Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
f6474933-af23-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ ИМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.37 Кб
Скачать

Міндеттер

Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:

  1. Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.

  2. Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.

  3. Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.

  4. Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау жатады.

Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар және т.б. жатады.

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.

Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • жобаны экономикалық талдау,

  • жобаны техникалық талдау;

  • жобаны коммерциялық талдау;

  • жобаны ұйымдастырушылық талдау;

  • жобаны әлеуметтік талдау;

  • жобаны экологиялық талдау;

  • жобаны қаржылық талдау.

Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар мен әдістерге негізделген.

Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.

&&&

$$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін өзі тексеру сұрақтары

1.«Инновациялық жоба» түсінігін анықтау және инновациялық жобаларды жіктеу.

2. Инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктері.

3.Инновациялық жобалардың өмірлік циклы.

&&&

$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Ұйымның инновациялық потенциалын анықтау

1. Инновацияны болжау

2.Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары

&&&

$$$002-004-001$3.2.4.1. Инновацияны болжау

Иннвацияны болжау жаңашылдық және ҒТП болжау танымының теориясын ұсынады. Таным теориясында екі бір біріне қарама қарсы принципті бөліп көрсетеді:

  • онтологиялық;

  • телеологиялық.

Онтология тұрмыс туралы, оның негізі, принципі, құрылымы және заңдылықтарының философиялық ұғымы.

Телеология ол жалпы қоғамдық мақсатты білдіреді, яғни қандайда бір тәртәп немесе нақты бір заңға бағыну деген ұғым. означает наличие неко­торой общественной цели, что обычно предполагает следование како­му-нибудь правилу или подчинение определенному закону.

Телеологияның иннвациялық және ҒТП маңыздылығы бұл жерде инновация обьективті прогресстің нәтижесі ретінде қарастырылады.

Нарықтық экономикада иннвация және ҒТП нарығында еркін бәсекелестікте әрқашанда сатушы және сатып алушы арасында экономикалық өзара қарым қатынас көрсетіледі.

Инновацияны ынталандыру- бұл мұқтаждықтардың және олардың мотивтерінің оның нақты бағыттарын анықтайтын жиынтығы.

Инновациялық менеджментте мотивация ол алдына қойған мақсатына жету үшін қоздырушы кұштердің әрекеттерінің бағыттары бойынша тәсілдер жиыны ретінде қарастырылады. Инновация мотивациясын екі аспектіде қарастыруға болады:

* инновацияны құру және сату мотивациясы;

* инновацияны сатып алу мотивациясы.

Кез келегн мотивация төрт элементтен тұрады:

  • мақсат

  • мотивтер

  • факторылар

  • мақсатқа жетуге ұмтылу.

Мотив осы уақыт кезеңіндегі шаруашылық субьектілердің қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Инновацияны құру және сату және негізгі мотивтер мыналар табылады:

  • өздерінің жаңа өнімдерінің бәсекелестік қабілетін жоғарлату;

  • Нарықта өз имиджін жоғарлату;

  • Жаңа нарықты жаулап алу;

  • ақша легінің мөлшерін көбейту;

  • өнімнің ресірс сыйымдылығын төмендету.

Жаңа өнімдердің бәсекелестік қабілеті мыналарға негізделеді:

  • өнім сапасының қойылатын талапқа сай болуы;

  • тұтынушылардың жабдықтаушылардың мүмкіндіктеріне сенімді болуы;

  • сатудан кейінгі сервистің сенімді және тез жүргізілуі;

  • өнімнің халықаралық және ұлттық стандартқа сәйкес келуі;

  • жарнама.

Инновацияны құру және сату бірнеше факторларға сүйенеді. Негізгі факторлар келесі:

1) бәсекелестікті күшейту;

2) өндірістік саудадағы өзгерістер;

3) операция технологиясын жетілдіру;

4)салық салу жүйесіндегі өзгерістер;

5)халықаралық қаржы нарығындағы жетістіктер.

Инновацияны сатып алудың негізгі мотивтері болып келесілер табылады:

1} шаруашылық субьектілердің бәсекелестік қабілетін және имиджін көтеру;

2)болашақта күрделі салымнан пайда алу.

Инновацияны сатып алу мотиві объективті және субъективті факторларға негізделеді.

Субъективті факторларға сатып алушы туралы, оның инвестициясының жоспары және бағдарламасы, қаржы қызметі, психологиялық қабілеті, менеджерлердің кәсібилілігі және тағы басқалар.

Негізгі объективті факторларға:

1) өндірістік саудадағы өзгерістер;

2)салық салу жүйесіндегі өзгерістер;

3)халықаралық қаржы нарығындағы жетістіктер.

Жаңа өнімнің өмірлік кезеңі жеті сатыдан тұрады:

1 )жаңа өнім жасау

2) нарыққа шығу;

3) нарықты дамыту;

4) нарықты тұрақтандыру;

5) нарықты азайту;

Жаңа операцияның өмірлік кезеңі төрт стадиядан тұрады:

1) жаңа орерация жасау және оны құжат түрінде ресімдеу;

2) операцияны жүзеге асыру;

3) нарықты тұрақтандыру;

Болжау қандай да бір оқиғаны және алдыда болатын зерттеулерді негізін білдіреді. Болжау алдында енң бірінші болжаудың мақсаты қойылады.

Іздеу болжауы- бұл «егер былай болса не болар еді ?» деген сұрақтан басталады. Іздеу болжанына тенденцияның экстраполяциясы жатады.

Тенденцияның экстраполяциясы болмыстың бір бөлігін оның басқа бөлігіне бақылаудан алынған нәтижені білдіреді.

Нормативті болжау нақты мақсатты предсказаниені білдіреді. Мысалы, жарнама, мақсатты айтуға болады.

Мақсатты предсказания инновациялық саясат жасауға жауапты жұмысшылар үшін жақсы құрал болып табылады. Олар мынадай болуы мүмкін:

1) нақты пргрессті болжанатын прогресспен салыстыру;

2) предсказанияға тікелей қатысы жоқ, сұрақтар бойынша шешім қабылдаудың негізі.

&&&

$$$002-004-002$3.2.4.2 Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары

Казақстанда инвестициялық саясат сүрақтарына Республиканың мемлекеттік егемендігін алғаннан бері көп көңіл бөлініп келеді. Соңғы жылдары Казақстанда макроэкономикалық жэне саяси түрақтылыққа қол жетті, ол Казақстандағы инвестициялық климатты айтарлықтай жақсартты. Казақстан Республикасымен өзара қолдау жэне бірқатар елдермен, мысалы: Әзірбайжан, цлыбритания мен Солтүстік Ирландия, Болгария, Венгрия, Грузия, Германия, Египет, Израиль, Иран, Индия, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Корея, Малайзия, Монғолия, Польша, Ресей Федерациясы, Румыния, Финляндия, Франция, Чехия, гзбекстан, Украина, Түркменстан, Швейцария, басқа да Бельгия-Люксембургтық ұйыммен инвестицияларды қорғау туралы екі жақты келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойылды. Казақстанда заңдылықтың кең тармақталған және өзара байланысты жүйесі Казақстан Республикасы территориясындағы шетелдік заңды түлғалар мен азаматтардың: "Валюталық реттеу" (24.12.1996 ж.), "Лицензиялау туралы" (17.04.1995 ж.), "Жер туралы" (24.01.2001 ж.), "Мүнай туралы" (28.06.1995 ж.), "Жер қойнауы мен жерді пайдалану" (27.01.1996 ж.), т.б. заңдар қызметтерімен байланысты қатынастарды тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Шетелдік инвестициялар сферасындағы: "Шетелдік инвестициялар туралы" заң (27.02.1994 ж.); "Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау туралы" заң (28.02.1997 ж.), "Инвестициялық қорлар туралы" заң (06.03.1997ж.), "Казақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесін қүру туралың КР-сы Президентінің үкімі (30.06.1998), "Казақстанның басты секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісім жасау кезінде берілетін жеңілдіктер мен преференциялар ережесін бекіту туралы" КР-сы Президентінің ұкімі қатынастарды реттейтін нормативтік қүқықтық актілерді бөліп көрсету керек. "Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау туралы" заңмен инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар беру жолымен экономиканың басты салаларына инвестициялар тартумен айналысуға өкілетті арнайы мемлекеттік органды құру қарастырылған. Бірінші рет м|:ндай орган 1992 жылы - шетелдік инвестициялар бойынша үлттық агенттік қүрылды. 1996 ж. Ол инвестициялар бойынша Казақстан Республикасының Мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды, ал 2001 жылдан бастап Казақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі жанындағы инвестиция бойынша Агенттік қызмет ете бастады. Агенттік Казақстан Республикасында тікелей шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға өкілетті жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. Агенттіктің негізгі атқаратын функциялары: 1) Казақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүмысты үйымдастыру: 2) Бекітілген инвесторлармен жүзеге асатын инвестициялық жобаларды орындау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін координациялау; 3) Әрбір инвестициялық жобаны орындау үшін қажетті қүқық пен өкілеттік беретін барлық келісімді жэне рұқсат етілген қркаттар, лицензиялар, виза жэне басқа қүжаттарды алуды қамтамасыз ету; 4) Казақстанда маманданған жүмысшылар, тауарлар мен қызметтерді іздеуде бекітілген инвесторларға көмектесу; 5) Бекітілген инвесторлар өзіне алған міндеттерді орындауға бақылау жасауды қосқанда, инвестициялық жобаларды орындауды жүзеге асыру Шетелдік инвестициялардың қүқықтық жағдайының негізгі сүрақтары КР-ның "Шетелдік инвестициялар туралы" заңымен реттеледі. Заңға сэйкес шетелдік инвестицияларды, осындай инвестициялар үшін Казақстан Республикасының заң актілерімен тиым салынбаған кез келген обьекті мен қызмет түріне салуға болады. Портфельді инвестицияны жүзеге асырумен, мақсатты банктік және қаржылық салымдарды, қарыздарды берумен, сонымен бірге шетелдегі үлттық инвесторлар инвестицияларымен байланысты қатынастар арнайы заңдылықтармен реттеледі. Арнайы экономикалық зоналарда шетелдік инвестицияларды жүзеге асыруға "Шетелдік инвестициялар туралы" Заң нормасы қолданады, егер "Арнайы экономикалық зоналар туралы" КР-сы Президентінің үкімі ескерілмеген болса. Казақстан Республикасының қызмет етіп түрған заңымен тиым салынбаған шетелдік инвестициялардың кез келген формасы мен онымен байланысты қызметі, мұндай жағдайда Казақстан Республикасының жеке жэне заңды түлғаларының инвестицияларына немесе басқа кез келген жеке жэне заңды түлғаларға пайдалануға берілуіне қарағанда онша қолайлы емес жағдайда жүзеге асады. Ең алдымен аса маңызды екі мэселеге ерекше көңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының ёіаапоёбёуёй0 өзгерістеріне нарықтық механизі әсер ете алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен жэне шаруашылық жүргіуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің элеуметтік-эконойикалық тиіділігін арттыру мақсатында құрлымдық реттеу мэселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негіздерлген қүрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - эсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсаттй сипатта болады. Экономикадағы қүрлымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер ж^Лёесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақты макбоэкономикалық шараларға байланысты. Басқаща айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат - макроэкономикалық, салық жэне аймақтық деңгейлерде құрлымдық саясатты қалыптастыруайң негізі болып табылады. Қазіргі заманғы мемлекеттің табыстылығы мен бәсекелес қабілеттілігін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық климат болып табылады. Инвестициялық климат экономикалық, әлеуметтік, саяси сипаттағы түрлі жағдайлардан қалыптастырылады. Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бэсекелес күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері, діл ерекшеліктері жэне т.с.с. болсын елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндікке ие болады. Сонымен бірге сонда да инвестициялық климатты айындайтын басты факторлардың бірі салық жэне кеден режимдері болып табылады. Қазақстан Республикасының Салық және кеден режимдері Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бүл ретте Қазақстан Үкіметі республиканың экономиканың шикізатқа жатпайтын секторына сыртқы да, ішкі де инвестицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті алғышарттарды жасады. Үкіметтің фискальдық саясаты Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылға арналған стратегиясын ойдағыдай жэне дәйекті іске асыруға бағытталған. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын үсынудың қолданыстағы тетігі бірқатар маңызды басымдықтарға ие. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тең дэрежеде отандық та, шетелдік де инвесторларды қолдау мен ынталандыру көзделген, инвестициялық артықшылықтарды беру тәртібі жеңілдетілген, оған сәйкес инвестициялық артықшылықтар беруге арналған өтінімді қарау мерзімі елеулі қысқартылған (отыз жүмыс күніне дейін). Жоғары қосылған құн салығы бар өнімді, жоғары технологиялық өнімді қүруға бағытталған компаниялар үшін қажетті жағдайлар жасалды. Жаңа өндірістерді дамытуды ынталандыру, қолданыстағы өндірістерді кеңейту жэне жаңарту үшін Салық кодексінде инвестициялық салық артықшылықтарын беру көзделген, оларды алып салық төлеуші инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты корпоративтік табыс салығын (КТС), мүлікке салынатын салық пен жер салығын есептеу бойынша салық жағдайларына күқығы бар. Инвестициялық салықтық артықшылықтар тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты айқындалатын, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Бұл ретте, қызмет түрлеріне және тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты КТС бойынша артықшылықтардың қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің щешімі бойынша он жылға дейін үзартыла алады.

&&&

$$$002-004-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Ұйымның инновациялық қызмет деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

2.Инновациялық климат.

3.«Инновациялық белсенділік» категориясының мазмұны.

&&&

$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс 5 Инновациялық жобалардың тиімділігі деңгейін бағалау

1.Инновациялық жобаларды бағалау

2. Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

&&&

$$$002-005-001$3.2.5.1 Инновациялық жобаларды бағалау

Кез-келген бір инновациянымен жобаны іске асыру материалдық және қаржылық шығынды қажет етеді. Жаңа өнімге немесе қызметікеқызметке қолданушылардың табылуы және де жобаның қаншалықты коммерциализацилауға өтетіндігін білмегендіктен ол әрқашанда рискке байланысты болады. Сондықтан да инновациялық үрдісте бағалау уақыты маңызды болып табылады. Бағалаудың қиындығына қарамастан, ол керекті және инновациялық үрдістің рискін түсіретін фактор болып табылады.  Инновациялық жобалардың эффектілігін бағалау кезінде жобаның белгіленуіне байланысты эффектіліктің бірнеше түрлерін анализдеу керек.  Инновациялық жобаларды салыстыру және олардың ішінен ең тиімдісін таңдауды келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы орындалады:  - таза дискоттық кіріс (ТДК) немесе интегралдық эффект;  - кірістің индексі;  - кірістің ішкі нормасы;  - есе қайтару мерзімі;  - баллдық көрсеткіштерді алу әдісі;  - әр-түрлі көрсеткіштердің ұқсастығы.  Таза дисконттық кіріс қазіргі эффектілердің бүкіл төлемдік мерзімі бойынша мөлшері болып табылады:  Э = ТДК = ∑ ( Р - З ) 1/(1+Е) ;  мұндағы, Э - интегралдық эффект;  Т - төлем горизонты;  Р - сол уақыттағы жүзеге асырылатын көрсеткіштер, тг;  З - сол уақытта да жұмсалатын шығындар, тг;  1/(1+Е) – көрсеткіштер мен шығындар уақыты бойынша  коэффициент көрсеткіші;  Е - дисконт нормасы.  Егер де инновациялық жобаның ТД-сі оң болса, онда жоба эффектілі (пайдалы) болып табылады және де іске асырылуы тиімді болып саналады. ТДК неғұрлым көп болса, жобаның соғұрлым эффектісі молырақ болады. Егер де тнвестициялық жоба ТДК-сі теріс болса, онда инвестор шығынға ұшырайды да, жоба эффектілі болмайды.  Кіріс индексі (КИ) берілген эффектілердің қосындысының капитал салымына ара-қатынасын көрсетеді:  КИ = 1/К ∑ ( Р - З ) 1/(Т+Е) ;  мұндағы, З - капитал салымы кірмейтін жағдайдағы берілген  уақыттағы шығыны;  Кіріс индексі ТДК-мен тығыз байланысты. Ол сол элементтерден құралады және оның мағынасы ТДК-нің мағынасымен байланысты. Егер де ТДК оң болса, онда КИ > 1, және керісінше. Егер де К > 1, онда жоба эффектілі, ал егер КИ < 1 – онда эффектілі емес.  Ішкі кіріс нормасы (ІКН) Е дисконтының нормасын білдіріп, сол арқылы берілген эффектілер көлемі берілген капитал салымына тең болады.німдерді  Егер де инвестициялық жобаның ТДК төлемі "берілген дисконттық норма (Е) көмегімен эффектілі бола ма, әлде жоқ па?" деген сұраққа жауап берсе, онда ІКН төлем үрдісінде анықталып, артынан инвестордың талабы бойынша қойылған каиталды кіріс нормасымен салыстырады.  Егер ТДК инвестор талап ететін капиталдың кіріс нормасына тең немесе артық болса, онда берілген жобаға жасалған инвестиция ақталады және жобаны қабылдауды қарастыруға болады.  Егер ТДК және ІКН жоба нұсқаларын салыстыруда қарама-қарсы көрсеткішткерге әкелсе, онда ТДК анализі көрсеткіштеріне көңіл бөлу керек.  Есе қайтару мерзімі – бұл бастапқы жобаны жүзеге асыру барысындағы минималдық уақыт арасы. Бұл жобаға байланысты бастапқы салым мен басқа да шығындардың қосындылық көрсеткінтеріне дұрысталатын уақыт мерзімі. Ол жылмен, үшайлықпен және аймен өлшенеді.  Жобаны жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштер мен шығындарды дисконтпен (егер есе қайтару мерзімі 1 жылдан астам болса) және дисконтсыз (1 жылдан кем) анықтауға болады.  Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең мағызды болып есептеліп қалыптасады. Кәсіпкер уақыт талапарына жауап беріп, келесі функцияларды қолдана отырып уақыт сұранысына жауап береді:  - ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату;  - модельдердің ауысуы;  - қолданушының болашақ сұраныстарын бүгін-ақ қамтамасыз етуге  дайын болу;  - жаңалықтарды (өнімдер, қызметтер, технологиялар, өндірістің жаңа  ұйымы және еңбек) енгізу және тарату үшін қолданушылармен тығыз  байланыста болу.  Осы себептер өмірге нарыққа жаңа талаптарға сай құрыла білетін көптеген кішігірім өндірістерді тудырады. Үлкен фирмалар өзінің инерционалдығын және "бұрылмаулылығынан" тез қалыптаса алмайды, бірақ үлкен мөлшерде кіші өндірістер ұсынатын жаңалықтарды қоса алады. Кәсіпкерліктің бұл ролін Й.Шумпетер былай айтты: "Кәсіпкердің мақсаты – ашуларды енгізу арқылы өндіріс тәсілдерін жаңадан құру және оны дамыту, ал нақтылай мағынада жаңа тауарлар немесе көне тауарларды өндіруде жаңа технологияларды қолдану арқылы шикізаттың жаңа қайнар көзін немесе дайын өнімнің жаңа нарығы ашу". 

&&&

$$$002-005-002$3.2.5.2 Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.  Инвестициялау – бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.  Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік түрлері болады:  – ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;  – бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);  – инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.  Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.  Жаңалық енгізулерге арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады:  1) Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында тұрулар, ал кейбреулерінде – новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.  2) Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.  3) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.  Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.  Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі:  Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.  Бизнес тәуекелі - жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел – ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты.  Жаңалық енгізудің инвестициялауының шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге асырылатын стратегия мен бизнес әдісін таңддау кіреді.  Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.  Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген баға, түсім индекс, рентабельдіктің ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты.  Динамикалық әдістерге – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.  Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда маңызды орын алады. Бұл жерде жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.  Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады:  - жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті);  - фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер; - мемлекеттік және аймақтық басшылықтың жобаны қолдау дәрежесін орнату;  - инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.  Үстіде келтірілген түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.  Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді. 

&&&

$$$002-005-100$Дәріс №5.Студенттердің өзін-өзі тексеру тапсырмасы

1.Иновацияның жалпы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тиімділігі. 2.Инновация мен инвестицияның экономикалық тиімділігі.

3.Инновациялық қызметтің инвестициялық тартымдылық критерилері

&&&

$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Инновациялық қызметтегі тәуекел

1. Инновациялық менеджментте басқару шешімдерін жасау

2 Қауіп-қатер жағдайында тәуекел ету және шешім қабылдау

&&&

$$$002-006-001$3.2.6.1. Инновациялық менеджментте басқару шешімдерін жасау

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйіді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әректі іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.

Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Басшы сонымен қоса жете ойластыруы, жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.

«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б., екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.

Басқару шешімнің ең маңызды белгісі объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.

Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.

Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: «Тектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады».

Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.

Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса кез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжірибе ғылым жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Басқару шешімі жан-жақты болуы, яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілсін.

Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы толық қамтылуы, әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]