Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331.28 Кб
Скачать

  1. Біріккен Ұлттар Үйымының басты сот органының қүзыретіне нелер кіреді?

  2. Халықаралық Сот шешім қабылдауда нені басшылыққа алады?

  3. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерініңқүқықтықтабиғаты қандай?

  4. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасының аумағындағы неғізгі үйымдастырушылық іс-шараларын атаңыз.

  5. БҰҰ-ны өзгерту мәселелеріндегі Қазақстанның бастамасы неден көрінеді?

  6. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қүрылымы қандай?

  7. ТМД-ның мақсаты мен қағидаларын басқа халықаралық үйымдардың мақсаты мен қағидаларымен салыстырыңыз.

  8. Со)ітүстік Атлантика Одағының (НАТО) стратегиялық түжырым- дамасының негізгі бағыттары қандай?

Әдебиеттер

  1. Актуальные проблемы внешней политики Казахстана. Сборник статей. МИД Республики Казахстан. 1998.

  2. Ашавский Б.М. Межправительственные конференции. - М., 1980.

  3. Вальдхайм к. Единственная в мире должность. -м., 1980.

  4. Исраэлян В.Л. Дипломаты лицом к лицу. -М., 1990.

  5. Зайцева О.Г. Международные межправительственные организа- ции. - М., 1983.

  6. ЗайцеваО.Г. Международные организации: принятие решений.

  • М., 1980.

  1. Куэльяр Х.П. Организация Обьединенных Нации: сегодня и завтра.

‘ 8. Кутаков Л. Вид с 35 этажа. М., 1975.

  1. Кривчикова Э.С. Основы теории права международных организа- ций. М., 1979.

  2. Крылов Н.Б. Правотворческая деятельность международных организаций. - М., 1988.

  3. Токаев К.К. Организация Обьединенных Наций: полвека служения миру. -Алматы, 1995.

  4. Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы. 1977.

  5. Нешатаева Т.Н. Международные организации и право. -М., 1999.

  6. Шибаева Е.А. Право международных организаций: вопросы теории. - -М., 1986.

  7. Шибаева Е.А., Поточный М. Правовые вопросы структуры и деятельности международных организаций. - М., 1980.

  8. Устав ООН 1945 г.

  9. Устав СНГ 1993 г.

  1. ТАРАУ. Халықаралық қүқықтағы жауапкершілік

    1. Халықаралық-күкықтык жауапкершілік ұгымы.

    2. Мемлекеттердіц халыкаралык-күкыктык жауапкершілігі- нін негіздері.

    3. Мемлекеттердіц халыкаралық күкык бұзушылығын жүйелеу.

    4. Мемлекеттердің халыкаралық-күкықтық жауапкер- шілігінін түрлері мен нысандары.

    5. Мемлекеттердің жауапкершілігін болгызбайтын жагдаяттар.

    6. Халықаралык үйымдардыц жауапкершілігі.

    7. Жеке тұлгалардың халықаралык қылмыстық жауапкер- шілігі.

  1. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік ұғымы

Жауапкершілік институтын пайдалану халықаралық-қүқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады. Ішкі заңдар нормаларын сақтау тиісті үлтгық жүйенің заң нормалары мен мәжбүрлеу институтын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Халықаралық катынастарда орталықтандырылған мемлекеттік мәжбүрлеу аппараты жоқ. Халықаралық-қүқықтық жауапкершілік жеке қағида немесе кұқыктық норма емес, халықаралық жария және халықаралық жеке құқыққа белгілі қүқықтық институт болып табылады. Бүл институт халықаралық жария қүқықтың барлық салаларына тән.

Халықаралық қүқық саласындағы ғалымдардың көпшілігінің қөзкарасы бойынша жауапкершілік институтының пайда болуы халықаралық қүқықтың даму тарихымен сәйкес келеді екен. Біздің күндерімізге дейін жеткен жазбаша екі жақты шарт б.з. дейінгі 1296 жылы Египет фараоны мен хеттер патшасы арасында жасалыпты және онда шарт бүзылған жағдайда белгілі бір санкциялар көзделген: “Осы сөздерді бүзған адамның үйі, жері және қүлдары шіріп кетсін”,- деп жазылыпты. Бүл сол кезеңдегі ең қорқынышты жазалардың бірі еді. Мүнан басқа, ол кездері моральдық жауапкершілік, сенімді жоғалту, атына кір келтіру - ақшалай қүндылықтардан анағүрлым ауыр болатын.

Жауапкершілік институтының маңызы мен мәні халықаралық қүқықтың қызмет етуімен, халықаралық бейбітшілік пен қүқықтық тәртіпті нығайтумен тікелей байланысты. Халықаралық қүқық доктринасында көпке дейін жауапкершілікті мемлекет қасиетіне теліп келді. Алайда, жауапкершілікте ондай қасиет жоқ, себебі халықаралық

ізз

міндеттемелерін адал орындайтық қүқықтың басқа субъектілеріне зиян тигізбейтін мемлекет жауапкершілікке тартылмайды. Онан гөрі, жауапкершілікті халықаралық қатынастардың бір қасиеті ретінде бейнелесе болады. Тиісінше, халықаралық қатынастардың мүндай қасиетінің болуы халықаралық бірлестікке тәртіпті үстанудың бір төсілі болып табылады.

Халықаралык; қүқықтагы жауапкериіілік - бүл халықаралық- қүқықтық міндеттемелерді бүзған жағдайда халықаралық қүқық субъектілері үшін туындайтын заңдық салдар. Мүнда жауапкершілік, тек жауапкершіліктен босату негіздері болмаған жағдайда ғана туындайтынын айту керек.

Жауапкершілік институты осы заманғы халықаралық қүқықтың барлық салаларының негізін қалаған қағидалармен негізделеді.

  1. Мемлекет өзінің ішкі қүқығына сілтеме жасау арқылы халықаралық-қүқықтық жауапкершіліктен босатылмайды. Бүл қағида халықаралық жария қүқықта ғана қолданылады, өйткені жеке қүқықта үлттық заңдарға сілтеме жасала отырып, халықаралық-қүқықтық жауапкершілік жоққа шығарылады. Халықаралық жеке қүқықтың коллизиялық нормаларының мәні осында.

  2. Халықаралық қүқықтың көпшілік таныған нормаларына қайшы келетін заңдарды қабылдағаны үшіқ сондай-ақ, қүқық субъектілерінің халықаралық-қүқықтық міндеттемелерді орындауы үшін қажетті зацдарды қабылдамағаны үшін мемлекеттің жауапкершілік қағидасы.

  3. Халықаралық қүқық субъектілерінің мәжбүрлеп, қол астында үстауы немесе кез келген күш көрсетуі үшін жауапкершілік қағидасы.

  4. Басқыншылық актісін дайындағаны, жоспарлағаны және жүзеге асырғаны үшін халықаралық бірлестік алдындағы жауапкершілік қағидасы.

  5. Қүқық субъектісіне міндеттемені бүзғаны үшін халықаралық- ' қүқықтық санкцияны қолдану және келтірілген залалдың орнын толтыру

қағидасы.

Жауапкершілік институтын регтейтін қүқықтық нормалар жүйесі әдеттегі нормалардан түрады. Сондықтан осы институтты жүйелеу мәсе- лелері өзекті болып отыр. Бүл бағытта жүйелеу жүмыстарын істеуге әрекетгенген Ұлттар Лигасы мемлекеттің шетелдік түлғаға және мүлкіне келтірілген залал үшін жауапкершілікті көздеумен ғана шектелді. БҰҰ-ның халықаралық қүқық жөніндегі Комиссиясы жауапкершілік институтының нормаларын жүйелеуді 1956 ж. бастады. Халықаралық- қүқықтық жауапкершілікке мынадай анықтама берілген еді: “Мемлекеттің халықаралық қүқыққа қарсы әрекетінің нәтижесінде халықаралық қүқық аясында пайда болуы мүмкін барлық қүқықтық қатынастардың жаңа түрлері, бүл қатынастың қүқыққа қарсы әрекет

жасаған мемлекеттің, тікелей зәбір көрген мемлекетпен арасындағы қүқық қатынастары мен шектелетіндігіне қарамастан, немесе халықаралық қүқықтын басқа субъектілеріне таралатын болса немесе кінәлы мемлекетгің залал келтірілген мемлекетгің қүқыктарын қалпына келтіру міндетіне және залалдың орнын толтыртуға қарамастақ немесе залал келтірілген мемлекеттің, яғни халықаралық қүқықтың басқа субъектілерінің қүқықгарын қамтитын болса, онда кінәлы мемлекетке халықаралық қүқық қарастыратын санкцияның бірін қолдану керек1. Бүл көлемді, әмбебап түсінікте маңызды сәттер ескерілген.

Бүл түжырымдама халықаралық жауапкершіліктің репарациялық түжырымдамасын жоққа шығарады, соған сай жауапкершілік қүқық бүзушы мемлекетгің залалды өтеу міндеттемесіне келіп саяды.

Жауапкершілік институтына кешенді сипат тәқ яғни санкция қолдану аралас сипатта, қүқық бүзушылық пен шартгық жауапкершілік арасында нақты бөлініс жоқ.

Жауапкершілік жөніндегі баптар жобасын саралау жәбірленуші субъектілердің заңды талаптарын қанағаттандыруды және оларға қайтарымды шаралар қолданылатынын көрсетіп отыр.

Халықаралық қүқық Комиссиясы жасаған түжырымдама жәбірленуші субъекті болып табылмайтын халықаралық қүқық субъектілерінің қүқықтары туралы мәселені, санкция қолдануды қозғайды.

Халықаралық-қүқықтық жауапкершілік залалды жойып, бүзылған халықаралық қүқықтық тәртіпті қалпына келтіруді ғана көздемейді. Халықаралық қүқықтағы жауапкершіл ік дегеніміз - осы міндетті жүзеге асыру, яғни залалды өтеу және жәбірленуші тараптың қүқығын қорғау болып табылады.

Халықаралық-қүқықтық жауапкершілікке қандай сипат тән? Біріншілен. жауапкершілік қүқық бүзушыға халықаралық-қүқықтық санкцияны қолдануды көздейді. Екіншіден. мүндай жауапкершілік жасалған халықаралық қүқық бүзушылық үшін туындайды. Үшіншіден. жауапкершіл ік институтының мақсаты - хал ықаралық қүқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Төртіншіден. қүқық бүзушы үшін белгілі бір жағымсыз салдардың болуын білдіреді.

Мынадай мемлекеттер халықаралық-қүқықтық жауапкершіліктің субъектілері болып табылады: тікелей халықаралық міндеттемелерді бүзған мемлекеттер; бірге қатысушы мемлекетгер; арандатушы мем- лекеттер. Мемлекеттерден басқа, халықаралық- қүқықтық жауап- кершілікке халықаралық үйымдар, мемлекет тәріздес қүрылымдар және жеке түлғалар тартылады.

1 Ежсгодник мсждународного права, 1973. 2-том, 204-бст.