыналар:

• инициация;

• инновациялық маркетинг;

• инновацияны шығару;

• инновацияны тарату;

• инновацияны жылжыту;

  • Инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау;

• инновация диффузиясы.

Инновациялық процесс инициациядан басталады. Ол дегеніміз инновация мақсатын таңдаудан тұратын қызметтер. Инициация бастамасы болып оның шешетін инновацияның мақсаты және тапсырмасы табылады. Содан кейін иннвацияның идеясының негізін іздек керек.

Идея табылғаннан кейін оның дәлелдеу қажет. Идеяны технико- экономикалық дәлелдеу- ол ның экономикалық құндылығын бекіту. Технико-эконмикалық дәлелдемеге мыналар жатады:

  • Нақты критерий немесе жүйесі бойынша таңдар алған идеяны дәлелдеу;

  • Ірі технология үшін берілген инновациялық жобаны дәлелдеу қажеттілігі.

  • Нарықта сатуға жарау үшін идеяны материалдық формаға айналдыру мүмкіндігі;

Осы нарыққа инновацияның шығу орны бойынша нарығын таңдау және зерттеу.

Қаржы идеясын іздеу үшін төмендегілер тиімді болады:

1) үлгі және қате тәсілі;

2) бақылау сұрақтары тәсілі;

3) ми шабуылы;

4) морфологиялық талдау;

5) фокальды объектілер тәсілі;

6) синектика;

7) жеті реттік іздеу стратегиясы;

8) ойлап шығрау тапсырмаларын шешу теориясы тәсілі.

Инновация диффузиясы— бұл инновацияны соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің әрекеті. Оған жылжыту каналы, таратуды ұйымдастыру, сауда тораптары жатады.

Бұл жерде инновацияны сатудың үш тәсілі қолдануы мүмкін:

  • Тікелей тәсіл;

  • Жанама тәсіл;

  • Аралас тәсіл.

Ақпараттық өнім сапасын әртүрлі факторлар анықтайды.

  • релевантты;

  • пертинентті;

  • креативті;

  • қарым қатынаста ыңғайлылық.

Тиімділік-бұл қандай да бір нәтиженің әрекеттілігі. Инновацияның экономикалық тиімділігі барлық инвестиция және ресурстарды жаңа өнімге немесе технологияға салудан алынатын нәтиже.

Инновацияның экономикалық тиімділігін екі бағытта қарастырылады:

  • инновацияны өндіру және жүзеге асыру;

  • инновацияны сатып алу.

Инновацияны өндіру және жүзеге асырудан түсетін ақшалай қаржының экономикалық тиімділігі келесі формуламен анықталады:

Э = В - К,

Бұл жерде Э — бір инновация бойынша тиімділік сомасы, теңге; В — Инновацияны өндіру және жүзеге асырудан түсетін ақшалай қаржының сомасы, теңге, К — Инновацияны өндіру және жүзеге асыру инвестициясы, теңге.

Әртүрлі инновациялардың экономикалық тиімділігін салыстыру үшін тиімділік коэффиценті қолданылады, ол келесі формула бойынша есептеледі:

В-К

(В — К) — таза табыс, теңге.

Ішкі өнімді қолданылатын жаңа операция формасында инновация үшін экономикалық тиімділік келесі формула бойынша анықталады:

Э = И0-И,-0,15хК,

Э — тиімділік сомасы,тг, И0 —бір әрекетті жүзеге асырғанға дейінгі жылдық шығын, И, — инновация бойынша осы әрекетті жүзеге асырғаннан кейінгі ағымдағы жылдық шығын, тг, К — Инновацияны өндіру және жүзеге асыру инвестициясы,тг, 0,15 — нормативті ко­эффициент.

Сатып алушылардың инновацияға салатын экономикалық тиімділігі келесі жүйе көрсеткіштерімен анықталады:

1) инвестицияның ақталу мерзімі;

2) инвестицияның ортажылдық және жылдық рентабельділігі;

3) пайданың есеп нормасы;

4) таза ағымдағы құны;

5) инвестицияның рентабельділігің ішкі нормасы

&&&

$$$002-007-03$3.2.7.3 Инновациялық процессті басқару

Инновациялық менеджмент —Инновацияның қозғалыс процессінде пайда болатын, инновациялық процесс және қатынасты инновациялық басқару жүйесі.

Инновациялық менеджмент келесілерге негізделеді:

1. берілген инновацияның фундаменті болатын мақсаттыбағытталған идеяны іздеу;

2.Инновациялық процессті ұйымдастыру;

3. Нарықта инновацияны тарату және жылжыту процессі.

Инновациялық менеджмент басқару стратегиясы және тактикасынан тұрады.

Стратегия ол алдыға қойған мақсатына жету үшін құралдарды қолданудың жаңа тәсілі мен бағытын анықтайды.

Тактика — бұл нақты жағдайда алдығы қойған мақсатына жету үшін нақты әдіс және тәсілдер. Оның негізгі тапсырмасы болып дұрыс шешім қабылдау.

Инновациялық менеджментті басқару жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Жүйе- қандайда бір элементтерді бір тұтас біріктіру болып табылады. Инновациялық менеджмент екі звенодан тұрады немесе басқарушы жүйеден тұрады.

Инновациялық менеджментте басқару субъектісі болып бір немесе бірнеше жұмысшы топтары табылады.

Инновациялық менеджментте басқару объектісі болып инновациялық процесс, сатушы, сатып алушылар табылады.

Инновациялық менеджмент нақты функцияны орындайды, ол басқару жүйесінің құрылымын құруды анықтайды. Инновациялық менеджменттің екі функциясы бар:

1) басқару субъектісінің функциясы;

2) басқару объектісінің функциясы.

Басқару субъектісіне мыналар жатады:

* болжау;

* жоспарлау;

* ұйымдастыру;

* реттеу;

* үйлестіру;

» ынталандыру;

* бақылау.

Басқару объектісі функциясына мыналар жатады:

  • капиталды тәуекел салымы;;

  • нновациялық процессті ұйымдастыру;

  • нарықта инновацияның жылжуын ұйымдастыру және оның диффузиясы.

Ұйымдастыру дегеніміз тұтас бөліктер арасындағы өзаар байланысты құру және жетілдірудің процесстер немесе әрекеттер жиынтығы.

Инновациялық менеджменткелесі сатыдан тұрады:

1. Инновациялық процесс.

2. инновацияның мақсатын және басқаруын анықтау;

3. Инновацияның менеджмент стратегиясын таңдау;

4. инновацияны басқару тәсілін анықтау;

5. Инновацияны басқару бағдарламасын жасау;

6. бағдарламаны орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

7. Бағдарламаға бақылау жүргізу;

8. Инновацияны басқарудың тиімділік тәсілін талдау және бағалау;

9. Инновациялық менеджмент тәсілін түзеу.

Инновациялық менеджменттің маңызды бөлігі болып алдыға қойған бағдарланы орындау, шаралардың жеке түрін анықтау, осы жұмысты қаржыландыру, нақты орындаушыларын, орындалу мерзімін анықтау боып табылады.

Инновациялық менеджменттің маңызды сатысы болып бақылау табылады. |

Талдау кезінде еңбірінші мыналарды анықтайды: қолданған тәсілдер мақсатқа жетуге көмектестіме, осы мақсат қандай күш және шығынмен орындалды, менеджмент тәсілдерін оданда тиімдірек қолдануға болама деген сұрақтар өте маңызды болып келеді.

Иннвациялық менеджментті ұйымдастырудың қорытынды сатысы болып инновацияны басқару тәсілін түзеу табылады.

&&&

$$$002-008-100$Дәріс №7.Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары

1.Функционалды-құндық талдау әдісінің қағидалары мен кезеңдері . 2.Бенчмаркинг әдісі.

3.Бенчмаркингтің түрлері және деңгейлері.

4.QFD әдісі (сапа қызметін жариялау)

5.FMEA әдісі

&&&

$$$002-008-000$3.2.8 Дәріс №8. Инновациялық менеджмент және стратегиялық басқару

1. Инновациялық менеджменттің функциясы және тәсілдері

2. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы

&&&

$$$002-008-001$3.2.8.1 Инновациялық менеджменттің функциясы және тәсілдері

Тәсіл әсер ету әдісі болып табылады. Инновациялық менеджмент тәсіл - бұл иннвациянв нарықта таратуға қатысты және инновациялық процессте инновациядан тұратын, басқарылатын жүйеге басқарушы жүйенің әсер ету әдісін айтады.

Сондықтан иннвациялық менеджменттің барлық тәсілі инновациянв нарықта жылжыту процессінде пайда болатын ақшалай қатынасқа негізделген.

Инновациялық менеджмент тәсілін үш топқа бөлуге боладыя:

1. өндіріс инновациясына әсер ететін тәсілі;

2. Өндіріске, таратуға, жылжытуға және инновация диффузиясына әсер ететін тәсілі.

3. тек қана таратуға, жылжытуға және инновация диффузиясына әсер ететін тәсілі.

Өндірісті инновациялауға әсер етітін тәсіл негізгі мақсаты болып жаңа өнім немесе операция құру. Бұл тәсілге бенчмаркинг және маркетингтік зерттеу және жоспарлау жатады.

Инновациялық менеджменттің екінші тәсілі тобына инновация инжинирингі, реинжиннринг, бранд-стратегия жатады.

Маркетингтік инновацияға екі фактор әсер етеді:

  • Жаңа өнім саны;

• сатуға қойылатын технология немесе жаңа операции.

Маркетинг стратегисы келесі тұжырымдамадан тұрады:

1)нарықты сегменттеу;

2)мақсатты нарықты таңдау;

3)нарыққа шығу әдісін таңдау;

4) маркетингтік ортасын таңдау,

5)нарыққа шығу уақытын таңдау.

Иновациядағы маркетингтік әрекет түрлерінің жиынтығы инновация маркетинг функциясын білдіреді. Мұндай функцияларға мыналар жатады:

  • Ақпараттар жинау;

  • Маркетингтік зерттеу;

  • Инновацияны шығару және жүзеге асыру бойынша әрекетін жоспарлау,

  • жарнама;

  • инновацияны жүзеге асыру.

Маркетингтік зерттеуге іс әрекеттердің барлық түрлері жатады:

1) берілген инновацияны жүзеге асыру нарығындағы сатыпалушы, сатушы, өнімін зерттеу;

2) нарықтағы мүмкіндігін және оның секторларын талдау;

3)инновацияның сапасын, табыстылығын және басқа сипаттамасын зерттеу;

4) инновацияны таратуды талдау;

5) бәсекелестерді зерттеу;

6) нарық қуысын таңдау;

Бенчмаркингтің екі түрі болады:

1) жалпы;

2) функциональды.

Бенчмаркинг функциональды әдістемесі келесі сатылардан тұрады:

1. бизнес сатушының нақты функциясын таңдау;

2. берілген бизнес функциясы үшін салыстыру параметрлерін таңдау.

3. аналогты сатушылар бойынша ақпараттар жинау қажеттілігі;

4. алынған ақпараттарды таңдау;

5. өзгерістер жоьасын жасау;

6. Технико-экономикалық негізделуі;

7. өзгерісті практикаға енгізу;

8. берілген бтзнестің жүзеге асырылуын бақылау.

Басқарудың бағалық тәсілі келесі элементтер кіреді:

1) өндірісті инновациялау стадиясында әрекет ететін бағақұрайтын факторлар;

&&&

$$$002-008-002$3.2.8.2 Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы

 

«Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған және «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді.

Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні – белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз.

Стратегиялық жоспарлау тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару, реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі.

Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстар шеңберіндегі мұндай стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Облыстың, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағалануы;

  2. Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты;

  3. Экономикалық дамуы;

  4. Әлеуметтік дамуы;

  5. Күтілетін нәтиже;

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағалануы, облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталынады. Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық даму жолындағы облыс рөлінен анықталынып, тұжырымдалынады.

Басты мақсат – бұл облыстың стратегиялық дамуының негізгі мақсаты. Ол қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізінде анықталынып ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағытын білдіреді. Басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс-қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады.

Экономикалық дамудағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау үшін облыстың ішкі-сыртқы факторларына талдау жасалынады. Осы талдау негізінде облыс экономикасының басым бағыттары анықталынады. Басым бағыттардың анықталынуы, немесе оны көп тізбектегі басты буынның  белгіленуі барлық мүмкіндіктер мен күштерді осы қызметтерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Басым бағыттарды анықтауда күшті, әлсіз, мүмкіндіктер және қауіп матрицасы пайдалынады. Мұндай SWOT талдауды төмендегіше көрсетуге болады:

1. Облыс экономикасының (ол мемлекет-экономикасынында) күшті,әлсіз жақтары талданып, олардың маңыздылары анықталынады,тізімдері белгіленеді.

2. Мүмкіндік және қауіпті (тиімді дамуға кері ықпал жасайтын) факторлар анықталынып талданады, олардың тізімі анықталынады.

3. Осы мәліметтер негізінде SWOT матрицасы жасалынады.

Тұжырымдалған стратегияларды іске асырудағы негізгі талап, ол оның қаржы, тағы басқа мемлекеттік реттеу құралдарымен қамтамасыз етілуі. Сол себепті әрбір стратегияның қаржылық көзі белгіленіп, сол арқылы ол тұжырымдалынуы керек.

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауына, даму тенденцияларының эксперттік бағалануына, болжамдық есептеулерге негізделіне отырып төмендегідей жағдайларды анықтауға міндетті:

  • Болашақ даму мақсаттар мен міндеттер жүйесін;

  • Халық шаруашылығының маңызды басым бағыттары мен олардың іске асырылу кезеңдерін;

  • Экономика өсуінің мүмкін қарқынын және негізгі макроэкономикалық пропорцияларды;

  • Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;

  • Ресурстық күштерді және олардың тиімділігін, пайдалану бағыттарын;

  • Сыртқы және ішкі экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын;

  • Шаруашылық жүйесіндегі негізгі институционалдық өзгерістерді;

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей 4 үлкен бөлімдерден тұрады:

  1. әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауы;

  2. әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы;

  3. негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;

  4. ұлттық бағдарламалар.

Бірінші бөлімі төмендегідей жағдайларды суреттейді:

  • өндірістік күштердің жағдайын;

  • экономиканың ішкі және сыртқы даму тенденцияларын;

  • мемлекеттік реттеу жүйелерінің, реттегіш құралдарының ықпалдылығы мен нәтижелілігін;

  • өндіргіш күштердің сапасын, өсу динамикасын және оларға ық

 жалпы экономикалық дамудың әлемдік экономика дамуымен салыстырмасын;

Екінші бөлім әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы төмендегідей жағдайларды анықтайды:

  • әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері және басым бағыттарын;

  • мақсат, міндеттерден туындайтын, оларды іске асыруға бағытталған ұлттық бағдарламалар тізімін;

Үшінші бөлім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бөлімі:

  • экономикалық өсу, дамудың болжамдық қарқынын, деңгейін;

  • экономика құрылымын;

  • экономика салалары араларындағы байланыстарды;

  • халықтың және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы мүмкіндіктерін суреттейді.

Төртінші бөлімі ұлттық бағдарламалар – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегиясын іске асырудың және ұлттық (жалпы халықтық) мақсаттар мен басым бағыттарға тиімді, ұтымды жету жолындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің негізгі құралы. Ұлттық бағдарламалар жоғары тиімділіктегі ұлттық экономиканы құруға бағытталған күрделі, маңызды әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқада жағдайларды шешу үшін қажет.

Орта мерзімдегі және жылдық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жасаған кездерде Ұлттық бағдарламалар жоспардың «Экономикалық реттегіштері» бөлімінде, сонымен бірге экономика салаларының жоспарында және мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік тапсырыстарда көрініс алады.

Мемлекеттік ұлттық бағдарламалар ұлттық мүдделерге тиімді, ұтымды, сапалы жету жолында шектеулі қоғам ресурстарын жақсы бөлу, пайдалану құралы болып саналады.

Орта мерзімді жоспарлар – олар 3-5 жылдар аралығына арналып жасалынады. Бұл жоспардың қызметі:

  • әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған мемлекеттің саясатын және экономикалық реттегіштер жүйесін анықтау;

  • стратегиялық жоспарда, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген параметрлердің (индикаторлардың) жинақталуын қамтамасыз ету;

  • жоспарлау мерзімі (уақыты) аралығындағы барлық кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-қызмет шараларын көрсету;

  • осы уақыт аралығында (3-5 жыл) мақсатқа жету жолында мемлекеттің экономикаға араласу, ықпал жасау әдістерінің негізгі бағыттарын көрсету;

Осы қызметтер (шеңберінде) негізінде ұзақ мерзімді жоспарды белгілі уақыт аралығында нақтылау жоспары, құралы деп те айтуға болады. Жоғарыда айтылған қызметтеріне сәйкес, бұл жоспарды әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы уақыт аралығындағы стратегиялық мақсаттардан туындайтын міндеттер және экономикалық реттегіштер жүйесі анықталынады.

Сыртқы ортаға талдау жасау, үлкен қауіп-қатерлерді және жаңадан ашылған мүмкіндіктерді ашу мақсатында сыртқы факторларды анықтаудың үлкен маңызы бар. Бұл қауіп-қатердің пайда болуы мен мүмкіндіктерге уақытылы болжам жасауға, алдын ала болжап білмейтін мән-жайлар туындайтын жағдайларға жоспарлар жасауға мүмкіндік береді. Олардың келесідей жеті тобы бар:

1)  Экономикалық факторларды талдау кезінде инфляция қарқыны, салық мөлшерлемесі, халықаралық төлем балансы, тұтастай алғанда халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі және қызығушылық тудырып отырған сала, халықтың төлем қабілеті қаралады;

2)  Саяси факторларды талдау кезінде елдермен сауда жасау тарифтері жөніндегі келісімдер, кеден саясаты, жергілікті билік органдарының және орталық үкіметтің нормативтік актілері, монополияға қарсы заңнама, жергілікті банктерден несие саясаты қаралады;

3)  Нарықтық факторлар. Оған демографиялық жағдай, халық табысының деңгейі, оларды бөлу, ұйымның нарықтағы үлесі, нарық сыйымдылығы;

4)  Бәсекелестік жағдайындағы технологиялық факторларды зерделеу. Өндіріс технологиясындағы, конструкциялық материалдардағы өзгерістерді оқып үйрену әсіресе маңызды болып саналады;

5)  Бәсекелестік факторларына талдау жасау бәсекелестердің әрекетіне бақылау жасауды болжайды. Бұл ретте бәсекелестердің нарыққа қандай тауарлар шығаратыны, қандай іс-қимыл жасайтыны қаралады. Осыған орай:

- бәсекелестердің болашақтағы мақсаттары;

- олардың ағымдағы стратегиясына берілген баға;

- саланы дамыту болашағы;

- бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын оқып үйренуге талдау              жасалады.

6) Әлеуметтік факторлар. Экономикалық тұрақсыздық жағдайларында, атап айтқанда әлеуметтік ортада ұйымға қауіп төндіретін көптеген проблемалар (тұтынушылар құқығын қарайтын қозғалыстың дамуы, ұлттық сана сезімнің пісіп-жетілуі және т.б.) туындайды.

7) Халықаралық факторларға талдау жасау. Сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны жою осы факторлардың маңызын арттырды. Шетелдегі ахуалды, өзге елдер үкіметтерінің саясатын көңіл қойып қадағалау арқылы, шетелдік бәсекелестерге қарсы үкіметтен болатын қорғау шараларын назар сала отырып, қадағалап отыру қажет.

Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін, стратегиясын айқындауы мүмкін. Ұйым алдында төрт негізгі стратегиялық балама тұрады: шекті өсу, өсу, қысқарту және ұштасу.

Шекті өсу. Бұл ұйымдардың басым көпшілігінің стратегиясы. Инфляцияны ескере отырып түзетулер енгізілген, қол жеткен табыстар арқылы мақсаттарды айқындау осы стратегияға тән болып саналады. Шекті өсу стратегиясы негізінен ұйым өзінің  жағдайына қанағаттанған кезде, баяу дамитын немесе технологиялар өзгермеген өнеркәсіп салаларында қолданылады. Ұйым бұл баламаны өте жеңіл, неғұрлым ыңғайлы және аз тәуекелге баратын іс-қимыл тәсілі ретінде тандайды.

Өсу. Өсу (өркендеу) стратегиясы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деңгейдің оның алдындағы жылдың көрсеткіштері деңгейінен жыл сайын маңызды түрде көтерілу жолымен жүзеге асырылады. Ол, технологиялары тез өзгеріп отыратын серпінді дамушы салаларда қолданылады. Дағдарысқа ұшыраған нарықты тастап кету үшін өз фирмаларын диверсификациялауға (өнімдер номенклатураларының алуан түрлерін шығаруға) ұмтылушы жетекшілер, осы бағытты ұстануы мүмкін. Ішкі және сыртқы өсу болуы мүмкін. Ішкі өсу тауарлардың түт-түрін (ассортиментін) көбейту жолымен жүзеге асуы мүмкін. Сыртқы өсу тік немесе көлбеу бағытты өсу формасында бір-біріне жақын салаларда болуы мүмкін.

Қысқарту. Операцияларды оңтайландыру және қайта бағдарлаудың терең ойластырылған, ақылға қонымды жолы болып саналғанда қысқарту баламасы таңдап алынады. Қысқарту баламасы шеңберінде келесідей бірнеше нұсқалар таңдап алынуы мүмкін:

  • тарату. Ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толық сату қысқартудың неғұрлым радикалды жолы болып саналады;

  • егер бұл кәсіпорынға пайда әкелетін болса, басы артық нәрселерден құтылу;

  • қысқарту және қайта бағдарлану.

Компания қызметі көрсеткіштерінің нашарлауы экономикалық құлдырау кезінде жалғаса беретін болса немесе жай ұйымды құтқарып қалу үшін, жиі түрде қысқарту стратегиясын таңдап алады.

Әдетте, бірнеше салаларда белсенді іс-қимыл жасаушы ірі фирмалар жоғарыда аталған барлық баламаларды ұштастыру стратегиясынан ұстанады.

Ұйымның ұзақ мерзімдік тиімділігін қамтамасыз ету стратегиялық баламаларды таңдау мақсаты болып саналады. Стратегиялық таңдауға алуан түрлі келесі факторлар әсерін тигізеді:

1) Тәуекел. Компания үшін тәуекелдің қандай деңгейі қолайлы екенін анықтау қажет. Жоғары тәуекел дәрежесі компанияның өмір сүруі үшін қауіпті болып саналады.

2) Бұрынғы стратегияны білу.

3) Қожайын туралы пікір. Нақты стратегиялық баламаларды таңдау кезінде акция иелері басшылық жасау икемділігін шектейді.

4) Уақыт факторлары.

Стратегиялық баламаларды таңдау кезінде, факторларды білуден өзге, бүкілімен бөлісетін, оның болашағын болжайтын форманың тұжырымдамасы қажет болады. 

&&&

$$$002-008-100$Дәріс №8.Студенттердің өзін өзі тексеру сұрақтары

1.Инновациялық стратегия түрлерi.

2.Ұйымның инновациялық саясаты.

3. Жаппай өндiрiс саласындағы стратегиялар – виоленттер стратегиясы.

4.Өнiм дифференциациясы және нарықты сегметтеу стратегиялары – патиенттiк фирмалар стратегиясы.

&&&

$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Инновациялық ұйымның мәдениеті және оның персоналын басқару

1. Инновациялық ұйымдарда персоналдарды басқару

2.Кәсіпорындағы басшылық психологиясы

&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 Инновациялық ұйымдарда персоналдарды басқару

Бағынушылардың психологиялық сапасы: темперамент, мінезі,қабілеті.Басшылық стилінің негізгі сипаттамасы. Басшылық этикасы бойынша ұсыныстар. Іскерлік кесіссөз жүргізудың психологиялық мәдениеті. Іскерлік мәжілісі және келіссөз жүргізу.

Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істедің, сан салалы білім алудың нәтижесіне қалыптасады.

Басшылық тәсілі ұжым деңгейне тығыз байланысты, олар өзара қатысы әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады.

Басшының ұжыммен қарым-қатнасы көбінесе оның жеке басына жәнеде сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.

Біріншіден ұжымдағы қарым-қатынас жағдайына басшыға тиісті право мен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым қатнасорнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатына жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін.

Екіншіден көпшілік ұжым үшін басыш – бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір блімді және ұжымды ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған оорай кәсіптік этика туралы айтуға тура келеді.

Үшіншіден, басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынас ықпал ету, оның өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі.

Төртіншіден, ұжым құрамына қарй басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан де көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.

&&&

$$$002-009-002$3.2.9.2 Кәсіпорындағы басшылық психологиясы

Басшылық психологиясы мынаған байланысты:

  • сөйлеу мәдениетіне, өз тойын сауытты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын қабылту арқылы айтқан сөзін 40%-тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлеу білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білуі де тиісті;

  • еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;

  • мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстетика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді;

  • сезім мәдениеті: эмицияны, дауы ырғағын, қол қиымылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі басқалардан әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін көсете білуі тиіс;

  • сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;

  • сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке басын емсе, ісін сынау қажет);

  • сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу;

  • адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;

  • сынау орнын жіне тәсілін ойластыру;

  • сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.

Американдық менеджерлерге қойлатын басты талаптың бірі – сынай білу және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазалаудан жалтаруға болмайды.

Сынауды қорқатын басшы – басшы емес. әйтеуір қалайда сынау керек деген пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында «бәрібір басшының бабын таба алмайсың», деген қаңқу сөз тарайды. Сын әділ болуы, нақты кемшіліті дөп басуы тиіс.

Білікті педагогтар оқыту поцесінде оқушылардан тек қателік іздеуге болмайтындығын жақсы біледі. Іскер педагог ешқашан «былай істеме» деп айтпайды, «былай істесек қайтеді» деді, яғни өктемдік көрсетпей, сыпай ғана жұмсайды.

Әзіл-оспақты түсіне білу. өз кемшілігіңе дер кезінде күле білудің айрықша маңызы бар. В. У. Терещенконың айтуынша, АҚШ-та әрбір менеджердің өз лақап аты болады, ол мұны білуі тиіс. Карикатура келемеждеу емес. Адам неғұрлым әйгілі болған сайын, гезеттер мен журналдарда ол жөнінде крикатура соғұрлым көп болады. Адамды дастық тұрғыда әзілдеу – бұл оның әйгілілігінің, оны жақсы көретіндігінің, жақсы қарым-қатыната екендігінің белгісі. Рузвельт өмір бой өзі жайлы кариктатураны жинаған екен. В. И. Терешенконың пікірінше, егер адам беделі болса, егер ол көпке құрметті болса, онда ол крикатурадан сескенбейді, оған ашуланбайды, қайта өзіне-өзі күледі.

Басшы өз ісіне сену, батылдығы, мақсаткерлігі, қайсарлығы арқылы көрінуі, әрі осы қасиеттерін қарамағындағыларға көрсете білуі тиіс.

Егер адамдар өз ісіне сеннетін қасиеті болса, онда оған басқа адамдарда еліктейді. АҚШ-та басшыларды даярлағанда және білімін жетілдіргенде осы қасиеттерін қалай көрсету қажеттігін үйретіп қана қоймай, бұған қалай қол жеткізу, өзіне қалай қалыптастыру жолдарында түсіндіреді.

Бұл мәселе жөнінде мынандай бірқаттар психологиялық ұсыныстар бар:кәсіпорынға келгенде өзіңді тік ұстап, басыңды төмен түсірме. Тік жүру, басыңды тік ұстау, ширақ жүру өзіңе деген сенімділік дағдысын қалыптастырады.сіз амандасқан кезде, қолыңды солқас бермей, өзіңмен сәлемдескен адамның қолын қатты қыс. Батылдылық, табандылық және өзіңе деген сенімділік – жақсы басшының ұнамды, байсалдылық қасиеті. Күйгелектік, ашуланшақтық басшыға мүлде жараспайды.

&&&

$$$002-009-100$Дәріс №9.Студенттердің өзін өзі тексеруге арналған сұрақтары

1.Инновациялық ұйымдарда қызметшілерді ынталандыру мәселелері.

2.Инновациялық ұйымның мәдениеті мен даму философиялары.

3.Инновациялық ұйымның дамуындағы корпоративтік мәдениеттің орны.

&&&

$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10 Венчурлық бизнесті ұйымдастыру

1.Венчурлық инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері

2.Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы

&&&

$$$002-010-001$3.2.10.1 Венчурлық инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері

 

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да,салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар:акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұлзейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздықміндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]

Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады?Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана.Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

Инвестициялық шешімге барғанда, онымен біргеинфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатынинфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90мың теңге ғана болады.

Егер инвес тор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.

Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляциядеңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Ондамұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.

Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.

Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.

Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:

1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;

2)  Таза пайда   +   жалпы  инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.

Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:

а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;  

б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болғанжылдарды есепке алмайды.

Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.

Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.

Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.

Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?

Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.

Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек.Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.

Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.

Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:

КС = БСх(п + г), мұндағы -

КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);

БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;

г    - процент төлемі немесе табыс нормасы;

п   - табысты қосып есептейтін жылдар саны.

Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.[17;168]

Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.

Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.

Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.

&&&

$$$002-010-002$3.2.10.2 Қазақстанда венчурлық бизнестің дамуы

Бiздің елдiң инновациялық индустрияландыруы - дамудың жалғыз ғана дұрыс жолы. Елімізде инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді. Бiздiң қор осы уақытта венчурлық инфрақұрылымды дамытатынын ескерткiм келедi: ҰИҚ мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік қағидалары негізінде отандық инвесторлармен бiрге құрылған Қазақстанның алты венчурлық қорында әрiптес болып табылады. Қазақстандық венчурлық қорлардағы ҰИҚ-тың еншiсі – 49 пайызға дейiн жетеді. Олардың инвестициялық саясаты келешекте экспорттық әлеуетке иеленетін перспективті салаларда жобалар iздестiру және оларды тартуға бағытталған. Ўлттық инновациялық қор жобаларды дамытудың әртүрлi кезеңдерiнде қаржыландырады: идея мен үлгі жасауынан бастап өндiрiстiң кеңейтуiне дейiн. ҰИҚ-тың қаржыландыруының тетігі – жоба құнынан 49% дейiн үлестiк инвестиция салу. ҰИҚ-тың портфелiнде қазір тоғыз жоба бар. Одан басқа, қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлерге 2004 жылдан бастап тәжiрибе-конструкторлық зерттемелерге (ТКЗ) 48 грант берiлді. Қордың одан арғы міндеті – өз еншісіндегі үлесін сату жолымен инновациялық жобалардан «шығу» және ТКЗ-ны коммерцияландыру. Мысалы, бiздiң тәжiрибе-конструкторлық зерттемелерiмiздiң бiрi – кәушiктi гидридтеу катализаторы. Бiз оның коммерцияландыруы бойынша үлкен жұмыс өткiземiз. Мұндай технология арнайы синтетикалық кәушiктiң өндiрiсiнде, негiзiнен екi елде ғана - Германия мен Жапонияда қолданылады. Бiздiң ғалымдарымыз бiрнеше рет арзан, бiрақ сапа бойынша жол бермейтiн аналог жасаған. Катализатор жоғары сапалы резина, шиналар және басқа да бұйымдар өндiрiсi үшiн қажеттi. Шығарылатын өнiм төмен және жоғары температураларда әрі өте агрессивтi ортада жұмыс iстеуге қабiлеттi екенін атап өту керек. Бізде зерттеменің коммерцияландыруының екі жолы бар: патентті мүдделі компанияларға сату немесе өзіміздің технологиялық патентiмiзді беру жолымен резина-техникалық бұйымдар өндiрiсі зауыты құрылысына (мысалы Ресейде) үлескер болып кіру. ҰИҚ индустриалды-инновациялық дамудың алдағы бес жылда венчурлық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша өз жұмысын жалғастырады. Ұлттық инновациялық жүйені әлемiнiң бiр елiнде де нарық өз еркімен қалыптастырмаған, оның себебі жекеменшік сектор тарапынан бастамашылықтың болмауы және тәуекел етуге бармауы деп атап өту керек. Сондықтан, жүйенiң белсендi қатысушысы (локомотиві) рөлiн атқару, мемлекетке тап болып қалады.

Егер ғылыми зерттемелер туралы айтылса, онда төрт жыл ішінде бiздiң қор қаржыландырған 48 ТКЗ-ға 502 миллион теңгеден астам сомаға гранттар бөліндi. Бiздің елде сондай-ақ шетелде қызығушылық танытатын фармацевтика, мұнай-химия, металлургия өнеркәсiбі салаларында жобаларымыз бар. «Санда АБК» ЖШС фосфоры бар қалдықтан натрий гипофосфитi мен фосфор қышқылын шығару технологиясын зерттеп табу бойынша жұмыс iстеп жатыр. Натрийдің гипофосфитi - хромдау және беттердi никельмен қаптауға қажеттi реагент. Бiздiң ғалымдарымыз осы реагенттi қалдықтардан алудың үнемдi және экологиялық таза әдiсiн ойлап таба алды. Никель жамылғысы барлық жерде қолданылады. Мысалы, әуеғарыш, автомобиль өнеркәсiптерде және өндiрiстiң басқа да салаларында. Осы жобаға қытайлық компания қызығушылық танытты, олар бізге оны, яғни осы әдісті, алдымен патенттеп, ал содан соң Қытайда өндiрiс ашуға ұсынып отыр.

Сонымен бірге жаңа катализатордың зерттемесі бар, оның көмегімен мұнай өнiмдерiнен автокөлiктерге арналған синтетикалық майлар шығаруға болады. Бұл өте ұтымды жоба, бiрақ бiзде әзірше дәл осындай өнiм өндiру үшін тиісті инфрақұрылым болмай тұр. Осындай катализатордың көмегiмен Қазақстан импорттық майларды қазіргідей сатып алмай, оларды керісінше өзі жасап шығара алатын еді. Бұл катализатор бiздiң елдің маргарин және май өндіруші азық-түлiк кәсiпорындарында да сынақтан өтіп жатыр. Егер тәжiрибе-өнеркәсiптiк сынақтар бiздiң өндiрушiлерiмiздiң талаптарын қанағаттандырса, кейiннен оны тағамдық өсiмдiк майын гидридтеуiнде қолдануға болады. Біздің тағы бір бағытымыз – химия өнеркәсiбi, минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдар өндiрiсi салаларындағы инновациялық жобалардың МЖӘ қағидалары негізінде қаржыландыруына қатысуымыз. Мысалы біздің «Агрофос-Оңтүстік» жобалау компаниямыз, фосфоры бар зиянды қалдықтардан аммонийленген суперфосфат өндiрiп шығаруға мүмкiндiк беретін техникалық шешiмдi қолданысқа енгiзуде. Осылайша, Шымкент маңындағы экологиялық жағдайды жақсарта тұра, біз сонымен бірге ауыл шаруашылығы үшiн қажеттi минералды тыңайтқыштарды жасап шығара аламыз. Құрылыс секторында бізде екi жоба бар: Павлодардағы ағаш өңдеу комбинаты базасында бiз жекеменшік инвестормен бiрге келесi элементтері бар толық циклды өндiрiстiк кешеннiң ұйымдастыруын ескеретін жобаны қаржыландырамыз: формальдегидтік шайыр шығаратын фабрикасы, МДФ және ДСП өндірісінің линиясы, МДФ бұйымдары өндiрiсiнің цехы. Комбинат осы уақытта тұтынушылардың әртүрлi санаттарына арналған қол жетімді баға бойынша бөлме аралық есiктердiң шығаруын және сатуын қалпына келтірді. Алматы облысының Көксу кентінде 2007 жылғы мамыр айында керамзит кiрпiштер мен блоктар өндiрiсi бойынша зауыт iске қосылған. Керамзиттен жасалатын құрылыс материалдары жеңiлдiк, төмен жылу өткiзушілік және идеалды геометриялық пішін сияқты ұтымды қасиеттерге ие болатынын атап өткім келеді. Бұл iргетасқа жасалатын жүктеменi азайтуға, жылу еткiзушiлігін сақтап қабырғаның жуандығын азайтуға, сонымен бiрге қосымша жылу сақтайтын материалдарды қолданудан бас тартуға мүмкiндiк бередi, өйткенi керамзит – ол экологиялық таза жылытқыш. Агроөнеркәсiптiк кешенде бiз өзіміздің «Әрекет» венчурлық қорымызбен және YTO қытай компаниясымен бірге, Қазақстанның оңтүстiгiнде кеңінен қажет етілетін тракторларды (оның ішінде шағынгабаритті) құрастыру өндiрiсiн iске қостық. Өткен жылы бiздiң әрiптесiмiз – «AB Metalls» ЖШС – Балқашта құйма шойын шығару бойынша тәжiрибе-өнеркәсiптiк металлургиялық кешенін ашты. Бұл қымбат бағалы коксты қолданбастан бiр сатылы шойын өндiрiс технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы өнеркәсiптiк қондырға

ҰИҚ іске асыратын бүкіл іс-әрекет «Нұр Отан» партиясының 12-шi съезiнде Н.Ә.Назарбаев жария еткен бағдарламаға толығымен сәйкес келедi. Венчурлық және инновациялық инфрақұрылымдар салық төлеушiлер бiзден күтетін нәтиже беру керек. Менiң көзқарасым бойынша, дағдарыс уақытында және одан ары, дағдарыстан кейінгі кезеңде, ҰИҚ және жекеменшік сектор көмегімен құрылған венчурлық қорлар инновациялық жобаларды қаржыландыруға арналған нақты тетік бола алады. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, тәуекелді қаржыландыру қорлар бүгiнгі таңда инновациялар мен жаңа технологиялар трансфертiн қаржыландыруда маңызды рөлдердің бірін атқарады. Инновациялық сипаты бар және венчурлық қорлар арқылы қаржыландырылатын барлық жобалар әртүрлі дәрежеде тәуекелдi деп есептеледі. Өткен жылдары бiз қаржыландырған 48 тәжiрибе-конструкторлық зерттеменің 19 бәсекелестікке лайықты және тиісті патенттермен расталған. Қазiр бiз оларды коммерцияландыру бойынша қажетті жұмыс жасап жатырмыз. Ережеге сәйкес бiз өз жұмысымызды алдымен дамудың бастапқы кезеңіндегі «Start Up» компаниялармен бірге коммерциялық емес жобаларды іске асырудан бастаймыз. Бiзге жақсы идеясы бар кәсiпкер келеді, бiз оны қолдаймыз және қаржыландыра бастаймыз. Ол жобаға өз активтерiмен кiредi, бiз содан соң осы бизнесті дамытамыз, ал енді ол толық қуатпен жұмыс iстей бастағанда, біз оған бiздiң еншілік үлесімізді сатып алуды ұсынамыз. Жалпы алғанда осындай жобалар 5-7 жыл бойы жүзеге асырылады. Бiз - аграрлық елміз және біздің осы салада үлкен ресурстарымыз бар. Бұл жолды ешбір ұмытуға болмайды, бiз агроөнеркәсiптiк қуаттардың жетiлдiруiмен, асыл тұқымды шаруашылықтардың дамытуымен айналысуымыз керек. Сонымен қатар тек шикiзат экспортымен ғана шұғылданбай, ауылшаруашылық өнiмнiң терең өңделуiне ерекше назар аударуымыз өте маңызды. Бұл үшiн үздік агротехниканы қолдану маңызды, қатерлi егiн шаруашылығы аймағында жоғары өнiмділікті қамтамасыз ете алатын инновациялық энергия- және су сақтайтын технологияларды жетiлдiру қажет. Басқа маңызды сала – бұл металлургия өнеркәсiбі. Сонымен бiрге бұл жерде шетелге металл сынығын сату емес, түпкiлікті өнiм өндiрілуi үлкен мағынаға иеленеді. Бiз және де IT-технологиялар саласында да артта қалмауымыз керек. Сонымен қатар энергия сақтау, био- және нанотехнологияларды дамытуға күштi бағыттау маңызды. Үлкен ғылыми әлеует химия өнеркәсiбiнiң дамытуында да сақталады. Бiз үшін перспективті салаларды анықтап алу маңызды, және ары қарай осы салаларды жетілдіру негізінде жалпы тұрақты дамуға қол жеткізуге болады. Бiздiң пікірімізше, дамытуға бөлінетін қаражаттың 70% қазiргi уақытта жұмыс істейтін дәстүрлi салалар және өндiрiстердің жетiлдiруі мен жаңғыртуына бағытталу керек, ал қалған 30% – жаңа технологиялар саласын дамытуға жіберілу қажет.

Бірақ, технологиялар туралы айта келе, ғылыми әлеуеттің дамуы жайлы ұмытуға болмайды: ғылыми iргесiз инновациялар болмайды. Одан басқа, жаңа жоғары технологиялы жабдықтарды енгiзумен бірге, біз үшін сауатты мамандардың болуы маңызды. Сондықтан технологиялық дамумен бірге кадрлар әзiрлеуiне назар аудару керек.

&&&

$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Венчурлық бизнестiң түсінігі мен ерекшелiктерi.

2.Венчурлық қаржыландыруға арнап инновациялық жобаларды іздеу және іріктеу.

&&&

$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Инновацияларды интеллектуалды меншік объектісі ретінде басқару

1. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері

2. Интеллектуалдың меншік және оның объектілері

&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық  жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті [1-7, 17].

Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты. 

Міне мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.

Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Ашық нарықтың басты талабының бірі әрбір тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық инфрақұрылымның нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар. Осыған орай, 2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында инновациялық әлеуеті мен өзіндік даму үлгісі қалыптасқан елдердің қолдануға тиімді тәжірибелері мен озық үлгілерін, олардың ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялы инновациялық өнімдерді шығарудағы жетістіктерін пайымдай отырып, еліміздің ұлттық инновациялық инфрақұрылымын дамытудың экономикалық механизміндегі негізгі тетіктер ретінде жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыру, оларды мемлекеттің қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, ғылыми және басқа да істеріне тығыз араластыру, бір-бірімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін пайдалану және оларды елдің барлық салаларында сынауға және қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау қажеттілігі туындайды.

Экономиканың жаңа, сапалы жағдайға көшуi барысында инновациялық мүмкiндiктерi маңызды деңгейі көтерiлдi. Инновациялық экономиканы қайта ұйымдастыруға ғылыми сыйымдылықты өндiрiстi тек дамытуға мүмкiндiк бередi. Бұл көрсеткiштер экономикалық өсудi қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

Бiздің елiмiз үшiн экономикада инновациялық процестi  мүмкiндiк қолдау бойынша дамыған елдердің тәжiрибелерiн шығармашылық түрде қолдану маңызды болып табылады. Ол инновациялық қызметтің отандық даму жүйесiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл сұрақтарды зерттеу маңыздылығы – ғылыми-техникалық инновациялық саясатты аумақтық басқару органдарын құру арқылы жүзеге асырғанда арта түседi. 

Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып  дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық  тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.

Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды.  Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етеді

Индустриалды–инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының индустриалды–инновациялық потенциалының орнын, рөлін, қызметін ғылыми–тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай–ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі.

Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме–дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми–зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан–жақты зерттеу қажет.

Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал технологиялық инновация – жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық үрдістерді əзірлеу мен енгізу болып табылады.

Инновацияны  жаңалықтардан айыра  білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем əртүрлі ұғым.  Жаңалық – бұл тек идея немесе  жаңа технологиялық үрдіс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол  нарыққа  жетпегенше инновация болмайды. Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6–8%–ы жаңа тауарға немесе үрдіске айналады.

Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне үрдістік  инновацияларға  айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз – жаңа материалдар мен жартылай  фабрикаттарды  пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай–ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.  Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай–ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе  басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай–ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.

Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына  байланысты: салааралық, салаішілік, кəсіпорын ішіндегі инновация деп бөлінеді.

Салааралық  ішіндегі  инновация –  екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация – белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кəсіпорын ішіндегі инновация – кəсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.

Атақты экономист  Г.Менш  инновациялардың 4 категориясын  көрсетеді [79]:

1. Базистік  инновациялар. Мұндай инновациялар  көмегімен нарыққа бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар  келеді. Олар күрделі ғылыми  зерттеулерді  жəне аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.

2. Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір  тауарлар мен қызметтердің белгілі  бір қасиеттерін немесе параметрлерін  жетілдіруге бағытталған.

3. Кешенді  инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік  тəжірибеден өткен жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.

4. Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [31].

Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бəсекелестік болып табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дəрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:

жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;

жетілдірілген бұйымдар;

жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген əдістерінде құрылған бұйымдар – өзге де инновациялық өнімдер [3].

Инновацияны  зерттеушілер жаңа өнімнің «өмірге келу» процесін 7 элементке  жіктеп көрсетеді:

1. Инновациялық идеяның тууы.

2. Жаңа өнімді шығару.

3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.

4. Сұранысты анықтау.

5. Өнімді  жарнамалау.

6. Сату  процесін ұйымдастыру.

7. Өнімді  өткізу.

Сонымен  қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру,  оған  деген  сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тəсілдерді қолданылады. Белгілі  бір мерзімді аяқтап, өзін–өзі өтеген инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми–зерттеулер жүргізу қажет және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы инфрақұрылым қажет.

Әдетте инновациялық инфрақұрылымның мынадай жүйелік буындарын  бөліп көрсетуге болады:

өндірісті–технологиялық: технопарктер, инновациялы–технологиялық орталықтар, бизнес–инкубаторлар және т.б.;

қаржылық: қорлардың әртүрлі типтері–бюджеттік, венчурлік, қамсыздандыру, инвестициялық;

ақпараттық: орталық–талдау, статистикалық, ақпараттық және т.б.;

кадрлық: дайындау, қайта дайындау, оқу мекемелері (әсіресе инновациялық менеджмент саласынан), технологиялық аудит, маркетинг және т.б.

Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар жатады:

білім-инновациялық кешендер  – жоғары оқу орындары, ғылыми–зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі білікті кадрлар дайындау мен жаңа ой–пікірлер ұсынады;

бизнес-технологиялық кешендер – жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске енгізу мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;

қолдаушы кешендер. 

Инновациялық қызметті қолдау және қаржыландыру, маркетинг, көрме жұмыстары, интеллектуалды меншіктерді қорғау мәселелерімен шұғылданатын құрылымдар кіреді.

Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жоғарыда келтірілген жағдайлар міндетті түрде қажет.  Олардың барлығының жиынтығы аймақтық инновация жүйесін құрайды. 

Инновациялық үрдістерге мынадай ерекшеліктер тән: 

әрдеңгейдегі қатысушылардың болуы;

қатысушылардың қызығушылықтарының жүйелілігі және келісімділігі;

шығындар мен нәтиже арасында уақыттық, кеңістік, құндылық бөлшек болуы;

болжамдық сипат;

экономикалық және әлеуметтік мән.

Инновациялық үрдістерде қатысушылар ретінде макро-, мезо- және микродеңгейлерде әртүрлі экономикалық субъектілер бар: мемлекет; корпоративтік құрылымдар; кәсіпорындар; академиялық; салалық; ғылыми зерттеу орындары.

Инновациялық инфрақұрылымның субъектілерінің жұмысы бас кезінде инновациялық кәсіпорындардың қызметіне тиісті жағдай жасау, жоғары технологиялар және оларды өндіріс аясында іс жүзінде пайдалану.

Қазақстан республикасының экономикасына байланысты технопарктердің үш үлгісін пайдалану орынды: ұлттық технопарктер; аймақтық инновациялық орталықтар; жоғары технологиялық аумақтар.

Ұлттық технопарктер республикалық бюджеттің қаржысына құрылады. Олардың ерекшіліктері болып мыналар саналады:

ғылыми–зерттеу мекеменің негізінде белгілі мамандандыруды құру;

нақтылы ғылыми бағыттарды дамыту;

отандық ғылыми жетістіктерді пайдалану;

жаңадан өндірілген өнімдердің күрделі дәрежелігі.

Ұлттық технопарктерді құру мақсаты отандық ғылыми–техникалық әуелетті толық пайдаланып өз аясына тарту.

Аймақтық инновациялық орталықтардың инфрақұрылымның элементі ретінде ерекшеліктері төмендегідей:

бір инновациялық орталықтың шеңберінде әртүрлі ғылыми бағыттарды дамыту;

орталықтарды жеке аймақтық ғылыми–зерттеу кешенінің негізінде құру;

қызмет нысанасы жеке аймақтық ресурстары мен қажеттілігіне сүйенеді.

Қазақстанда жоғары технологиялық аумақтарды құрудың алдынғы себептері:

ұтымды географиялық орналасуы;

өндірістік инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамуы;

бай минералдық ресурстардың барлығы;

экономикалық және саясаттық тұрақтылық.

Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы барлық компоненттердің болғанын қажет етеді. 

Инновациялық жүйеге бірнеше инфрақұрылымдар кіреді:

мемлекеттік ғылыми ұйымдар – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, жобалау институттары;

ұлттық компаниялар, күрделі кәсіпорындар жанындағы ғылыми ұйымдар;

меншік ғылыми–зертту және жобалау институттары;

ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік;

ғылыми кадрлар және жеке өнертапқыштар;

материалдық–техникалық база.

Тиімді инновациялық жұмыс мүмкін егерде мынадай функциялар атқарылса:

көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылым (өндірістік, ақпараттық, білім беру) инновациялық қызметті іске асыру үшін тиісті жағдай жасалса;

қаржылық инфрақұрылым инновациялық  жүйенің негізгі элементерін қаржыландырумен қамтамасыз етілсе.

Сонымен инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық инкубаторлар  жəне инновациялық орталықтар.

Технопарктер дегеніміз – ғылымды, білімді  жəне өндірісті территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми–техникалық талдамалардың жəне жаңа технологияның өндірісіне жедел  енгізілуіне  септігін тигізеді. Жақсы жарақтандырылған ақпараттық – эксперименттік базасы құрылған жəне білікті кадрлар жоғары дəрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық жəне өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.

Технологиялық инкубатор – ғылыми ұйымдардың, инновациялық кəсіпорындардың, жоғары оқу орындары жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерінің  əлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.

Инновациялық орталық – конструкторлық–технологиялық  жаңалықтарды жетілдіру мен өндірістерді дайындауға, бəсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді жəне жоғары технологияларды  əзірлеу кезінде инновациялық кəсіпорындарды өндірістік–технологиялық қолдауға жəне бұл құрылымдардың ғылыми–техникалық əзірленімдерді жəне маркетингті, жарнамалық жəне көрме қызметін, патенттік – лицензиялық жұмысты жəне интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті жəне шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар 

&&&

$$$002-011-002$3.2.11.2 Интеллектуалдың меншік және оның объектілері

Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.

Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

• интеллектуалдық қызметтің туындылары;

• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;

• фирмалық атаулар;

• тауарлық белгілері және т. б.

Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.

Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы;Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.

Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры — Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейінАнглияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны «досым» деп атағанда ағылшынша «френди» орнына «венди» сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.

1929 жылы Барри өзінің «Питер Пэн» ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшіншітұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]