
39 Билет
1) Шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс ағзаға әсері және алдын алу
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады. Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Шудан қорғау әдістері. Шудың шығу көзінің сипаттамасына байланысты шудан ұжымдық қорғау және дербес қорғау құралдары таңдап алынады. Олар МЕСТ 12.01.029.080 «ССБТ. Шудан қорғау құралдары және әдістері. Жіктелуі» анықталған.Шудың шығу көзінің орналасқан жеріне байланысты акустикалық есеп жүргізіледі: оның ашық кеңістікте немесе бөлмеде орналасуында.
Шудың таратылу заңдылықтарынан және акустикалық есебінен шудан қорғау шаралары шығады:
Шудың шығу көзінің дыбыстық қуатын азайту. Шудың шығу көзін азайту шаралары шудың табиғатына байланысты. Механикалық шулар механикалық энергияның акустикалыққа көшуін азайту жолымен былайша төмендетіледі:
1) машинаның дайындалу дәлдігін жоғарлату;2) айналмалы бөліктерінің берілетін жиіліктерін және жүктемеліктерін азайту;3) соққы беретін процесстерді соққысыз процесстерге ауыстыру;4) айналмалы бөліктерін баланстауды жақсарту:5) механизмдерде оралу-ілгерілеу қимылдарын айналмалыға ауыстыру;6) дыбыстық емес материалдарды қолдану (пластмасса, ішкі үйкелісі үлкен дыбыссыз металлдар);7) қажалатын беттерін майлауды жетілдіру;8) тісті берілістердің орнына клиноременді және тісті-ременді берілістерді қолдану.
Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың шектейтін қол саптары болу керек. Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек. Шеткі тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі жүйке жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады.
2) Танкистерге келесі қолайсыз факторлар әсер етеді:
10. Жұмыс орындарының шағындығы және осымен байланысты қозғалудың шектелуі: танктың жалпы көлемі 4 м3 (командир 0,8 м3, наводчик – 0,8 м3, зарядтаушы 1,6 м3, механик-жүргізуші 0,8 м3).
11. Метал қоршаулардың болуы соққылар мен жарақаттардың қауіптілігін туындатады.
12. Қолайсыз температуралық әсерлер, бронның ысуы, әсіресе оңтүстікте, қыста төмен температура радиациялық тоңазуға әкеледі.
13. Танк ауасының шығарыс және оқ газдарымен ластануы.
14. Жазда танк ауасының жоғары шаңдануы (1-60 м/м3).
15. Жанармай және майлау материалдарымен жанасу.
16. Атыс кезінде қатты шудың, қозғалтқыштардың жұмысы кезіндегі дірілдің, жолсыз жерлермен жүргенде соғудың әсері.
17. Көру аймағының шектелуі және осымен байланысты соғыс кезіндегі нервтік-психикалық салмақтың жоғары болуы.
18. Соғыс жағдайында адам киімінің тұтанып жану қауіптілігі; көп жағдайда экипаж киімі жанар-жағар майлармен сіңіріледі.
10. Соғыс машинасының өрт және жарылыс қаупі – олардың алдын алу үшін 70% этиль бромиді мен 30% көмірқышқыл газынан тұратын қоспа қолданылатын өртке қарсы жабдықтар жүйесі бар. Өрт кезінде СО2 концентрациясы 15-17 % жетуі мүмкін және бромды этильдің концентрациясы да көбейеді (ШРЕК – 0,005 мг/м3). Сондықтан өртті сөндіру кезінде жеке құрам міндетті түрде оқшаулаушы газқағарлар кигеннен кейін ғана өрт сөндурі жүйесін іске қосу керек.
11. Танктен көріп отыру, байқау және көздеу тесіктерінен болады, олар жиі ластанып, анық көру шектеледі.
12. Ашық люкте жарық 30-200 лк, жабық люкте 2-10 лк. Жергілікті жарық 5 лк аспауы керек, әйтпесе түнде көру нашарлайды. Барлық аспаптардың жанатын циферблаттары болады.
Танктегі зиянды факторларды есепке ала отырып, олардың профилактикасы бойынша шаралар қолайсыз микроклиматпен күрес дәрежесін жақсартуға бағытталған:
4. жазда тиімді желдету;
5. қыста соғыс бөлімін жылыту;
6. экипаж мүшелері үнемі сүйенетін металл қабырғаларды жылу оқшаулаушы материалдармен қаптау (киіз, поролон).
Соғыс бөлімінің шығарыстарымен және оқ газдарымен ластануының профилактикасы ретінде ығыстыру-сору желдету қондырғысы қолданылуы керек.
Ауаның тозаңдануын азайту үшін танктер маршының арасындағы дистанцияны сақтап, қақпаларын (люктерді) тығыз жабуы керек.
Қозғалтқыштардың қозғалысы кезінде өзара сөйлесуді қиындататын деңгейі 110-120 дБ шу пайда болады, бұдан қорғану үшін шлемдер киеді, байланыс лингофондар арқылы жүреді.
Танктің қозғалысы кезінде пайда болатын сілкілеу, діріл жарақаттарға әкелуі мүмкін, сондықтан қазіргі заманғы танктердің күшті амортизаторлары болуы тиіс.
Танк әскерінің жеке құрамы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар олар арнайы киімдер – комбинезонмен, кеудешелермен, шлеммен, шлем астынан киетін бас киіммен, қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Арнайы киімдер жеңіл шешілуі керек – бәрі сырмамен шешілетіндей, комбинезонның жоғары бөлігі жақсы жылытатын, жанар-жағар майлардан қорғайтын және жанбайтын, жалын тұтандырмайтын материалдан жасалуы керек.
Танкистердің еңбегі ауыр категориялы еңбекке жатады, яғни танкистер орташа тәулігіне 4000 ккал энергия, механик-жүргізушілер 4500 ккал-дан жоғары энергия жұмсайды.
Танкті су астында жүргізу ерекшеліктері. Алғашқы кездерде танкті су астында жүргізу экипаж мүшелері үшін қиын іс болатын. Дегенмен, қазіргі уақытта бұл іс-әрекет түрі танкистерді әскери дайындаудың әдеттегідей түріне айналып отыр. Танкистерден қырағылық пен танкті су астында жүргізудің ережелерін қатаң білу керек.
Қырағылық немесе салқын қандылық – бұл тәрбиелеу мен өздігінен тәрбиелеу процесінде пайда болатын адам мінезінің сапасы. Мұндай көрсеткіш ерік-жігердің қалыптасуынсыз, қажетті тәжірибелік дағдылар мен әскери техникасыз, тіршілікті қамтамасыз ететін құралдарсыз мүмкін.
3) Балалар мекемелерін жоспарлау және салуда ескертпелі санитарлық қадағалау 4 кезеңнен тұрады
1. Құрылысты салуға жер учаскесін таңдау және бөлу бойынша қорытынды беру. Жер учаскесін бөлу қалалық, аудандық әкімшілік- теріндегі архитектуралық- құрлыстық басшыларымен, елді мекенді болашақта салу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Осы кезеңдегі санитарлық дәрігердің міндеті – құрылысты салуға ұйғарылған жердің жағдайлық жоспарын зерделеу және оны таңдауда, тұрғын ауданында балалар мекемелерінің әр түрлі типтерін орналастырудың қазіргі санитарлық нормаларының орындалуын тұрғысынан бағалау.
2. Балалар мекемесінің жобасын гигиеналық бағалау. Құрылысты салуы ұйғарылған жер учаскесіне берілген жоба құжаттары келісімделуге санитарлық дәрігерге жіберіледі, оның құрамында мыналар болуы керек:
-архитектуралық- құрылыс сызбалары ( фасадтар, қабаттары бойынша жоспары және кесіктері );
-түсініктеме( хат ) жазбасы;
-салынушы объектінің санитарлық- техникалық жабдықтарының альбомдары;
Жобаны санитарлық сараптау барысында оның қазіргі санитарлық нормаларына сәйкестігі анықталады да, құрылысын салуға келісім беріледі. Міндетті санитарлық сараптауға барлық жеке жоспарлау жобалары және мекемелерді қайта конструкциялау ( реконструкциялау) жобалары жатады.Біртипті жобалардың санитарлық нормаларына сәйкестігіне Мемлекттік құрылыс жүйесінің жобалау институттары жауапты болады, сондықтан олар міндеттісанитарлық сараптауға жатпайды.
3. Құрылысты салу процесіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау. Оның негізгі мақсаты – жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жобадағы сызбаларына және жобалық-сметалық құжаттарына, және де санитарлық- гигиеналық талаптарына сәйкестігін анықтау. Тексеру нәтижелерінің және санитарлық ауытқу протоколының негізінде СЭС құрылыстың жүруін тоқтату туралы қаулыны шығара алады. Құрылыстың салынуына бақылау барысында бекітілген жобаға өзгерістерді енгізу мүмкіндігі туралы қорытынды береді. Оларға ең алдымен, қазір-гі санитарлық нормативтерге қайшы келмейтін, жаңа, үнемділеу құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық жабдықтарын енгізуіне қатысты сұрақтар.
4. Салынған (қайта конструкцияланған) объектіні қабылдауда мемлекттік комиссияның құрамына қатысу. Қабылдау барысында санитарлық дәрігер , ең алдымен, орындалған жұмыстардың санитарлық нормалар мен ережелеріне сәйкестігін және жасалған жұмыстардың сапасын бағалайды. Комиссиялық тексеру негізінде объектінің дайындығы және оны іске қосу туралы қорытынды шығарылады.
Бүгінгі таңдағы күші бар нормативтер:
— құрылыстануы қалыптасқан қалаларда жалпы рофильді МДМ үшін 1000
тұрғынға 100-110 орын және 120 орын – жаңа салынушы қалаларда;
— естуінде ауытқулары бар балалар үшін 200 мың тұрғынға – 72 орын;
— көруінде ауытқулары бар балалар үшін 600 мың тұрғынға – 96 орын;
— тірек – қимыл аппаратында ауытқулары бар балалар үшін 600 мың
тұрғынға – 100 орын ;
40-билет
1) Жалпы және жергілікті діріл
Діріл – өте күрделі кезеңдік немесе кезеңдікке жақын механикалық тербеліс. Дірілдің жиіліктік спектрі 16 Гц-тен кем емес – инфрадыбыстық жиілігін, 16-дан 20000 Гц-ке дейінгі дыбыстық, 20000 — нан астам ультрадыбыстық жиіліктерді қамтиды.
16 … 20 Гц жиіліктен жоғары дірілмен бірге шу да шығады. Адам дірілді құбылыс жылдамдығы 1*10–4 м/с жеткенде сезінеді, ал жылдамдық 1 м/с жеткенде ауырсынуды сезеді. Жалпы діріл оның пайда болу көзіне байланысты үш категорияға бөлінеді:
1 – транспорттық діріл, ол жолдарда, агрофонда және жергілікті жерлерде қозғалатын машиналар мен транспорттық құралдар адамға әсерін тигізеді;2 – транспортты – техникалық діріл, ол тек арнайы дайындалған жерде, өндіріс іші, тау қазбаларына қолданатын техникада (экскаватор, жүк көтергіш кран, тау машинасы);3 – технологиялық діріл, адамға әсер ететін стационарлы машиналар (станок, электромашина, сорғыш, желдеткіш,қазба қондырғылары).
Жалпы дірілде – оның категориясын, ал локалді дірілде – нақты әсер ету уақытын есептей отыра адамға әерін тигізетін дірілді әрбір тағайындалған бағыт бойынша жеке – жеке нормаландырады.
Дірілдің адам организіміне әсер ету сипаты мен діріл түріне байланысты, белгілі бір талаптарға сай діріл адам организіміне жақсы әсерін тигізеді және оны медицинада жүике жүйесін жақсартуда, жара бетінің тез жазылуына, қан айналымның жақсаруына, радикулиттен емдеуге қолданады. Бірақ өндірістік жағдайларда ұзақ діріл әсері адам организімінің және денсаулығының бұзылуына, тіпті – «діріл ауруына» әкеліп соқтырады.Діріл қауіпсіздігі деп – өндірістік діріл жұмысшыға жұмыс жағдайында жағымсыз әсерін тигізбеуі.
Дірілдің адамға ұзақ әсер етуі діріл ауыруларына алып келеді. Діріл патологиясы шаң патологиясынан кейінгі екінші орынды алады. Дірілдің адам ағзасына әсер ету күшіне қарай ауыру өршуінің төрт кезеңі бар.
1. Бірінші кезеңдегі ауыру белгілері айқара байқалмайды: қол, иық бұлшық еттері ауырады, ұсақ тамырлар қысылады. Ұйқы бұзылады, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, ашушаңдық, тершеңдік,
2. Екінші кезеңде қол ауыруы өрши түседі, сезімталдық төмендейді, дене қызуы төмендейді, қол терісі көгеріп кетеді, артериялық қысым ауытқиды.
3. Үшінші кезеңде екінші кезеңдегі белгілер күшейеді. Жұдырық түйген кезде, саусақтардың ағаруы, ұйуы.
4. Төртінші кезеңде дене қызуы тым төмендейді. Дене бұлшықеттері түгелімен ауырады. Жүйке жүйе және эндокринді жүйе қызметтері бұзылады, бас айналыды, бас, кеуде бөліктерінің ауыруы.
Яғни діріл ауыруына бірінші ұшырайтын қол және аяқтың тобық бөлігі.
2) Зымырандық әскердегі еңбек гигиенасы. Зымыран – кейінгі ғасырлар (XX) қаруы. Қазіргі қарулы күштерде зымыранның ролі мен маңызы қорғаныста жаудың күшін басу мен жоюда жоғары. Әскери күштердің барлық түрлері: құрлықтағы, әскери-әуе күштері, әскери–теңіз флоты әртүрлі мақсаттағы зымырандармен жабдықталған.
Жаңа қарудың пайда болуы әскердің жаңа түрінің – стратегиялық мақсаттағы зымырандық әскердің пайда болуына әкелді. Олар санаулы минутта мыңдаған километр қашықтыққа жететін көп тонналы алып зымырандармен жабдықталған.
Зымыранның құрылымы туралы мәліметтер. Әскери зымыран – бұл зымырандық күштердің әсерімен ұшатын және соғыс бөлігін белгілі нысанаға жеткізуге арналған ұшқыш адамсыз басқарылатын немесе траекторияда басқарылмайтын ұшатын аппарат.
Құрылымы, мақсаты немесе қолданылуы бойынша әскери зымырандар бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан оларды жеке кластар мен топтарға жіктелу қабылданған:
1. Оперативті-техникалық сипаттағы белгілерді неғұрлым жиі есепке алады:
- зымыранның қарулы күштер түріне жататындығы
- оның әскери мақсаты
- старттың орны мен мақсаттың орналасуы.
2. Өзгеше белгілердің бірі болып конструктивті сипаттамасы да болуы мүмкін:
- қозғалтқыш түрі
- сатылы бөлшектері саны
- басқару жүйесінің болуы, оның түрлері және т.б.
Аталған топтардың әрбіреуін қысқаша қарастырайық. Қарулы күштер түріне жататындығы бойынша әскери зымырандар, 5 түрге бөлінеді:
- Әскери әуе күштері
- Әуеге қарсы қорғаныс
- Әскери теңіз флоты
- Құрлықтағы әскер
- Бронотанктік әскер және артиллерия
Құрлықтағы әскердің қарулануы жақын ұрысқа арналған реактивті снарядтар, танкіге қарсы басқарылатын зымырандар, алысқа әсер ететін әскери зымырандар. Жоғарыда аталған басқа қарулы күштерде зымырандардың түрлері өте көп. Соғысу мақсаты бойынша тактикалық, оперативтік-тактикалық және стратегиялық болып бөлінеді.
а) Тактикалық зымырандар жалпы әскери әрекеттер мақсатында қолданылатын зымырандар, олар соғыс алаңында орналасқан объектілерді жою үшін қолданылады немесе қарсы жақтың тактикасына арналған.
б) Оперативті-тактикалық зымырандар – атына байланысты тактикалық және оперативті сипаттағы міндеттерді орындауға арналған.
в) Стратегиялық зымырандар – қуаттылығы үлкен ядролық зарядтарды белгілі мақсатқа жеткізу үшін арналған құрал. Ол мынадай топтамаларға бөлінеді:
- 6-8 мың км жерге әсер ететін орташа радиусты зымырандар
- континент аралық – 14-15 мың км қашықтық
- шегі жоқ қашықтыққа әсер ететін жаһандық зымырандар
3) Ауруханалардың негізгі құрылымдық бөлімшелері
-қабылдау бөлімі
-стацонардың мамандандырылған палаталық бөлімі
- емдеу-диагностикалық бөлімдер(функционалдық,рентген-диагностикалық,физиотерапевтік, анестезиология,реанимация,операциялық блок)
- зертхана
- патологиялық-анатомиялық бөлім
- ас блогі
- орталық стерильдеу бөлімі
- дезкамерасы бар кір жуатын бөлім
- дәріхана
- әкімшілік-шаруашылық және қосалқы бөлімдер.
Санитарлық-техникалық шаралар – бөлмелерді желдету мен кондиционерлеу, АІИ алдын алу жөніндегі шаралардың міндетті түрде жүргізілетін элементі болып табылады.
Қойылатын гигиеналық талаптар
Хирургиялық бөлім. Операциялық бөлмелердің қабырғалары тегіс, бұрыштары дөңгелектенген, қабырғаларды төбесіне дейін глазурленген плиткамен немесе тез жуылатын өңдеуге шыдамды материалмен жабады. Едендер ұшқын шығармайтын, антистатикалық болуы керек. Есіктері тығыз жабылуы қажет. Операция бөлмесінде жарық коэффициенті 1:4 – 1:5 қатынасындай, табиғи жарықтану коэффициенті – 1,5 % кем болмауы тиіс. Көлеңке түсірмейтін шамдардың деңгейі 10000-30000лк жетеді. Ауа температурасы жазда 20-22*С, қыста 19-20*С болуы керек.
Балалар бөлімі. ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдары - бұл денсаулық сақтау мекемелерінің, меншік түріне қарамастан, акушерлік және гинекологиялық көмек көрсететін (перзентхана үйі, перзентханалық және гинекологиялық бөлімше, перинатальдық орталық) және педиатриялық көмек көрсететін (балалар ауруханасы, клиникалар, бөлімшелер) әйелдерді босандыратын бөлімшелерге арналған жүйесі;
септикалық бөлімше - іріңді жұқпамен ауырған ауруларға медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар; асептикалық бөлімше - ауруда іріңді жұқпа болмаған жағдайда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар; обсервациялық бөлімше - жұқпалы аурулардың белгісі бар босанатын әйелдерді жатқызуға арналған перзентхананың, перинатальдық орталық бөлмелері;тұрғылықты халық тұратын аймақ - елді мекендердегі тұрғын және қоғамдық құрылыстар, жалпы пайдаланымдағы көшелер, алаңдар мен ағаштары бар жер учаскесі;санитарлық өткізгіш - адамдарды, олардың киімдері мен аяқ киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу үшін арнайы жабдықталған немесе бейімделген үй-жай;шлюз - аурухананың палатасы, бөлімшесі және жалпы дәлізі арасындағы үй-жайдың бөлігі эпидемияға қарсы режим - ауруханада жұқпалы және паразиттік аурулардың жұғуы мен таралуының алдын алуға бағытталған шаралар кешені;
Ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын алу iс-шаралары:
• бiрiншiден, инфекция көзiне, берiлу механизмiне, қабылдағыш ағзаға;
• екiншiден, берiлу жолдарына, айқындалуына және АIИ қоздырғышы бар қауiптi иеленушiлерiнiң азаюына;
• үшiншiден ауруды оқшаулауға, ықтимал факторларды анықтауға бағытталады.
Инфекция көзiне байланысты iс-шаралар:
1. ертерек инфекция көзiн анықтауды қамтамасыз ету (науқастар АIИ манифестi түрiмен шартты патогендiк микроағзаларды таратушылар және оқшаулау шараларын жүргiзу);
2. ауруханаiшiлiк қоздырғыштарды сақтаушы медициналық қызметкерлердi анықтау және айқындалған иленушiлермен ауруларды емделу үшiн уақытша жұмыстан босату.
Берiлу жолдарына қатынасты iс-шаралар:
1. қолды өңдеу жәнә жуу ережелерiн қатал сақтау;
2. зарарсыз қолғаптарды қолдану;
3. зарарсыз материалдарды пайдалану;
4. медицина қызметкерлерiнiң жеке тазалық ережелерiн сақтау.
Зарарсыздандыру және залалсыздандыру қоздырғышының берiлу жолдарын тоқтатуға бағытталған негiзгi шара, АIИ пайда болуы мен таралуын ескертетiн ең маңызды iс-шаралар жинағы.
Залалсыздандыру — АIИ профилактикасына ең маңызды бағыт, бактериалдық спорды санамағанда, көп патогендiк микроағзаларды жоятын процесс, бүкiл ауру қоздырғыштарына қарсы ол профилактикалық мақсатта жүргiзiледi. Екi жағдайда да, яғни мақсатты бағытпен профилактикалық дезинфекциялауда эпидемиологиялық процестi үзедi. Ағынды дезифекцияға барлық науқастан бөлiнген заттар, оның қолы, науқастың қолы тиген немесе бөлiнгiмен ластанған нәрселер, сонымен қатар медицина қызметкерлерiнiң қолдары залалсыздандыруға жатады. Сондықтан ағынды дезинфекция мақсаты — жағдайдағы, науқасты күтетiн заттардың, бөлме және инфекция көзi жанында болған адамдардың ластануын төмендету.