- •2.Биологиядағы математикалық – статистикалық тәсілдердінің рөлін және жиынтықтың статистикалық талдауын сипаттаңыз.
- •3.Қателіктердің протуберанциясы деген ұғымға түсініктеме беріңіз. Гистограммалардың құрылуы және оны сипаттаңыз.
- •10.Кластарға жіктелген және жіктелмеген вариациялық қатарлардан орта арифметикалық шамаларды табыңыз.
- •11.Күрделі вариациялық қатар және гистограмма құруға түсініктеме беріп, қисық сызықты (полигонның таралуы) талдаңыз.
- •12.Нақтылық және сенімділік көрсеткіштерін сипаттаңыз.
- •13. Жиынтықты сипаттайтын негізгі параметрлерлерді көрсетіңіз.
- •14. Сандық талдауларда “Моменттер тәсілін” қолдануды сипаттаңыз.
- •15. Өлшелінген және өлшенбейтін белгілер шамасын есептеу жолын көрсетіңіз
- •16. Биометрия пәні, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз
- •17.Өзгергіштік көрсеткіштері және оларды статистикада қолдану жолдарын көрсетіңіз.
- •18)Варияциялық қатардың анықтамасы, оның құрудың тәсілдерін және график арқылы өрнектеуді көрсетіңіз.
- •19) Сандық және сапалық, үзіліст және үзіліссіз өзгерткіштерді сипаттаңыз.
- •20) Іріктеме алу тәсілдерін сипаттап, механткалық сұрыптау жолын сипаттаңыз.
- •21) Жеке жиынтық (іріктеме) оның қасиеттері, алу тәсілдерімен таныстырыңыз.
- •22. Таралу полигонын сызыңыз. Вариациялық қатардан гистограмма сызу жолын көрсетіңіз.
- •23. Басты және жеке жиынтық (іріктеме) олардың қасиеттерiн
- •24. Вариациалық қатар құрудың тәсiлдерiн сипаттап, Вариациалық қатарды график арқылы өрнектеу тәсілін сипаттаңыз.
- •25). Арифметикалық және өлшенілген орта шамалар, олардың касиеттерiне тоқталыңыз
- •26.Биометрияда мәлеметтерді жазу ережелерін сипаттап, вариациялық қатарды құрыңыз.
- •27.Вариациалық қатар түрлері мен оларды құрудың жолдарын көрсетіңіз.
- •28.Вариациялық қатардың санын және класс көлемін анықтаудың ережелері атаңыз. Күрделі вариациялық қатар құрумен қатар, Гистограмма сызыңыз.
- •29.Биологиядағы математикалық-статистикалық тәсілдердін рөлін сипаттап, жиынтықтың статистикалық талдаудан өткізіңіз.
- •30. Белгілердің әртүрлілік көрсеткіштердің сипаттамасын берініз.
- •31. Белгілердің әртүрлілігінің көрсеткіштері: сигма, вариациялық коэффициенттің формулаларын жазып, көрсетіңіз.
- •32. Орта квадрат ауытқу мен вариациялық коэффициентін табу формулаларын жазыңыз.
- •Статистика туралы ұғым, оның маңызы мен қолдану аймақтарына түсінік беріңіз.
- •Биологиядағы математикалық – статистикалық тәсілдердінің рөлін және жиынтықтың статистикалық талдауын сипаттаңыз.
16. Биометрия пәні, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз
Статистика кең мағанада, табиғат пен қоғамның көптеген құбылыстарының сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін сол құбылыстарға жүргізілетін сандық талдау туралы ғылым. Статистика жекелеген бірліктерді емес, сол жеке бірліктердің жиынтығын зерттеу үшін пайдаланылады. Статистика әдістерін дұрыс қолданудың басты шарты- зерттелінетін материалдың сапалық біркелкілігі болып табылады.
Биометрияның негізін 1889 жылы ағылшын ғалымы Ф. Гальтон (Дарвиннің немере інісі) қалаған. «Варияциалық статистика» термині «биометрия» терминінің синонимі болып табылады. Бірінші рет бұл терминді ғылымға 1899 Дункер енгізген. Оны тұқымқулаушылық пен өзгергіштіктің сұрақтары қатты қызықтырған. Ол адамға зерттеулер жүргізді. Көбінесе адамның дене құрылысындағы сандық белгілерді зерттеді. Оны ғылыми криминалистиканың негізін қалаушы деп санаған. Өйткені, ол қылмыскерлердің ұқсастықтарына зерттеу жүргізген. Алайда, тұқымқулаушылық сұрақтарына тірі организмнің ерекшеліктерін ескермей тікелей математикалық тұрғыдан үстіртін қарағандықтан, механикалық көзқараста болды. Сондықтан болар, ол тұқымқулаушылық заңдылықтарын аша алмады. Ф.Гальтоннан бұрын статистикалық талдауды Г.Мендель жүргізген. Биологияға статистикалық тәсілдер генетика арқылы енген.
Статистическалық әдістер эксперименттер нәтижесін өңдегенде қажет. Өйткені, олардың көмегімен тәжирибедегі және бақылау мәлеметтерінің арасындағы айырмашылақты, жануарлар тобына белгілі бір фактордың әсерін немесе кездейсоқ екендігі дәлелденеді.
Қазіргі биологияда математиканың әдісін қолдану, тек статистикалық тәсідерді қолдану мен шектелмейді. Сондықтан биометрия (немесе биоматематика) биологиялық статистикаға қарағанда кеңірек ұғымды білдіреді. Ол математиканың басқа салаларының әдістерімен тәсілдерін қолданады: дифференциальды және интегральды талдау, сандар теориясы және т.б.
2). Биометриямен шешілетін міндеттер.
Биометрияның міндеттері:
Ақпараттарды кішірейту.
Алынған мәліметтердің сенімділігін анықтау.
Жиынтықтар арасындағы сенімділікті анықтау.
Белгілер арасындағы байланысты анықтау.
3). Биометриядағы негізгі ұғымдар.
Бір-бірінен көптеген айырмашылықтан тұратын, сонымен қатар кейбір белгілерінен ұқсастықтары бар объектілер жалпы жиынтықты, яғни бас жиынтықты құрайды. Ол – зерттеуде алған барлық нәтижелерді белгілі категориядағы особтерге тарату дегенді білдіреді.
Бас жиынтықтың көлемі зерттеудің міндеттерімен анықталады. Мысалы, егер белгілі бір қызғалдақ гүлінің сортын зерттегіміз келсе, онда осы сорттың барлық өсімдіктері бас жиынтықты құрайды. Бас жиынтық зерттеушімен жоспарланады. Жеке жиынтық немесе іріктеме – бас жиынтықты сипаттайтын және кездейсоқ сұрыптап алған особтар немесе өсімдіктер.
Сұрыптау түрлері:
Кездейсоқ қайталанған сұрыптау – кездейсоқ, алдын – ала есепке алынбаған, зерттелетін, объектілер сұрыптап алынып, генеральды жиынтыққа қайта қосылады.
Кездейсоқ қайталанусыз сұрыптау - кездейсоқ сұрыптап алған объект бас жиынтыққа қайтады және қайталап, іріктемеге қосылмайды (сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлармен зерттеу жүргізгенде).
Сериялық (ұялы) сұрыптау - бас жиынтық топқа (серияға) бөлінеді және жеке зерттеленеді.
Механикалық сұрыптау – үлкен алқапта егілген егістікті зерттеуде қолдаылады (аудан квадратқа бөлінеді және әрбір квадраттан бір объект алынады).
