Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тимур_Delphi_Lab.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.97 Кб
Скачать

Лабораториялық жұмыс№7 Форманың бас менюі. Көмекші меню. Стандартты диалогтар.

Қазіргі қосымшалардың барлығында меню бар. Меню қосымшаның функциялармен стандартты ыңғайлы жұмыс істеуді қамтамасыз етеді және оларды бір типті топтарға бөледі. Форманың бас менюін TMain Menu компоненттер тобы анықтайды. Формаға осы топтан қанша объекті болсада қоюға болады, бірақ форманың жоғарғы бөлігіндегі меню жолағында форманың Menu қасиетінде көрсетілгені ғана көрінеді. TMain Menu компоненті үшін объектілер инспекторындағы Items қасиетінің оң жақ жарты жолын шерту арқылы Menu Designer шақырылады. Объектілер инспекторы терезесіндегі Caption жолына текст опциясы енгізіледі. Менюдің кезектегі элементін немесе опциясын бір-бірінен ‘-‘ сызығымен (ажырату) бөлуге болады.

TPopup Menu компонентінің көмегімен кемекші меню құруға болады. Формаға орнатылған TPopup Menu батырмасын екі рет шерту арқылы шағатын Menu Designer-дің көмегімен көмекші менюдің опциясының аты анықталады. Қандайда бір компонентке барып маустың оң жақ батырмасын басқанда көмекші меню ашылуы үшін, Popup Menu компонентінің қасиетіне меню – комонентінің атын енгізу керек. Көмекші меню атын Popup Menu қасиеттері тізімінен де таңдауға болады.

Қосымшаға жиі қолданылатын операциялар тобының орындалуын стандарт диалогтар жүзеге асырады. Бұған файлды ашу және сақтау, құжатты баспаға шығару, шрифт параметрлерін таңдау және т.б. даилогтар жатады. Delphi құрамында стандарт жүйелік диалогтарды қолданатын компонеттер тобы бар. Олар компоненттер палитрасының Dialogs бетінде орналасқан. Бұл компонеттер визуальді емес, бірақ менюден немесе қосымшаның саймандар панелінің шақырылуына қарай сәйкес диалогтың көрінуін қамтамасыз етеді. Қосымшада (орындалу кезінде) диалогты форма Execute әдісімен шақырылады, нәтижесі логикалық тип болады. Егер қолданушы файлды таңдап және ОК кнопкасын басса, онда функция мәні True болады.

Image компоненті Delphi жүйесінде қолданылатын растрлі сурет, пиктограмма немесе метафайлдің бірін формаға орналастыру үшін қолданылады. Picture қасиетінің оң жағына сырт еткізсе графиктік файл жүктелетін даилогтік панель (контейнер ретінде қолданылатын) шақырылады. Кескін өлшемін өзгертуге Stretch қасиеті пайдаланылады. (True-рұқсат етеді, ал False-рұқсат етпейді).

Қарастырылған компонеттерді қолданып өз бетінше жұмысты орында.

Тапсырма. №6 лабораториялық жұмыста құрылған қосымшаның негізінде формадан формаға көшетін форманың бас менюін құру.

1 вариант. 1. Қомысшаның бас формасына Timage компонентін орнат. Images/Splash ішкі каталогінан өзіңе ұнаған суретті таңда.

  1. №2 лабораториялық жұмыстағы Memol1клмпонентінің шрифін Tfont Dialog стандарт диалогының көмегімен өзгерт.

  2. №2 лабораториялық жұмыстың есептеу нәтежесін T Save Dialog –ты пайдаланып жазып қой. Қосымшаның бұл қызметтері бас менюмен және көмекші менюдің көмегімен орындалуы керек.

2 вариант. 1. Қосымшаның бас формасына TImage компонентін орналастыр. Image\SpLash каталогынан ұнаған суретті таңда.

  1. Көмекгші менюмен және TopenPictureDialog компонентінің көмегімен графиктік файлды өзгерту мүмкіншілігін қарастыр.

  2. №2 лабораториялық жұмыстың формасында бас меню құрыңыз. «Жұмыс режимі» (Режим работы), «Келтіру» (Настройка). «Режим работы» менюінің ішкі менюі мыналарды қамтысын «Расчет единичный», «Расчет интервальный», «Запись результатов расчета в файл».

3 вариант. 1. Қосымшаның бас формасына TImage компонентін орналастыр. Images\Splash ішкі каталогынан суретті таңда.

  1. TStringGrid таблицасының түсіп T ColarDialog компонентінің көмегімен өзгерт.