Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331.28 Кб
Скачать

5-ТАРАУ. Халықаралық шарттар қүқықтары

    1. Халықаралық жария қүқықтың бір саласы - халықаралық шарттар қүқықтары.

    2. Халықаралық шарттардың құқықтық табигаты.

53. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары.

  1. Халықаралық шарттардың әрекет еіуі және тоқгатылуы (қалпыііа келтірілуі).

  2. Халықаралық шарттардың жараіисыздыгы.

    1. Халықаралық жария қүқықтың бір саласы - халықаралық шарттар қүқықтары

Халықаралық шарттар қүқығы - шарттық-қүқықтың нормалар жиынтығын қүрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария қүқықтың бір саласы. Халықаралық шарттардың қүқығы осы заманғы халықаралық қүқықтың негізгі салаларының бірі, ол халықаралық қүқықтың барлық қүқықтық нормаларымен, институтгарымен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады, Бүл сала осы заманғы халықаралық қүқықтың қызмет тәртібін, шартгық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау рәсімдерін, өзіне жүктелген міндетгемелерді орындамаудың қүқықтық салдарын айқындайды. Шарттық қүқықтың мүндай басымдылық рөлі оның реттеу объектісінің ерекшелігімен, осы заманғы халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар қүқықтарының қайнар көздерінің өзгешелігімен айқындалады. Халықаралық шарттың өзі халықаралық шарттар қүқығының объектісі болып табылады, ол халықаралық қүқықтың негізгі қайнар көзі; әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту қүралы; халықаралық жария қүқықтың барлық салаларында халықаралық қүқықтың маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Қүқықтың осы саласының қүрылымында, мазмүнында болып жатқан өзгерістердің халықаралық қүқықтың басқа салаларының мазмүнынан көрініс табары сөзсіз. Жоғарыда атап өтілгендер халықаралық жария қүқықтың осы заманғы жүйесінде халықаралық шарттар қүқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.

Халықаралық шарт - бүл халықаралық қүқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық қүқықтың негізгі қағидаларына сай, озара қүқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық

ережелер болып табылады. Мұнда айта кететін бір жайт, халықаралык қүқықтағы шарт шарггық процесс қатысушыларының ерікті ғана емес, сонымен бірге бір-біріне маңызы бірдей жол берушілік нәтижесінде пайда болады. Халықаралық шарт құқығының теориясы шарттарды тең құқықты және тең құқықсыз деп екіге бөледі. Халықаралық жария қүқық субъектілерінің сапалы шарттық тәжірибелері үшін тең қүқықты шартгардың алар орны ерекше екені дау тудырмайды, олар шарттық процесс қатысушыларының тәуелсіздігі мен дербестігін өзара мойындауға негізделген.

Ад окінішке орай іс жүзінде кездесетін теңқүқықсыз шарттарды

не сипаттайды?

  • Шарттық процестің негізгі субъектілері - мемлекеттердің тәуелсіздігін сыртқы жағынан шектеу.

  • Халықаралық қүқық субъектілерінің ішкі қүзыреттерін қүрайтын мәселелерге қол сүғу.

  • Өз мемлекеттерінің заңдарына бағындыру әрекеті.

  • Келісуші мемлекеттердің қүқықтар мен міндеттерді бөлісудегі әжептеуір үйлеспеушіліктерінің болуы.

  • Қаржылық міндеттемелердің сәйкессіздігі, өзара тиімділіктің болмауы, жол беруде бірдейліктің, теңдіктің жоқ болуы.

Халықаралық шарт мемлекеггер арасында туындайтын дауларды бейбіт жолмен шешудің жалғыз қүралы, тиісінше халықаралық келісімдер мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған деуге болады. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың даму тарихы мүндай шартгардың көптігі мен түрлі-түрлі болғандығын дәлелдейді. Әлемдік бірлестіктің дамуына қарай, шарттық процесс қатысушыларының міндеттемелері нақтыланып, заңи сипат ала бастады. Мысалы, алғашында шарттық міндеттемелер діни моральға негізделсе, ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. шарттар монархтардың саяси моралына сүйене бастады; халықаралық шарттар қүқығында XIX ғ. саяси шартгардың тек қүқықтық нысанда ғана смес, сондай-ақ дін мен моральға сүйенген кезеңі ретінде сипатталады. Сөйтіп, халықаралық саяси шартгар қүқықтық шартгардан келіп шыққан еді. Мемлекеттер олардың заңдық күшін мойындай отырып, шарттардың моральдық-саяси маңызын да жоққа шығармайды.

Халықаралық шарттар қүқығының қалыптасу процесі рим қүқығының әсеріне, оның ішінде міндеттемелік қүқық нормаларының әсеріне көп үшырады. Мәселен, “расіа $ипІ зегуапсіа” - “шарттар орындалуы тиіс” деген шарттар қүқығының негізгі ережесі рим қүқығынан алынған. Шартгық қүқықтың жүйеленуі түтастай алғандағы халықаралық қүқық жүйеленуінің ажырамас бөлігі болып табылады. 1935 ж. Гарвард университетінің негізінде бір топ заңгерлердің Гарвард Жобасы деп аталатын еңбектері жарыққа шықты. Халықаралық жария қүқықтың

осы саласының ресми жүйесін 1924 ж. ¥лттар Лигасы қабылдады. Алайда, сарапшылардың дайындаған баяндамасы сол күйі талқыланбаған күйде қалды. Халықаралық шарттар туралы 1928 ж. америкааралық конвенция жүйелеген алғашқы халықаралық-қүқықтық акт болып табылады. Шарттар қүқығы туралы мәселе 1950 ж. бастап, халықаралық қүқық Комиссиясының жүйелеу жүмыстарының тізіміне енгізілді.

  1. ж. шақырылған халықаралық шарттар қүқығы жөніндегі Вена Конвенциясы 1969 ж. халықаралық шарттар қүқығы туралы Вена Конвенциясын қабылдаумен аяқталды. Конвенция 1980 ж. 27 қаңтарында күшіне енді, себебі 1969 ж. Конвенцияның 84-бабына сәйкес, ол “қосылу туралы отыз бесінші бекіту грамотасын немесе отыз бесінші қүжатты сақтауға бергеннен кейін отыз күн өткенде” күшіне енеді деп көрсетілгеа Қазақстан Республикасы оған 1993 ж. 31 наурызында қосылды.

Бүл жүйелеу қүжаты 85 баптан және қосымшадан түрады. Оның Кіріспесінде, халықаралық шарттар қүқықтарының жүйеленуі және үдемелі дамуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға және бір-бірімен ынтымақтастықты жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатгарға қол жеткізуге көмектеседі деп көрсетілген. Кейінірек халықаралық қүқық Комиссиясы халықаралық үйымдардың қатысуымен жасалатын шарттардың әрекетін реттейтін нормалардың жүйеленуін жүзеге асырды. 1986 ж. халықаралық қауымдастық мемлекеттер мен халықаралық үйымдардың арасындағы халықаралық шарттардың қүқықтары туралы Вена Конвенциясын қабылдайды. Осы нормативтік актілерді қолдану тиімді болу үшін екі Конвенция баптарының нөмірлері сәйкестендірілді. 1978 ж. тағы бір маңызды жүйелеу акті - мемлекеттердің шарттарға қатысты қүқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы қабылданды. Сонымен, халықаралық қүқық Комиссиясының жоғарыда аталған жүйелеу жүмыстары халықаралық қүқық қызметінің маңызды сатысы г болып табылады.

  • Халықаралық жария қүқықтың барлық субъектілері халықаралық шарттар қүқығының субъектілері бола аладья Халықаралық-қүқықтық әдебиеттерде шарттық процестің субъектілік қүрамын айқындау үшін: “субъектілер”, “қатысушылар”, “контрагент”, “ халықаралық шарттың тараптары” сияқты түрлі терминдер пайдаланылады. “Контрагент” термині, белгілі болғанындай, сауда тәжірибссінде, ал “субъектілер” термині ғылыми түрде қолданылады. Осындай жалпы санаттардан басқа,

  1. ж. Вена Конвенциясының 78-бабында, 1986 ж. Конвенцияның 80-бабында “шартқа қол қоюшылар” термині қолданылған. Шарттық ережелерді талқылауға қатыспаған, бірақ шартқа қол қойған мемлекет халықаралық-қүқықтық міндеттемелердің теңқүқықты қатысушылары болып есептелетінін айтып өту керек.