- •2.Биологиядағы математикалық – статистикалық тәсілдердінің рөлін және жиынтықтың статистикалық талдауын сипаттаңыз.
- •3.Қателіктердің протуберанциясы деген ұғымға түсініктеме беріңіз. Гистограммалардың құрылуы және оны сипаттаңыз.
- •10.Кластарға жіктелген және жіктелмеген вариациялық қатарлардан орта арифметикалық шамаларды табыңыз.
- •11.Күрделі вариациялық қатар және гистограмма құруға түсініктеме беріп, қисық сызықты (полигонның таралуы) талдаңыз.
- •12.Нақтылық және сенімділік көрсеткіштерін сипаттаңыз.
- •13. Жиынтықты сипаттайтын негізгі параметрлерлерді көрсетіңіз.
- •14. Сандық талдауларда “Моменттер тәсілін” қолдануды сипаттаңыз.
- •15. Өлшелінген және өлшенбейтін белгілер шамасын есептеу жолын көрсетіңіз
- •16. Биометрия пәні, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз
- •17.Өзгергіштік көрсеткіштері және оларды статистикада қолдану жолдарын көрсетіңіз.
- •18)Варияциялық қатардың анықтамасы, оның құрудың тәсілдерін және график арқылы өрнектеуді көрсетіңіз.
- •19) Сандық және сапалық, үзіліст және үзіліссіз өзгерткіштерді сипаттаңыз.
- •20) Іріктеме алу тәсілдерін сипаттап, механткалық сұрыптау жолын сипаттаңыз.
- •21) Жеке жиынтық (іріктеме) оның қасиеттері, алу тәсілдерімен таныстырыңыз.
- •22. Таралу полигонын сызыңыз. Вариациялық қатардан гистограмма сызу жолын көрсетіңіз.
- •23. Басты және жеке жиынтық (іріктеме) олардың қасиеттерiн
- •24. Вариациалық қатар құрудың тәсiлдерiн сипаттап, Вариациалық қатарды график арқылы өрнектеу тәсілін сипаттаңыз.
- •25). Арифметикалық және өлшенілген орта шамалар, олардың касиеттерiне тоқталыңыз
- •26.Биометрияда мәлеметтерді жазу ережелерін сипаттап, вариациялық қатарды құрыңыз.
- •27.Вариациалық қатар түрлері мен оларды құрудың жолдарын көрсетіңіз.
- •28.Вариациялық қатардың санын және класс көлемін анықтаудың ережелері атаңыз. Күрделі вариациялық қатар құрумен қатар, Гистограмма сызыңыз.
- •29.Биологиядағы математикалық-статистикалық тәсілдердін рөлін сипаттап, жиынтықтың статистикалық талдаудан өткізіңіз.
- •30. Белгілердің әртүрлілік көрсеткіштердің сипаттамасын берініз.
- •31. Белгілердің әртүрлілігінің көрсеткіштері: сигма, вариациялық коэффициенттің формулаларын жазып, көрсетіңіз.
- •32. Орта квадрат ауытқу мен вариациялық коэффициентін табу формулаларын жазыңыз.
- •Статистика туралы ұғым, оның маңызы мен қолдану аймақтарына түсінік беріңіз.
- •Биологиядағы математикалық – статистикалық тәсілдердінің рөлін және жиынтықтың статистикалық талдауын сипаттаңыз.
28.Вариациялық қатардың санын және класс көлемін анықтаудың ережелері атаңыз. Күрделі вариациялық қатар құрумен қатар, Гистограмма сызыңыз.
Белгілердің сандық көрсеткіші варианта немесе дата деп аталады және v немесе х – пен белгіленеді. Вариантардың төменнен жоғарыға өсіп немесе жоғарыдан төменге кеміп орналасу тәртібі вариациялық қатар құрайды. Вариациялық қатар құру үшін максимал және минимал варианттар табылады да, олар белгіленеді. Біздің мысалымызда минимал варианта 12, максимал варианта 20. Минимал вариантамен максимал вариантаның арасындағы айырма өзгерудің тербелу өрісі немесе өзгергіштіктің шайқалу шегі деп аталады.
Белгілі бір іріктеуде әрбір вариантаның неше рет кездесетіндігін көрсететін сан жиілік деп аталады және f әрпімен белгіленеді.
Вариациялық қатарды графика арқылы бейнелеу вариациялық қисық деп аталады. Вариациялық қатардағы ең көп кездесетін вариантаны мода деп атайды. Вариациялық қатардың ортасында орналасқан варианта медиана деп аталады. Мода Мо, ал медиана Ме белгілерімен белгіленеді.
29.Биологиядағы математикалық-статистикалық тәсілдердін рөлін сипаттап, жиынтықтың статистикалық талдаудан өткізіңіз.
Статистикалық жиынтық - нақты бір салмақтыққа, бірлікке, бүтіндікке, өзара тәуелділікке ие бірліктердің көптігі.
Жиынтық бірлігі – нақты бір белгіге ие көптің жеке алынған элементі.
Белгі – жиынтық бірлігінің жалпы құрамы, сипаттамасы, ол бақылануы немесе өлшенуі мүмкін.
Сандық белгі – сандық мәнмен көрсетіле алатын белгі.
Сапалық белгі (атрибутивті) – мағыналық мәні бар, сандық көрсетілімге жатпайтын белгі.
Варияция – жиынтықтың жеке бірліктерінің белгісі мәнінің аутқуы, әртүрлілігі, өзгерілуі.
Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объекті құрамының сандық бағасы.
Статистикалық заңдылық – жекеше алып қарағанда кездейсоқ болып көрінетін құбылыстардың көп сан түрінде байқалғанда, оның қажетті құбылыс ретінде анықталуы б.т.
Статистикалық бақылау – бұл жоспарланған, ғылыми ұйымдастырылған, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы мәліметтерді жинау, оның мәні әр жиынтық бірліктерінің өз белгілеріне тән топтарға бөлінуі.
30. Белгілердің әртүрлілік көрсеткіштердің сипаттамасын берініз.
Зерттеу үшін алынған әрбір жеке жиынтықтардың жекелеген даналары орта мөлшерден әр дәрежеде ауытқиды, сондықтан зерттелуге тиісті іріктеуді сипаттау үшін тек арифметикалық орта шаманы табу жеткіліксіз. Мұндайда осы әртүрлілік дәрежесін сипаттай алатындай көрсеткіштер келтіру керек. Белгілер әртүрлілігінің көрсеткіштері қызметін лимиттер өзгергіштіктің шайқалу шегі, орташа квадраттық ауытқу δ (сигма), варианса δ2 және вариация коэффициенті С.v. атқарады. Әртүрлілік көрсеткіштерінің бәріне тән жалпы қасиет олар осы санаулан әртүрлілік ерекшеліктерінің қандай дәрежесі болса да нақты белгілей алады. Лимиттерде әртүрліліктің өте маңызды ерекшеліктерін әрқашан қамтып көрсете алмайтынын атап айтқан жөн. Мысалы, екі топ особътары денелерінің ұзындығы бойынша салыстырылады дейік.
1 топ: М= 14, lim = 10-18 (8)
2-топ: М= 14, lim = 10-18 (8)
Екі топтың орта шамалары да, лимиттері де бірдей, бірақ осы топтардың әртүрлілік дәрежесінде айқын өзгешілік бар. Бірінші топ особътары денесінің ұзындығы әртүрлі, ал екінші топтағы 9 особътардың жетеуінің дене ұзындығы бірдей. Бірінші топ особътарының өзгергіштігі екіншіге қарағанда көп екендігі, ал оны лимиттердің көмегімен көрсету мүмкін еместігі айқын байқалып тұр. Әртүрлілік дәрежелерін ерекше көрсеткіш – орташа квадраттық ауытқудың көмегімен өте дәліререк сипаттауға болады.
