Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331.28 Кб
Скачать

  1. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.

Б¥¥-ның алгашқы бейнесі - ¥лттар Лигасының

Құқықтық табиғаты

Халықаралық үйымдардың алғашқы белгілері ежелгі Грекияда пайда болып, онда қалалар мен қауымдардың Пелопонесс және Афины симмахиясы сияқты одағы түрінде қалыптасты. Бүл екі ежелгі гректік одақтардың арақатынасы араздық сипатта болды да, Пелопонесс соғысымен аякталды, нәтижесінде грек әлемінде спарта үстемдігі орнады. Афины симмахиясы тарап кетті. Халықаралық үйымдардың тағы бір нысаны ежелгі гректік амфиктиониялар ортақ қазынасы мен ортақ соғыс жүргізетін ережелері бар тайпалар мен қалапардың діни, саяси одақтары сияқты ежелгі халықаралық бірлестіктер болды. Амфиктионияға айқын ішкі қүрылымды сипат тән еді.

Осы заманғы халықаралық үйымдардың алғашқы нышандары табылған мемлекетаралық бірлестіктерді қүру қажеттігі экономикалық және саяси себептермен негізделеді. Мүндай заңды байланыс халық- аралық қатынастар дамуының келесі сатыларында да байқалады.

ХЕХ ғ. халықаралық бірлестіктерінің қайсысын алғашқы халықаралық үйымдар ретінде атауға болады деген пікірге алуан түрлі қазқарастар бар. Мысалы, алғашқы халықаралық бірлестіктер тобында мынадай бірлестіктер аталып жүр.

  • 1815 жылы қүрылған Қасиетті Одақ;

  • Рейн өзеніндегі кеме қатынасының орталық комиссиясы;

  • өлшем және таразы халықаралық бюросы - 1875 ж.;

  • Бүкіл әлемдік пошта одағы - 1874 ж.

Жоғарыда аталған белгілері бар алғашқы халықаралық үйымдар қапитализм дәуірінде пайда болды. Олар өздерінің қүқықтық табиғаты бойынша бір әлеуметтік жүйеге енетіндіктен, іс жүзіндегі әрекеттерінде қатысушылардың тәуелсіз теңдігі қағидасын сақтау мен іске асырудан өлі алыс түрған болатын. Мүнан тыс, үйымның қатарындағы отарлардың және тәуелді аумақтардың жағдайы ашық келіспеушілік сипатында болды.

Сол кездегі халықаралық қатынастар жүйесінде халықаралық үйымдар бірінші халықаралық ынтымақтастық мәселесінде көмекші рөл атқарды. Сонымен бірге, олардың пайда болуы халықаралық қатынастардың кеңеюіне жол ашты.

Осы заманғы халықаралық қатынастардың сипаттық белгілерінің бірі ретінде мемлекетаралық үйымдардыц тез дамуы мен өсуін айтуға болады. XX ғ. басында соғыстың алдын алу мақсатында саяси бағдар түтқан халықаралық үйымдарды қүру туралы әр түрлі жобалар жасала бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде осындай жобалардың

50 шақтысы жасалды. Сондай жобалардың бірі Ұлтгар Лигасының негізін қалады, дегенмен мемлекеттің қауіпсіздігін қолдау және бейбітшілікті сақтау мақсатындагы саяси халықаралық ынтымактастықтың тиімділігі қүралына айнала алмады. Алайда, Ұлтгар Лигасының шынайы иелерінің мақсаты оның Жаргысындағы Кіріспеде көрсетілгендерден алшақ жатқан болатыа Ұлттар Лигасы Жаргысының соңғы нүсқасы ағылшын- американдық жоба негізінде жасалып, үш империялық державалар: АҚШ, Англия, Франция арасында келісілді. Ал Париж конферен- циясының қалған қатысушылары Жаргыны талқыламай-ақ қабылдаған болатын.

1919 ж. 18 сөуірінде қабылданған Ұлттар Лигасының Жарғысына 44 мемлеке т қол қойды, оның ішіндеЗІ мемлекет бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта тарапын қолдағандгр болып шықты. Бүл мәліметтерді келтіру себебіміз халықаралық үйыиның таптық сипатын анықтауда бүлтартпайтын дәлел болғандығынан Бүл үйымның ең алғашқы мүшесі АҚШ болды. Бірақ кейінірек американдықтар Ұлттар Лигасының қүрамына кірмей қалды, себебі Америка Сенаты Версаль шартын бекітпегендіктен, Ұлттар Лигасынын шарты да бекітілмеді. Ал екінші топтағы “шақырылғандар” деп аталатын мемлекеттердің қүрамында бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бейтарап саясатын үстанған 13 мемлекет болды. Ұлтгар Лигасыныңжарғысына қол қойғандардың ішінде британдық доминиондар да болды, ол билік басындағы ағылшындардың Британ империясына кіретін елдердің Ұлттар Лигасына мүше болуына аса мүдделіліісгерінің нәтижесі еді.

Ұлттар Лигасы мынадай басты органдардан қүралған еді:

  • Жиналыс (Ассамблея). Бүл орган қыркүйекте өтетін сессиялар бойынша жүмыс істеді. Бүл басты орган өз күзыретіне жататын барлық мәселелерді қарастыруға уәкілетті болды, қарарларды, кепілдемелерді жиналыс (Ассамблея) бірауыздан кабылдайтыа

  • Ұлггар Лигасының кеңесі -турақгы және түракты емес органдардан түратын оргаа Түрақты органдар ретінде - Ұлыбритания, Жапония, кейінірек - Германия, 1834 жылдан КСРО қосылды.

  • Хатшылық - Ұлттар Лигасының атқарушы органы, оның аппаратының саны 600 адамдай болды.

  • 1920 жылы сот органы қүрылды-халықарал ық әділ сотгың Т үрақты Палатасы. Халықаралық өділ соттың Түрақты Палата Статуты редакциялық өзгерістерге үшырап, ақырында БҰҰ-ның халықаралық сот Статуты болып қалды.

  • Ұлттар Лигасының басты орпндарының қүрамына халықаралық еңбек үйымы кірген болатын, ол БҰҮаясында мамандандырылған мекеме болды.

Сойтіп, Ұлттар Лигасында өмір сүрген басты органдар жүйесі

БҰҮ-да қайталанды. Оның ішінде Ұлттар Лигасындағы жиналыстың (Ассамблея) орнына БҰҰ-ның Бас ассамблеясы қүрылды; Ұлтгар Лигасы Кеңесі қауіпсіздік кеңесі болып қайта қүрылды; Ұлттар Лигасының Хатшылығы БҰҰ бас органдарының қүрылымында осы аттас атпен аталды, ал халықаралық әділ соттың үйымдық қүрылымы халықаралық соттың Түрақты Палатасының қүрылымын қайталады.

Ұлттар Лигасының қүқықтық мәртебесін сараптай отырып, бүл үйымның мынадай кемшіліктері болғанын байқаймыз:

  • Саяси шешімдерді қабылдаған кездегі бірауыздылық қағидасының болуы. Оның мағынасы, Ұлттар Лигасының кез келген мүшесі дауласушы тараптарды қоспағанда, вето қою қүқығын иемденді, сөйтіп шешім қабылданбайтын еді.

  • Басты органдар - Жиналыс (Ассамблея) пен Кеңес арасында қүзыреттерінің нақты жүмыс тәртібі жоқ болды.

  • Ұлттар Лигасының Жарғысында басқыншылық соғысқа үзілді- кесілді тыйым салуға орын берілмеді.

  • Ұлттар Лигасының Жарғысында қарусыздану идеясы басқа мемлекеттер алдындағы міндетті орындау қажтілігіне ғана сайды. Толық және біржолата қаругыздану туралы тезис халықаралық қүқықта кейінірек қарала бастады.

  • Басқару мандатын тапсыру жолымен отарлық жүйені ашыққа шығару.

  • Ұлттар Лигасы қызметінің негізі бір ғана - антисоветизм еді. КСРО бүл үйымға 15 жыл өткен соң ғана толық мүшелікке өтті. Дегенмен, КСРО Ұлттар Лигасына кірердің алдында осы Лиганың қамқорлығымен өткізілген бірнеше конференцияға қатысты. Мысалы, қарусыздану мәселелеріне арналған бірнеше сессияларға қатысқан КСРО жалпыға бірдегі толық және тез арада қарусыздану туралы және қарулануды прогрессивті - пропорционалды қысқарту туралы конвенциялардың жобаларын жасауға көмектесті.

1931 ж. Солтүстік-ИІығыс Қытайдағы (Манчжурия) жапон басқыншыларына қарсы Ұлттар Лигасының қандай да бір тиімді шараларды қолдана алмаған дәрменсіздігі халықаралық үйымның халықаралық аренадағы беделін түсіріп жіберді. Дәл осы кезеңде, елдердің көпшілік бөлігі КСРО-ның араласқанына мүдделі еді. 1933 ж. Ұлттар Лигасының қүрамынан фашистік Германия мен милитаристік Жапония шығып кетті. Ұлттар Лигасына мүшелікке КСРО- ны үйымның 30 мүше-мемлекеті шақырды. Сөйтіп, КСРО-ны шақыру фактісі оның беделінің едәуір өсуіне себеп болды. КСРО қысқа мерзім ішінде (1939 ж. КСРО Финляндияға шабуыл жасады деген айыппен үйымның қүрамынан шығарылып тасталды) халықаралық үйымның бейбіт өмірді сүйетін күштердің жиналатын орталығына айналуына