
- •1.Патоморфологияның ғылым ретінде дамуындағы биологияның іргелі пәндерінің жетістіктері. Патоморфологияның басқа да медицналық ғылымдармен байланысы.
- •3.Қалыпты жағдайдағы және патологиялық өзгерістерге ұшыраған клеткалар мен ұлпаларды зерттеу.
- •5) Клетканың өлімі некроз және апаптоз?
- •6.Адамда қалыпты жағдайда және патологиялық процестердің дамуы кезіндегі апоптоздың биологиялық рөлі.
- •Жасуша мембранасы зақымдануының салдарлары
- •9. Дистрофияның даму себептері: клетканың автореттелуінің бұзылуы, қоректі тасымалдау жүйесі қызметінің және қоректі реттейтін эндокринді және жүйке жүйелерінің бұзылулары.
- •11.Көмірсу дистрофиясы. Гликогеноздар.
- •14. Пигменттік дистрофия дегеніміз не?
- •17.Амилоидоздардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •19.Паренхималық дистрофияны сипаттаңыз.
- •23.Белоктық дистрофияға анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз
- •25. Қан айналым жүйесінің бұзылуы.
1.Патоморфологияның ғылым ретінде дамуындағы биологияның іргелі пәндерінің жетістіктері. Патоморфологияның басқа да медицналық ғылымдармен байланысы.
Патологиялық морфология– адамдар мен жануарлар организмінде ауруға байланысты дамитын патологиялық процестердің морфологиялық негіздерін зерттейтін ғылым; Патологиялық морфология жалпы Паталогия морфология және жүйелік Паталогиялық морфология деген екі үлкен бөлімнен тұрады. Біріншісі организмдегі біртектес үрдістерді (қабыну, қызба, зат алмасудың бұзылуы, ісіктің өсуі, т.б.); екіншісі жекелеген органдар мен жүйелердің (өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек және қанайналым, тыныс алу жүйелері, т.б.) жұмысының бұзылуын зерттейді.Патология саласында Қазақстанда Патологиялық морфология саласындағы жүйелі зерттеулер қазіргі ҚазҰМУ-да Патологиялық анатомия кафедрасы ашылғаннан кейін (1933) басталды. Қазіргі кезде Патологиялық анатомия ауру морфологиясын организмдік, органдық (ағзалық), тіндік, клеткалық және клеткаішілік деңгейлерде зерттей алады. Патологиялық морфологияның зерттеу әдісіне: аутопсия (мәйіт), биопсия және тәжірибелік әдіс жатады. Соңғы әдіс Патологиялық морфологияда жиі қолданылады.Мысалы, қатерлі ісік тудырушы (канцерогендік) заттардың, аса улы химикалық қоспалардың, қоршаған ортаның зиянды әсерлерін осы әдіспен анықтайды.
Патоморфология пәні жалпы және жүйелік патоморфология деген екі үлкен бөлімнен тұрады. Жалпы патоморфология үш тараудан түрады:
1. Жалпы нозология;
2. Жалпы этиология және патогенез;
3. Біртектес дерттік (патологиялық) үрдістер.
Патологиялық морфология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты жэне олардың, эсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді. Сонымен бірге патоморфология патанатомия пәнімен тығыз байланысты. патофизиология бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің және тұтас организмнің қызметтерін дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай алады, тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттейді.Эксперименттік тэжірибеде патофизиологтар физиологияның, электрофизиологияның, биохимияның, гематологияның, морфологияның, иммунологияның белгілі әдістерін қолданады. Соңғы кездерде қазіргі компьютерлерді пайдаланып, аурудың математикалық үлгілерін алуда өзінің орнын алып келеді.
3.Қалыпты жағдайдағы және патологиялық өзгерістерге ұшыраған клеткалар мен ұлпаларды зерттеу.
Қазіргі кезде цитологияның зерттеу тәсілдері мен әдістері әр алуан. Цитологиялық әдістерді оптикалық, цитофизикалық, ультрақұрылымды зерттеу, цитохимиялық, гистохимиялық және т.б. әдістерге топтастыруға болады. Клетка органоидтарының құрылысы, ультрақұрылымы мен функциясы жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия және тағы басқа әдістер арқылы зерттеледі. Жарық және электронды, қараңғы өрісті, фазалы-контрасты, поляризациялы, люминесцентті микроскопия әдістері фиксацияланған клеткалардың құрылысы мен ультрақұрылымын зерттеуге қолданылатын болса, дифференциалды центрифугалаудың көмегімен алынған жеке органоидтар цитохимиялық, биохимиялық, биофизикалық және т.б. әдістермен зерттеледі. Цитологияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі – жарық микроскопы тәсілі. Жарық микроскопия әдістерінде объект арқылы жарық шоғы өтіп, объектив линзалар жүйесіне түсіп, алғашқы сурет пайда болады да, окуляр линзаларының көмегімен ұлғаяды. Оптикалық жүйе ретінде микроскоптың басты сипаты – шешушілік қасиеті, яғни бір-біріне жақын орналасқан екі объектіні жеке-жеке көрсету. Микроскоптың шешуші қабілеті жарық толқынның ұзындығымен есептеледі: толқынның ұзындығы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым шешуші қабілеті жоғары. Жарық микроскопта көбінесе спектрдің көру облысындағы жарық көзі (400-700 нм) қолданылады, сондықтан бұл жағдайда микроскоптың максимальді шешуші қабілеті 200-350 нм-ден жоғарыламайды (0,2-0,35 мкм). Яғни жарық микроскопының шешуші қабілетінің соңғы деңгейі жарықты көру аймағын пайдаланғанда 0,2-0,3 мкм тең. Жануарлар клеткалары мен ұлпаларын зерттеу үшін клетка өсінділері (культуралары) әдісі пайдаланылады. Кейбір ұлпаларды жеке-жеке клеткаларға бөлгеннен кейін, жекеленген клеткалар өз тіршіліктерін жалғастырады, тіпті көбею қасиетін жоғалтпайды. Эмбрион немесе кейбір жеке клеткалар қолайлы ортада ағзадан тыс өсіп, көбейе алатындығын алғаш рет американ эмбрилогы Р. Гаррисон (1879-1959) дәлелдеген. Клетканы культуралау техникасын әрі қарай дамытқан француз биологы А. Каррель (1873-1959) болды. Бұл әдістің ең қарапайым тәсілі келесідей: қоректік ортаға толы камераға тірі ұлпаның кесегі салынады. Біраз уақыт өткеннен кейін ұлпа кесегінің шетіндегі клеткалар бөлініп өсе бастайды. Өзге жағдайда ұлпаның кесілген кішкентай кесегі трипсин ферменті немесе хелатон версен ферменті ерітінділерімен сәл өңделеді, бұл клеткалардың толық бытырап кетуіне әкеп соғады. Содан соң клеткаларды шайып қоректік ортаға салады, онда клеткалар тұнбаға түседі де, шыныға жабысып көбейе бастайды, алдымен олар колониялар түзеді, соңынан клеткалық қабат түзеді. Осылай тірі кезінде бақылауға ыңғайлы, бірқабатты клеткалар өсіндісі алынады. Өсінді өсіру кезінде қоректік ортадан басқа температура, стерильділік сияқты факторлар ескерілген жөн. Культурада өсімдік клеткаларын өсіруге болады. Қазіргі кезде ағзадан тыс клеткаларды өсіру тек қана цитологиялық зерттеулерде қолданылмай, сондай-ақ генетикалық, вирусологиялық, биохимиялық зерттеулерде де қолданылады.