Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.4 Кб
Скачать

33 Билет

1. Ауа – райы және климат туралы тусінік. Ауа-райын қалыптастырушы факторлар. Кезеңдік және кезеңдік емес ауа-райы жағдайының адам ағзасына әсері. Метеопатиялардың алдын алу.

2.Еңбек гигиенасы. Еңбек жағдайы- еңбек процесі мен өндірістік орта факторларының жиынтығы. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар.

3.Далалық жағдайда тамақтануды ұйымдастыру. Әскери жағдайдағы тамақтануды бақылау бойынша медициналық қызметтің міндеттері. Жаппай қырып-жою қаруын қолдану жағдайында тамақтану.

1) Ауа-райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи факторлар болып табылады.Ауа-райы деп – белгілі бір аумақтағы аз ғана уақыт аралығына (сағат,тәулік,апта) тән, атмосфераның жер маңындағы қабатының физикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын тусінеді.Климат берілген ауданда көптеген жылдар бойына тұрақтаған , заңды турде қайталанып отыратын ауа-райының режимі болып табылады.

Ауа-райы мен климаттық жағдайлардың қалыптасуы ең алдымен, табиғи факторлармен- кун сәулесі,ауа массасының айналымы,жер бетінің жабындысы және бедерімен, теңіздер мен мухиттардың жакындығымен қамтамасыз етіледі. Ауа-райын сипаттайтын негізігі элементтеріне кун сәулесінің қарқындылығы мен белсенділігі, атмосфераның электрлік жағдайы, жердің магниттік өрісінің кернеулігі, геомагниттік белсенділіктің өзгеруінің тез не баяу жүретіндігі және оның айқындылық дәрежесі, атмосфералық қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ауа қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлтты болуы,жауын-шашындар жатады.

Биоырғақтардың бұзылуына ауа-райы жағдайының кезеңдік емес өзгерістері де әкеледі, бұған фронттар, циклондар және антициклондардың өтуімен, магниттік толқулармен,кун белсенділігінің жоғарылауымен, атмосфераның электрлік жағдайының өзгеруімен байланысты ауа-райының курт өзгеруің жатқызады. Кезеңдік емес өзгерістерге қарағанда, климат пен ауа-райының қарқындылығы мен сипатының кезеңді ырғакты өзгеруі ағзаға бірден әсер етпейді,себебі олар біртіндеп кун немесе жыл бойына журеді және оган адам ағзасы толығымен бейімделеді.

Ауа-райының кезеңдік емес өзгерістері наукас адамдар мен дені сау адамдарда метеотроптық деп аталатын реакциялар дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Дегенмен бейімделу механизмі жақсы дамыған дені сау адамдардың көбінде әдетте қолайсыз ауа-райы кезінде көңі-күйі мен денсаулығында ешкандай өзгерістер болмайды.Метеотроптық реакциялар кез-келген типті өте қолайлы климаттық зоналарда да байқалуы мумкін, ол адамның метеоөзгерістерге тұрақсыздығына- ауа-райы факторларының әсеріне сезімталдығына байланысты. Физиологиялық бейімделу механизмінің даму ерекшеліктеріне байланысты дені сау адамдарда да ,көбінесе қарт адмдар,балалар,жүктілік кезеңіндегі және босанған әйелдер метеотұрақсыз болуы мумкін.Бірақ науқас адамдар ең сезімтал болып табылады, себебі олардың науқасы бейімделу қабілетін төмендетеді.

Метеотроптық реакциялардың алдын-алу және оларды төмендету ушін ағзаны шыныктыру, рационды жеткілікті турде табиғи дәрумендермен байыту және мезглдік дәрумендермен емдеу жургізу,ұтымды еңбек,ұрмыс және демалыс режимін қамтамасыз ету, киімді дұрыс таңдау, бөлмелерде қолайлы микроклиматтық жағдайларды жасау сияқты шараларды жургізу қажет. Көгалдандыру,фонтандар салу, ұтымды жоспарлау және т.б. шараларды жургізу арқылы елді мекендерде қолайлы микроклиматты туғызудың да маңызы аз емес.

2) Еңбек іс-әрекетінің адам ағзасына тигізетін теріс салдарының алдын алудың ,ылыми негіздерін және практикалық шараларын дайындаумен еңбек гигиенасы айналысады.Ол өндірістік орта мен еңбек үрдістерінің факторларын,олардың адам денсаулығына әсерін зерттейді.Өндірістік орта деп адамның өндірістегі енбек әрекеттері жузеге асырылатын орта тусіндіріледі.Адамға өндірістік орта өндірістік урдіс факторлары, табиғи-климаттык факторлар,енбектің жалпы санитарлық жағдайларымен байланысты факторлары арқылы әсер етеді.Өндірістік удріс факторлары – бұл өндірістік үрдіс технологиясына колданылатын жабдықтарға,қондырғыларға байланысты факторлар.Өндірістік урдіс факторлары биологиялық, химиялық,физикалық болуы мумкін.Табиғи-климаттық факторлар кез-келген географиялық ендікте ашық аспан астында жұмыс істеген кездегі өндірістік ортаның міндетті кұрамдастарының бірі болып табылады.

Еңбек урдісінің факторлары:

-статикалык және динамикалық шамадан артык жуктемелер;

-жуйкелік-психикалық жуктемелер;

-енбектің бірсарындылығы;

-гиподинамия;

-жекелеген мушелер мен жуйелердің зорлауы;

-Физиологиялыққа сай емес кун тәртібі.

Өндірістік орта мен енбек урлісінің факторларын біріктіріп өндірістік факторлар немесе енбек жағдайлары деп атайды.Өндірістік факторларды зиянды және қауіпті деп бөледі. Жұмысшының денсаулығына қолайсыз әсері еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, кәсіптік аурулар мен уланулардың дамуымен, жай патологиялардың дамуы және күшеюінің жиіленуімен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен, ұрпақтарының денсаулығының бұзылуымен білінетін факторларды зиянды факторлар деп атайды. Қауіпті факторлар деп денсаулықтың жедел бұзылуын, тіпті адамның өлімінде туғызуы мумкін зиянды факторларды айтады.

3)Далалық жағдайда әскердін тамақтануы далалық тамақтану пункттері арқылы уйымдастырылады.Олардың негізгісі батальондық азықтық пункттер болып табылады. Дайын тамқ,нан,қант роталық тарату пункттеріне жеткізіледі,сол жерден ұрыс алаңдарына подностармен таратылады.Тамақ дайындау ушін ас уй жабдықтары минимум турде колданылады.Жалпы ас уй жабдықтарынан басқа жеке ыдыстар пайдаланылады- солдаттың бақырашы,қасығы,кружкасы.Далалық жағдайда көбіне консервіленген және конценттленген азықтар пайдаланады. Турлі себептермен тамақтану уакыты тұраксыз болуы мумкін, бірақ ыстық тамақ куніне екі мезгіл берілуі керек.Тамақ өнімдерін сақтауда қиындықтар тууы мүмкін. Әскери жағдайлардағы тамақтану құрамына нан немесе кептірілген нан,ет немесе консервіленген ет, дақылдар және көкеністер немес брикеттелген бірінші және екінші тамактың концентраттары, майлар, қант, шай кіреді. Далалық жағдайда тамақтану кезінде құрғақ пайкалар жиі қолданылады. Бқр кундік құрғақ пайка құрамына әр қайсысы 200гр болатын 3 конценрлер брикеты,45гр қант,2гр шай.Пайканың салмағы 647 гр. Сақтау мерзімі 18 ай.Құрғақ пайкамен 3-5 күннен артық тамақтанбауға кеңес беріледі.Далалық жағдайда тамақтану шұңкырлық (котловый), өзіндік,аралас болуы мумкін.1)Шұңкырлық түрінде куніне ыстық тамақ 3 рет табиғи, жаңа өнімдерден дайындалады.Шай танертен,кешке қайнатылады.Таңғы және кешкі ас бірдей өнімдерден дайындалады. Тускі асқа суық басытқы,бірінші және екінші тамақтарды дайындайды.Тәттілерді дайындау мумкін емес болғандықтан орнына қант беріледі.2)Өзіндік н/е индивидуалды-топтық тамақтану кезінде жағдайға байланысты ыстық тамақты дайындайды немесе тамақты ысытпай қолданады. Индивидуалды тамактануда екі адам бірігіп,отқа өздерінің бақыраштары арқылы пісіреді ,шай немесе су ішеді.

3) Аралас тамақтануда ыстық тамақ куніне екі рет беріледі- тангы аста және кешкі аста. Ал осы аралықта олар алдын ала дайындалған өнәмдермен тамақтанады: нан,суға пісірілген ет немес консервілер.

Тамактануды медициналық қамтамасыз етуде гигиеналық тәрбие және медициналық жабдықтауға сәйкес келетін гигиеналық және эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі.Гигиеналық және эпидемиологиялық бақылау азық-түлік қызметінің мына түрлеріне бағытталады:ас уй, асхан,қойма,арнайы транспорт,көкеніс сактау пункттері,мал союға арналған далалық алаңдар, ас уйден тыс шаруашылық,әскери бөлімдегі сауда жасау обьектілері(магазин,шайхана,буфет) және онда өызмет етушілер.Әскери бөлімдерде тамақтануда гигиеналық бақылау өзіне біріктіреді:дәрігердің қатысуымен әскердің іс-әрекетіне байланысты белгілі бір ережелерге сай тамақтану режимін жасау және оның орындалуын қадағалау;азық-түліктің таратылуына қатысу және тағамдардың алмасуының дұрыстығын тексеру;сақтаудың дұрыстығын және тамақтық азықтың тасымалдануын саитарлық бақылау;азық-түлік қызмет обьектілерінің және әскердегі сауда орындарының жағдайын санитарлық бақылау;тамақ өнімдерінің және дайын тамақтың сапасын,сонымен қатар тамак дайындау процесін қадагалау:тамақтану жағдайына гигиеналық анализ

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]