- •1.Патоморфологияның ғылым ретінде дамуындағы биологияның іргелі пәндерінің жетістіктері. Патоморфологияның басқа да медицналық ғылымдармен байланысы.
- •3.Қалыпты жағдайдағы және патологиялық өзгерістерге ұшыраған клеткалар мен ұлпаларды зерттеу.
- •5) Клетканың өлімі некроз және апаптоз?
- •6.Адамда қалыпты жағдайда және патологиялық процестердің дамуы кезіндегі апоптоздың биологиялық рөлі.
- •Жасуша мембранасы зақымдануының салдарлары
- •9. Дистрофияның даму себептері: клетканың автореттелуінің бұзылуы, қоректі тасымалдау жүйесі қызметінің және қоректі реттейтін эндокринді және жүйке жүйелерінің бұзылулары.
- •11.Көмірсу дистрофиясы. Гликогеноздар.
- •14. Пигменттік дистрофия дегеніміз не?
- •17.Амилоидоздардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •19.Паренхималық дистрофияны сипаттаңыз.
- •23.Белоктық дистрофияға анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз
- •25. Қан айналым жүйесінің бұзылуы.
9. Дистрофияның даму себептері: клетканың автореттелуінің бұзылуы, қоректі тасымалдау жүйесі қызметінің және қоректі реттейтін эндокринді және жүйке жүйелерінің бұзылулары.
Дистрофия, нәрсіздену (гр. dys - бұзылыс, trophe - қоректену)[1] —
Зат алмасуының бұзылуына байланысты туындайтын жасушалар мен тіндердегі сапасы мен саны жағынан өзгерген зат алмасу өнімдері пайда болуы және жинақталуымен сипатталатын дерттік үрдіс.
Балалардың тамақтануының ұзақ уақыт бұзылуынан туындайтын, бойының өсуі мен дене дамуының кешеуілдеуімен, ағза қарсыласуының төмендеуімен сипатталатын дерттік жағдай.
Дистрофияның дамуына мына өзгерістер себеп болады:
Инфильтрация.Қан арқылы келген заттардың жасушаға немесе жасушааралық тканьге мөлшерден тыс сіңіп қалуы;
Декомпозиция.Ыдырау.Бұл қалыпты жағдайда бір бірімен берік байланысқан,бірақ патология жағдайында ыдырап жеке жеке көрініп қалатын заттарға тән.
Трансформация.Бір заттың орнына екінші заттың түзілуінен туындайтын патологиялық өзгерістер.
Денатурация.Белоктардың әр түрлі жағдайларға байланысты ұйып немесе бірігіп ірі тамшылар түзуі.
Бейтабиғи синтез.Бұған мысал ретінде жасушалар мен тканьдерде табиғи жағдайда кездеспейтін заттардың,амилойд белогының,алкаголь гланинінің пайда болуын келтіруімізге болады.
Жасушада синтезделіп жатқан заттардың өз мерзімінде ыдырамай йитоплазмада жинақталып қалуы.
Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан жөне лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді. Атрофия деп ағза клетка көлемінің кішірейіп, қызмет қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды. Семудің физиологиялық және патологиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық семуге балалардың кіндік қан тамырларының, кейінірек айырша безінің семуін мысалға келтіруге болады. Бұлар жас организмнің дамуына яғни эволюцияға байланысты болатын семуге жатады. Қартайғанда сему процесі барлық ағзаларды, жүйелерді қамтиды. Бұл қартаю яғни инволюция нәтижесінде дамитын семудің мысалы. Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты болады. Семудің бүл түрі екі топқа бөлінеді: 1) жалпы сему немесе кетерем болу (кахек- сия); 2) жергілікті сему.
Жалпы сему аштықтың, нерв және эндокрин жүйелерінің ауруларының, қатерлі ісіктің салдарынан пайда болады. Егер адам 1—2 ай бойы тамақ ішпесе, не жеген тамағы сіңбесе, ол шегіне жете арықтап, көтерем болып өледі. Бұл кезде организм өз салмағының 40—50 процентін жоғалтады. Көтеремдіктің ең бірінші белгісі бұл май «қоймаларынан» майдың жоғалуы, теріасты шелі, шарбы, шажырқай жұқа дәнекер тканьді қабаттарға немесе сары-қоңыр реңдегі пластинкаға айналып қалады. Кейде майды микроскоппен де іздеп таппайтын жағдай болады. Тері өте құрғап, жұқарып, қатпарланып, меланин пигменттерінің көбеюіне байланысты қоңыр түске енеді. Дененің бұлшықеттері семіп қалады, сүйектер кеуектеніп (остеопороз) морт сынғыш болады, әсіресе сүйектің тығыз қабаты жұқарады. Ішкі ағзалардың көлемі кішірейігі, салмағы азаяды, жүрек пен бауырда қоңыр тұс беруші липофусцин пигменті жиналады. Бұл процесті ағзалардың қоңыр семуі дейді. Атрофия процесі ішкі секреция бездерінің ішінде қалқанша безде, жыныс бездерінде және бүйрекүсті бездерінде айқын көрінді.
Жергілікті семудің ағза сырттан немесе іштен басылып қалғанда, ағза қызметіне талап азайғанда, зат алмасуы мен трофика бұзылғанда қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмегенде пайда болатын түрлері бар. Ағза сырттан немесе іштен басылып қалғанда осы ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі және қоректенуі бұзылып сему процесі дамиды. Қолқа аневризмасы (бұлтимасы) төс сүйегін кейде омыртқа бағанын, басып жұқартып өзініғі бедерін қалдыра алады. Несепағар жолы таспен тығындалып қалғанда бүйрек астауының қуысы кеңейіп, бүйрек ткані бірте-бірте жұқарады. Осы өзгерістер нәтижесінде бүйрек орнында несеппен толған қалта қалады (гидронефроэ — су бүйрек). Ағза қызметіне талап азайғанда немесе мүлдем жойылғанда олар қызмет қарқынын төмендетіп семе бастайды. Мысалы, сүйек сынғанда гипске салынған аяқ бұлшықеттері әрекетсіздік нәтижесінде семеді, осы текте өзгерістер космос жағдайында қаңқа бұлшықеттерінде дамиды, бүйрекүсті бездерінің біреуінде пайда болған ісік гормондардың көп түзілуіне байланысты екінші бездің семуіне соқтырады. Кейбір без гармондарын емдік мақсатпен ұзақ уақыт қолданғанда сол гормонды жасап шығаратын без семеді. Зат алмасуы мен трофиканың бұзылуына байланысты атрофияньщ мысалы ретінде ағзаның нерв жүйесімен байланысы үзілген кезде дамитын атрофияны келтіруге болады. Бұл жағдай жарақаттанғанда, қабыну нәтижесінде, нерв жолдарын ісік, Дәнекер ткань басып қалғанда байқалады.
