- •Өзіндік жұмыс 30 минут.
- •Delphi5.0-инт.Ортасында қосымша құру әдістерін үйрену 50 минут.
- •2. Дайындық жұмысы:
- •2. Delphi негізгі терезесі.
- •Лабораториялық жұмыс №2
- •1. Дайындық жұмысы:
- •5. TCheckBox компоненті
- •6. TSсrollBar компоненті
- •Лабораториялық жұмыс №3 Ерекше жағдайларды өңдеу (исключительных ситуаций).
- •Дайындық жұмысы.
- •Қорғалған блок механизмі.
- •2.3. Тапсырма:
- •Лабораториялық жұмыс №4
- •1. Программа компиляциясы, жинақталуы және орындалуы
- •1. Программа орындалуын басқаруға Run менюінің мына командалары қолданылады:
- •Дайындық жұмысы.
- •Қосымша компиляциясы және жөндеу.
- •Ұсынылатын уақыт 60 минут Тапсырма:
- •Лабораториялық жұмыс №5 Delphi проектысының құрамы. Проекттер менеджері. Проект параметрлерін белгілеу.
- •1. Проект құрамы. Проект параметрлерін анықтау. Проект менеджері.
- •Дайындық жұмысы.
- •Проект құрамы.
- •Проект менеджері.
- •Лабораториялық жұмыс№6
- •Лабораториялық жұмыс№7 Форманың бас менюі. Көмекші меню. Стандартты диалогтар.
- •Лабораториялық жұмыс №8 Windows –интерфейсінің визуальді компоненттеріне мысалдар.
Лабораториялық жұмыс№6
Форманың атрибуттары және стилі.Форманы құру және өшіру. Форманың визуальділігі. Қосымшада бірнеше форманы қолдану.
Delphi-де стандарт проект формалардан тұрады. Форма өңдеу ортасының құралдары мен (компоненттер политрасы, объектілер инспекторымен және т.б.) және оған орналасқан компоненттермен байланысты болып әсер ете алады. Олар қолданушының интерфейсін құруға мүмкіншілік жасайды және қосымшаның программалық логикасын сақтайды. Стандарт қосымшада форманы құру және жою жұмысы қосымшаның өзіне жүктеледі. Егер өңдеуші автоматты түрде құрылған тізімде барлық форманы қалдырса, онда программаны инициализациялаған соң проектінің барлық формаларының конструкторлары орындалады.Өңдеуші өз бетінше қажет жағдайда форманы құру үшін оның конструкторын пайдалана алады.
If Form1=NIL Then Form1:=Tform1. Create(AppLication);
Құрылған форма сонымен автоматты түрде жойылады. Жұмыс жасап тұрған қосымшада қажет болса ReLease әдісімен форманы жоюға болады.
If Form1<>NIL Then ReLease;
Форманың көрінуін және оны модальді емес режимде жұмыс істеуін Show әдісі қамтамасыз етеді. Форманың көрінуін және оның модальді режимде жұмыс істеуін Show Modal әдісі қамтамасыз етеді. Show әдісін пайдалану үшін модуль терезесінің Uses бөлігіне сілтеме жасау қажет. Ол үшін конструкциялау кезінде бас терезені маусты шерту арқылы активтендіріп, содан соң File/Uses Unit опциясын таңдау керек. Пайда болған диалоктік терезеден модульді таңдап <OK> басу керек. Егер программист проектіге тіркелген (подключен) модульге сілтеуді ұмытқан болса, онда Delphi программаны 1-трансляциялағанда сол туралы хабарлап және жетіспейтін сілтемелерді қоюды талап етеді.
Hide әдісі форманы көрсетпеуге мүмкіндік береді. Close әдісі терезені жабады, ал бас терезе үшін программаның жұмысын аяқтайды. Егер бас форма көрінбей тұрса, ал көрініп тұрған формаларды жапсақ, онда қосымша есте қалып қояды. Қосымшада бұлай істеуге болмайды, программа жұмысы соңында барлық формаларды жвбуды ұйымдастыру керек. Close уақығасында формаға AppLication. Terminate кодын қоюға болады. Басқарудың стандарт элементтер санын BorderIcons – қасиетімен анықтауға болады. Форманың белгісі Icon қасиетімен анықталады. әр формада жеке меню болуы мүмкін. Оны пайдалнуға Menu қасиеті жауапты.
Форманы стилі BorderStyle қасиетімен анықталады.
І. Формалардың атрибуттары және стилдері.
BorderIcons қасиетін эксперимент жасап көр. Қасиеттің мәніне байланысты формадағы басқарудың стандарт элементтерінің жиыны қалай өзгеретінін өзіңе белгілеп ал.
BorderStyle қасиетін эксперимент жасап көр, осы қасиеттің әр мәнінде форманың стилін өзіңе белгілеп ал.
Icon қасиетін пайдаланып, әр форма үшін жеке пиктограмма анықта. Images/Icons ішкі каталогында пиктограмма орналасқан.
ІІ. Өз бетінше жұмыс.
Тапсырмалар.
1вариант.
Бас формадан (стандарт форма) №2 лабораториялық жұмыстың формасына көшуге болады. №2 лабораториялық жұмыстың формасынан қосымшаның бас формасына қайтып оралуға мүмкіншілік бар. Бас форма жұмыс істеп тұрғанда қосымшаның жұмысын аяқтау керек.
2 вариант.
Aboutbox формасынан №2 лабораториялық жұмыстың формасына көшуге мүмкіндік бар. №2 лабораториялық жұмыстың формасынан Aboutbox формасына да көшуге болады. Екі формада да қосымшаның жұмысын тоқтату мүмкіндігі болуы керек. Форманың стилі шығарылатын есепке сай таңдалуы керек.
3вариант.
Қосымшаның жұмысы пароль енгізуден басталуы керек. Пароль дұрыс енгізілген жағдайда келесі формаға көшу керек. Бұл форма №1 лабораториялық жұмысты не №2 лабораториялық жұмыс соңын таңдауға мүмкіншілік береді.
Тек таңдалған форма ғана экранда көрініп тұруы керек. Таңдалған форма ғана жұмысты аяқтай алсын. Лабораториялық жұмыстың формасы рамкасыз және тақырыпсыз түрде болсын.
4 вариант.
Қосымшаның жұмысы пароль енгізілуден басталсын. Формалармен жұмыс жасағанда бір-біріне көшу мүмкіндігші болсын. Жұмыс барысында экранда тек форма ғана көрінетін болсын. Лабораториялық жұмыстың формасы ғана қосымшаның жұмысын аяқтасын.
5 вариант.
Бас формада №1 - №2 лабораториялық жұмысты; №2-№4 лабораториялық жұмысты; №3 лабораториялық жұмыс соңын таңдауға мүмкіндік берсін. Әр лабораториялық жұмыстан бас формаға оралуды ұйымдастыру керек. Қосымшаның жұмысын аяқтау мүмкіндігін тек бас форма мен жұмыс үстінде орнатылсын. Программаны Лаб №6 өз каталогіңе жазып ал.
