Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-40_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.4 Кб
Скачать

31 Билет

1. Ультракүлгін сәуле инфрақызыл және көрінетін сәулеге қарағанда энергияға едәуір бай. Бірақ фтотондардың энергиясы бойынша сәулеленудің өзінің спектрі біркелкі емес, сондықтан оларды, толқын ұзындығы мен биологиялық белсенділігі бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар 3 аймаққа бөледі: А аймағы – толқын ұзындығы 400-320 нм, ұзын толқынды сәулелену( жақын ульракүлгін, эритемді әсері бар)күнге күю, В аймағы – толқын ұзындығы 320-280 нм, орта толқынды сәулелену(дәрумен түзуші)Д дәрумені түзіледі, С аймағы – толқын ұзындығы 280-210 нм, қысқа толқынды сәулелену( қашықтағы ультракүлгін, бактериоцидтік). Жер бетіне ұзын және орта толқынды сәулелер ғана жетеді.Ультракүлгін сәуленің жетіспеушілігі солтүстік ендікте көптеп байқалады. Онда тау-кен, көмір өндірісінде істейтін адамдарда, метро құрылысшыларында, көп уақытын бөлмеде өткізетін студенттер мен оқушыларда болады. «Күн сәулесіне ашығудың» алдын алу үшін, елді мекендерді жоспарлау мен салынуы тұрғын үй бөлмелердің терезелерінен тікелей түсетін күн сәулесі тәулігіне 3 сағаттан кем болмауынан қамтамасыз ету керек.Ультракүлгін сәуленің қысқа толқынды түрінің бактероцидтік қасиеті бар. Бұл қасиет бактерияларды жоюға мүмкіндік береді. Ультракүлгін сәуленің осы қасиетін қазіргі кезде ауруханада пайдаланады (кварц). Ол вегетативті ғана емес, спора түзуші бактерияларды да жояды.

2. Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылаудың негізгі міндеттері:

1. Тағам рационының құндылығын қамтамасыз етуді бақылау.

2. Тамақтан уланулардың,тамақ инфекциялары мен гельминтоздары пайда болуының алдын алу

Бұл шараларды келесі шараларды іске асыру арқылы шешуге болады:

1. Ас блогын ұтымды жоспарлау және орналастыру арқылы

2. Ас блоктарын санитарлық абаттандырылуын, жабдықталуын, күтіп ұсталуын күнделікті бақылау

3. Тағамдық өнісдерді және тағамды дайындаудың, жеткізіп берудің, сақтаудың, өңдеудің барлық кезеңдерінде санитарлық ережелердің сақталуын бақылау

4. Тағамды дайындаутехнологиясын бақылау

5. Ас блогы қызметшілерінің санитарлық және аспаздық сауаттылығын бақылау

6. Олардың денсаулық жағдайын және жеке бас гигиенасын сақтауын жүйелі түрде тексеру

7. Мәзір жүктемесі бойынша тамақтануды гигиеналық бақылау

8. Дайын тағам сынамасын оқтын-оқтын зертханалық зерттеу арқылы.

Тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар бір-біріне ұқсас, олар ҚР «Қоғамдық тамақтандыру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» СанЕменН де жазылған.

Ауруханалардатамақтандыру, тек тамақ қажеттілігін өтеу мақсатында ғана емес, сонымен қатар өз алдына емдік фактор ретінде де ұйымдастырылады. Сондықтан, ауруханаларда тамақтандыру ұйымдастырылуына жүргізілетін медициналық бақылаудың өзіндік ерекшелігі бар. Емдік тамақтандыру (емдәм тағамы) ұйымдастырылуына дәрігер диетолог немесе емдәмші медбике жауапты. Емдік тамақтандыруға жалпы басшылық бас дәрігерге және емдеу бөлімі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

Ауруханаларда тамақ дайындаудың негізгі екі жүйесі қолданылады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған жүйесінде тағам ас блогы,нда дайындалады да, содан кейін аурухана бөліміне тасымалданады, ол жерде аурулар бөлімнің асханасында немесе палаталарда тамақтанады.Орталықтандырылмаған жүйесінде ас блогында жартылай шикі заттар дайындалады да, емдеу корпустарында ораналасқан толық дайындайтын аспазханаларда олардан тағам дайындалады. Орталықтандырылған жүйесі, өнімділігі жоғары технологиялық жабдықтарды тиімдірек пайдалануға және тамақпен қамтамасыз етудегі медициналық бақылауды қолайлы етуге мүмкіндік береді.

Ең қолайлысы (жұқпалы аурулар корпусынан басқа), ауруханалардың ас блогын бас корпуспен және басқа емдеу корпустарымен жер бетіндегі және жер астындағы өтпелер арқылы байланысқан, жеке тұрған ғимараттарда немесе корпуста орналастыру. Сондай-ақ, тағамның иісі палата бөлімдеріне бармауы үшін ас блогын ғимараттың жоғарғы қабаттарында орналастыруға да рұқсат етіледі. Ас блогының айналасындағы аумақ абаттандырылуы және таза ұсталуы тиіс, оның есік және терезелерінен қашықтығы 20 м кем емес жерде қоқыс салатын контейнерлерге арналған асфальтталған немесе бетондалған алаңқай болуы керек.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы ас блоктарының бөлме құрамы оның түріне байланысты. Ас блоктарын шартты түрде 3 түрге бөледі:

• өңдеу циклі толық жүргізілетін шикізаттармен жұмыс істейтін;

• жартылай дайындалған өнімдермен (полуфабрикаттармен) жұмыс істейтін;

• басқа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан әкелген (түскен) дайын тағамдарды сататын (үлестіретін) ас блоктарына бөледі.

Ауруханалардың ас блоктарында шикізаттарды толық өңдеу циклі жүргізіледі. Бұл біріншіден, дайын тағамдарда бактериялардың өсіп көбеюінің алдын алу қажеттілігімен түсіндіріледі, себебі, диеталық тағам түрінің көбін, алдымен тағамдық азықты майдалап, үгітіп барып дайындайды, ол тағамдық өнімнің арасында микроағзалар тарауына жағдай туғызады. Екіншіден, дайын тұрған жартылай дайын өнімдер емдәмдік технология талаптары жеткіліксіз сақталып жасалуы мүмкін, бұл тағамдардың тамақтық құндылығының төмендеуіне, емдәмдік сапасының жоғалуына, сондай-ақ, тамақтан улану, тағам инфекциялары дамуының қауіп-қатері өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Осыған ұқсас жағдайлар дайын тағамды үлестіретін ас блоктарының жұмыс істеуі кезінде де болуы мүмкін. Оның үстіне, дайын тағамды қайта қыздыру, оның дәмділік қасиетін, тамақтық және биологиялық құндылығын едәуір төмендетеді.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы ас блоктарының құрамына қойма, өндірістік, қызметтік- тұрмыстық, сауда және техникалық бөлмелері кіреді. Ауруханалардың ас блогында сауда бөлмелері жоқ.

Ас блогы бөлмелерін жоспарлаудың және жабдықтарын орналастырудың негізгі қағидасы - шикізаттарды алып келуден бастап, дайын тағамды таратумен аяқталатын технологиялық үрдістің қатал ағымдылықта болуының қамтамасыз етілуі. Технологиялық үрдістің ағымдылығы (бір бағытта жүруі), оның әр түрлі сатыларын бір-бірінен анық ажыратуға, дайын тағамдардың жартылай дайын өнімдермен, шикізаттармен және қалдықтармен, таза және лас ыдыстырдың, т.б. бір-біріне кездесуін, қосылуын, қиылысатын ағымдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Технологиялық үрдістің ағымдылығы, ас блогындағы жеке бөлмелердіңөзара дұрыс функционалдық байланыста болуымен қамтамасыз етіледі.

3. . Иондаушы емес сәулеленулердің жеке түрлеріне қатысты алдын алу шараларының өзіндік ерекшеліктері бар. Тұрақты магниттік өрістің жұмысшылардың ағзасына жалпы әсері кезінде деңгейлері ШРЕД-тен асатын өндірістік зонаның учаскелеріне «Қауіпті. Магниттік өріс» деген арнайы ескерту белгілері қойылуы тиіс. Сонымен бірге рационалды жұмыс режимі мен демалу режимін ұйымдастыру және тұрақты магниттік өріс әсер ететін жағдайда болу уақытын шектеу, цех ішінде тұрақты магниттік өрістің деңгейі минимальды маршруттармен жүру сияқты ұйымдастыру шараларын жүргізу керек. Электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарында тұрақты магниттік өрістің қол басына әсер етуі кезінде жартылай өткізгіш құралдарды жинаумен байланысты жұмыстар үшін өтпелі технологиялық кассеталарды қолданған жөн. Тұрақты магниттер өндірісінде - өнімнің магниттік параметрлерін өлшеу үрдісін автоматтау, магнитті материалдарды ұстау үшін қашықтықтан ұстауға бейімделген заттарды қолдану, қол басы тұрақты магниттік өрістің әсер ететін зонасына түскен кезде электромагниттік қондырғыны өшіретін блокадалайтын құрылғыларды қолдану. Жұмысшыларға өнеркәсіптік жиіліктегі электромагниттік өрістердің әсер етуі кезінде үш қорғаныс қағидасы қолданылады: уақыт арқылы қорғау, ара қашықтық арқылы қорғау және ұжымды немесе жеке басты қорғайтын заттардың көмегімен қорғау. Бұларға әр түрлі қорғайтын экрандар жатады. Радиожиілікті электромагнитті сәулеленуден қорғану кезінде ұйымдастыру (қондырғылардың жұмыс істеу режимі; персоналдың сәулелену әсер ететін зонада болатын орнын және уақытын шектеу), инженерлік-техникалық (қондырғыларды рационалды орналастыру, экрандау) шаралар жүргізіледі, жеке басты қорғау құралдары (қорғайтын көзілдіріктер, дулығалар, қорғайтын киім) қолданылады

Өндірістік канцерогенді факторларға адам ағзасына еңбек үрдісі барысында әсер етуі кезінде кәсіби қатерлі ісіктердің дамуына алып келетін физикалық және химиялық факторларды жатқызады. Бұл ісіктерді сапалық белгілері бойынша басқа себептерден пайда болған қатерлі ісіктерден ажырату мүмкін емес, бұл мәселені шешу кезіндегі ең басты критерийіне сандық көрсеткіштер – белгілі бір өндіріс жағдайында жұмыс істейтіндерде ісіктердің ертерек және жиірек дамуы жатады. Ісіктердің өндірістік факторлардың әсерімен байланысын анықтауды ісіктердің пайда болуының ұзақ жасырын кезеңі қиындатады. Ісіктердің пайда болатын уақытында, адам канцерогенді фактормен жұмыс істеуін тоқтатып та қалады. Сондықтан да анамнезін дұрыс жинау және кәсіптік маршрутын анықтау, сонымен қатар өндірістік экспозиция қарқындылығын ескеру өте маңызды.

Өндірістік канцерогенді факторларды анықтау үшін эпидемиологиялық және эксперименталдық әдістерді қолданады. Тек эпидемиологиялық әдістің өзі жеткілікті ақпарат бере алмайды, себебі өндірістегі немесе тұрмыстағы кез-келген фактор өз алдына жеке әсер етпейді. Эксперименттердің көмегімен бірқатар химиялық заттардың бластомогенді қасиеттері анықталды, бұл жаңа ғылыми бағытқа – онкогигиенаға бастама берді. Бейорганикалық заттардың ішінде металлдардың (никелдің, хромның, бериллийдің, кадмийдің), сонымен қатар басым жабысқан жерінде канцерогенді эффект тудыратын талшықты материалдардың (асбест) канцерогенді әсері бәрінен де жақсы зерттелген. Табиғатты физикалық негізгі канцерогенді факторларға иондаушы сәулелер мен УК-сәулелер жатады. Енгіштігі жоғары иондағыш сәулеленудің (гамма-сәулеленулері, қатты рентген сәулеленулері, протондар, нейтрондар) жалпы әсері кезінде жаңа түзілімдер кез-келген мүшелерде пайда болады. Ағзаға енбейтін иондаушы сәулеленулер әсер еткен кезде (жұмсақ рентген сәулелері, ά және β – бөлшектер) ісіктер сәулелену көзі бірінші түскен жеріндегі немесе радиация ең ұзақ жанасқан жеріндегі тінде дамиды. Органикалық заттардың ішінде 3,4-бенз(о)пиреннің, галогенделген көмірсутектердің, ароматты аминдердің, шайырдың, минералды майлардың және т.с.с. канцерогенді әсері бар.

Химиялық факторлардың канцерогенді әсері олардың құрылымына байланысты болады.

Өндірісте обырдың алдын алу жолдары: обырдың алдын алудың негізгі екі жолын ажыратады: этиологиялық факторларды жоюға бағытталған біріншілік алдын алуды, және қатерлі ісік алды ауруларды ерте анықтап және емдеуге негізделген, екіншілік алдын алуды. Бұл кезде өндірістік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және медициналық-алдын алу шараларын қолданады.

Санитарлық-гигиеналық шаралар, негізінен, эпидемиологиялық және эксперименттік зерттеулер көмегімен өндірістік канцерогенді факторларды анықтауға, сонымен қатар өндірістік ортаның канцерогендермен ластануын анықтауға бағытталған. Канцерогенділік қасиеттердің болуына күмән тудыратын заттарды тез арада іріктеп алу үшін (скренинг) мутагенділікке (химиялық заттардың мутагендігі мен канцерогендігі арасында корреляциялық байланыс анықталған) экспресс-тесттер қолданылады.

Жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасын сақтау да (атап айтқанда, жеке басты қорғайтын заттарды үнемі және дұрыс пайдалану) алдын-алу мақсатында жүргізіледі, бұған жақсы ұйымдастырылған санитарлық-ағарту жұмысы мен уақтылы жүргізілетін нұсқау ықпал етеді.

Медициналық алдын-алу жұмысшыларды жұмысқа қабылдау алдында жүргізілетін және кезеңдік медициналық тексерулерді, сонымен қатар, фондық және ісік алды ауруларын анықтауға бағытталған халықты диспансерлеуді қамтиды. Рак ауруы пайда болуының жасырын кезеңі ұзақ уақыт болатынын ескеріп, онкоқауіпті өндірістерге жасы 40-45 асқан адамдарды қабылдаған жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]